Наурыз-Жыл басы!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Наурыз-Жыл басы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Наурыз-Жыл басы!»

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші:Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұлкүн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Наурыз!»әнін орындап берейік.

Барлық балалардың орындауында: «Қош келдің, Наурыз!» әні

Медина: Жыл басы - Наурыз мереке,
Ақ нұрға әсем боянды,
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.

Айару. Ә:Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Қайыржан:Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін

Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр.Би: «Қазақ биі»
Тәрбиеші:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
- Балалар: Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Көктем:- Мен Көктеммін өзіммен бірге аналар мерекесін және ұлыстың ұлы күні наурыз мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Дария:Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз
Мақсат:Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Аликош:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық

Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.

Абдукарим:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Серік:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Жансая:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
Тәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті Дастархан әніне береміз.
Ән: «Дастархан»
Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен.
Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.
Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.
Айару:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Айша:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Кәусар:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Би: «Көкпар»
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші:
Қош келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді.
Тәрбиеші:
Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Әжелер шашу шашады.
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
Ән жетекшісі:
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма
Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған

Күй «Ата толғауы»
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:
Айтқазы:
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен
Дария:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен:
Айтқазы:Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр
Дария:
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін
Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.: Төле би айтқан екен
Ермұхаммед:Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді
Өзің білмесең білгендерден үйрен
Үйренгеннен ештеңең кетпейді
Рамазан: Әйтеке би айтқан екен:
Ашу бар жерге ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар
Ақыл деген дария
Мөлдір су боп сарқырар
Қайыржан: Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын
Құр айтылған сөз қиын
Іске аспаған іс қиын
Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік
Ойын: «Арқан шарту»
Нұрмұхаммед: Күн менен түн теңеледі
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Арон: Армысың ағайын
Бармысың ағайын
Ұлыс бақты болсын
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Би: «Батырлар»
Инабат:Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын
Қыдыр ата:Бәрекелді балалар. Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер. Ал енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.
Ойын: « Күш сынасу»
Тәрбиеші:
Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.

Қыдыр ата бата береді,
Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!

Би: «Ғажайып құстар».

Би: «Орыс биі»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
598
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі