Анвар Исмаилов атындағы
кәсіптік колледжі
«Жалпы білім берЕТІН
ПӘНДЕР» пән бірлестігі
ҒЫЛЫМИ
ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Н.НАЗАРБАЕВ- ӘЛЕМДІК
САЯСАТТА ӨЗ ОРНЫ БАР ДАНА
КӨШБАСШЫ»
Дайындаған:
Абдрасилова Ботакөз Сүлейменовна
Ақсукент
2018
Н.НАЗАРБАЕВ- ӘЛЕМДІК
САЯСАТТА ӨЗ ОРНЫ БАР ДАНА КӨШБАСШЫ
Тел:
87756963406, Oko_aksukent_gpk@mail.ru
Ел тарихын әйгілі тұлғалар
арқылы зерделеу – қазақтың дәстүрлі таным түсінігінде ертеден
қалыптасқан үрдіс . Қазақтын қорил сөздерінде, яғни, шежирелік
зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір деңгейі арқылы танылып
отырады . Қоғамның саяси – әлеуметтік, мәдени- рухани ахуалы ұдайы
жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады . Соданда болу керек,
қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдалуында өмірді өзгертуден
бұрын, алдымен, адам санасын шыңдауға көбірек мән беріледі . Осы
тұрғыдан алғанда елбилігінің басына көсемдік дарыны аса жоғары,
қолбасшылық қабілеті тым ерен, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын
жігерлі, санасы теңіздей терең Қазақстанның бақытына, Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев келді . Ол келіп қана қойған жоқ, қазағымздың
қиял болған армандарын сөз жүзінде емес іс жүзінде дәлелдеді
.
Ата – бабаларымыздың саралы
жолынан аттамай Есімханың ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы, Жеті
жарғыалары бүгінгі күнгі Кониституциямыз. Кониституцияның заңына
сәйкес халық пенен қазақ жері үшін әр жылы жолдау жолдап келеді .
Кеңбайтақ қазақ жерін ата – бабаларымыз қаншама қан төгіп бүгінгі
ұрпаққа мұра етіп қалдырып, оны елбасымыз Н .Ә.Назарбаев сол
ата-бабаларымыз армандағандай «Қазақстан », «Қазақ»деген сөзді
күллі әлемге танытты .Елдің әрбір жетістіктері қазақтың жетістігі
болып таналады . Мұндай Отансүйгіштікті, Жанашырлықты болашақ
ұрпақтар .Қазақстан тарихынан немесе елбасымыз қалдырып кеткен
тарихи жазбалардан білетін болады .
Елбасы Н.Ә.Назарбаев дәрісінде
көкірегінің көзі ашық қазақ жастарына білім, ғылым, экономика және
саясат туралы тағылымды ойларын айтып, Тәуелсіз Қазақстанның
қарқынды дамуы бағытында жастардың жасауы тиіс болашақ қадамдары
туралы айқын жолдар көрсетіп берді.
Елбасының білім және ғылым
бағытында өрбіткен ой-тұжырымдары қазіргі кездегі ғылым мен
инновацияның жаңа күш пен серпінге ие болуы үшін маңызы айрықша
болды.
Елбасының «Бұл заман - білекке
сенетін емес, білімге сенетін заман», «Терең білім -
тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой - азаттығымыздың алдаспаны»
деген ұлағатты тағылымдары бізді ерекше жігерлендіріп, бойымызға
қуат бере түскені сөзсіз.
Елбасы бүгінгі уақыт «Білім -
Ғылым - Инновация» үштігі басты маңызға ие болған заманда әрбір
азаматтың өмір бойы үздіксіз білім алуға ұмтылу қажеттілігін баса
айтты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Біздің мақсатымыз - қазіргі
құбылмалы заман ағымынан қалып қоймай, аман шығу ғана емес, өз
мүмкіндіктеріміз бен жетістіктерімізді жетілдіре отырып, дамудың
жаңа жолына түсу арқылы әлемге әсер ете білу», - деген сөзі білім
мен ғылым жолына түскен қазақ жастарына бағдарлама ретінде басшылық
етеді деп ойлаймын.
Ендігі кезекте еліміздің даму
бағыты көптеген Еуропа көшбасшылары мен халықаралық ұйымдар сынды
«Үшінші индустриалды революцияға» бет бұруы қажеттігі баса
көрсетілді.
Шындығында да, бұл идеяны -
Елбасымыздың жастар қауымына беріп отырған аса маңызды да мәнді
аманаты десек болады. Себебі, білім кеңістігінде орын алған дәл осы
үш тұғырлы «Білім - Ғылым - Инновация» даму бағытының тиімділігі
көптеген озық тәжірибелер арқылы да көрініс
берген.
Елбасы дәрісінде айтылған
маңызды мәселелердің тағы да бірі - еліміздегі жоғары санатты
мамандардың тапшылығы. Бүгінгі таңда инновациялық зерттеулер
жүйесін кеңінен қолданысқа енгізген Назарбаев университетінің осы
бағыттағы маңызы зор. Сол себепті Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев аталған
жүйені басқа да жоғары оқу орындарына енгізу қажеттілігін баса
айтып өткендігі болашақ мамандарымыздың білікті болатындығына кепіл
берері сөзсіз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Білім -
еңбек жемісі» деген ұстанымды білім қоғамын қалыптастырудың негізі
ретінде айқындап, білімге деген үздіксіз ұмтылыс - басты құндылық
болмақ деп көрсетті.
Елбасының әр сөзінен жастарға
жүктелген маңызды міндет пен оның шешілер жолын танып, шабыт алып,
қайраттанып қайттық. Ұлы адамның киелі батасын алып қайтқан ғылым
жолындағы қазақ жастарының бәрі де бойларында тұнып жатқан, бірақ
әлі де көзі ашылмай жүрген қуатты қайраттың лебін
сездік.
Осы жерде елбасының мынадай
қанатты сөздерін оқып өз ойымды былай
тұжырымдадым.
-
«Ынтымақ кеткен жерден - ырыс,
бірлік кеткен жерден - береке кетеді» – төртеу түгел боса төбедегі
келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді демекші ынтымағымыз жарасса
бүкіл әлем -- бұза алмайды дегені ғой .
-
«Бой салыстыратын заман емес,
ой салыстыратын заман».Білім инемен құдық қазғандай демекші
ғылымның сыртына ғана емес ішіне үңілсек, болашақта --- Абай,
Ыбырай, Шәкәрімдердің ізбасарларын көретін боламыз, және қазақтың
санасы теңіздей терең болғанын дәлелдейміз
.
-
«Менің арманым - Қазақстаның
«Мәңгілік ел» болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ тәуелсіздік
қалады.» Ия, барлық жасаған ізгі істерді алып кететін болса,
ата-бабаларымыз алып кетер еді бірақ жастар кетті дәл солай
«Мәңгілік ел» болғанТәуелсіз Қазақстан елі де қалады
.
-
«Отанды қорғау дегенде алдымен
әкеңді, балаңды, анаңды қорғау. Соларды қорғау - Отанды қорғау».
Отан отбасынан басталады демекші, отан-анаң,әкең, отбасың оны
көздің қарашығынан сақтау міндетіміз.
-
«Қоғамның даму барысын өмірде
нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге
елестету мүмкін емес». Ия Томаристі мысал етсек болады . Әйел адам
бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен . Алып
тұлғаларды, ел билеген даналар мен батырларды өмірге алып келген
аналар екенін үмытпайық.
6.
«Талант - Жаратқанның сыйы ғана
емес, сонымен бірге өзінің алдындағы, қоғам мен Отан алдындағы
жоғары жауапкершілікте».Боламын деген баланың бетін қақпа белін бу
деген сөзді негізге ала отырып Елбасымыз әр қашан «болашақ»
жастардың қолында деп айтып отырады.
7. «Тек кітап қана алға
жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді.» Қазіргі таңда технология
дамыды деп шулап жатырмыз бұл бір жағынан жетістігіміз болса,
екінші жағынан үлкен зиянын тигізіп отыр.Оның зияны қолға кітап
алып оқуды қойдық,дәл осы қарқынмен кететін болсақ «мәңгүрттік»
деген оқиғаға тап боламыз.Технологияны үйренгенде мәдениетін қоса
үйренуіміз керек еді.
8.
«Денсаулықты бірінші кезекте
адамның өзі қалыптастыруы керек». Денсаулық зор байлық, осы
байлықты қандай жағдай болмасын сақтай білуіміз
керек.
9. «Біздің еңбексүйгіштігіміз
біздің екінші құнды жеңісіміз болып табылады». Еңбек еткен ерінбей,
тояды қарны тіленбей-деген нақыл созге сүйене отырып айтса
керек,біздің көрегенді Елбасымыз.
10. Тәуелсіздіктің біздің
бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап
түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз
қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті
халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт
өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан
ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе,
жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан
айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса,
халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп
тілейік.
Ел Президентінің «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарла-малық мақаласын зер сала оқып
шықтым. Елбасы елдің бүгіні мен болашағы туралы ой толқындарын –
қуатты сезім ағысымен жүректен өткізе отырып толғана, тебірене сыр
шерткенде, таңданыстан бас шайқамау қиын. Оның Отанға, елге, ұлттық
құндылықтарға деген сүйіспеншілігі
сүйсінтеді.
Ұлттық болмыс пен бірегейлікті
сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы
мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрілген. Тәуелсіздіктің
нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл
қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен
жарақтануы, халықаралық коммерциялық һәм концептуалды жобаларды
ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан көшбасшысы айтқан «бәсекеге
қабілеттіліктің» бір шарты.
Тәуелсіздік ала отырып, Қазақ
елі «күрес кеңістігіне» аяқ басты. Бодандықтағы ел бәріне
мойынсынуы, көндігуі, ассимиляцияға ұшырап, жойылып кетуі мүмкін.
Тәуелсіз елге ешқашан ертеңге енжарлық танытуға, саяси және
экономикалық өмірге селқос қарауға болмайды. Оның үстіне
мемлекеттілікке төнген жаһандық сын-қатерлер саны артқан сайын
«күрес кеңістігі» де кеңеюде. Тәуелсіз мемлекеттер үш басты
аждаһадай анталаған экстремизммен, сепаратизммен, терроризммен
күресуге мәжбүр. Жас мемлекеттер тәуелсіз ел ретінде өмір сүруі
үшін күресуге мәжбүр. Бұл күрестен мемлекет ешқайда қаша алмайды.
Қашса, тек тарихтың қойнауына, тұңғиығына ғана жол тартады.
Сондықтан Мемлекет басшысы жат идеологияларға ұлттық
құндылықтарымыз бен отаншылдығымыз арқылы төтеп беретінімізді атап
көрсетті.
Елбасы мақаласының
«Прагматизм» атты бөліміне назар аудартқым келеді. Батыста, ірі
державаларда болып жатқан сайлау науқандары тіпті дамыған елдерде
де жұртшылықтың бос демагогия мен популизмге қарсы иммунитетінің
жоқтығын, өтірік – қаңбақ, шын – салмақ екенін түсіне бермейтінін
паш етті. Әлемде шын жүйріктердің емес, «тіл жүйріктердің» заманы
туған ба дерсіз. Бұл халықаралық қоғамдастық кезігіп отырған
кезекті «сын-қатер» болса керек.
«Ұлт немесе жеке адам нақты
бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске
аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда
болады» деген
Н.Назарбаев алдағы
онжылдықтардың ұранына «реализм мен прагматизмді»
ұсынады.
«Жалғандық жарға жығады» дейді
қазақ даналығы. Біз – бабалар батасы дарыған, ата аманатын аялаған
елміз. Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды бос демагогия
дертінен арылтуға күш салды. Оның орнына елді өркендетер түбегейлі
жаңаруларға жұмылдырды. Білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді
еңбекке бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті өмірге
айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қамы.
Біз ұлтымыз бойындағы тек
жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды
дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай жылжыған жат
идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке
айналамыз.Онда осы тақырып төңірегіндегі ойларымды мен де
студенттер алдында өрнектеуге ұмтылып, осы алғашқы қадамымды
болашақтағы ұстаздық-ғалымдық жолымның сәтті тұмасы болғай деп
тіледім.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев
көрсетілген бағыттарды дамыту жолы, «Білімдіден шыққан сөз
талаптыға болсын кез» дегендей, ел болашағы жастардың, біздердің
қолымызда екендігін терең түсініп, барынша салмақтылықпен, барынша
байыппен түйсінуіміз керек деп ойлаймын.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
-
Выступление Н. Назарбаева на
Международном форуме, созванный по инициативе Президента США во
время поездок нашего Главы Государства в США. (Вашингтон) (12
апреля 2010 г.).
-
"Онжылдық - жаңа экономикалық
өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына
Жолдауынан (Астана, 29 қаңтар 2010ж.).
-
Судьба и Перспективы ОБСЕ :
статья Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева (28
января 2010 года).
-
Выступление Президента на
торжественном открытии Года Казахстана в Республике Корее (21
апреля 2010 года).