Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Найман-Ана" (сахналық қойылым)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бикеш Түсіпқызы Исина
Қарағанды облысының
Нұра ауданындағы
Қарақойын орта
мектебінің мұғалімі.
«Найман – Ана»
(2 актілі сахналанған көрініс)
Қатысушылар: Найман – Ана
Мәңгүрт
-
саудагер
-
саудагер
-
саудагер
-
саудагер
Жуан – жуандар (3 – 4 адам)
І көрініс.
Домбырадан қайғылы күй ойнайды.
Тігілген киіз үйдің ішкі көрініс.
Үй босағасында қос қолдап тізесін құшақтаған ана теңселіп отырады.
Ана монологі оқылады.
«О , құлыным, құлыным, Жоламан, қайдасың, тірісің бе, әлде өлісің бе? Әлде, . . әлде ... жуан – жуандар қолына түсіп қор болдын ба?... Жоқ! Жоқ! Мүмкін емес! О, құлыным, қарашығым, жуан – жуандар қолына түсіп, басыңа көн қаптап, темір қысқашпен шығыр салып бұрағанда, айдалада күнге қақталып, ындының кеуіп, кенезең құрғағанда, әлемге жарық беруші Күнді қарғаған жоқ па екенсің? Адам айтқысыз азаптан ақыл – ессіз тұңғиыққы мәңгі батып бара жатқанда, зорлықтан алжасып, ақыл – ойыңды біржолата қараңғылық басып, анаңның дидарын, әкеңнің, өзіңнің атыңды ұмытып бара жатқанда, сені жарық дүниеге әкелгенім үшін, сені туғаным үшін мына бейбақанаңды қаһарлана қорғамадың ба екен? Құлыным, құлыным,...»
Ана: Жоламаным, жалғызым! Аһ ... құлыным, қайдасың?
Дала. Жүк артып келе жатқан керуен сахна сыртынан өтеді.
Ортада киіз үйдің іші көрсетіледі.
Есік алдына саудагерлер келіп тоқтайды.
-
саудагер: - Уа, кім бар? Үйден Найман – Ана шығып қарсы алады.
Найман – Ана: Армысыздар! Төрлетіңіздер.
Саудагерлер киімдерін шешіп стол жағалай орналасады. Ана шай жасап, дәм ұсынады да, саудагерлер әңгімесіне құлақ түреді.
1-саудагер: Осы жолғы сапарымыз сәтті болар, Сарыөзектен кедергісіз өттік қой.
2-саудегер: Иә, иә, жуан-жуандар тіпті құдықтан су алуға да тыйым салмады ғой.
3-саудагер: Ал сендер түйе бағып жүрген жас жігітті байқадыңдар ма?
4-саудагер: Уау, ол байғұс тіпті бізбен сөйлеспеді де ғой.
1-саудагер:Түріне қарасаң сап-сау, ақыл-есі бүтін бала сияқты.
2-саудагер:Өзі жап-жас, мұрты енді тебіндеп келеді.
3-саудагер:Ал сөзі кеше туған баланікі сияқты, байғұс.Не өзінің атын, не әке-шешесінің атын білмейді.
(Ана саудагерлер әңгімесіне құлақ түріп, жақындай түседі, түрі өзгеріп кетеді).
4-саудагер:Бірақ ақымақ десең де, өз шаруасына тас-түйін, керуен кеткенше қас қақпай түйелерін күзетумен болды.
1-саудагер:Ал. Оның кімге сәлем айтасың деген сөзіне берген жауабын естідіңдер ме?
2-саудагер:Иә, иә, мен түнде айға қараймын, ай маған қарайды дейді ғой.
3-саудагер:Ойпырмай, жап-жас бала мәңгүртке айналған.
(Ана бірдеңе сұрамақ болып, саудагерлерге қарай ұмтыла түсіп, тоқтап қалады).
4-саудагер:Обал, обал.
1-саудагер:Алла аясын, қайтеміз.
4-саудагер:Ал бәйбіше ас-тұзыңа рақмет, біз жолға шығайық.
(Саудагерлер қоштасып шығып кетеді. Ана дірілдеген қолымен басындағы қара жаулығын тартып, бетін басып бүк түскен күйі отырып қалады. Күй ойнап тұрады).
Монолог: Ізде,ұлыңды, ізде! Ол сенің ұлың. Ол Жолама – а – н , сенің ұлың, із – д-ее. Ана орнынан ұшып тұрып, асығып, сасып ас-суын, азығын сала бастайды. (Күбірлеп сөйлеп жүреді).
-
Табамын, іздеймін, құлыным, сені қайтсем де табамын.
(Басындағы қара орамалын шешіп, ақ орамал алып, оны шарт байлап, көйлегінің етегін белбеуіне қыстырып, белін тартып байлап, жолға шығуға дайындалады).
Сахна жабылады.
ІІ көрініс.
(Күй, қобыз, домбыра)
Дала. Түйелер. Ортасында қолына ұзын таяқ ұстаған, бір иығында қоржын, торсығы бар бақташы, меңіреу үнсіз күйде қалшиып тұрады.
Екінші шеттен ана көрінеді, түйесінен домалап түсіп, сүрініп, шөпке шалынып, құлай еңбектеп бақташыға қарай жүгіреді.
Ана: - О, ұлым, менің құлыным! Мен сені іздеп шарқ ұрдым! (құлап, қайта тұрып жүгіреді).
Ана: - Мен сенің анаңмын. (зарлап жылайды). Мәңгүртті бас салып құшақтап, сүйеді, жылайды. Ұлым, ұлым менің.
Бақташы үнсіз, меңіреу, әйелге бақырайып қарап, оның қолын ысырып тастап түйелер жаққа кете береді. (Күй ойнайды). Ана қос қолымен бетін мыжып, басы салбырап теңселген күйі жүрелеп отыра кетеді.
Ұшып тұрып мәңгүрттің артынан барып, иығынан ұстар өзіне бұрады. (Мәңгүрт мең-зең, бөркін баса киген қалпы меңірейіп тұра береді).
Ана: Отыр, сөйлесейік.
(екеуі жерге отырады, мәңгүрт басын шайқайды).
Ана: Сенің атын кім?
Мәңгүрт: Мәңгүрт.
Ана: Мәңгүрт деп сені қазір атайды. Ал бұрынғы атың кім? Есіңде ме? Есіңе түсірші шын атыңды?
Мәңгүрт ойланады. Аспанға қарап қиналып, басын ұстап ыңырсиды да басын шайқай береді.
Ана: Әкеңнің атын білесің бе?... Әкең кім?... Өзіңнің елің қайда? Руың кім?... Тым құрыса туған жеріңді білесің бе?
(Мәңгүрт үнсіз меңіреу қалыпта. Аспанға қарап, таяғымен әлденені меңзеп, жер сызып отырады.)
Ана: (Өксіп-өксіп, екі қолын көкке жайып, боздап жылайды). Құдай-ау, қандай күйге душар қылған сені?
(Мәңгүрт үнсіз меңіреу қалыпта анадан жылжып алыстап кетеді).
Ана: (Екі қолын жайып). Ау, жерді, суды тартып алса мейлі, тіпті жаныңды алса да мейлі, ал, ал адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, құдай-ау?! О, Құдай, бар екенің шын болса, мұндай сұмдықты жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық аз ба еді?
(Жоқтау айтады).
Мен ботасы өлген боз мая,
Тұлыбын келіп иіскеген.
Анаң кеп тұр құшақ жая,
Жақындашы, құлыным.
Кел кепеңді шешейін,
Ақ бетіңнен өбейін.
Өткен күнді еске сап,
Әңгіме айтып берейін.
(Екі қолымен құшақтағысы келген қалып танытады, Мәңгүртке қарай ұмсына түсіп ана телміре қарайды, ол селт етпейді).
Ана: Қап, енді қайттім, әлде өзім айтып есіне түсірейін бе?
(Баласына сырғып кеп жақындап, иығынан құшақтайды, көзіне жас ағып отырады).
Ана: Сенің атың – Жоламан. Сен – Жоламансың. Әкеңнің аты – Дөненбай. Мен – сенің анаңмын. Сен менің баламсың. Руың – Найман, ұқтың ба найман.
(Мәңгүрт көкке қарап құс санап, саңылаусыз, меңіреу қалыпта отыра береді).
Ана: (Мәңгүртті иығынан жұлқып қалып). Сен мұнда келгенге дейін не болды?
Мәңгүрт: Ештеңе де болған жоқ.
Ана: Мұнда келгенде күндіз бе, әлде түн бе еді?
Мәңгүрт: Ештеңе де.
Ана: Кіммен сөйлескің келеді?
Мәңгүрт: Аймен. (Аспанға қарап сызықпен бірдеңе сызған кейіп танытады). Ай мені естімейді. Айда біреу отыр.
Ана: Тағы не қылар едің?
Мәңгүрт: Басымда қожаның басындағыдай бұрым болса?
Ана: Келші бері, басыңа олар не істеді екен, көрейін?
(Ана Мәңгүрттің басына қолын созады, ол ыршып кетіп, қос қолымен тұмағын басып алады да жер бауырлап жата кетеді, анасы жаққа қарамайды).
Алыстан жуан-жуан көрінеді.
Ана: Анау кім?
Мәңгүрт: Маған ауқат әкеле жатыр.
Ана: Сен оған ештеңе айтпа... (орнынан ұшып тұрады). Мен кешікпей келемін...
(Ана жылдам тұрып, шөгіп жатқан түйелер арасына барып жасырынады. Байқап қалған жуан-жуан әрі-бері ойқастап тексеріп шығады да Мәңгүрттің жанына келіп, әкелген тамағын береді де ерсілі- қарсылы жүгіріп, маңайды тағы тексеріп өтеді. Кетеді).
Ана орнынан тұрып, ақырын баспалап, жуан-жуан кеткен жаққа қарап қойып ұлына жақындайды.
Ана: Жоламан. А,Жоламан! Құлыным!
Бала жалт бұрылады.
Ана: (қуанып кетіп, көпшілікке қарап, дауыстап). Таныды, таныды. Мәңгүрт қайтадан теріс айналып, түйелерін санап, аспандағы құсты меңзеп тұра береді. Жүгіріп баласына жақындайды, ол теріс айналып кетеді.
Ана: (иығынан ұстап). Ойланшы, балам, атыңды айтшы, атың кім сенің?
(Мәңгүртті жанталаса жұлқылайды).
Мәңгүрт: Мәңгүрт.
Ана: Мәңгүрт емес, ойбай, Жоламан, ұлы көште жолда туғансың, сенің атың Ж-о-л-а-м-а-н! (зарлана дауыстайды).
Мәңгүрт: Мәңгүрт.
Ана: (жалынышты дауыспен). Құлыным, есіңе түсірші сенің атың кім?Атыңды айтшы (өксіп-өксіп жылап). Сенің әкең Дөненбай, әкең Дө-нен-бай. (Мәңгүртте ешқандай сезім белгісі білінбейді).
Ана: Келші, сені тамақтандарайын (қоржыннан ас алып, ұлын тамақтандырады да, ыңылдап бесік жырын айтады).
Мәңгүрт жыр әуеніне теңселіп, ырғалып, анасын иығынан сипап, басын сүйейді.
Ана: (қуанышты дауыспен). Тәубә, А,құдай, жар бола гөр! (ұлының екі бетінен қысып бетіне төне түсіп). Құлыным, кетейік, бұл қарғыс атқыр жуан-жуандар. Туған еліңе қайт! (қаттырақ қысып, сілкілейді).Менімен бірге қайтшы елге.
Мәңгүрт: (ананың қолын жұлқып, лақтырып жіберіп, орнынан ұшып тұрады, саусағын безеп). Жоқ, ж-о-о-қ! Болмайды! Малды кім бағады!Малды тастап кетуге бол-м-а-й-д-ы. Қожайынды тастап кете алмаймын.
Ана: (екі жұдырығымен жерді тоқпақтап, айғайлап сөйлей береді).Ойланшы балам, атың кім, әкең кім, руың кім? Мен сенің шешеңмін, әкең аты Дөненбай. (қайталайды).
Алыстан жуан-жуан көрінеді.
Жылап отырған ана, шала-пұла көз жасын сүртіп түйелер арасына жасырынады. Сахнаны айналып кетеді. Жуан-жуандар байқап қалып, ашуланып Мәңгүртті сабайды.
Мәңгүрт (бүк түсіп жатыр). Ол маған шешеңмін дейді. (қайталай береді).
1-жуан-жуан: Қайдағы шешең ол сенің! Шешең жоқ сенің! Ол қатынның неге келгенің білесің бе? Ақымақ! (бір теуіп). Білесің бе- ей! Ол қатын сенің басыңдағы кепешіңді жұлып алып, ақымақ басыңдағы көн теріңді сыпырып алмақшы.
Мәңгүрт: (басын қол қолдап ұстап, домалай береді). Жоқ, жоқ! Жоқ!Ә
2-жуан-жуан: Әй, сен қорықпа! Мә, мынаны ұста! (жебелі садақ береді). Енді келсе ол қатынды атып таста, жарай ма? (бір теуіп)Жарай ма? (ақырады).
(Ана сахнаның екінші шетінен ақырын баспалап қарап жүреді). Жуан-жуандар кетеді.
Күй ойнайды. Үнсіздік. Мәңгүрт қолындағы садақты айналдырып қарап, көздеп көреді.
Ана жақындайды. (көпшілікке қарап). Болмайды! Ұлымды алып келем, қайтсем де алып қайтам. Көнбесе інгенге мінгізіп ұрлап кетемін. Қалдырмаймын қарғыс атқыр бұл жерде. (Баласына қарай жүреді).
Ананы көріп Мәңгүрт түйелер қасына тығылады.
Ана: (жан-жағына қарап, ұлын іздейді). Жоламан! Құлыным менің, қайдасың?
Ж-о-л-а-м-а-н! Сахнаның екі шетіне кезек жүгіріп, ұлын іздейді. Жоламан! Ұлым! Қайдасың? (Күй ойнайды).
Үнсіздік. Ана тың-тыңдайды. Түйелер арасынан Мәңгүрт анаға қарап садағын кезеп тұра береді.
Ана. (теріс қарап тұрып). Балам, Ұлым! Жалғызым (Мәңгүрт жаққа бұрылады). Қай... (қолын созып). Атпа!
Мәңгүрт садақты тартып қалады.
Ана: (сол жақ кеудесін басқан күйі ақырын құлап бара жатып). Ойланшы, балам! Кімсің? (екі қолын созады), қолы қан. Сен Жоламансың, әкеңнің аты Дөненбай! Д-ө-н-е-ен-б... (құлайды).
Күй ойнайды.
Сахна жабылады.