Нормативтік құжаттар

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Нормативтік құжаттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіліерге арналған нормативтік құжаттар жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелді) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.09.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (сөйлеу тілі жалпы дамымаған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (көру қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (есту қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі (зерде бұзылыстары) бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (тірек-қимыл аппараты бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі (дамуында күрделі бұзылыстары) бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы

Э. Суханбердиева

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 499 бұйрығына
1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.10.2022 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 6-тармағына және 14-бабының 1-тармағына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) талаптарына сәйкес әзірленді.

      2. Бағдарламаның мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу болып табылады.

      3. Бағдарламаның міндеттері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді беру болып табылады.

      4. Бағдарламаның мазмұны:

      дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға;

      балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге, қолдың ұсақ моторикасын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға;

      тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуге;

      өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасауға;

      тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз етуге;

      бастауыш білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беруге бағытталған.

      5. Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдерін ескере отырып, келесі жас топтарында іске асырылады:

      ерте жас тобы – 1 жастағы балалар;

      кіші топ – 2 жастағы балалар;

      ортаңғы топ – 3 жастағы балалар;

      ересек топ – 4 жастағы балалар;

      мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар.

      6. Бағдарламаның мазмұнын меңгеру мерзімі – 5 жыл, бір жас тобында – 1 жыл.

      7. Педагог балаға:

      ненің "дұрыс" және ненің "бұрыс" екенін түсінуді;

      сыпайы және мейірімді болуды;

      дос болуды, құрметтеуді, көмектесуді, бөлісуді;

      қызығушылық танытуды, қоршаған әлемді бақылауды және зерттеуді;

      тыңдауды, түсінуді және саналы сөйлеуді;

      қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен салауатты әдеттерді сақтауды;

      физикалық белсенділікке, соның ішінде белсенді қимыл ойындарын ойнауды;

      өзі ойнауды;

      ересектерге көмектесуге, еңбекқорлыққа;

      ата-анасына, достарына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсете білуді, отбасын бағалауды;

      өзіне қамқорлық жасауға және ниетін білдіруге үйретеді.

      8. Бағдарлама меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептердегі (лицейлердегі, гимназиялардағы) мектепалды сыныптарда іске асырылады.

1-тарау. Ерте жас тобы (1 жастағы балалар)

1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту

      9. Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

      10. Мақсаты денсаулықты сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың денсаулығын нығайтатын, ағзаны шынықтыратын, негізгі қимыл түрлерін дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.

      11. Міндеттері:

      балалардың өмірін қорғауға және денсаулықты нығайтуға, ағзаның үйлесімді психофизикалық дамуы үшін жағдай жасау;

      дененің өсуі мен дамуының табиғи процестерін жетілдіру, қимыл-қозғалыстарға деген биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру, дене белсенділігін дамытуға жағдай жасау;

      балалардың күн тәртібіне, қоршаған орта жағдайларына бейімделуі үшін жағдайлар жасау;

      жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті жетілдіруге мүмкіндік беретін негізгі қимыл түрлерін дамыту;

      денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;

      дене шынықтыру мен дене белсенділігіне қатысуға, дербес қимыл әрекетін орындауға қызығушылықты арттыру;

      қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау.

      12. Күтілетін нәтижелер:

      негізгі қимыл түрлерінің бастапқы дағдыларын, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген;

      дене жаттығуларын орындауға ықылас танытады, ересектердің көмегімен өзін ретке келтіреді;

      тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттанған сезімін білдіреді;

      тура жолдың бойымен жүреді;

      ересектің көмегімен гимнастикалық тақтай бойымен жүреді;

      негізгі қимыл түрлерін жетілдіруге арналған қимылды ойындарға қызығушылық танытады;

      заттардың арасымен жүреді;

      жұмсақ модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтеріледі және одан түседі;

      допты шағын төбешіктен домалатады;

      қимылды үйлестірудің бастапқы дағдыларына ие;

      ересектердің көрсетуімен жалпы дамытушы жаттығуларды орындайды;

      ересектердің көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын сақтайды.

      13. Дене шынықтыру (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).

      14. Негізгі қимылдар.

      Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Еденде жатқан жолдың бойымен тура бағытта топпен жүру. Нысанаға дейін тура жолдың бойымен (ені 25-30 сантиметр, ұзындығы 2–3 метр) жүру, ересектің көмегімен гимнастикалық тақтай бойымен (ені 25-30 сантиметр) жүру, ересектің көмегімен модульге (биіктігі 10–15 сантиметр) шығу және одан түсу, еденде жатқан лентадан (арқаннан) аттап өту.

      Еңбектеу, өрмелеу. Арқанның (биіктігі 50 сантиметр), доғаның, орындықтың астынан төрт тағандап еңбектеп өту, 2 метр қашықтыққа дейін бөренеден аттап өту, құрсаудан еңбектеп өту. Шағын саты бойымен жоғары өрмелеу (биіктігі 1 метр).

      Домалату, лақтыру. Допты бір қолмен және екі қолмен ұстау, көлемдері әртүрлі доптар мен шарларды жинау, оларды өз бетінше себетке (жәшікке) салу, шарларды домалату, допты екі қолмен алға лақтыру, допты алға домалату (отырып, тұрып), допты (диаметрі 6–8 сантиметр) төменге, қашықтыққа лақтыру.

      15. Мәдени-гигиеналық дағдыларды және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.

      16. 1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

      Баланың дербестікке ұмтылысын қолдау, әрбір баланы күн тәртібіне біртіндеп үйрету.

      Тамақтану алдында және лас болған кезде қолын жууға, 1 жас 1ай - 1 жас 3 айда қою тамақты қасықпен өз бетінше жеуге, ал 1 жас 6 айда – сорпа тамақты ішуге үйрету (нанды сорпамен бірге ішу, тек өз тәрелкесіндегі тамақты ішу), ересектің көмегімен майлықты қолдану, тамақтан соң ересектерге ілтипат білдіру.

      Балаларды шынықтыруды ауа, су шараларымен, серуен кезінде ультракүлгін сәулелердің әсерлерімен жүзеге асыру, 2-3 минут бойы жылы құмның үстінде жалаң аяқ жүргізу, ауа ванналарын күніне бірнеше рет киіну-шешіну кезінде қолдану (ауа ванналарының ұзақтығын 2-3 минуттан, 6-10 минутқа дейін ұзарту).

      17. 1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

      Гигиеналық талаптарды сақтау бойынша жұмысты жалғастыру.

      Үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру, орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру, тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, тамақтанып болғаннан кейін майлықты қолдану, орындықты жылжыту, алғыс айту.

      Жуыну кезінде қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетін алақандарымен жуу, ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту.

      Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс бүктеу.

      Түбекке сұрану, өз түбегінің орнын білу, тек өз түбегіне отыру.

      Ескерткен кезде қол орамалды қалтасынан өзі алып, мұрнын сүрту және қайта салу.

      18. Дене шынықтыру (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).

      Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Еденнен бір шеті 15–20 сантиметр жоғары қойылған тақтайдың үстімен (ені 20 сантиметр, ұзындығы 1,5–2 метр), текшелердің, кегльдердің, құрсаулардың, таяқтардың арасымен топпен жүру; құрсаудан құрсауға өтуге үйрету; жұмсақ модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтерілуге және одан түсуге үйрету. Еденнен 12–18 сантиметр жоғары көтерілген арқаннан немесе таяқтан аттап жүру.

      Еңбектеу, өрмелеу. Бөренеден (диаметрі 15-20 сантиметр) аттап өту, 35-40 сантиметр жоғары қойылған арқанның астынан еңбектеу, құрсаудан еңбектеп өту (диаметрі 45 сантиметр).

      Домалату, лақтыру. Допты шағын төбешіктен домалату; допты тәрбиешіге, балаға домалату және лақтыру; допты алға, жоғары лақтыру, бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.

      19. Жалпы дамытушы жаттығулар: қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру, қолды алға созу, қолды арқаға қою, бүгу және қайта жазу, қолдың білектерін сермеу, айналдыру, қолдың алақандарын жоғары, төмен қарату, саусақтарды жұмып, ашу, ұсақ заттарды саусақтарымен іліп алу, отырып және тұрып оңға, солға бұрылу, заттарды бір-біріне беру, алға еңкею және түзу тұру, таяныштан ұстап, жүрелеп отыру, секіру.

      20. Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

      Сауықтыру-шынықтыру шараларын табиғи факторларды (ауа, күн, су) пайдаланып, жүргізу. Топ бөлмелерінде тұрақты ауа температурасын (+21-22°С) сақтау, балаларға жеңіл киімдер кигізу.

      Ұйқыдан кейін және күні бойы киініп-шешіну кезінде балаларды шынықтыруды жүзеге асыру. Ауа-райы жағдайын ескере отырып, күн сайын серуендер ұйымдастыру. Жауын-шашынды күндері балалармен жабық қысқы бақта қимылды ойындар ұйымдастыру. Жылдың жылы мезгілінде серуенде балалардың күн сәулесінің астында (3-5 минут) болуын қамтамасыз ету, құмның үстімен жалаң аяқ 2-3 минут жүргізу (алдын ала оның тазалығы мен қауіпсіздігіне көз жеткізу). Жаз мезгілінде серуеннен кейін жуыну және аяқты жуу кезінде гигиеналық және шынықтыру шараларын үйлестіру, әр баланың денсаулық жағдайын және оның судың әсеріне бейімделу деңгейін ескеру.

      Арнайы шынықтыру шараларын ата-аналардың қалауымен, мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі мен медициналық қызметкерлері шешімімен жүргізу.

2-параграф. Коммуникативтік дағдыларды дамыту

      21. Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

      22. Мақсаты балалардың ауызекі сөйлеуін дамыту арқылы әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.

      23. Міндеттері:

      коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін тілдік қарым-қатынас ортасын құру;

      сөйлеуді және фонематикалық естуді дамыту;

      баланың түсінетін және белсенді сөздік қорын қалыптастыру;

      ересектердің, құрдастарының сөзіне еліктеу қабілетін дамыту;

      балаларды алғашқы қарым-қатынас құралдарын (вербалды және вербалды емес) қолдануға үйрету;

      үй жануарларының дыбыстарына еліктеу, дыбыстарды қайталау арқылы дыбыстау мәдениетін қалыптастыру;

      2-3 сөзден тұратын тіркестерді құрастыруға, грамматикалық түрлерді қолдануға үйрету.

      24. Күтілетін нәтижелер:

      суреттерден айтылған сөзге сәйкес келетін ойыншықтарды, заттарды табады және көрсетеді;

      ойыншық жануарлардың дене мүшелерін, тұрмыстық және ойын әрекеттерін, заттардың түстерін, өлшемдері мен пішіндерін көрсетеді және атайды;

      қарапайым сөз тіркестерін түсінеді, екі сөзден тұратын сөйлемді айтады;

      өтініштерді орындайды;

      ойыншықтармен күрделі емес бейнелі ойындарды ойнайды;

      өзінің, жақын адамдарының есімдерін, атауларын (ана, әке, ата, әже) күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың атауларын, тағамдардың атауларын, белгілі қимылдарды біледі және оларды айтуға тырысады;

      эмоционалды көңіл-күйді түсінеді және өзінің эмоциясын ым-ишарамен көрсетеді;

      дыбыстық тіркестерді еліктеп, дұрыс қайталайды;

      ересектерді тыңдайды, түсінеді, тапсырманы орындайды;

      заттардың атын, түсін, мөлшерін, көлемін, орнын біледі және атайды;

      сөзбен немесе қысқа сөз тіркестерімен өз өтінішін білдіреді;

      дұрыс сөйлеуге талпынады;

      қарапайым сұрақтарға жауап береді;

      екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айта алады;

      шағын, мазмұны түсінікті әңгімелерді, тақпақтар мен өлеңдерді қызығушылықпен тыңдайды және түсінеді;

      жалпақ және көлемді иллюстрацияларымен кітаптарды қарайды;

      көрнекіліксіз таныс шығармаларды тыңдайды;

      таныс шығармалардағы сөздерді қайталайды;

      кітаптардағы суреттерді өз бетінше қарайды, ондағы таныс кейіпкерлерді көрсетеді;

      оқылған таныс өлеңдердегі сөздер мен сөз тіркестерін айтады;

      шағын өлеңдерді, ертегілер мен әңгімелерді эмоционалды қабылдайды және қимыл-әрекет арқылы көрсете алады;

      шағын драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысады, ондағы игерген тәжірибелерін еркін ойындарда қолданады.

      25. Сөйлеуді дамыту (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).

      26. Сөзді түсіну.

      Суреттерден ересектің айтқан сөзіне сәйкес келетін ойыншықтарды, заттарды, киімдерді, ыдыс-аяқтарды табу және көрсету.

      Өз дене мүшелерін және ойыншық жануарлардың дене мүшелерін (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ), тұрмыстық және ойын әрекеттерін (жуыну, қыдыру); заттардың түстерін (қызыл, көк), қарама-қарсы өлшемдерді (үлкен, кіші), фигураларды (текше, кірпіш) білдіретін сөздерді түсіну.

      Күнделікті өміріне байланысты қарапайым сөз тіркестерін түсіну, өтініштерді орындау, ойыншықтармен күрделі емес бейнелі ойындар ойнау, тұрмыстық жағдаяттарды суреттейтін 1-3 әрекетті көрсету.

      27. Белсенді сөйлеуді дамыту

      Дыбыстық тіркестер мен сөздерге еліктей отырып, дыбыстау.

      Белсенді сөздікті жақын адамдардың атауларымен (ана, әке, ата, әже), күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың, тағам атауларымен (ботқа, су, сүт), белгілі қимылдарды (ал, бер, аш, тұр, жібер, ұйықта, бар) білдіретін сөздермен толықтыру.

      Ересектердің сөздерін тыңдауға, "Бұл кім?", "Бұл не?", "Не істеді?" деген қарапайым сұрақтарға жауап беруге, ыммен, қимылдар арқылы көрсетуден біртіндеп сөзбен айтуға көшуге, екі сөзден тұратын сөйлемдерді айтуға баулу.

      28. Сөйлеуді дамыту (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).

      29. Сөзді түсіну.

      Түсінетін сөздер қорын кеңейту. Заттардың түсін (қызыл, көк, сары, жасыл), өлшемін (үлкен, кіші), заттардың күйін (таза, кір), мерзімдік (қазір), сандық (біреу, көп) қатынастырады, қалауларын білдіруге қажетті сөздерді (тамақ ішу, ұйықтау, су ішу), дене мүшелерін білдіретін сөздерді түсіну.

      Таныс заттарды ересектердің көмегімен түсі бойынша таңдау.

      Жануарлардың қимылын (лақ секіреді, құс ұшады), дыбыстауын (қозы маңырайды: мәәә, бұзау мөңірейді: мөөө, мысық мияулайды), адамның қимылын (жүреді, жүгіреді, билейді) білдіретін сөздерді түсіну және дыбыстық тіркестерді атау.

      30. Белсенді сөйлеу.

      Дыбыстық тіркестерді жалпы қолданыстағы сөздермен ауыстыруға (бәәә -бота, мәәә - қозы, мөөө - бұзау, мәәә - лақ, мияу - мысық, аб-аб - ит), туыстық атауларды (аға, апа, тәте, көке), төрт түліктің (ат, тай, бота), жиі қолданылатын азық-түлікті (нан, шәй, май, сүт, көже) білдіретін жеңіл сөздерді айтуға баулу.

      Сөздік қорды ойыншықтар, киімдер, ыдыстар, көлік түрлерін білдіретін зат есімдермен, тұрмыстық (киіну, жуыну), ойын (ойнау, салу, домалату, тебу) әрекеттерін білдіретін, қарама-қарсы мағыналы (ашу-жабу, бару-келу, алу-салу) етістіктермен, заттардың түсін, пішінін, білдіретін сын есімдермен толықтыру.

      Ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынаста алғашқы әдеп нормаларына сәйкес сөздерді қолдануды үйрету (амандасу, қоштасу, рахмет айту).

      Күнделікті өмірдегі, суреттегі заттардың атын атау, ересектер мен құрдастарынан көмек сұрау, өтініш білдіру, еліктеу бойынша жаңа сөздерді, екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айту, қарапайым сұрақтарға жауап беру.

      Айналасындағы адамдардың сөзін тыңдау, олардың ауызша айтылған талаптарды орындау.

      Ересектердің сөзін қайталау арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын, ана тілінің грамматикалық нормаларын ескеріп, сөйлемдерді құруды қалыптастыру.

      31. Көркем әдебиет (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).

      Көркем әдебиетті қабылдауға қызығушылықты ояту.

      Шағын, мазмұны түсінікті өлеңдерді, әңгімелерді, тақпақтарды, бесік жырларын тыңдату, шығарманы оқып беруді суреттер, ойыншықтар, әрекеттерді көрсетумен (әңгімелеу) сүйемелдеу. Оқылатын шығарма мазмұнының баланың жасына сәйкестігіне және мәнерлеп оқылуына мән беру.

      Жалпақ және көлемді иллюстрациялары бар кітаптарды қарауға тарту.

      32. Көркем әдебиет (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін):

      Көрнекіліксіз таныс мазмұны қарапайым шығармаларды тыңдау, олардың мазмұнына эмоциямен жауап беру, шығарма мәтінінің кейбір сөздерін қайталау және мазмұнында айтылатын қарапайым әрекеттерді, дыбысқа еліктеу мен ойын әрекеттерін орындау.

      Ересектің көмегімен тақпақтарды, қысқа өлеңдерді және әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын қайталап айту, көркем шығарма мазмұны бойынша қойылымдарға қатысу.Таныс шығармалар мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысуға баулу, ондағы игерген тәжірибелерін еркін ойындарда қолдануға мүмкіндік беру. Үстел үсті, саусақ театрларын өз бетінше ойнау.

      Кітаптардағы суреттерді өз бетінше қарауға, ондағы таныс кейіпкерлерді көрсетуге мүмкіндік беру. Көркем сөзге, мәнерлеп сөйлеуге қызығушылықты ояту.

3-параграф. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

      33. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сенсорика ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.

      34. Мақсаты қоршаған әлеммен өзара әрекет ету үшін қажетті танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгеруге жағдай жасау болып табылады.

      35. Міндеттері:

      заттарды өзіне тән қасиеттері бойынша зерттеу;

      заттардың қасиеттері бойынша ұғымдарды қалыптастыру;

      сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру;

      көру-есту түйсігін, қабылдау, есте сақтау, көрнекі-әрекеттік ойлау, қиял, зейінді дамыту;

      түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;

      интелектуалды сезімді тәрбиелеу (жаңаны тануда қуанышқа бөлену).

      36. Күтілетін нәтижелер:

      заттармен әртүрлі әрекеттер орындайды;

      түсі, өлшемі бойынша заттарды ажыратады;

      заттарды өлшемі немесе пішініне қарай сәйкес ұяларға орналастырады;

      заттық әрекеттерді орындауға болатын қарапайым заттар мен құралдарды қолданады;

      біртекті заттарды ортақ белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастыра біледі;

      ересектің көмегімен 4-5 сақинадан (үлкенінен кішіге қарай) тұратын пирамиданы жинайды;

      тиісті пішіндегі (дөңгелек, шаршы) қораптар мен қобдишаларға қақпақтарды таңдайды;

      күрделі заттармен әрекеттерді орындайды;

      негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажыратады;

      дидактикалық ойыншықтармен, шағын және ірі құрылыс материалдарымен өз бетінше ойнайды.

      37. Сенсорика (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).

      Заттарды өлшемі немесе пішініне қарай сәйкес ұяларға орналастыруға арналған тапсырмаларды орындау, түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын конустық негіздегі (өзекшесі) пирамидаға, кейіннен тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны, содан кейін түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі реттілікпен жинау.

      Заттардың көлеміне (үлкен, кіші), түсіне (қызыл, көк) бағдар жасай отырып, әртүрлі әрекеттер (ашу - жабу, өткізу - шығару, домалату, қадау, сабақтау, қою, байлау, төсеу) жасау.

      38. Сенсорика (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).

      Балалардың сенсорлық тәжірибесін байытуды жалғастыру.

      Өлшемі бойынша заттарды ажырата білу, ересектің көмегімен 4-5 сақинадан (үлкенінен кішіге қарай) тұратын пирамиданы жинау.

      Тиісті пішіндегі (дөңгелек, шаршы) қораптар мен қобдишаларға қақпақтарды таңдау, екі бөліктен тұратын қиылған суреттерді жинау.

      Күрделі заттармен әрекеттерді орындау – сақиналары бар таяқшамен, торлы дорбамен, күрекшемен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжыту, алу және орындарын ауыстыра білу, қазықшаларды ылғал құмға балғамен қағып, кіргізе білу.

      Біртекті заттарды ортақ белгісі: пішіні, түсі бойынша топтастыру, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту үшін заттармен әрекет жасау, дидактикалық ойындар барысында және тұрмыста балалардың сенсомоторлық "көз бен қолды" үйлестіру.

      Естуді дамыту үшін әртүрлі дыбыс шығаратын заттардың (қоңыраулар, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) дыбысын тыңдау, қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті: түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті, негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажырату.

      Дидактикалық ойыншықтармен, шағын және ірі құрылыс материалдарымен өз бетінше ойнауға мүмкіндік беру.

4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

      39. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және мүсіндеу, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады.

      40. Мақсаты балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

      41. Міндеттері:

      шығармашылық әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту;

      балалардың байқампаздығын дамыту;

      көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;

      қоршаған орта туралы түсініктерін байыту.

      42. Күтілетін нәтижелер:

      ермексазды, сазбалшықты алақан арасында домалата алады;

      жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндейді;

      тәрбиешінің көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыра біледі;

      музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылық танытады;

      музыканы эмоционалды қабылдайды;

      музыкамен жүре алады;

      ересектердің орындаған әндерін тыңдайды;

      музыканың сүйемелдеуімен ойын әрекеттерін орындайды;

      таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдайды, оны соңына дейін тыңдайды;

      ересекпен қосылып әннің кейбір сөздерін айтады;

      балалар музыкалық аспаптарымен ойнайды;

      жалаушаны желбіретеді, сылдырмақты сылдырлатады;

      ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындайды;

      қимылдарды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеп, ойындар ойнайды.

      43. Мүсіндеу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).

      Балалардың мүсіндеуге қызығушылығын ояту. Сазбалшықпен таныстыру. Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып, "шарлар" жасау, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.

      44. Мүсіндеу (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).

      Балаларды жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, материалдарды ұқыпты қолдана білуге үйрету.

      45. Музыка.

      Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.

      46. Музыка (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).

      Көңілді және баяу музыкамен таныстыру.

      Балаларға мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңіл-күйін эмоционалды қабылдауды, ересектің көрсетуі бойынша сәйкес қимылдармен сүйемелдеуді, қосылып ән айтуды үйрету (айта алуына қарай).

      Музыкамен жүруге, қарапайым би қимылдарын көрсетуге (аяқты топылдату, аяқтан аяққа ауысу, қол шапалақтау, сылдырмақты сылдырлату) үйрету.

      Ойындарда кейіпкерлердің қимылдарын (құс, аю, қоян) көрсетуге ынталандыру.

      47. Музыка (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).

      Балалардың музыканы есте сақтауын дамыту, таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдауға баулу, оны соңына дейін тыңдауға үйрету.

      Музыка тыңдау.

      Әннің әуені мен сөздерін тыңдау, музыкалық шығарманы, көңілді және баяу сипаттағы әндерді эмоционалды қабылдау.

      Ән айту.

      Айналадағы дыбыстарға еліктеу арқылы ән айтуға қызығушылықты ояту (мысалы: мысық мияулайды, ара ызыңдайды). Ән айту кезінде балаларды белсенділік танытуға ынталандыру, ересектің орындауындағы әннің сөздерін бірге қосылып айту (дыбыстарға еліктеу, сөз тіркестерін қайталау).

      Музыкалық ырғақты-қимылдар.

      Музыкамен жүру, жүгіру, заттармен қарапайым қимылдар орындау: жалаушаны жоғары көтеру, оларды желбірету, сылдырмақты сылдырлату, ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындау.

      Қимылдарды ойын әрекеттерінде қайталау, оларды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеу.

      Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

      Қоңырау, сылдырмақ, асатаяқ аспаптарын сылдырлатып ойнауға (қатты-ақырын сылдырлату) үйрету. Барабан және ағаш қасықтарды соғып ойнау.

5-параграф. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

      48. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.

      49. Мақсаты әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену негізінде баланың әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

      50. Міндеттері:

      балалардың қоршаған ортамен танысуына, бейімделуіне, ересектермен және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау;

      баланың өз отбасының мүшесі екенін сезінуіне ықпал ету;

      қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстары жайлы бастапқы түсініктерді қалыптастыру;

      тіршілік иелерін бақылау және оларға қамқорлық жасауға баулу;

      балаларды әлеуметтендіру үшін икемді дамытушы заттық-кеңістіктік орта құру;

      баланы әрекет түрлеріне, ойын арқылы өзіне - өзі қызмет көрсетуге, адамгершілік құндылықтарға баулу;

      айналасындағы заттық ортаға қызығушылықты қалыптастыру;

      мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдыларын (амандасу, қоштасу, алғыс айту), құрдастарымен өзара әрекеттің бастапқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

      51. Күтілетін нәтижелер:

      фотосуреттерден өзін таниды;

      өзіне жақын адамдарға күлімсірейді, басын изейді, қолын бұлғайды;

      қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;

      сумен, құммен ойнайды;

      гүлдеп тұрған өсімдікке қызығушылық танытады;

      жануарларға қызығады, олардың дауыстарын салады;

      өзіне жақын отбасы мүшелерін таниды,

      ересектердің дауысын тыңдайды, олардың қимылдарына еліктейді, оған көмекке жүгінеді;

      мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын меңгерген: амандасады, қоштасады, алғыс айтады;

      құрдастарына және ересектерге мейірімділік танытады;

      қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;

      өлі табиғат заттарын (су, құм, тас) біледі;

      гүлдеп тұрған өсімдікті бақылайды және оның бөліктерін көрсетеді;

      кейбір көгөністер мен жемістердің шынайы өзін, суретін таниды және атайды;

      қоршаған ортадағы жануарларға, құстарға қызығады, олардың дене бөліктерін көрсетеді, дауыстарын салады, қимылдарын ойындарда қайталайды;

      өсімдіктер мен жануарларға қызығушылық танытады, оларға қамқор болуға тырысады;

      "болады", "болмайды", "қауіпті" сөздерінің мағынасын түсінеді;

      серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін сақтайды.

      52. Қоршаған ортамен таныстыру.

      53. 1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

      Баланың өзіне деген қызығушылығын қалыптастыру. Фотосуреттерден өзін, құрдастарын тану. Өзіне жақын ересектер мен құрдастарына жағымды қарым-қатынас таныту (күлімсіреу, басын изеу, қолын бұлғау).

      Қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту. Өлі табиғат заттарымен (су, құм, тас) таныстыру, олармен әрекет етуді көрсету (сумен жуыну, құммен ойнау, тастарды жинау).

      Гүлдеп тұрған өсімдікті бақылау, оның бөліктерін (гүл, жапырақ) көрсету.

      Қоршаған ортадағы жануарларды көрсету, олардың дауыстарын (қозы - мәәә, бұзау - мөөө, мысық - мияу, ит – аб-аб) келтіру.

      Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушылықтарын ояту, оларға қамқор болуға баулу.

      54. 1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

      Ата-анасы мен өзіне жақын отбасы мүшелерін (анасы, әкесі, ағасы, апасы, әжесі, атасы) тану, қоршаған кеңістікті (бөлме – пәтер, үй – кіреберіс, аула-балалар алаңы) бағдарлау, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын заттарды тану.

      Ересектермен (дауысын тыңдау, қимылына еліктеу, одан көмек сұрау) және құрдастарымен (әрекетін бақылау, ойнап отырған құрдасының жанына бару, ойыншықтарын алмастыру, өзара келісім бойынша оларды тартып алмай, сұрап алу) өзара әрекет етуге баулу, балалар мен ересектердің бірлескен ойындарына жағдай жасау (доппен, құммен, сумен ойнау).

      Мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру: амандасу, қоштасу, алғыс айту. Баланың құрдастарына деген мейірімді қарым-қатынасын үлгі ету. Жанашырлық пен елгезектік танытуға баулу.

      Құрдастары мен айналасындағы ересектердің көңіл-күйіне сәйкес жауап беру (күлімсіреу – қуаныш, жылау – реніш).

      Өлі табиғат заттарының қасиеттерін (су, құм, тас) ойын арқылы түсіну (суды құю, төгу, шашу, құмды салу, шашу, жинау, мүсіндеу, тасты жинау, қалау).

      Табиғаттағы ауа-райы құбылыстарын бақылау (жаңбыр, жел, күннің жарқырауы, қар).

      Көгөністер (қызанақ, қияр, сәбіз) мен жемістердің (алма, алмұрт, шие, өрік) сыртқы түрін тану және атауларын білу. Өсімдіктердің (ағаш, жапырақ, гүл) өзін немесе оларды суретінен тану және атау.

      Қоршаған ортадағы жануарларға (лақ, бота, құлын), құстарға (тауық, үйрек, қаз) қызығушылықты ояту, олардың дене бөліктерін (басы, көздері, құлақтары, құйрығы, аяқтары, қанаттары) табу, дауыстарын салу, қимылдарын бақылау, қимылдарды ойындарда қайталау.

      Серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (өсімдіктерді, бөгде және лас заттарды ұстамау, ауызға салмау, сондай-ақ құммен және сумен ойындарда лас суды ішпеу және төкпеу, құмды, топырақты шашпау).

      Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығын дамыту, оларға қамқор болуға баулу.

      Айналасындағы заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерімен таныстыру, "болады – болмайды", "қауіпті" сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Ересектер тобы (5 - 6 жастағы балалар)

1-параграф. "Таным" білім беру саласы

      270. "Таным" білім беру саласының мазмұны арнайы коррекциялық оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады - көру арқылы қабылдау (көрмейтін балалармен - түйсіну және ұсақ моторика), кеңістікте бағдарлау.

      271. Мақсаты - полисенсорлы негізде қабылдаудың коррекциялық-компенсаторлық тәсілдерін дамыту, оларды балалардың өзіндік танымдық іс-әрекетінде қолдану үшін жағдай құру.

      272. Міндеттері:

      1) қоршаған әлемнің объектілеріне зерттеу тұғырын қалыптастыру;

      2) алгоритмизация негізінде мақсатты бағытталған полисенсорлы қабылдау арқылы қоршаған кеңістіктің объектілері туралы ұғымдарды дамыту;

      3) кеңістік және онда орналасқан объектілер туралы алынған полисенсорлы ақпаратты практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету;

      4) ойлау операцияларын дамыту (анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, жіктеу).

2-параграф. 1 - жартыжылдық

      273. Көру арқылы қабылдау қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекеті, сенсорлы эталондар (пішіні, көлем, түс), заттар мен заттық бейнелер, сюжеттік бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар, адам өміріндегі көру.

      274. Көру-ізденістік іс-әрекеті. Қозғалатын көру мотивін іздеуді және көз қырында ұстауды жүзеге асыру білігін дамыту.

      275. Сенсорлы эталондар. Біліктіліктерді жетілдіру:

      1) көлемі бойынша айырмашылықты бірте-бірте азайтумен ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша заттарды салыстыру;

      2) бірдей орналасқан көпшілік заттардан көлемнің берілген параметрі бойынша заттарды жинақтап шектеу;

      3) көпшіліктен көлемнің берілген параметрі бойынша бірдей заттарды таңдау;

      4) ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша артуы мен азаюы ретімен үш-бес заттан қатар құру;

      5) түрлі-түсті объектілер арасындағы қашықтықты және қабылдау өрісін арттыруда, негізгі түстің 3 реңкін ажырату.

      276. Тік төртбұрышты шаршымен салыстыру негізінде, сопақшаны шеңбермен салыстыру негізінде таныстыру. Геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, сопақша) және көлемді денелерді (шар, куб, цилиндр) ажырату және атау білігіне арнаған жаттығу.

      277. Біліктерге үйрету:

      1) көпшілік шаршыдан силуэттік және контурлы бейнелеуде тік төртбұрышты шектеу;

      2) көпшілік шеңберден силуэттік және контурлы бейнелеуде сопақшаны шектеу;

      3) заттарға дейін қашықтықты бірте-бірте арттырумен көлемнің берілген параметрі бойынша үлкен кеңістіктің 2 біртекті объектілерін салыстыру;

      4) сұр, көгілдір, күлгін түстерді ажырату және атау;

      5) көгілдір-көк, көгілдір-ақ, көгілдір-сұр, күлгін-қара, күлгін-көк түстерді саралау;

      6) көгілдір түсті көк-күлгін және сұр-ақ түстерден бөліп шығару; сұр түсті ақ-көгілдір түстен, күлгін түсті қызыл-көк және қара-көк түстерден бөліп шығару;

      7) сұр, көгілдір, күлгін түстердің эталондарын қоршаған заттардың түстерімен салыстыру;

      8) түстің қанықтылығын көбейту және азайту ретімен түрлі-түсті қатар құру (негізгі түстердің 3 градациясы);

      9) қоңыр, күлгін, қызғылт-сары, көгілдір, сұр түстердің ашық және қою реңктерін ажырату;

      10) қоңыр, күлгін, қызғылт-сары, көгілдір, сұр түстердің реңктерін жинақтау (2 реңктен).

      278. Заттар және заттық бейнелер. Біліктіліктерді үйрету:

      1) жоспар-алгоритм бойынша қабылдау объектісін қарау және сипаттау;

      2) күрделі кескіндегі заттардың шынайы, силуэттік және контурлы бейнелерімен салыстыру;

      3) әртүрлі ракурста заттарды тану (алдынан, артынан, жанынан, жоғарыдан, төменнен);

      4) қозғалатын объектілерді тану;

      5) күрделі кескіндегі затты және оның бейнесін салыстыру.

      279. Сюжеттік бейнелер:

      1) екі композициялық жоспары бар сюжеттік бейнені бірізді қабылдау дағдыларын қалыптастыру;

      2) сюжетті ашатын информативті белгілер туралы білімді дамыту.

      280. Кеңістікті қабылдау:

      1) кеңістік тереңдігінің бейнелеуші белгілері туралы ұғымдарды қалыптастыру, қашықтықта орналасқан заттардың көлемін өзгерту; бір объектіні екіншісімен жабу;

      2) баланың өзінен бір бағытта орналасқан үш-бес затқа дейін қашықтықты көру арқылы саралауға арналған жаттығу.

      281. Көру-моторлы координациялар:

      1) контур бойынша бейнелерді айналдырып белгілеу, сызықпен штрихтау дағдыларын жетілдіру;

      2) үлгі бойынша графикалық тапсырмаларды орындау.

      282. Адам өміріндегі көру. Балалардың көру мүмкіндіктері, көруді сақтау ережесі туралы ұғымдарды дамыту.

      283. Күтілетін нәтижелер:

      1) геометриялық фигураларды және көлемді денелерді, олардың түстері мен реңктерін, көлемін біледі;

      2) біртипті белгілерді саралайды;

      3) шынайы заттардың пішінін, түсін, көлемін талдайды;

      4) сенсорлы эталондармен әрекет етеді (арақатынасын белгілейді, жинақтайды, жүйелейді);

      5) объектіні сызба-алгоритмге сүйеніп қарастырады және сипаттайды;

      6) әртүрлі ракурстағы заттарды таниды;

      7) сюжетті түсінеді, информативті белгілерді табады;

      8) кеңістіктің тереңдігінің бірқатар бейнелеуші белгілері туралы түсініктері бар;

      9) үлгі бойынша графикалық тапсырмаларды орындайды.

      284. Сипап-сезу және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика.

      285. Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы. Дағдыларға үйрету:

      1) алақандар мен саусақтарды шиыршық тәрізді сылау тәсілімен қолды өзіндік уқалауды (массаж) орындау;

      2) екі қолдың саусақтарымен бір мезгілде әртипті қимылдарды орындау;

      3) әртүрлі бағыттарда қолдың білезігімен толқын тәрізді қимылдарды орындау.

      286. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері.

      287. Сопақшамен, тік төртбұрышпен таныстыру.

      288. Біліктерді жетілдіру:

      1) сипап-сезу тәсілі арқылы геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тік төртбұрыш) және көлемді денелерді (шар, куб, цилиндр) ажырату және атау;

      2) кескіні бірнеше қарапайым формаларды қамтитын заттың бөлшектерінің пішінін анықтау;

      3) заттардың сипап-сезу белгілері мен қасиеттерін қолмен сипау, ысқылау, ұрғылау, қысу, мыжғылау, қолмен өлшеу тәсілдерімен ажырату;

      4) заттардың жазықтығының, температурасының, салмағының қарама-қарсы және аралық сипап-сезу сипаттамаларын дененің әртүрлі бөліктерімен ажырату;

      5) заттардың жазықтығының, температурасының, салмағының сипап-сезу белгілері бойынша заттарды топтастыру.

      289. Біліктерді үйрету:

      1) алгоритм бойынша заттарды сипап-сезу арқылы зерттеуді орындау;

      2) ені, қалыңдығы бойынша біртекті заттарды салыстыру;

      3) ені, қалыңдығының артуы және азаюы ретімен үш заттан қатар құру.

      290. Заттық-практикалық іс-әрекет. Біліктіліктерді үйрету:

      1) берілген жағдайларға сәйкес жекеленген заттарды конструктордың бөлшектерінен жинау;

      2) күрделі пішіндегі рельефті сурет салу үшін ермексаздан дайын бөлшектерді іріктеу, ермексазды рельефтің контуры аясында жағу;

      3) геометриялық фигуралардан қарапайым өрнектерді фланелеграфта құрастыру;

      4) магниттік тақтада таяқшалардан қарапайым өрнектерді құрастыру;

      5) қырлары мен бұрыштарын қиылыстырумен қағазды ортасы және диагоналі бойынша бүктеу;

      6) түйіндерді байлау және шешу;

      7) ілгектердің алуан түрлерімен әрекет етуді орындау.

      291. Тифлографика. Рельефті бейнені оқу. Оқу біліктерін жетілдіру:

      1) әртүрлі жазықтықта әртүрлі тәсілдермен орындалған пішіні, ұзындығы, ені бойынша әртүрлі рельефті сызықтар;

      2) сызықтардан орындалған суреттер;

      3) әртүрлі көлемдегі және әртүрлі кеңістіктік қалыптағы геометриялық фигуралардың рельефті бейнелері (шеңбер, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш);

      4) геометриялық фигурасы бар заттардың суреттері;

      5) бір жазықтықта 1 мм қашықтықта орналасқан екі, үш нүктелерден құрылған комбинациялар.

      292. Рельефті-графикалық іс-әрекет. Біліктерді бекіту:

      1) приборды жұмысқа дайындау;

      2) трафарет, тіректі нүктелер бойынша әртүрлі сызықтарды жүргізу;

      3) трафарет бойынша геометриялық фигуралардың контурын қаламмен қоршау және грифельмен тесу;

      4) табиғи материалдан, таяқшалардан жайпақ заттардың контурын құру.

      293. Біліктерді үйрету:

      1) тіректі аппликацияны қолданып заттардың суретін аяқтау;

      2) тіректі нүктелер бойынша бұрышты пішіндегі геометриялық фигуралардың суретін салу.

      294. Күтілетін нәтижелер:

      1) бірізді әрекеттер алгоритміне негізделген объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеу дағдылары бар;

      2) сипап-сезу арқылы заттардың жазықтығының пішінін, көлемін, сипаттамасын анықтайды;

      3) жазықтықтың пішіні, көлемі, қасиеттері бойынша заттарды салыстыра, топтастыра алады;

      4) іс-әрекеттің алуан түрлерінде сипап-сезу ақпаратын қолданады;

      5) нұсқау бойынша жетекші және бақылаушы қолды ажырату арқылы рельефті суретті зерттейді;

      6) рельефті сызықтарды оқиды, оларды пішіні, ұзындығы, ені, орындау тәсілі бойынша саралайды; сызықтардан күрделі емес суреттерді оқиды;

      7) орындалу тәсілі, көлемі және әртүрлі кеңістіктік қалыптағы алуан түрлі геометриялық фигураларды оқиды;

      8) табиғи материалдан, таяқшалардан жалпақ заттардың контурын құруды біледі;

      9) әртүрлі сызықтардың суретін сала алады, трафарет, тіректі нүктелер бойынша геометриялық фигуралардың суретін сала біледі;

      10) педагогтың көмегімен тіректі аппликация бойынша заттың суретін салып аяқтайды.

      295. Кеңістікте бағдарлау қамтиды: дененің сызбасында бағдарлау, өзіне және затқа қатысты бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс барысында бағдарлау, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау, кеңістіктің жоспары мен сызбаларының көмегімен бағдарлау.

      296. Дененің сызбасында бағдарлау. Қарама-қарсы тұрған адамның денесінің жұптық-қарама-қарсы қырларын анықтау, оларды өз денесінің қырларымен салыстыру білігін қалыптастыру.

      297. Өзіне және затқа қатысты бағдарлау:

      1) позицияны алмастыруда өзіне қатысты кеңістіктің бағыттарында бағдарлау дағдыларын қалыптастыру;

      2) заттар тобында әрбір заттың кеңістіктік орналасуын анықтау білігін дамыту;

      3) кеңістіктің әртүрлі бағыттарында орналасқан, өзінен 2 затқа дейін қашықтықты (алыс-жақын) көрудің көмегімен анықтау білігін үйрету.

      298. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Орын алмастырушы заттардың көмегімен заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар мен еркін кеңістіктің аумағын модельдеуге үйрету.

      299. Қозғалыс барысында бағдарлау. Қозғалыстың бағытын сақтаумен және өзгертумен кез келген бастапқы бағдардан кеңістікте қозғалу дағдыларын дамыту.

      300. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағытталу:

      1) қоршаған кеңістікте кездесетін иістердің түрлерімен таныстыру;

      2) иісті оның шығу көзімен салыстыру білігін жетілдіру, кеңістікте иістің шығу көзінің бағытын жинақтау;

      3) әртүрлі заттардың бетінің қасиеттерін алақанмен, қол саусақтарымен сипап-сезу арқылы ажырату, бөлмедегі еденнің төсемін немесе аумақтағы грунттың бетін жалаңаяқ және аяқ-киімнің табанымен ажырату білігіне арналған жаттығу;

      4) дыбысталатын заттың қашықтығын бағалау білігін үйрету.

      301. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау:

      1) балабақшаның кеңістігі туралы жалпылама ұғымдарды қалыптастыру;

      2) балабақшаның ғимаратында әртүрлі бастапқы нүктелерден бағдарлау дағдысын жетілдіру.

      302. Микрожазықтықта бағдарлау:

      1) кеңістіктік ұғымдарды бекіту: оң-сол, жоғары-төмен, бұрыш, ортасы, оң жақ-сол жақ, ортасы, жоғары-төмен, орталық;

      2) басқа объектілерге қатысты микрожазықтықта объектінің кеңістіктік орналасуын анықтау білігін дамыту (астында, үстінде, алдында, артында, сол жағында, жоғарыда, төменде, оң жағында, арасында, жанында).

      303. Кеңістіктің жоспары мен сызбаларының көмегімен бағдарлау. Біліктерді үйрету:

      1) кеңістіктің сызбасы мен кеңістіктің жоспарындағы айырмашылықты ажырату;

      2) микрокеңістіктің сызбасы жоспарын құрастыру;

      3) жоспар бойынша бағдарланып, шынайы микрокеңістікте заттарды табу және орналастыру.

      304. Күтілетін нәтижелер:

      1) позицияларды алмастыруда өзіне қатысты кеңістіктің бағытында бағдарлау дағдылары бар;

      2) заттар тобындағы заттың кеңістіктік орналасуын анықтай алады;

      3) орын алмастырушы заттардың көмегімен еркін кеңістіктің аумағын модельдеу дағдылары бар;

      4) кез келген бастапқы бағдардан кеңістікте қозғалу дағдылары бар;

      5) сақталған анализаторлардың көмегімен қоршаған кеңістікте бағдар болып саналатын заттарды ажырата алады;

      6) балабақшаның кеңістігі туралы жалпылама түсініктері бар;

      7) басқа объектілерге қатысты микрокеңістікте объектінің кеңістіктегі орналасуын анықтай алады;

      8) сызбаның кеңістіктің жоспарынан айырмашылығы туралы түсініктері бар.

