Материалдар / Наурыз думан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Наурыз думан

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесінде өткізілетін іс-шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
412
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұлыстың ұлы күні – Наурыз.


Сабақтың мақсаты.

  1. Білімділік:

Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы мағлұмат алу. Наурызда өткізілетін салт- дәстүрлерді ойын түрінде көрсету.

  1. Дамытушылық:

Тіл дамыту, еске сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

  1. Тәрбиелік:

Қазақстан мерекелеріне, тіліне, тарихына деген сүйіспеншілікті арттыру, салт- дәстүрге, өнерге құрмет көрсету.

Наурызға арналған слайд.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Наурыз тойы – мереке,

Жаңа жыл – береке болсын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,

Наурыз мерекесі, құтты болсын!

Мерекеміздің негізі сайыс – сабағы ретінде құрылған. Төрт бөлімнен тұрады.

  1. Танысу.

  2. «Көктем»тақырыбына өлең оқу.

  3. Музыкалық байқау

  4. Сұрақ – жауап..

  5. «Мақтан етем қазағымның дәстүрін!» деген тақырыпта көрініс көрсету.

Мұғалім:

Сүйсіндірсін сөздерді,

Шырқап салған әніміз.

Біздің сайыс сабаққа

Қош келдіңіз бәріңіз,

Жарыстарда озатың ,

Бәрінен алда болатын,

Болашаққа бүгіннен,

Білімге қол созатын

Шақырамыз ортаға

«Бәйтерек», «Барыс» топтарын.

  1. Байқау. ( Әр топ өздерін таныстырады )

Келесі байқауымызға дейін 2 – сынып қыздарының Қазақ биімен қарсы алыңыздар.

  1. Байқау.Бүгінгі ән- жырымыз Көктемге, жыл басы – Наурызға араналады.

Ендеше көркемсөз шеберлеріне сөз берейік.

  1. топ:

  1. оқушы

Наурыз келді, жаңартып жаңа күнді,

Наурыз келді сағынтып бала бізді.

Құтты болсын, ағайын, жаңа жылың,

Айналамыз көгеріп, гүлге толды.

  1. оқушы.

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханына елімнің

Береке, ырыс сыйлашы.

2-топ:

1- оқушы.

Жас қосатын жасыңа ,

Жыл басы бұл – Наурыз.

Әр кіргізген асыңа,

Бал татыған сары уыз.

Көктем тойы әніміз,

Көркем өнер сәніміз.

Өлең, әнмен той сәнін,

Өрнектейміз бәріміз.

2-оқушы.

Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

  1. оқушы.

Жақсылық пен табыс болсын жаңа күн,

Адамдардың алғандары алғыс болсын жаңа күн.

Дархан елдің мейірімі молайып,

Бақыт, шаттық сыйлай берші жаңа күн.



  1. Байқау.Жан қалмасын, жай тұрған,

Мәз болсын, жас – кәріміз

Күй шертілсін, ән айтып,

Би билейік бәріміз.

Демекші муыкалық байқау. Әр топ өздерінің өнерлерін көрсетеді.Екі топ Қара жорға биін билейді.

Мұғалім. Енді қазақ халқының ұлттық киімдеріне назар салыңыздар.Слайд Қазақтың ұлттық киімдері.

  1. Сұрақ – жауап.

  1. Науырызда дайындалатын мерекелік ас. (көже)

  2. Үлкен қариялардың беретін жақсы тілегі. (Бата)

  3. Наурыз күні әр үйге келіп, бақыт, жақсылық тілеуші адам. ( Қыдыр )

  4. Наурыз, айттарда айтылатын әзіл - өлең. (Жарапазан )


Мұғалім: - Келіңдер, Науырыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын

Тойлайық халық тойы Науырызды,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін

Слайд . Қазақтың ұлттық тағамдары..


  1. Салт – дәсьүрді сақтайтын,

Ұрпағымыз қазақтың

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Бар дәстүр мен салтымыз.


«Мақтан етем қазағымның дәстүрін!» әр топ қазақ халқының салт – дәстүрін көрсетеді.

3- сынып. Бесікке бөлеу.

Бұл өмірге шыр етіп сәби келсе,

Қуаныш қой ата-ана, барлық жанға.

Азан шақырып ат қойып, тойын жасап,

Шаттанып жар салады бар жаһанға.

Дастархан басына жиналған жұрт бір- бірін құттықтап,мәз болысып отырады. Ең алдымен ақсақал балаға ат қояды.

Қыз бала: Мына бөпемізге ат қояйық.

Ақсақал: Мәншүк- халқымыздың қаһарман қызы. Мәншүк болсын. Сенің атын Мәншүк. Сенің атын Мәншүк. Сенің атын Мәншүк! Үлкен азаматша болсың.

Мұғалім: Енд бесікке бөлейік..Балалар сәбиді бесікке бөлеу үшін бесіктің құрылысымен танысайық. Бесік талдан жасалады. Талдан жасау себебі. Иілгіш келеді және бала денсаулығына пайдалы.

Бесіктің құрылысы: төбесі, басы, аяқ жағы, арқалығы, аяқ бау, қол бау, түбек, шүмек, екі жапсары.

Бесік жыры.

Әлди- әлди, ақ бөпем,

Ақ бесіке жат бөпем.

Әлди- әлди, ақ бөпем

Ұйықтай ғойшы жан бөпем.

Әлди - әлди аппағым,

Былдырлаған шат көкем.

Тілің балдай тәтті екен,

Жыламауың жақсы екен.

  1. топ. Үйлену тойы. Беташар.

Үстел басына жиналған жұрт жас жұбайларға арнап жар-жар өленің айтады.Ортаға жас жұбайлар келгенде беташар айтылады.

Келін келді,көріңдер

Көрімдігін беріндер

Келін көрем дегендер,

Қане маған еріндер

Бал- шырынды құйындар,

Шашуды да төгіндер

Босағаға иірілмей,

Берменірек келіңдер

Ана отырған атаныз,

Қамқор болар әкедей

Атанызды келін жан

Құрметпенен атаныз

Аталарға, аталарға бір сәлем.

Айналайын ағайын,

Ұлы тойдың ішінде,

Бізге біткен аналар,

Асыл туған аналар,

Аналарға, аналарға бір сәлем.

Ана отырған қайнаған,

Тойдың қамын ойлаған,

Ал келінжан,келінжан,

Қайна ағаларға, қайна ағаларға бір сәлем.

Ал келінжан жайнаған,

Бұл – бұл құстай сайрағын

Ағыңды судай ағайың ,

Жаулығыңды ашайын

Маған да бір,маған да бір сәлем.


Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздерге мерекеміздің соңында баршаңызға айтарымыз Наурыз күні не тілеген тілектеріңіз қабыл болсын.

Осы жыл отбасыларыңызға бақыт, шаттық әкелсін.


Пусть новый год своим приходом,

Вам счастье, радость принесет

А все печали и невзгоды

Ушедший год с собой возьмет.

Дорогие гости нашего праздника еще раз разрешите поздравить вас с праздником Наурыз пожелать вам всех человеческих благ.




Құрастырған : Джакупова Б.О

«Жезкент кентінің мектеп-лицейінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!