Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Настольгия қандай ұғым?
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Настольгия қандай ұғым?
«Настольгия» -әуен, «Настольгия» - кино, «Настольгия» - дәмхана, «Настольгия» -балмұздақ, «Настольгия» - кітаптың аты және тағы басқа да салада көп кездесетін осы бір сөзбен жақынырақ таныссақ. Қазіргі таңда бұл сөзді кішкентай баладан бастап, қарияға дейінгі жас аралықтағы адамдардың барлығы тұтынады. Сол айтып жүрген сөздік қорымыздағы осы бір сөздің көптеп тұтыну себебін түсініп көрейік.
Настольгия деген не?
Жоғарыда көрсетілген суретке қарап кейбіреулеріңіздің саналарыңызда естеліктер оянғаны анық.Бұл естеліктер ерекше сезімдерді оятатынымен келісетін шығарсыздар!?
Өткен шақ – бұл бөлек әлем. Жәй ғана бөлек әлем емес, Бізді шығарып салып, қайта кіргізбейтін бөлек әлем. Жақсы адамдардың үйінде қонақта болып, қайтып барғың келіп тұратын сезім секілді, өткен шаққа да қайтып оралғымыз келіп тұратыны өтірік емес. Бұл мұңайу мен қатар келетін қуану сезімдердің бір мезетте пайда болу әрекеті. Мұңайып отырып, көңілге шаттық сыйлайтын өткен күндерді есімізге ала қалсақ, өздігінен көңіліміз жайланып кететінін әр-біріміз байқаған шығармыз. Осы, басымыздан өткен, кейбір кезеңдерге оралу құмарлығын – «ностальгия» деп атайды екен. Настольгия - адамды жайлылыққа жетелейтін ерекше сезім.
Кейде, өздігінен балалық-шағымыз немесе белгілі бір сәттер есімізге түсіп кетеді. Осындай кезде мида ДОФАМИН гармоны бөлініп, адамда қуаныш сезімі оянады. Ми ол есті ары қарай өрбітіп бүгінгі күнмен, қазіргі сәтпен салыстыра отырып толғандыра бастайды. Сол арқылы Адам өзінің жіберген кем тұстарын сезініп, өзін түзеуге мүмкіндік алады екен. Бұндай естерді белгілі бір зат, әуен немесе кинолар да оятуы мүмкін. Сондықтан да, біз кино тамашалағанда немесе әуен тыңдағанда рахаттанамыз. Өйткені көңіліміз жайланып, депрессия тудыратын уайым-қайғыны дофамин гармоны тежеп отырады.
«Настольгия» сөзі қайдан шыққан?
«Ностальгия» терминін XVII ғасырда швейцариялық дәрігерлер ойлап тапқан. Жан-жақтан келген сарбаздардың туған жерін сағынудан туындаған көңіл-күйлерін осылай атаған. Дәлірек айтқанда, «ностальгия» - «үйін сағыну» салдарынан туындаған психологиялық ауытқу деген ұғымға теңеген. Бұл көңіл-күйді сарбаздардың, өз-өздерінің еріктеріне еріп, әлсіздікке жетелейтін, жағымсыз әдеттері қатарына жатқызған. Настольгияның салдарынан туындаған эмоциялар сарбаздардың белсенділігіне,борыштарының дұрыс атқаруларына кері әсер ететінін байқаған дәрігерлер, бұл күйді психологиялық аутқулар қатарына жатқызған. Алайда, уақыт өте келе мұндай күй барлық адамдардың бойында болатындығын және де ол тек қана туған елінен алыстаған кезде ғана емес, еріксіз түрде де туындайтын күй екені анықталғаннан кейін, бұл процессті мидің ерекше қабілеті деп танылып, адам бойындағы ерекше құбылыс ретінде көрсетіле бастады.
Настолгия пайдалы ма, зиян ба?
Пайдасы:Адам ағзасы настолгияға түсу арқылы депрессияға ұшыраудың алдын алады екен. Адам санасында үрей, қорқыныш немесе күмәнді сәттер туындаған кезінде ағза тежегіш факторды іске қосады. Ол, осы сезімдердің түпкі шығу себебін іздеп, немесе басу жолдарын іздейді. Осы кезде есте жақсы әсермен сақталып қалған күндер пайда болады. Ол мейлі қуанышты, мейлі қиын күндер болсын, алайда көңілге жайлылық беретін күндер. Сананы бір ойлағаннан-ақ тыныштандыратын естер.
Осылайша, ағза депрессияға ұшырап қалудан өзін-өзі сақтайды екен.
Зияны:Алайда, настолгияға түсіп,ойға күнде шомыла берудің өзіндік қауіпі бар.Адам настольгиялық күйзеліске түссе,яғни өткен күндерін қайта-қайта есіне алып,бұрынғысынша тұрмыс қалыптастыруға тырыса бастаса,ол ойының айқындылығына зиянын тигізеді.Іс-әрекетінің орындалу мақсатын анықтауда кері әсерін тигізеді екен. Идеалисттік өмір сүру дағдысын қалыптастырып,иллюзиямен күнін кешеді. «Иллюзия» дегеніміздің өзі «жоқ» немесе «мүмкін емес» деген мағынаны білдіреді.Осылайша адам Аутизм немесе одан да ауыр психикалық дерттерге шалдығуы мүмкін.
Тақырыпты түйіндей келе, табиғатта адам баласының бойындағы кез-келген құбылыс өздігінен, себеп-салдарсыз туындамайтынын айтқым келеді. Адамның құрылысы мен бойында жүріп жатқан әр-бір құбылыстың өзіндік қозғаушы факторы бар екендігін және де ол белгілі бір алгоритм бойынша жүріп жатқан жағдайда ғана адамның дені сау, санасы таза болып жүреді. Сондықтан да,қандай жағдайларға ұшырасақ та, Мидің сол әр-бір жағдайға төтеп беретін әрі зиянды тұстарын қарастырып,шешу амалдарын ұсынып отыратынын біліп жүрейік. Адам ағзасы қазіргі таңдағы алуан түрлі технологиялардың «прототипі» екенін ұмытпайық!