3-параграф. 2 - жартыжылдық

      305. Көру арқылы қабылдау қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекеті, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс), заттар және заттық бейнелер, сюжеттік бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар, адам өміріндегі көру.

      306. Көру-ізденістік іс-әрекеті. Қабылдау мен тану өрісінде әртүрлі түстегі, пішіндегі, көлемдегі объектілерді табу дағдыларын дамыту.

      307. Сенсорлы эталондар. Біліктерді жетілдіру:

      1) контурдың жабылуы, толық емес бейнелеу күрделі жағдайларында жазық геометриялық фигуралардың контурлы бейнесін тану;

      2) басқа көпшіліктен әртүрлі кеңістіктік қалыпта ұсынылған геометриялық фигуралар мен денелерді жинақтау;

      3) пішіннің белгісі бойынша заттар мен олардың бейнесін топтастыру.

      308. Балаларды үйрету:

      1) күрделі геометриялық пішінді талдау, оның кескінінде қарапайым құрамдас бөліктерді ажырату білігін;

      2) тұтас объектінің бөліктерінің көлемін салыстыру;

      3) қозғалатын объектілердің көлемін салыстыру;

      4) көлемі бойынша айырмашылықты бірте-бірте азайтумен көлемнің берілген параметрін азайту және арттырумен бес және одан көп заттардан қатар құру;

      5) негізгі түстердің 5 реңкін және қоңыр, күлгін, қызғылт-сары, көгілдір, сұр түстердің 3 реңкін ажырату қабілетін;

      6) негізгі түстердің қою реңктерін қою түстерден, ашық реңктерді ашық түстерден бөліп жинақтау білігін;

      7) қоңыр, күлгін, қызғылт-сары, көгілдір, сұр түстердің реңктерін жинақтау білігін (3 түстен);

      8) түстің қанықтығының азаюы немесе артуы ретімен түстер қатарын құру білігін (негізгі түстердің 5 градациясы және қоңыр, күлгін, қызғылт-сары, көгілдір, сұр түстердің 3 градациясы);

      9) кемпірқосақтың түстерінің бірізділігін білу.

      309. Заттар және заттық бейнелер. Дағдыларды жетілдіру:

      1) жоспар-алгоритм бойынша қабылдау объектісін қарау және сипаттау;

      2) берілген белгісі бойынша заттарды жалпылау және жіктеу.

      310. Біліктерді үйрету:

      1) күрделі жағдайларда затты тану (толық емес, "күңгірт" бейнелер);

      2) тұтас бейнені бөліктерден құрастыру.

      311. Сюжеттік бейнелер:

      1) екі композициялық жоспары бар сюжеттік бейнені бірізді қабылдау, информативті белгілерді ажырату дағдыларын бекіту;

      2) екі сюжеттік картинада бейнеленген оқиғалардың бірізділігін орнату білігін үйрету.

      312. Кеңістікті қабылдау. Кеңістіктің тереңдігінің бейнелеуші белгілері туралы білімді бекіту.

      313. Көру-моторлы координациялар. Үлгі және көру есі бойынша графикалық тапсырмаларды орындау білігін дамыту.

      314. Адам өміріндегі көру. Оптикалық коррекция құралдары және оның балалардың көру мүмкіндіктерін арттырудағы рөлі туралы ұғымдарды дамыту.

      315. Күтілетін нәтижелер:

      1) объектілердің белгілерін талдау, біріктіру және жүйелеу үшін сенсорлы эталондарды қолданады;

      2) түстің қанықтығының өзгеру ретіне қарай түстер қатарын құрай біледі;

      3) басқа белгілердің вариативтілігі жағдайында берілген сенсорлы эталонды іздеуді жүзеге асырады;

      4) қабылдау объектілерін қарауда жоспарды ұстанады;

      5) күрделі жағдайларда затты таниды;

      6) шынайы жағдайда және картинада кеңістіктің тереңдігінің және арақашықтығының белгілерін түсінеді;

      7) есте сақтау бойынша графикалық бейнені қайта жаңғыртады;

      8) оптикалық коррекция құралдары туралы түсініктері бар.

      316. Сипап-сезу және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика.

      317. Қолдың сипап-сезу арқылы объектілерді зерттеуге дайындығы. Біліктерді жетілдіру:

      1) алуан түрлі тәсілдерді қолдану арқылы қолды өзіндік уқалауды (массаж) орындау;

      2) қолдың білезіктерімен және саусақтарымен статикалық және динамикалық қимылдарды орындау;

      3) бір статикалық позадан екіншісіне өтуді орындау.

      318. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері:

      1) алгоритм бойынша сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдерін бекіту;

      2) сипап-сезу тәсілі арқылы шеңбер, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тік төртбұрыш геометриялық фигураларды және шар, куб, цилиндр көлемді денелерді ажырату, оларды дұрыс атау білігіне жаттығу;

      3) көлемнің берілген параметрі бойынша пішіннің белгісі бойынша заттарды топтастыру білігін жетілдіру;

      4) ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша біртекті және әртекті заттарды салыстырудың сипап-сезу тәсілдерін бекіту;

      5) тұтас заттың бөліктерінің көлемін салыстыру білігін дамыту;

      6) жалпы ұзындығы, көлемі, биіктігі, ені, тығыздығының азаюы және артуы ретімен 4-5 заттан қатар құру білігін дамыту;

      7) материалды ажырату білігін жаттықтыру (ағаш, шыны, пластмасса, металл, резеңке, қағаздың түрлері, маталар); әртүрлі материалдардан жасалған тұрмыстық заттардың бетін анықтау.

      319. Заттық-практикалық іс-әрекет:

      1) бөлшектерді қатарға, төртбұрыш, шеңбер бойымен, биіктігі, ұзындығы, ені бойынша орналастырумен құрылыс салуға жаттығу;

      2) бірнеше бөліктерден құралатын заттарды илеу білігін жетілдіру;

      3) ермексаздан жасалған бөлшек-дайын заттарды күрделі пішіндегі рельефті суретке жапсыру үшін іріктеу білігін дамыту, ермексазды рельефтің контуры аясында жағу білігін дамыту;

      4) мозаикадан, таяқшалардан қарапайым өрнектерді құрастыруға арналған жаттығу;

      5) қағазбен жұмыс жасау тәсілдерін бекіту (мыжғылау, тегістеу, бүктеу, жырту, қию);

      6) бау жіптерді қиылыстырумен және тесіктердің санын арттырумен байлауға үйрету;

      7) рельефті-нүктелі шрифтісі бар кітап беттерін басынан аяғына дейін және кері ретте парақтау білігін үйрету.

      320. Тифлографика көрмейтін балаларды бедерлі суреттерді және олардың бейнесін тифлографикалық аспаптардың көмегімен оқуға үйретуді қамтиды.

      321. Рельефті бейнені оқу:

      1) геометриялық пішіні бар заттардың суреттерін оқу білігін жетілдіру;

      2) нүктелер мен сызықтар негізінде орындалған өрнектерді оқуға үйрету;

      3) екі-үш геометриялық фигуралардан (үйшік, шырша) алуан түрлі комбинацияларды қамтитын заттардың (аппликациялық, контурлы) бейнелерін оқуға үйрету;

      4) рельефті бейнені және оның бөліктерін шынайы объектімен (модель) және оның бөліктерімен салыстыру білігін үйрету.

      322. Рельефті-графикалық іс-әрекет. Біліктерді үйрету:

      1) нүктелер мен сызықтардан қарапайым өрнектердің суретін салу;

      2) алгоритм бойынша трафаретте гемоетриялық пішіндегі заттардың суретін салу.

      323. Күтілетін нәтижелер:

      1) қолдың білезіктері мен саусақтарының үйлестірілген қимылдар орындау дағдылары бар;

      2) өзіндік іс-әрекет деңгейінде объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуді орындайды, әрекеттерін сөзбен түсіндіреді;

      3) кеңістіктің пішіні, көлемі, құрылымының эталондарына сәйкес заттардың сипап-сезу белгілерін талдайды;

      4) кеңістіктің пішіні, көлемі, сипаттамасының берілген белгілері бойынша салыстыру, топтастыру үдерісінде объектілердің тәуелділігін орната біледі;

      5) жетекші және бақылаушы қолды айқындаумен, берілген нүктеден заттың контурын қабылдау дағдыларын меңгерген;

      6) екі-үш геометриялық фигуралардан құралған комбинацияларды қамтитын заттардың бейнелерін таниды;

      7) үлгі бойынша нүктелер мен сызықтардан өрнектің суретін сала алады;

      8) алгоритмге сүйеніп, трафаретте жазық геометриялық пішіндегі заттардың суретін сала алады.

      324. Кеңістікте бағдарлау қамтиды: дененің сызбасында бағдарлау, өзіне және затқа қатысты бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс барысында бағдарлау, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау, кеңістіктің сызбасы мен жоспарларының көмегімен бағдарлау.

      325. Дененің сызбасында бағдарлау. Өз денесінің кеңістіктік бағыттарын алдында және қарама-қарсы тұрған адамның бағыттарымен салыстыру біліктерін бекіту.

      326. Өзіне және затқа қатысты бағдарлау:

      1) позицияны алмастыруда өзі мен қоршаған заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтау білігін бекіту;

      2) заттардың орнын алмастыруда заттар тобындағы заттың кеңістіктегі орнын анықтау білігін дамыту;

      3) микро және макрокеңістікте өзінен заттарға дейін арақашықтықтың азаюын және артуын көру арқылы анықтау білігін дамыту.

      327. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Орын алмастырушы заттардың көмегімен Жабық және еркін кеңістіктің аумағын модельдеу дағдыларын жетілдіру.

      328. Қозғалыс барысында бағдарлау. Өзіндік қозғалыс, басқа адамдардың және алуан түрлі объектілердің қозғалысы барысында бағытты анықтау білігін дамыту.

      329. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау:

      1) қоршаған еркін кеңістіктің дыбыстарын тану, олардың бағыттарын жинақтау, еркін кеңістікте дыбыс көзінің қашықтығын бағалау білігін дамыту;

      2) балабақшаның бөлмелеріндегі дыбыстардың өзгешелігі туралы ұғымдарды қалыптастыру;

      3) еденнің төсемі, сипаттамалық иістер мен дыбыстар бойынша бөлмелерді тану білігін үйрету.

      330. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау:

      1) балабақшаның аумағы туралы жалпылама ұғымдарды қалыптастыру;

      2) балабақшаның аумағында әртүрлі бастапқы нүктелерден бағдарлау дағдыларын жетілдіру.

      331. Микрожазықтықта бағдарлау. Есептеу нүктесін алмастыру жағдайында басқа объектілерге қатысты микрожазықтықта объектінің кеңістіктегі орнын анықтау білігін үйрету.

      332. Кеңістіктің сызбасы мен жоспарларының көмегімен бағдарлау. Біліктіліктерді үйрету:

      1) жабық кеңістіктің сызбасы мен жоспарын құрастыру;

      2) жоспар бойынша бағдарланып, шынайы Жабық кеңістікте заттарды табу және орналастыру.

      333. Күтілетін нәтижелер:

      1) өз денесінің кеңістіктік бағыттарын алдында тұрған және қарама-қарсы тұрған адамның бағыттарымен салыстыра алады;

      2) позицияларды алмастыруда өзі және қоршаған заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтайды;

      3) көрудің көмегімен өзінен заттарға дейін арақашықтықтың азаюы мен артуын анықтай алады;

      4) орын алмастырушы заттардың көмегімен кеңістікті модельдеу дағдылары бар;

      5) балабақшаның әртүрлі бөлмелеріндегі дыбыстардың, иістердің, еден төсемінің сипаттамасының өзгешелігі туралы түсініктері бар;

      6) негізгі бөлмелерде және балабақшаның аумағында өз бетімен бағдарлау дағдылары бар;

      7) есептеу нүктесін алмастыру жағдайында басқа объектілерге қатысты микрожазықтықта объектінің кеңістіктегі орнын анықтай алады;

      8) кеңістіктің жоспары бойынша бағдарланып, Жабық кеңістіктің күрделі емес сызбалары мен жоспарларын құрастыра алады.

4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы

      334. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны әлеуметтік-тұрмыстық бағдар арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.

      335. Мақсаты - әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларда қоршаған адамдармен қарым-қатынас мен өзіндік мінез-құлықты ұйымдастырумен байланысты біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

      336. Міндеттері:

      1) адамның әлеуметтік-тұрмыстық іс-әрекетінің саласы туралы ұғымдарын дамыту;

      2) тұрмыстық және әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен нормалары саласында балалардың әлеуметтік бағдарларын қалыптастыру.

5-параграф. 1 - жартыжылдық

      337. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар келесіні қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдар, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, қоғамдық-тұрмыстық мекемелер, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.

      338. Заттық әлем. Біліктерді жетілдіру:

      1) ұқсастығы мен айырмашылығының белгілері бойынша бір түрдегі заттарды салыстыру;

      2) пішіні, түсі, материалы, қызметі бойынша заттарды топтастыру;

      3) заттың қызметі мен құрылысы, дайындалған материалы арасындағы байланысты орнату.

      339. Бала және қоршаған адамдар:

      1) адамның жеке-дара сырт бейнесінің ерекшеліктері туралы ұғымдарды жетілдіру;

      2) өз мінезінің, қызығушылықтарының белгілері туралы тұлғалық ұғымдарды қалыптастыру.

      340. Жеке гигиена. Ұғымдарды дамыту:

      1) көз гигиенасының ережелері туралы;

      2) көзге пайдалы және зиянды әдеттер туралы.

      341. Көшедегі мінез-құлық ережесі:

      1) көру және сақталған анализаторларға сүйеніп, көлік құралдарын ажыратуға арналған жаттығу;

      2) жолаушылар көлігінің (маршруттар, аялдамалар) қозғалыс тәртібі туралы ұғымдарды қалыптастыру;

      3) дыбыстық сипаттамасы бойынша жолаушылар көлігінің аялдамасын, есіктердің ашылуы мен жабылуын ажырату білігін үйрету;

      4) жолаушылар көлігінің аялдамасында мінез-құлық ережесін бекіту.

      342. Қоғамдық-тұрмыстық мекемелер. Ұғымдарды қалыптастыру:

      1) дәріхана, кинотеатр туралы;

      2) дәріханада, кинотеатрдағы мінез-құлық ережесі туралы.

      343. Ересектердің еңбегі. Автобус жүргізушісінің кәсібі, еңбек нәтижелерінің мазмұны мен маңызы туралы ұғымдарды қалыптастыру.

      344. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті. Кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдері туралы ұғымдарды қалыптастыру.

      345. Қабылдауға және қайта жаңғыртуға үйрету:

      1) бет қимылы: өкпе-реніш, кінә;

      2) қол қимылы: кел, татуласайық, көрсетпеймін, бер;

      3) пантомимикалық қимылдар: гүлдерді суарамын, шұңқыр қазамын, доп ойнаймын;

      4) графикалық бейнелер бойынша эмоционалды күйлерді анықтау, эмоцияның графикалық және шынайы бейнелерін салыстыру біліктері.

      346. Күтілетін нәтижелер:

      1) бір түрдегі заттардың алуан түрлілігіне бағдарланады, оларды қызметі бойынша жіктейді;

      2) өзінің және басқа балалардың сырт бейнесінің ерекшеліктерін салыстырады;

      3) жолаушылар көлігінің аялдамасында, қоғамдық орындағы мінез-құлық ережелерін біледі;

      4) автобус жүргізушісінің кәсібі, оның еңбегінің бағыттылығы мен мазмұны туралы түсініктері бар;

      5) кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдерін біледі;

      6) графикалық бейнелер бойынша эмоционалды күйлерді анықтай алады, оларды эмоцияның шынайы бейнелерімен арақатынаста белгілей алады.

6-параграф. 2 - жартыжылдық

      347. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар келесіні қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдар, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, қоғамдық-тұрмыстық мекемелер, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.

      348. Заттық әлем. Ұғымдарды қалыптастыру:

      1) адамның еңбегін тұрмыста жеңілдететін заттар туралы;

      2) адам үшін қауіпті тұрмыстық заттар, оларды қолдану ережесі туралы.

      349. Бала және қоршаған адамдар:

      1) өз отбасының құрамы, туыстық қатынастар, отбасылық міндеттерді бөлу туралы ұғымдарды дамыту;

      2) адамның сырт бейнесінде жыныстық және жас ерекшеліктері, олардың мінез-құлық ерекшеліктерінің көрінуін ажырату білігін үйрету.

      350. Жеке гигиена:

      1) жеке гигиена мен ұқыптылық ережелерін бекіту;

      2) жеке гигиена ережелерін орындауда өзіндік бақылау тәсілдерін үйрету.

      351. Көшедегі мінез-құлық ережесі. Дыбыстық сипаттамасы бойынша жолаушылар көлігінің аялдамасын, есіктердің ашылуы мен жабылуын ажырату білігін жетілдіру.

      352. Қоғамдық-тұрмыстық мекемелер. Ұғымдарды қалыптастыру:

      1) кітапхана, пошта туралы (қызметі, құрылғысы, қызметкерлер);

      2) кітапханада, поштадағы мінез-құлық ережесі туралы.

      353. Ересектердің еңбегі:

      1) ересектердің үй шаруашылығы іс-әрекеті туралы ұғымдарды қалыптастыру;

      2) еңбек әрекеттерін имитациялауға жаттығу.

      354. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті:

      1) әртүрлі өмірлік жағдайларда мінез-құлық және қарым-қатынас ережелері туралы ұғымдарды дамыту;

      2) адамдардың эмоционалды күйлері (қызығушылық, ұялу) және оларды мимика, қол қимылы, позалар арқылы көрсету тәсілдерін туралы түсініктерді қалыптастыру;

      3) жекеленген айрықша белгілері бойынша эмоцияны тану білігін үйрету;

      4) мимикалық және пантомимикалық қимыл дағдысын дамыту.

      355. Күтілетін нәтижелер:

      1) тұрмыстық техника заттарының қызметін біледі;

      2) жеке гигиена ережелерін орындауда өзіндік бақылау тәсілдерін біледі;

      3) дыбыстық сипаттамасы бойынша жолаушылар көлігінің аялдамасын, есіктердің ашылуы мен жабылуын ажырата алады;

      4) қоғамдық-тұрмыстық мекемелердің бірқатар түрлері туралы түсініктері бар, олардың қызметін біледі;

      5) үй еңбегінің бірқатар түрлері мен мазмұнын біледі;

      6) нақты жағдайда мінез-құлықтың дұрыс нұсқасын таңдауға қабілетті;

      7) эмоцияның айырып-танушы белгілерін біледі;

      8) мимикалық және пантомимикалық қимылдарды орындау дағдысын меңгерген.

6-тарау. Мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар)

1-параграф. "Таным" білім беру саласы

      356. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады - көру арқылы қабылдау (көрмейтін балалармен - сипап-сезу және ұсақ моторика), кеңістікте бағдарлай білу.

      357. Мақсаты: танымдық іс-әрекеттің сенсорлы, перцептивті, психикалық және моторлы компоненттерін дамыту бірлігін қамтамасыз ету; балалардың туындайтын танымдық қажеттіліктерді өз бетімен шешу үшін жағдай жасау.

2-тарау. Көру арқылы қабылдау

      358. Мақсаты ретінде балалардың көру мүмкіндіктерін өмір сүру әрекетінде барынша пайдалануға мүмкіндік беретін біліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

      359. Міндеттері:

      1) көру әрекетінің бағдарлаушы-ізденістік, ақпараттық-танымдық, реттеуші және бақылаушы функцияларын дамыту;

      2) көру ақпаратының негізінде қоршаған әлемнің объектілерімен зерттеу әрекетінің жүйесін дамыту;

      3) танымдық және практикалық іс-әрекетте көру арқылы қабылдаудың меңгерген тәсілдерін қолдану білігін жетілдіру.

      360. "Көру арқылы қабылдау" коррекциялық сабақтарының мазмұны бөлікшелерден тұратын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған және күтілетін нәтижелер түріндегі коррекциялық оқытудың мақсаттарын қамтиды. Әрбір бөлікшенің ішінде бірізді ұйымдастырылған коррекциялық оқыту мақсаттары, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және коррекциялық әсер етудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

      361. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

      1) сенсорлы эталондар;

      2) заттық ұғымдар;

      3) сюжеттік бейнелер;

      4) кеңістікті қабылдау;

      5) көру-моторлы координацияар;

      6) адам өміріндегі көру.

      362. "Сенсорлы эталондар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) пішін;

      2) көлем;

      3) түс.

      363. "Заттық ұғымдар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) заттар;

      2) заттық бейнелер.

      364. "Сюжеттік бейнелер" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) сюжеттік картина;

      2) сюжеттік картиналар сериясы.

      365. "Кеңістікті қабылдау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар;

      2) кеңістіктің тереңдігі.

      366. "Көру-моторлы координациялар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) сызықтарды қадағалау;

      2) графикалық іс-әрекет.

      367. "Адам өміріндегі көру" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) көруді сақтау;

      2) коррекция құралдарын күту.

      368. Оқыту мақсаттарының жүйесі. "Сенсорлы эталондар" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) пішін: геометриялық фигуралар мен денелерді ажыратады және атайды, оларды көпшіліктен бөліп алады; белгілерді бұрмалау жағдайында геометриялық фигураларды таниды; күрделі геометриялық фигураларды талдай және қайта жаңғырта біледі;

      2) көлем: көлемі бойынша заттарды салыстыру тәсілдерін біледі және қолдана алады; көлемі бойынша салыстыру, бөлу, жүйелеу барысында шағын және үлкен кеңістіктің объектілерінің тәуелділігін орната біледі;

      3) түс: түстерді, олардың реңктерін біледі; қоршаған кеңістіктегі қозғалмайтын және қозғалатын заттардың түсін анықтайды; белгілі түстер бірізділігіндегі түстер қатарын жүйелей алады; негізгі түстерді араластыру арқылы құрамдас түстерді қалай алуды біледі; жұмсақ және суық түстер туралы түсініктері бар.

      1-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1.1 Пішін

0.1.1.1 шеңбер, сопақша, шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш геометриялық фигураларды және шар, куб, цилиндр көлемді денелерді ажырату және атау

0.1.1.2 күрделенген жағдайларда геометриялық фигуралардың силуэттік және контурлы бейнелерін тану (контурдың жабылуы, толық емес, "күңгірт" бейне)

0.1.1.3 көпшіліктен әртүрлі кеңістіктік қалыптағы әртүрлі түстегі, көлемдегі геометриялық фигуралар мен денелерді оқшаулау

0.1.1.4 заттар мен олардың бөліктерінің пішінін талдау

0.1.1.4 күрделі геометриялық пішінді талдау, қарапайым пішіндерден күрделі пішінді құрастыру

0.1.1.5 екі қасиеті бойынша геометриялық фигураларды және денелерді топтастыру

1.2 Көлем

0.1.2.1 әртүрлі тәсілдермен ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша заттарды салыстыру

0.1.2.2 заттарға дейін арақашықтықты бірте-бірте арттырумен, көлемнің берілген параметрі бойынша үлкен кеңістіктің біртекті және әртекті объектілерін салыстыру

0.1.2.3 қозғалатын объектілердің көлемін салыстыру

0.1.2.4 көпшілік бірдей және әртүрлі орналасқан заттардың көлемінің берілген параметрі бойынша заттарды оқшаулау

0.1.2.5 заттардың көлемінің артуы және азаюы ретімен қатар құру

1.3 Түс

0.1.3.1 спектрдің түстерін ажырату және атау, қоңыр, сұр, қара, ақ түстерді, түстер реңкін ажырату және атау

0.1.3.2 қашықтықта орналасқан заттардың түсін ажырату

0.1.3.3 қозғалатын объектілердің түсін ажырату

0.1.3.4 бірнеше реңктерден түстер реңкін оқшаулау

0.1.3.5 кемпірқосақтың түстерінің бірізділігін білу

0.1.3.6 бір тондағы түстің артушы және азаюшы қанықтығы, үлгі, нұсқау бойынша түстер қатарын құру

0.1.3.7 негізгі түстерді араластыру жолымен құрамдас түстерді алу

0.1.3.8 спектрдің жұмсақ және суық түстерін білу

Жүктеу

      369. "Заттық ұғымдар" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) заттар: заттарды зерттеуде жоспар-алгоритмді өз бетімен ұстанады; заттарды сипаттайды және оларды сипаттамасы бойынша табады; заттарды салыстыру, жалпылау, жіктеу дағдыларын меңгерген, жалпылаушы ұғымдарды қолданады;

      2) заттық бейнелер: бейнелерді қарауда жоспар-алгоритмді өз бетімен ұстанады; күрделі жағдайларда және әртүрлі ракурста затты таниды, тану белгілерін айқындайды; күрделі кескіндегі заттың бейнесін талдайды, тұтасты заттық бейненің бөліктерінен құрастырады; затты және оның бейнесін салыстырады, ұқсастық және айырмашылық белгілерін ажыратады.

      2-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

2.1 Заттар

0.2.1.1 жоспар-алгоритм бойынша затты (модель) зерттеу және сипаттау

0.2.1.2 қозғалыс тәртібінде және әртүрлі қашықтықта заттарды тану

0.2.1.3 ұқсастық және айырмашылық белгілері бойынша заттарды салыстыру

0.2.1.4 берілген белгі бойынша заттарды жалпылау және жіктеу

2.2 Заттық бейнелер

0.2.2.1 жоспар-алгоритм бойынша заттың бейнесін қарау және сипаттау

0.2.2.2 күрделенген жағдайда контурдың жабылуы, толық емес, "күңгірт", сызбалы бейне сияқты затты әртүрлі ракурста тану

0.2.2.3 затты оның бөліктері бойынша тану, заттық бейненің бөліктерінен тұтасты құрастыру

0.2.2.4 заттардың шынайы, силуэттік және контурлы бейнелерін салыстыру

0.2.2.5 ұқсастық және айырмашылық белгілері бойынша шынайы заттардың және олардың бейнелерін салыстыру

Жүктеу

      370. "Сюжеттік бейнелер" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) сюжеттік картина: жоспарды өз бетімен ұстанып, картинаны қарайды; информативті белгілерді ажырату және ұғыну негізінде себепті-салдарлы өзара байланыстарды құрады;

      2) сюжеттік картиналар сериясы: сюжеттік картиналар сериясында оқиғалардың бірізділігін орнатады, өзіндік пайымдауын негіздейді.

      3-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

3.1 Сюжеттік картина

0.3.1.1 сюжеттік картинаны жоспар-алгоритм бойынша екі, үш композициялық жоспармен қарастыру

0.3.1.2 сюжетті ашатын информативті белгілерді ажырату және түсіну

0.3.1.3 себепті-салдарлы өзара байланыстарды орнату

0.3.1.4 бір уақытты және әрекет орнын бейнелейтін, алайда оқиғаның сипатымен айрықшаланатын картиналардың айырмашылығын табу; әртүрлі уақыт бөліктеріндегі бір оқиғалар бейнеленген картиналардың айырмашылығын табу

3.2 Сюжеттік картиналар сериясы

0.3.2.1 сюжеттік картина сериясындағы оқиғалардың бірізділігін орнату

Жүктеу

      371. "Кеңістікті қабылдау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) кеңістіктік қатынастар: заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды сөйлеуде анықтайды және көрсетеді;

      2) кеңістіктің тереңдігі: кеңістіктің тереңдігінің белгілерін түсінеді; шынайы кеңістікте және суреттегі заттардың арақашықтығын анықтайды.

      4-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

4.1 Заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар

0.4.1.1 микро және макро кеңістіктегі заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтау

0.4.1.2 екі топтағы заттардың кеңістіктік орналасуын салыстыру

4.2 Кеңістіктің тереңдігі

0.4.2.1 микро және макро кеңістіктің бір және әртүрлі бағыттарында орналасқан өзінен заттарға дейінгі арақашықтықты (алыс-жақын) саралау

0.4.2.2 үшінші объектіге қатысты екі объектінің қашықтығын анықтау

0.4.2.3 кеңістік тереңдігінің бейнелеуші белгілерін түсіну

0.4.2.4 фланелеграфта кеңістіктің тереңдігін бейнелеуші құралдармен көрсету

Жүктеу

      372. "Көру-моторлы координациялар" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) сызықтарды қадағалау: көру өрісінде көру стимулын ұстап тұрады; қолымен және көздерімен сызықтарды қадағалау дағдыларын меңгерген;

      2) графикалық тапсырмалар: жұмыс аумағын талдайды, графикалық элементтерді бөліп көрсетеді; үлгі және нұсқау бойынша графикалық тапсырманы орындайды.

      5-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

5.1 Сызықтарды қадағалау

0.5.1.1 көру бақылауымен әртүрлі бағыттағы әртүрлі сызықтарды көрсеткіш таяқшамен қадағалау

0.5.1.2 көру бақылауымен сызықтар жүйесін көрсеткіш таяқшамен қадағалау

0.5.1.3 фоннан заттардың контурын бөліп көрсету және оны көру бақылауымен таяқшамен қадағалау

5.2 Графикалық іс-әрекет

0.5.2.1 берілген бастаудан берілген соңына дейін, шекаралар арасында әртүрлі бағыттағы әртүрлі сызықтарды жүргізу

0.5.2.2 графикалық бейненің көшірмесін жасау

0.5.2.3 қарапайым графикалық диктанттарды орындау

0.5.2.4 графикалық суретте заңдылықты табу және оны аналогия бойынша жалғастыру

Жүктеу

      373. "Адам өміріндегі көру" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) көруді қорғау: көруді қорғау және көру гигиенасының негізгі ережелерін біледі; көрудің шаршауын төмендетуге арналған жаттығуларды орындай біледі;

      2) коррекция құралдарын күтім жасау: көзілдірікті күтуге қойылатын гигиеналық талаптарды біледі және орындайды.

