Тақырыбы: «Не? Қайда?
Қашан?» интеллектуалды сайыс
«Халық пен халықты, адам мен
адамды
теңестіретін нәрсе —
білім»
М.Әуезов
Мақсаты:
Білім, білік, дағды және жалпы эрудит деңгейін
тексеру; Оқушылардың ойлау қабілетін ; Танымдық
белсенділікті арттыру; Шығармашылық қабілетті қалыптастыру. Топта
бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға
тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар,
бейнесұрақтар
Жүргізуші:
Қайырлы күні құрметті
ұстаздар, көрермендер және интеллектуалды сайысқа қатысушылар!
9-10-сынып оқушыларының қатысуымен өткелі отырған «Не? Қайда?
Қашан» интеллектуалды сайысына қош
келдіңіздер!
Сайысқа төрелік ететін
әілқазылар алқасы:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1.Таныстыру.
Топ мүшелері таныстырылады /әр оқушының жеке
жақсы қасиеттері туралы
айтылады/
Жүргізуші:
Ойын ережесімен таныс
болыңыздар.
Ойынға екі топ қатысады. Әр
топта 4 оқушыдан. Ойынды бірінші болып бастайтынын топты анықтау
үшін жеребе тасталады. Ойында 10 сұрақ , 6 бейнесұрақ және 6 қара
жәшік сұрақтары бар. Әрбір сұрақтарға ақшалай ұтыстар тігілген.
Егер сұраққа дұрыс жауап берсе ұтыс сол топта қалады. Ал, жауап
дұрыс болмаса ұтыс берілмейді. Сұраққа жауап беруге 1 минут уақыт
беріледі.
Жәшік ішіндегі
сұрақтар:
1.Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы. Бұл құралды
гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан»
деп, жапондықтар «соробан» деп атаған. Онымен қосу және азайту
амалдарын орындадық. Жәшіктің ішінде қандай зат
бар?
Жауап: Шот
2.Бұдан екі ғасыр бұрын Еуропа халықтары Орта
Азияның шөлдерінде «Оңтүстік қарағайы» өседі деп қате пікірде
болған. Бірақ ботаник В. Леонтьев бұл пікірді теріске шығарды.
«Оңтүстік қарағай» деп аталған өсімдікті
ата? Жәшіктің ішінде қандай зат
бар?
Жауап:
Сексеуіл
3.Отаны - Үндістан. Дүниеге
келуі - ХV ғасыр. Құрастырушы аты - белгісіз. Ежелгі аты -
Чатуранга. Праганың Стейниц атты тұрғыны осы ойын арқылы өз атын
шығарды. Екі король арасындағы тұрақты ұрыс. Соңғы кезде бұл ойынды
компьютермен ойнауға да мүмкіндік бар.
Жәшіктің ішінде қандай зат
бар?
Жауап:
Шахмат.
4.
Жәшікте жатқан зат грек тілінен аударғанда
"ойын сүйегі" деп аталады. Оның атын Пифагордың шәкірттері енгізген
болатын, қазір бұл зат балаладың ойындарында кеңінен пайдаланылады.
Қара жәшікте жатқан не.?
Жауап:
Кубик
5.Бұл затты әсемдік үшін тағумен қатар, онда
киелі қасиет бар. Оны халық бойтұмар ретінде қабылдап, ерекше
бағалаған. Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмақтарға айтқан қанатты
сөзі де бар. Бұл қандай зат?
Жауап:
Үкі
6.Баға жетпес ұлттық
құндылығымыздың бірі . Бұл бүгінде әр қазақтың шаңырағына сән
беретін ұлттық бұйым. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде,
салт-дәстүрінде алатын орны ерекше. Ол бірегей өнер туындысы ғана
емес, сый-сыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, шаңырақтың киесі
саналған. Бұл қандай зат?
Жауап:
Қамшы
Бейнесұрақтар:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Сұрақтар:
1.Кактус шөлді жерге бейімделуіне байланысты
тікенекті болады. Алайда тікенектерін елемей қоректенетін жануарлар
да кездеседі. Олар бөкендер мен бизондар. Олар қалай
қоректенеді?
Жауап:
Олар аузын кактус тікенегі жырмас үшін, басқа
бір өсімдіктің қалың жапырағын тістеп алып, кактустың тікенегі
аздау жерін байқап отырып, жұлып
жейді.
2.1846 жылы бұл спорт түрінің ойын тәртібінде
былай деп жазылған: есеп ашылмаған барлық кездесулер 3 күннен аса
жалғаспауы керек.
Қай спорт түрі туралы
айтылған?
Жауап:
Футбол
3.Эскимостар бұны сұйық, жеңіл, ауыр, сынғыш
әрі жылтырақ болады деп санайды. Сонымен қатар олардың екі жүзге
жуық түрін ажырата
алады.
Бұл
не?
Жауап:
Қар
4.Ортағасырлық алхимия уақыт өте келе қазіргі
уақыттағы химия ғылымына айналған болатын. Ал сол өткен заманда
ятрохимия деп аталған ғылым қазір қалай
аталады?
Жауап:
Медицина («ятрохимия» грек тілінен ятрос –
«дәрігер»)
5.Олардың өкпесінің сыйымдылығы 100 - 200 мл.
Дыбыс күші 110 децибелге дейін жетіп, симфониялық оркестрдің
музыкасын басып кетеді. Олар бұл дыбысты тоқтамастан бірнеше
сағатқа дейін шығара алады.
Жауап:
Нәресте
6.Бұл өсімдік көгілдір аспандай, аппақ қардай,
күннің алтын сәулесіндей түске еніп құлпырады. Бұл елдің ақындары
өздерінің ең нәзік өлеңдерін соған арнайды, ал суретшілері оның
шілтерлі гүлінен ою - өрнек жасайды. Осы өрнектермен қолшатырды,
желқағарды, матаны және шымылдық перделерді жиі
әшекейлейді.
Бұл қандай
өсімдік?
Жауап: Сакура – жапон –
шиесі
7.Бір топ қой – отар, бір топ жылқы – үйір, бір
топ түйе қалай аталады?.
Жауап: Келе
8.
Apple компаниясының алғашқы
логотипінде кім бейнеленген?
Жауап: Иссак
Ньютон
9.Бұл математикалық сөзді ойлап
тауып, қолданысқа енгізген - әлемге әйгілі
саяхатшы Марко Поло. Ал, қазақ
арасына жеткізген қазақтың аса көрнекті
ағартушы-педагогы, жазушы,
этнограф Ыбырай Алтынсарин.
Бұл қандай математикалық
сөз?
Жауап: Миллион
10.Жер дәл шар емес екенін далаға
шықпай- ақ үйде отырып қалам ұшымен дәлелдеген ғалым
кім?
Жауап: И.Ньютон
Жүргізуші:
Білім деген биік
шың,
Бақытқа сені
жеткізер.
Білім деген
ақылшың
Қиындықтан өткізер! –деп, бүгінгі « Не?
Қайда? Қашан?» деп аталатын білім сайысымызды аяқтай отырып, соңғы
сөзді
әділқазыларға
береміз
-Бүгінгі біздің ойыншыларымызға айтатын өз
ойларыңызды ортаға
салыңыздар.
Қорытындылау:
әділқазыларға
сөз
Марапаттау:
Топ басшысына және топ мүшелеріне сыйлық
үлестіру
«Сауран жалпы білім беретін
мектеп» КММ
Не? Қайда?
Қашан?
интеллектуалды
сайысы
Дайындаған:
З.Қаңлыбаева
Сауран
2023-2024 оқу
жылы