      6-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

6.1 Көруді қорғау

0.6.1.1 адам өміріндегі көрудің рөлін түсіну

0.6.1.2 өзіндік көру мүмкіндіктері мен қарсы көрсетілімдерді білу

0.6.1.3 көз гигиенасының ережесін білу

0.6.1.4 оптикалық коррекция құралдарын білу, олардың көру мүмкіндіктерін арттырудағы рөлін түсіну

0.6.1.5 көздің шаршау белгілерін және оның алдын алу құралдарын білу, көру шаршауын төмендету бойынша жаттығу орындау

6.2 Коррекция құралдарына күтім жасау

0.6.2.1 көзілдірікті күту ережесін білу

Жүктеу

3-параграф. Сипап-сезу және ұсақ моторика

      374. Мақсаты - тактильді-қозғалыс қабылдау негізінде қоршаған әлемнің объектілері және олармен әрекет етудің компенсаторлық тәсілдері туралы ұғымдарды қалыптастыру.

      375. Міндеттері:

      1) мақсатты бағытталған сипап-сезу арқылы қабылдау дағдыларын қалыптастыру;

      2) заттарды тану және олармен әрекет ету барысында талдау, біріктіру, жалпылау, салыстыру, жіктеудің ойлау операцияларын дамыту;

      3) практикалық іс-әрекетте сипап-сезу арқылы қабылдау білімдері, біліктері мен дағдыларымен әрекет ету білігін үйрету.

      376. "Сипап-сезу және ұсақ моторика" коррекциялық сабақтарының мазмұны бөлікшелерден тұратын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған және күтілетін нәтижелер түріндегі коррекциялық оқытудың мақсаттарын қамтиды. Әрбір бөлікшенің ішінде бірізді ұйымдастырылған коррекциялық оқыту мақсаттары, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және коррекциялық әсер етудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

      377. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

      1) объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы;

      2) сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері;

      3) заттық-практкалық іс-әрекет;

      4) тифлографика.

      378. "Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) қолды сылау тәсілдері;

      2) бұлшық ет тонусын қалыпқа келтіру;

      3) қолдың білезіктерінің қозғалысы;

      4) затты ұстап тұру тәсілдері;

      5) қолдың саусақтары мен білезіктерінің статистикалық координациясы;

      6) қолдың саусақтарының қозғалысының динамикалық координациясы;

      7) қолдың қимылдарының алмасып қосылуы.

      379. "Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) заттарды зерттеу тәсілдері;

      2) пішіннің сенсорлы эталондары;

      3) көлемнің сенсорлы эталондары;

      4) заттардың сипап-сезуші белгілері мен қасиеттері.

      380. "Заттық-практикалық іс-әрекет" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) құрастыру;

      2) илеу;

      3) аппликациялық илеу;

      4) аппликация;

      5) мозаикамен жұмыс;

      6) таяқшалармен жұмыс;

      7) ілгектермен жұмыс;

      8) жіптермен, бау жіптермен жұмыс;

      9) қағазбен жұмыс;

      10) кітаппен жұмыс.

      381. "Тифлографика" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) рельефті бейнелерді оқу;

      2) рельефті-графикалық іс-әрекет.

      382. Оқыту мақсаттарының жүйесі.

      383. "Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) қолды сылау тәсілдері: доптар, валиктерді, алуан түрлі тәсілдерді қолданып, қолдың саусақтары мен білезіктерімен уқалауды орындайды;

      2) бұлшық ет тонусын қалпына келтіру: серпімді заттарды қолмен қысуда босаңсу мен қысымды кезектестіре біледі;

      3) қол білезіктерінің қимылдары: үлгі мен нұсқау бойынша заттармен имитациялық қимылдарды әртүрлі бағытта қолдың білезіктерімен орындайды;

      4) затты ұстап алу тәсілдері: әртүрлі пішіндегі және көлемдегі заттармен әрекет ету барысында алақанмен және саусақпен ұстап алудың ұтымды тәсілдерін қолданады;

      5) қолдың саусақтары мен білезіктерінің қимылдарын статикалық үйлестіру: статистикалық сынақтан өтеді, қолдың саусақтарының тіркесуі мен қиылысуының алуан түрлерін орындайды, қолдың саусақтары мен білезіктерінен фигураларды құрастырады;

      6) қолдың саусақтары мен білезіктерінің қимылдарын динамикалық үйлестіру: оң және сол қолдың саусақтарының бір мезгілде олардың функцияларын шектеумен үйлестірілген қимылдарды орындау дағдылары бар;

      7) қолдың қимылдарының алмасып қосылуы: бір статикалық позадан басқа позаға отуді орындайды.

      7-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1.1 Қолды сылау тәсілдері

0.1.1.1 сипалау, илеу, сылау, ұрғылау, соққылау, шымшылау тәсілдерімен қолды уқалауды орындау
0.1.1.2 тығыздығы мен фактурасы әртүрлі доптар, валиктердің бетімен алақанды уқалауды орындау

1.2 Бұлшық ет тонусын қалыпқа келтіру

0.1.2.1 босаңсу мен қысымды кезектестіріп, серпімді материалдардан жасалған заттармен (екі қолмен басып-жаншу, бір қолмен қысу) жаттығу орындау

1.3 Қолдың білезіктерімен қимыл-қозғалыстар

0.1.3.1 әртүрлі бағытта қол білезіктерімен қимылдар орындау (тік, көлденең, айналмалы, толқын тәрізді, бағытты өзгертетін қимылдар)

0.1.3.2 қол білезіктерімен заттармен имитациялық қимылдарды орындау

1.4 Затты ұстап алу тәсілдері

0.1.4.1 әртүрлі пішіндегі және көлемдегі заттармен әрекет ету барысында алақандық, саусақты ұстап алудың алуан түрлерінің жиынтығын қолдану

1.5 Қолдың саусақтары мен білезігінің қимылдарын статистикалық үйлестіру

0.1.5.1 қол саусақтарының тіркесуі мен қиылысуының алуан түрлерін орындау

0.1.5.2 жануарларды, құстарды, жиһаз заттарын бейнелейтін пішіндерді қолдың саусақтары мен білезіктерінен құрастыру

1.6 Қолдың саусақтарының қимылдарын динамикалық үйлестіру

0.1.6.1 сығуға, созуға, босаңсытуға арналған қолдың саусақтары мен білезіктерімен қимылдар орындау
0.1.6.2 екі қолдың саусақтарымен бір мезгілде біртипті және әртипті қимылдар орындау

1.7 Қолдың қимылдарының алмасып қосылуы

0.1.7.1 бір статикалық позадан басқа позаға өтуді орындау

Жүктеу

      384. "Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) заттарды зерттеу тәсілдері: заттарды сипап-сезу арқылы зерттеу алгоритмін меңгерген, үлкен объектілерді жанама зерттеу тәсілдерін біледі; қабылданатын объектінің ерекшеліктеріне қарай зерттеу тәсілдерін таңдай алады;

      2) пішіннің сенсорлы эталондары: көлемді, жазық геометриялық пішіндерді сипап-сезу тәсілімен ажыратады және атайды, ұқсас пішіндерді саралайды; шынайы заттардың негізгі пішінін және бөлшектерінің пішінін анықтайды; пішіннің белгісі бойынша заттарды біріктіреді;

      3) көлемнің сенсорлы эталондары: ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша заттарды салыстырудың сипап-сезу тәсілдерін біледі және қолданады; көлемнің берілген параметрі бойынша заттарды біріктіреді; көлемнің берілген параметрінің азаюы және артуы ретімен заттарды қатарға жүйелейді;

      4) заттардың сипап-сезуші белгілері мен қасиеттері: заттардың сипап-сезуші қасиеттерін ажырату тәсілдерін біледі және қолданады; заттардың жазықтығының, температурасының, икемділігінің, салмағының сипап-сезуші сипаттамаларын ажыратады; берілген сипап-сезу белгісі бойынша салыстыру, топтастыру, арақатынасын белгілеу барысында заттар арасындағы қатынастарды орнатады.

      8-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

2.1 Заттарды зерттеу тәсілдері

0.2.1.1 заттарды сипап-сезу арқылы зерттеуді үш кезеңде орындау: бағдарлы, аналитикалық, синтетикалық.

0.2.1.2 қабылданатын объектінің ерекшеліктеріне қарай зерттеу тәсілдерін таңдай білу

0.2.1.3 үлкен заттарды жанама зерттеу тәсілдерін білу

2.2 Пішіннің сенсорлы эталондары

0.2.2.1 пішінді ажыратудың сипап-сезу тәсілдерін білу

0.2.2.2 көлемді (шар, куб, цилиндр, конус) және жазық (шеңбер, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш) геометриялық фигураларды ажырату және атау

0.2.2.3 ұқсас пішіндерді саралау

0.2.2.4 пішіннің белгісі бойынша заттарды топтастыру

0.2.2.5 шынайы заттардың негізгі пішінін және бөлшектердің пішінін ажыратып көрсету

2.3 Көлемнің сенсорлы эталондары

0.2.3.1 ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша заттарды салыстырудың сипап-сезу тәсілдерін білу (басу, қосу, шартты шараларды қолдану)

0.2.3.2 заттардың көлемін және тұтас заттың бөлшектерін салыстыру

0.2.3.3 көлемнің берілген параметрі бойынша заттарды топтастыру

0.2.3.4 көлемнің берілген параметрінің азаюы және артуы ретімен заттарды орналастыру

2.4 Заттарды сипап-сезу белгілері мен қасиеттері

0.2.4.1 заттардың жазықтығының, температурасының, икемділігінің, салмағының құрылымын сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдерін білу

0.2.4.2 заттардың жазықтығының, температурасының, икемділігінің, салмағының сипап-сезуші сипаттамаларын ажырату

0.2.4.3 материалдарды ажырату (ағаш, тері, шыны, пластмасса, металл, резеңке, қағаздың алуан түрлері)

0.2.4.4 сипап-сезуші белгілері бойынша заттарды салыстыру

0.2.4.5 бір немесе бірнеше сипап-сезуші белгілерді ескеріп, заттарды топтарға біріктіру

Жүктеу

      385. "Заттық-практикалық іс-әрекет" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) құрастыру: конструктордың бөлшектерін бекітудің алуан түрлі тәсілдерін қолданып, заттарды құрастыра біледі; берілген шарттарға сәйкес конструктивті тапсырманы орындау үшін шешім табады;

      2) илеу: әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану арқылы заттарды илей алады;

      3) аппликациялық илеу: рельефті суреттің бөліктерінің пішініне сәйкес бөлшектерді илеу дағдыларын меңгерген, рельефтің дайын бөлшектерін толтыра біледі;

      4) аппликация: үлгі және көрсету бойынша бірнеше бөліктерден заттардың аппликациясын құрастыра біледі;

      5) мозаикамен жұмыс: үлгі бойынша қарапайым өрнектер мен заттарды сала алады;

      6) таяқшалармен жұмыс: таяқшалардан геометриялық фигуралардың, заттардың контурларын, қарапайым өрнектерді құрастыра алады;

      7) ілгектермен жұмыс: ілгектің түрлерін біледі, ілгектердің алуан түрлерімен әрекет ету дағдыларын меңгерген;

      8) жіптермен, баулармен жұмыс: жіптерден байлау, тоқу дағдыларын меңгерген;

      9) қағазбен жұмыс: қағаздың бірқатар түрлері мен қасиеттерін біледі; қағазбен жұмыс істеудің тәсілдерін біледі, оларды бұйымдарды жасауда қолданады;

      10) кітаппен жұмыс: рельефті-нүктелі шрифті бар кітаптың беттерін қайта парақтау дағдылары бар, беттегі мәтіннің басы мен соңын табады.

      9-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

3.1 Құрастыру

0.3.1.1 конструктордың бөлшектерін бекіту тәсілдерін білу

0.3.1.2 бөлшектерді бекіту тәсілдерін қолданып, жекеленген заттарды құрастыру және бөлшектеуді орындау

0.3.1.3 объектілердің кеңістіктік сипаттамаларын ескеріп құрылыс жасау (биіктігі, ені, ұзындығы)

3.2 Илеу

0.3.2.1 әртүрлі тәсілдерді қолданып, пластикалық, конструктивті және құрамдастырылған әдістермен заттарды илеу

3.3 Аппликациялық илеу

0.3.3.1 белгілі пішіндегі дайын бөлшектерді илеу, оларды рельефті суреттің сәйкес бөліктеріне жапсыру, олармен рельефті толтыру

3.4 Аппликация

0.3.4.1 геометриялық фигуралардың негізінде бірнеше бөліктерден заттардың аппликациясын құрастыру

3.5 Мозаикамен жұмыс

0.3.5.1 үлгі бойынша өрнектерді, жекеленген заттарды салу

3.6 Таяқшалармен жұмыс

0.3.6.1 таяқшалардан геометриялық фигураларды, заттарды, өрнектерді құрастыру

3.7 Ілгектермен жұмыс

0.3.7.1 ілгектердің түрлерін білу (түймелер, батырмалар, ілгектер, тоғалар, сыдырмалар, жапсырмалар)

0.3.7.2 ілгектердің алуан түрлерімен тиектеу және ағыту әрекеттерін орындау

3.8 Жіптермен, баулармен жұмыс

0.3.8.1 заттарды бауларға тізбелеу

0.3.8.2 түйіндерді байлау және шешу

0.3.8.3 өрімдердің, байламдардың алуан түрлерін орындау

3.9 Қағазбен жұмыс

0.3.9.1 қағаздың алуан түрлерін және қасиеттерін білу

0.3.9.2 әртүрлі бағыттар бойынша парақ қағазын бүктеу, бүктеу сызығы, заттардың рельефті суреттерінің контуры бойынша қағазды үзу

0.3.9.3 қолдан жасалған бұйымның элементтерін саңылауларға салумен бүктелген сызықты бүктеу және тегістеу тәсілімен қарапайым бұйымдарды жасау

3.10 Кітаппен жұмыс

0.3.10.1 басынан соңына дейін және кері ретте рельефті-нүктелі шрифтісі бар кітаптың беттерін қайта парақтау

0.3.10.2 парақ бетінде мәтіннің басы мен соңын табу

Жүктеу

      386. "Тифлографика" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) рельефті бейнелерді оқу: рельефті сурет туралы түсініктері бар, рельефті бейнелеудің тәсілдері мен суреттің түрлерін біледі; рельефті суретті сипап-сезу арқылы зерттеу алгоритмін меңгерген; диаметрі бойынша әртүрлі және әртүрлі құрамдағы рельефті нүктелерді ажыратады; сызықтар және олардың қасиеттері туралы түсініктері бар; сызықтар негізінде олардың алуан түрлерін және күрделі емес суреттерді оқиды; форма мен контурдың өзара байланысын түсінеді; геометриялық фигуралардың бейнелерін таниды, олардың орындалу әдісін анықтайды; геометриялық пішіні бар және бірнеше геометриялық фигуралардан тұратын заттардың рельефті бейнелерін таниды; рельефті бейнені шынайы объектімен салыстырады; бірнеше бейнелерден тұратын бейнені таниды;

      2) рельефті-графикалық іс-әрекет: приборды жұмысқа дайындау дағдылары бар; аспаптармен жұмыс жасау тәсілдерін біледі, грифель мен қаламды дұрыс ұстауды біледі; контурды құру дағдысы бар; жақтауларды нүктелермен түйрей біледі, әртүрлі сызықтардың суретін сала алады; трафаретті қолданып және тіректі нүктелер бойынша геометриялық фигуралардың суретін алгоритм бойынша салады; трафареттің көмегімен тіректі аппликация бойынша жолақта геометриялық фигуралардын өрнектердің суретін сала алады; трафаретті қолданып, тіректі аппликация бойынша күрделі пішіндегі заттардың суретін аяқтап салады.

      10-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

4.1 Рельефті бейнелерді оқу

0.4.1.1 рельефті сурет туралы ұғымдардың болуы

0.4.1.2 рельефті суреттердің түрлерін білу (контурлы, аппликациялық, барельефті)

0.4.1.3 рельефті бейнелерді оқу тәсілдерін білу

0.4.1.4 рельефті бейнелеу тәсілдерін білу (нүктелермен, тұтас сызықтармен, пунктирмен)

0.4.1.5 әртүрлі диаметрдегі нүктелерді оқу; 1 мм қашықтықта бөлек орналасқан алты нүктеден тұратын алуан түрлі жиынтықтарды оқу

0.4.1.6 пішіні, бағыты, ұзындығы, ені бойынша рельефті сызықтарды жіктеу, оларды әртүрлі жазықтықта оқу

0.4.1.7 әртүрлі көлемдегі және әртүрлі кеңістіктік жағдайдағы геометриялық фигуралардың рельефті бейнелерін оқу

0.4.1.8 әртүрлі сызықтардан құралған суреттерді оқу

0.4.1.9 геометриялық фигуралар негізінде орындалған жолақта өрнектерді оқу

0.4.1.10 қарапайым пішіндегі және геометриялық фигуралардың жиынтығын қамтитын заттардың суреттерін оқу

0.4.1.11 заттың және оның бөліктерінің рельефті бейнесін шынайы затпен (модель) және оның бөліктерімен салыстыру

0.4.1.12 көпшілік бейнелерден заттың бейнесін тану

4.2 Рельефті-графикалық іс-әрекет

0.4.2.1 рельефті сурет салу үшін приборды жұмысқа дайындау

0.4.2.2 аспаптармен жұмыс жасау тәсілдерін білу

0.4.2.3 контурды құру тәсілдерін білу

0.4.2.4 қағаздағы жақтауды нүктелермен түйреу

0.4.2.5 трафарет, тіректі нүктелер бойынша, өз бетімен әртүрлі сызықтарды жүргізу

0.4.2.6 трафарет бойымен қоршау, жетіспейтін бөлшектерді бітіру бойынша әртүрлі сызықтардын қарапайым суреттерді орындау

0.4.2.7 трафарет, тіректі нүктелер бойынша геометриялық фигуралардың суретін салу

0.4.2.8 трафаретті қолданып геометриялық фигуралардан жолақта өрнектің суретін салу

0.4.2.9 алгоритм бойынша трафаретте қарапайым геометриялық пішіндегі заттардың суретін салу

0.4.2.10 тіректі аппликация бойынша күрделі пішіндегі заттардың суретін аяқтау

Жүктеу

4-параграф. Кеңістікте бағдарлау

      387. Мақсаты - балаларға кеңістікте еркін және өз бетімен бағдарлауға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру.

      388. Міндеттері:

      1) кеңістікті меңгеруде бұзылған көруді және сақталған анализаторларды кешенді пайдалануға үйрету;

      2) практикалық іс-әрекетте кеңістіктік бағдарлау білімдерімен, біліктері және дағдыларымен әрекет ету білігін үйрету.

      389. "Кеңістікте бағдарлау" коррекциялық сабақтарының мазмұны бөлікшелерден тұратын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған және күтілетін нәтижелер түріндегі коррекциялық оқытудың мақсаттарын қамтиды. Әрбір бөлікшенің ішінде бірізді ұйымдастырылған коррекциялық оқыту мақсаттары, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және коррекциялық әсер етудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

      390. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

      1) дененің сызбасында бағдарлау;

      2) өзіне және затқа қатысты бағдарлау;

      3) қозғалыс барысында бағдарлау;

      4) сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау;

      5) жабық және еркін кеңістікте бағдарлау;

      6) микрожазықтықта бағдарлау;

      7) кеңістіктік қатынастарды модельдеу;

      8) кеңістіктің сызбасы мен жоспары бойынша бағдарлау.

      391. "Дененің сызбасында бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) өз денесінің қырлары;

      2) алдында және қарама-қарсы тұрған адамның денесінің қырлары.

      392. "Өзіне және затқа қатысты бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) өзіне қатысты кеңістіктің бағыттары;

      2) өзі және заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар;

      3) заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар.

      393. "Қозғалыс барысында бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) берілген бағытта қозғалу;

      2) бағдарларды қолданып қозғалу.

      394. "Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) көрудің көмегімен бағдарлау;

      2) сипап-сезудің көмегімен бағдарлау;

      3) естудің көмегімен бағдарлау;

      4) иіс сезудің көмегімен бағдарлау;

      5) температуралық сезімталдықтың көмегімен бағдарлау;

      6) барлық сенсорлы саланың көмегімен бағдарлау

      395. "Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) жабық кеңістікте бағдарлау;

      2) еркін кеңістікте бағдарлау.

      396. "Микрожазықтықта бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) микрожазықтықтың бағыттары;

      2) микрожазықтықта заттардың кеңістіктік орналасуы.

      397. "Кеңістіктік қатынастарды модельдеу" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) жабық кеңістікті модельдеу;

      2) еркін кеңістікті модельдеу.

      398. "Кеңістіктің сызбасы мен жоспары бойынша бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) кеңістіктің сызбасы және жоспары;

      2) қозғалыс маршрутының сызбасы.

      399. Оқыту мақсаттарының жүйесі.

      400. "Дененің сызбасында бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) өз денесінің қырлары: өз денесінің бағыттарында бағдарланады;

      2) алдында және қарама-қарсы тұрған адамның денесінің қырлары: алдында және қарама-қарсы тұрған адамның денесінің қырларын анықтайды, оларды өз денесінің бағыттарымен салыстырады.

      11-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1.1 Өз денесінің қырлары

0.1.1.1 өз денесінің қырларын анықтау (алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі, сол, оң)

1.2 Алдында және қарама-қарсы тұрған адамның денесінің қырлары

0.1.2.1 өз денесінің кеңістіктік бағыттарымен алдында және қарама-қарсы тұрған адамның бағыттарымен арақатынасты белгілеу

Жүктеу

      401. "Өзіне және затқа қатысты бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) өзіне қатысты кеңістіктің бағыттары: өзіне қатысты кеңістіктің бағыттарында бағдарланады;

      2) өзі және заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар: есептеудің алуан түрлі жүйесінде кеңістіктік қатынастардың салыстырмалығын түсінеді және есепке алады, өзі және заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды, осы жағдайда объектілердің арасындағы өзінің орнын анықтайды; көрудің көмегімен (көру мүмкіндіктеріне сәйкес) өзімен және басқа объектілермен салыстырмалы тұрғыда кеңістіктің бір және әртүрлі бағыттарында орналасқан объектілердің арақашықтығын анықтайды; заттарға дейін арақашықтықты қадаммен өлшеу тәсілін біледі;

      3) заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар: берілген есептеу нүктесімен салыстырмалы түрде заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтайды; кеңістікте заттардың орналасуын белгілеу үшін кеңістіктік терминдерді қолданады.

      12-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

2.1 Өзіне қатысты кеңістіктің бағыттары

0.2.1.1 өзіне қатысты қоршаған кеңістіктің жұпты қарама-қарсы бағыттарын анықтау

2.2 Өзі мен заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар

0.2.2.1 бағдарлауда өзінің қалпына және есептеу нүктесін алмастыруға қарай кеңістіктік қатынастардың салыстырмалығын түсіну

0.2.2.2 90° және 180° бұрылуда өзі мен қоршаған заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтау

0.2.2.3 көрудің және қадамдарды өлшеу әдісінің көмегімен кеңістіктің бір және әртүрлі бағыттарында орналасқан қашықтықты; объектілердің басқа объектілермен салыстырғандағы арақашықтығын бағалау

2.3 Заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар

0.2.3.1 берілген есептеу нүктесімен салыстырғанда заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды орнату (сол, оң, жоғарғы, төменгі, алдында, артында, арасында)

Жүктеу

      402. "Қозғалыс барысында бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) берілген бағытта қозғалыс: нұсқау бойынша бағытты және қарқынды сақтап және өзгертіп, кеңістікте қозғалады; өзіндік қозғалысының бағытында бағдарланады;

      2) бағдарларды қолданып қозғалыс: қозғалатын бағдардың артынан және рельефтің алуан түрлері бойынша кеңістікте қозғалу дағдылары бар; шектелген кеңістікте қозғалудың алуан түрлерін қолданады.

      13-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

3.1 Берілген бағытта қозғалу

0.3.1.1 нұсқауларға сәйкес бағытты және қарқынды өзгертумен кеңістікте қозғалу

0.3.1.2 өзіндік қозғалысының бағыттарын анықтау

3.2 Бағдарды қолданып қозғалу

0.3.2.1 қозғалатын бағдармен қозғалу (көру, есту)

0.3.1.2 рельефтің алуан түрлері бойынша қозғалу (кедір-бұдырлылық, көтерілу, түсу)

0.3.1.3 әртүрлі тәсілдермен шектелген кеңістікте қозғалу (алдымен, қырымен)

Жүктеу

      403. "Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) көрудің көмегімен бағдарлау: кеңістікте объектілер-бағдарларды көру арқылы жинақтап бөледі; олардың белгілерін бөліп көрсетеді және талдайды;

      2) сипап-сезудің көмегімен бағдарлау: қоршаған кеңістіктің объектілерінің сипап-сезуші белгілері мен қасиеттерін алақанмен, қолдың саусақтарымен, жалаңаяқ және аяқ киімнің табандарының көмегімен ажыратады;

      3) естудің көмегімен бағдарлау: қоршаған кеңістіктің дыбыстарын таниды, оларды күші бойынша ажыратады; дыбысты оның шығу көзімен салыстырады;

      4) иіс сезудің көмегімен бағдарлау: дыбыстарды нақты заттармен бөлмелермен және табиғат құбылыстарымен салыстырады; иістің шығу көзінің бағытын анықтайды;

      5) температуралық сезімталдықтың көмегімен бағдарлау: жылудың шығу көзінің орнын қашықтықта анықтайды;

      6) барлық сенсорлы саланың көмегімен бағдарлау: кеңістік туралы полисенсорлы ақпаратты адамдардың іс-әрекетімен және нақты объектілермен салыстырады; кеңістіктік бағдарлауда бұзылған көруді және сақталған анализаторларды кешенді қолданады.

      14-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

4.1 Көрудің көмегімен бағдарлау

0.4.1.1 көру арқылы қабылданатын белгілердің ұқсастығы мен айырмашылығы бойынша қоршаған кеңістіктің объектілерін салыстыру

0.4.1.2 кез келген жағдайда заттарға тән көру арқылы қабылданатын белгілерді бөліп көрсету

0.4.1.3 Жабық және еркін кеңістікте объектілер-бағдарларды көру арқылы жинақтап бөлу

4.2 Сипап-сезудің көмегімен бағдарлау

0.4.2.1 қоршаған кеңістіктің заттарының бетінің қасиеттерін қолдың саусақтарымен және алақанмен сипап-сезудің көмегімен ажырату

0.4.2.2 аяқпен сипап-сезудің көмегімен еденнің төсемін (ағаш, кафель, кілем, лнолеум, бетон), грунттың (асфальт, құм, шөп, жапырақтар, қар, жыртылған жер, тастар, ағаштың тамыры), рельефті (тегіс, тегіс емес, көлбеу) ажырату

4.3 Естудің көмегімен бағдарлау

0.4.3.1 қоршаған кеңістіктің дыбыстарын тану және жинақтап бөлу (заттар, адамдардың әрекеті, табиғат, көліктердің әрекеті)

0.4.3.2 дыбыстың қайнар көзінің орналасқан орнының өзгеруін анықтау

0.4.3.3 күші бойынша дыбысты ажырату (әлсіз - күшті)

4.4 Иіс сезудің көмегімен бағдарлау

0.4.4.1 қоршаған кеңістіктің иістерін ажырату (тұрмыстық, тағамдар, тірі және өлі табиғат), кеңістікте иістің шығу көзінің бағытын жинақтап бөлу

4.5 Температуралық сезімталдықтың көмегімен бағдарлау

0.4.5.1 жылу көздерінің, жылыту приборларының орнын қашықтықта анықтау

4.6 Барлық сенсорлы саланың көмегімен бағдарлау

0.4.6.1 кеңістіктің бағдарлауда кешенді бағдарларды анықтау және қолдану

Жүктеу

      404. "Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) жабық кеңістікте бағдарлау: әртүрлі бастапқы нүктелерден өз бетімен бағдарланады және таныс бөлмелердің кеңістігінде өзінің орналасқан орнын анықтайды;

      2) еркін кеңістікте бағдарлау: қоршаған кеңістікте бағдарлар болып саналатын объектілерді ажыратып көрсетеді; әртүрлі бастапқы нүктелерден таныс еркін кеңістікте еркін бағдарланады.

      15-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

5.1 Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау

0.5.1.1 бағдарлар жүйесін қолданумен әртүрлі бастапқы нүктелерден бөлмелердің кеңістігінде бағдарлау, өзінің орнын анықтау

5.2 Еркін кеңістікте бағдарлау

0.5.2.1 есептеудің алуан түрлі нүктелерімен салыстырмалы еркін кеңістіктің объектілерінің орналасуын білу, бағдарлар жүйесін қолданумен әртүрлі бастапқы нүктелерде бағдарлау

Жүктеу

      405. "Микрожазықтықта бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) микрожазықтықтың бағыттары: микрожазықтықтың бағыттарын ажыратады және атайды (орталығы, қырлары, қырлардың ортасы, бұрыштар);

      2) микрожазықтықтағы объектінің кеңістіктік орналасуы: берілген есептеу нүктесімен салыстырмалы түрде кез келген микрожазықтықта бағдарлау дағдыларын меңгерген; кеңістіктік терминдерді қолдану арқылы, микрожазықтықта объектілердің кеңістіктік қатынастарды түсіндіреді.

      16-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

6.1 Микрожазықтықтың бағыттары

0.6.1.1 микрожазықтықтың бағыттарын ажырату және атау (орталығы, қырлары, қырлардың ортасы, бұрыштар)

6.2 Микрожазықтықтағы объектінің кеңістіктік орналасуы

0.6.2.1 заттардың кеңістіктік орналасуын анықтау және оларды берілген есептеу нүктесімен салыстырмалы түрде кез келген микрожазықтықта орналастыру (өзінен бастап, заттан бастап)

Жүктеу

      406. "Кеңістіктік қатынастарды модельдеу" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) жабық кеңістікті модельдеу: шынайы кеңістікті және көрсету бойынша тікелей қабылдау негізінде Жабық кеңістікті және маршруттардың үзінділерін модельдейді;

      2) еркін кеңістікті модельдеу: шынайы кеңістікті және көрсету бойынша тікелей қабылдау негізінде еркін кеңістікті және маршруттардың үзінділерін модельдейді.

      17-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

7.1 Жабық кеңістікті модельдеу

0.7.1.1 шынайы кеңістікті және көрсету бойынша тікелей қабылдау негізінде Жабық кеңістікті модельдеу

0.7.1.2 Жабық кеңістіктегі маршруттардың үзінділерін модельдеу

7.2 Еркін кеңістікті модельдеу

0.7.2.1 еркін кеңістіктің аумақтарын модельдеу

0.7.2.2 еркін кеңістікте маршруттардың үзінділерін модельдеу

Жүктеу

      407. "Кеңістіктің сызбасы мен жоспары бойынша бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) кеңістіктің сызбасы және жоспары: жоспардан сызбаның айырмашылығын түсінеді; шынайы кеңістікті тікелей қабылдау негізінде кеңістіктің күрделі емес сызбалары мен жоспарларын құрастырады; сызбалар мен жоспарлар бойынша бағдарланып, шынайы кеңістіктегі заттарды табады және орналастырады;

      2) қозғалыс маршрутының сызбасы: маршрут сызбасындағы шартты белгілерді шынайы бағдарлармен салыстырады; сызба бойынша бағдарланып, маршрутты жүріп өтеді.

      18-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

8.1 Кеңістіктің сызбасы мен жоспары

0.8.1.1 кеңістіктің сызбасының оның жоспарынан айырмашылығын түсіну

0.8.1.2 Жабық және еркін кеңістіктің аумақтарының сызбасы мен жоспарларын құрастыру

0.8.1.3 кеңістіктің сызбалары мен жоспарлары бойынша бағдарлау

8.2 Қозғалыс маршрутының сызбасы

0.8.2.1 шынайы кеңістікті тікелей қабылдау негізінде еркін кеңістіктің аумақтарында және бөлмелерде қозғалыс маршрутының қарапайым сызбаларын құрастыру

0.8.2.1 шынайы кеңістіктегі бағдарлардың орналасуын сызбалармен салыстыру, маршруттың сызбасы бойынша бағдарланып кеңістікте қозғалу

Жүктеу

5-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы

      408. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны әлеуметтік-тұрмыстық бағдар арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.

      409. Мақсаты - әлеуметтендірудің табысты болуын қамтамасыз ететін және мектепте оқыту жағдайында дербес іс-әрекеттің негізі болып саналатын әлеуметтік-адаптивті біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту.

      410. Міндеттері:

      1) адамның тұрмыстық және әлеуметтік өмірінің салалары туралы ұғымдарын дамыту;

      2) қоғамдық өмірдің нормалары мен ережелері туралы ұғымдарды дамыту;

      3) коммуникативті іс-әрекеттің вербальды және вербальды емес құралдарын дамыту;

      4) практикалық іс-әрекетте әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.

      411. "Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар" коррекциялық сабақтарының мазмұны бөлікшелерден тұратын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған және күтілетін нәтижелер түріндегі коррекциялық оқытудың мақсаттарын қамтиды. Әрбір бөлікшенің ішінде бірізді ұйымдастырылған коррекциялық оқыту мақсаттары, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және коррекциялық әсер етудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

      412. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

      1) бала және оның отбасы;

      2) жеке гигиена;

      3) заттық әлем;

      4) мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті;

      5) адамның тұрғын үйі;

      6) әлеуметтік-тұрмыстық сфера;

      7) ересектердің еңбегі;

      8) көшедегі мінез-құлық ережесі.

      413. "Бала және оның отбасы" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) өзі туралы ұғымдар;

      2) отбасы.

      414. "Жеке гигиена" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) жеке гигиена заттары;

      2) гигиеналық процедуралар.

      415. "Заттық әлем" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) тұрмыстық заттар;

      2) заттық-практикалық іс-әрекет.

      416. "Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) мінез-құлық мәдениеті;

      2) қарым-қатынастың вербальды емес құралдары.

      417. "Адамның тұрғын үйі" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) тұрғын үй бөлмелері;

      2) тұрғын үй бөлмелерінің гигиенасы.

      418. "Әлеуметтік-тұрмыстық сфера" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) қоғамдық-тұрмыстық мекемелер;

      2) қоғамдық орындағы мінез-құлық ережесі.

      419. "Ересектердің еңбегі" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) кәсіптер;

      2) үй еңбегі.

      420. "Көшедегі мінез-құлық ережесі" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережесі;

      2) көлік.

      421. Оқыту мақсаттарының жүйесі. "Бала және оның отбасы" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) өзі туралы ұғымдары: өз ағзасының бірқатар ерекшеліктерін біледі, өзінің сенсорлы мүмкіндіктерін түсінеді; сырт бейнесі мен мінезінің белгілері бар тұлға ретінде өзі туралы ұғымдары бар;

      2) отбасы: туыстық қатынастарды түсінеді, отбасы мүшелерінің есімдері мен әкесінің атын атайды; олардың отбасындағы міндеттерін біледі.

      19-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1.1 Өзі туралы түсініктері

0.1.1.1 өзінің есімін, тегін, әкесінің атын, жасын, жынысын, мекен-жайын білу

0.1.1.2 өз ағзасы мен денсаулығының бірқатар ерекшеліктерін түсіну

0.1.1.3 өзінің сенсорлы мүмкіндіктерін, шынайы және ықтимал жетістіктерін түсіну

0.1.1.4 өзінің сырт бейнесінің, мінезінің ерекшеліктерін білу

1.2 Отбасы

0.1.2.1 отбасы мүшелерін атау, туыстық қатынастарды түсіну, отбасылық міндеттердің бөлінуін, ата-аналардың жұмыс орнын, отбасылық дәстүрлерді білу

Жүктеу

      422. "Жеке гигиена" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) жеке гигиена заттары: жеке гигиена заттарының қызметін біледі; басқа заттардың арасынан жеке қолданыстағы заттарды таниды;

      2) гигиеналық процедуралар: тұрақты гигиеналық дағдылары бар; гигиена ережелерін орындауда өзіндік бақылау тәсілдерін біледі және қолданады.

      20-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

2.1 Жеке гигиена заттары

0.2.1.1 жеке гигиена заттарын, олардың қызметін және сақтау ережесін білу

0.2.1.2 көру және сақталған анализаторлардың көмегімен басқа заттардың арасынан сипаттамалық белгілері бойынша жеке қолданыстағы заттарды тану

2.2 Гигиеналық процедуралар

0.2.2.1 жеке гигиенаның маңызын түсіну

0.2.2.2 гигиеналық процедураларды орындаудың мазмұны мен бірізділігін білу

0.2.2.3 гигиеналық процедараларды және өзінің сырт бейнесін күтуде өзіндік бақылауды көрсету

Жүктеу

      423. "Заттық әлем" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) тұрмыстық заттар: тұрмыстық заттардың алуан түрлілігінде еркін бағдарланады; заттарды салыстыру, жалпылау, жіктеу дағдылары бар;

      2) заттық-практикалық іс-әрекет: таныс заттарды қолдануда заттық-практикалық іс-әрекет тәсілдерін меңгерген; заттармен әрекет етудің меңгерген тәсілдерін жаңа жағдайларға ауыстыруда өзбетінділік танытады.

      21-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

3.1 Тұрмыстық заттар

0.3.1.1 тұрмыста қажетті заттарды және олардың қызметін білу

0.3.1.2 полсенсорлы негізде заттардың қасиеттерін ажырату

0.3.1.3 заттың қызметі мен құрылысы, жасалған материалы арасындағы байланысты орнату

0.3.1.4 сипаттамалық белгілері бойынша заттарды салыстыру және жалпылау

0.3.1.5 функционалды қызметі бойынша бір түрдегі заттардың ішінде жіктеу

3.2 Заттық-практикалық іс-әрекет

0.3.2.1 заттардың қызметіне сәйкес олармен әрекет ету тәсілдерін білу және орындау

0.3.2.2 заттармен әрекет етудің меңгерген тәсілдерін жаңа жағдайларға ауыстыру

Жүктеу

      424. "Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) мінез-құлық ережесі: мәдени мінез-құлық ережесін біледі; қабылданған нормаларға сәйкес өзінің мінез-құлқын өзіндік бақылау және өзіндік реттеу дағдылары бар;

      2) қарым-қатынастың вербальды емес құралдары: адам өміріндегі және бейнелердегі эмоционалды күйлерді ажыратады; олардың мимикасын, қол қимылын, позаларын көрсете біледі.

      22-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

4.1 Мінез-құлық ережесі

4.1.1.1 әртүрлі жағдайларда ересектермен және қатарластармен қарым-қатынастың және мәдени мінез-құлықтың ережелерін білу

4.1.1.2 өзінің мінез-құлқында қарапайым өзіндік бақылауда бағдарлану

4.2 Қарым-қатынастың вербальды емес құралдары

4.2.1.1 қарым-қатынастың тілдік емес құралдарының маңызын түсіну

4.2.1.2 негізгі эмоционалды күйлерді сырттай көрсетудің сипаттамалық ерекшеліктерін түсіну

4.2.1.3 адамның өмірдегі, бейнелердің әртүрлі типіндегі (пиктограмма, сурет, фото) эмоционалды күйлерді анықтау

4.2.1.4 эмоционалды күйлерді модельдеу

4.2.1.5 практикалық іс-әрекетте қарым-қатынастың тілдік емес құралдарын қайта жаңғырту

Жүктеу

      425. "Адамның тұрғын үйі" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) тұрғын үйлер: тұрғын үйлер мен олардың кеңістігін толтыратын заттардың функционалды қызметі туралы ұғымдары бар;

      2) тұрғын үйлердің гигиенасы: тұрғын үйлерге қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды, тазалықты ұстау тәсілдерін біледі.

      23-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

5.1 Тұрғын үйлер

0.5.1.1 тұрғын үйлердің түрлерін білу

0.5.1.2 тұрғын үйлердің атауын, функционалды қызметін және затпен толтыруды білу

5.2 Тұрғын үйлердің гигиенасы

0.5.2.1 тұрғын үйде тазалық пен тәртіптің адам үшін маңызын түсіну

0.5.2.2 бөлмелерде тазалықты ұстау тәсілдерін білу

Жүктеу

      426. "Әлеуметтік-тұрмыстық сфера" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) қоғамдық-тұрмыстық мекемелер: қоғамдық-тұрмыстық мекемелердің бірқатар түрлерінің қызметін түсінеді;

      2) қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережесі: мекеме қызметкерлеріне өтінішпен, мәселелермен мәдени қатынастың формалары мен қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережесін біледі.

      24-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

6.1 Қоғамдық-тұрмыстық мекемелер

0.6.1.1 қоғамдық-тұрмыстық мекемелердің бірқатар түрлерін (дүкен, емхана, дәріхана, пошта, кинотеатр, кітапхана), олардың қызметін білу

0.6.1.2 адамның социумдағы орнын түсіну (кинотетарда - көрермен, дүкенде - сатып алушы)

6.2 Қоғамдық орындағы мінез-құлық ережесі

0.6.2.1 қоғамдық орындарда мінез-құлық ережесін білу

0.6.2.1 мекеме қызметкерлерімен мәдени өзара әрекеттестік формаларын білу

Жүктеу

      427. "Ересектердің еңбегі" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) кәсіптер: әртүрлі кәсіптегі адамдардың еңбегінің мазмұны туралы ұғымдары бар; олардың еңбегінің маңызын түсінеді;

      2) үй еңбегі: үй еңбегінің түрлері, мазмұны және маңызы туралы ұғымдары бар; үй еңбегінің бірқатар түрлерін орындау тәсілдері мен тәртібін біледі.

      25-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

7.1 Кәсіптер

0.7.1.1 кәсіптердің алуан түрлілігі, әртүрлі кәсіптегі адамдардың еңбегінің мазмұны мен маңызы туралы ұғымдардың болуы

0.7.1.1 сюжеттік картина бойынша еңбек әрекеттерін тану және сипаттау

7.2 Үй еңбегі

0.7.2.1 ересектердің үй шаруашылық іс-әрекетінің түрлері туралы ұғымдардың болуы

0.7.2.2 үй еңбегінің маңызын түсіну

0.7.2.3 адамның тұрмыстағы еңбегін жеңілдететін заттарды білу

0.7.2.4 үй еңбегінің нақты түрлерін орындау тәсілдерін білу (шаң сүрту, еден жуу)

Жүктеу

      428. "Көшедегі мінез-құлық ережесі" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:

      1) жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережесі: көшеден өту ережесін біледі; бірқатар жол белгілерінің маңызын түсінеді;

      2) көлік: жолаушылар көлігінің алуан түрлерін біледі, оның адамдар өміріндегі маңызын түсінеді; көлік қозғалысының дыбыстық сипаттамасына бағдарланады; қоғамдық көліктегі мінез-құлық ережесін біледі.

      26-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

8.1 Жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережесі

0.8.1.1 жүргіншілер бөлігі мен тротуарды ажырату

0.8.1.2 көшеде қауіп көздері туралы ұғымдардың болуы

0.8.1.3 көшеден өту ережесін білу

0.8.1.4 "жаяу жүргіншілер жолы", "жерасты жолы" жол белгілерінің маңызын түсіну

8.2 Көлік

0.8.2.1 жолаушылар көлігінің түрлерін ажырату және атау

0.8.2.2 жолаушылар көлігінде қозғалыс ережесін білу (маршруттар, аялдамалар)

0.8.2.3 дыбыстық сипаттамасы бойынша көліктің қозғалыс жылдамдығын, оның жақындауы мен алыстауын, аялдаманы, есіктердің ашылуы мен жабылуын ажырату

0.8.2.4 қоғамдық көліктегі мінез-құлық ережесін білу

Жүктеу

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2025
117
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі