Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Нұрайнаның қаламынан...
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шаһкәрімге
Имандылық, даналық, даралықтың,
Ұлы болып ұлы елде жаралыпсың.
Қазақтың киелі кең даласынан,
Ғаламға таратарлық нәр алыпсың.
Бар өмірін арнады тек ғылымға,
Бар әлемді бөлеп білім нұрына.
Тек ізгілік, имандылық дарытты,
Өшпес, асыл із қалдырып соңына.
Шаөкәрімсің, ес болған алты Алашқа,
Аты мәшһүр, танымал бар қазаққа.
Әр сөзі тұжырымның тұрағынан,
Таралған талғамы зор шартарапқа.
Ерекше сарын алған сазгерлігің,
Әніңнен қуат алды азған елің.
Бұл әнім бұрынғы әннен өзгерек»,-деп
«Шын сырыңды» нотамен жазып едің.
«Еңлік-Кебек» туғызып ғашық жырын,
Әр әніңнен көрусіз шашылды мұң.
Мәңгіліктің жолымен жүріп келед,
Жазылса да жырларың ғасыр бұрын.
Зұлымдықты жаныңа жат санадың,
Көңілде арам пиғыл сақтамадың.
Ақынымен алты алаш биік тұрмақ,
Шәкәріммен елің алыс мақтанатын.
Жырладың бұл өмірдің қасиетін,
Ақынсың бүкіл әлем бас иетін.
Көңілің жарым болды заманыңа,
Кей жандар ұқпай жүрек қасіретін.
Ғашық болдың өмірге жан тәніңмен,
Шырқаған тіршілікті бар мәнімен.
Көңілдің алып ұшқан көгершіні,
Сезім лебі еседі әр әніңнен.
Һас жаның жауыздыққа бөтен болды,
Қара сөзбен тербедің кетер жолды,
Жүрегіңнің түбіне терең бойлап,
Халқың енді мадақтап өтер болды.
Қалмады көкіректе сыр қатпары,
Мақтанады болашақ ұрпақтары.
Ұлтының дара туған ақынына,
Жүректің жырмен еккен гүл шоқтары.
Әке
Асыл әке қорғаушы мен қолдаушым,
Пана болған қамқор жаным, демеушім.
Жылағанды жұбатар «асылым»,-деп,
Ғасыр әке ақылшым мен кеңесшім.
Жақсы көрем жаным әке мен сені,
Құрметтеймін, сыйлап өтем үнемі.
Дақ түсірмей сенің берген тәрбиеңе,
Басымды иіп өтемін сізге үнемі.
«Балаларым, асылдарым, жаным»,- деп,
Еркелетер: «Нұр шашатын күнім»,- деп..
Бар тапқанын тек біздерге беретін,
«Бақытты бол, ауырмашы күнім»,- деп.
Жаным әке мен сізді сыйлап өтем,
Бұл әлемде сіздерді ойлап өтем.
Мен үшін барын берген асыл жанды,
Мәңгілікке жүректе сақтап өтем.
Анашым
Анашым менің асыл жан,
Өмірдің мәнін ұққызған.
Мен үшін ол қымбат жан,
Өмірге мені әкелген.
Бар білгенін үйреткен,
Көрсетіп ылғи қолдауын.
Жыламасын «қызым» деп,
Әлпештеп мені өсірген.
Табыла білген ылғи менің жанымнан,
Үйреткен маған өмірдің ақ пен қарасын.
«Кірбің түспей жас көңілге күлімде –
Қиын сәтте табылам»,-деп жаныңнан.
Қолдан ұстап жетелеген жалғыз жан,
Құлаған кезде жұбатқан да осы жан.
«Өмір алда көңіліңді түсірме» деп
Әркез мені қуантқан да осы жан.
Анамнан мен үйренгенмін көп нәрсе,
Айтқан сөзін құйып өскем ойыма.
Анашымды үлгі тұтып әр дайым,
Сіңіргенмін жақсы қасиет бойыма.
Мақтан етем мен сізді асыл ана,
Ауырмашы, ақ түспесін шашыңа.
Өзің салған ізбен мен жүріп келем,
Жүріп келем, белесті бағындыра.
Атама
Қатал тағдыр, қинамашы жанымды,
Денемдегі жұдырықтай жүректі.
Қайтарсаңшы, көктегі асыл жандырды,
Қорған болған, қолдау болған атамды.
Сағындым мен асыл ата өзіңді,
Сағынышым жеткізбеді төзімді.
Сізге деген мынау ыстық сағыныш,
Көкейімді өртеді менің үнемі.
Қайтып келші, құшақташы өтінем,
«Немеремнің басы, жалғыз қызым» деп,
Шашымнан сипап, еркелетші өтінем,
«Мен де сені сағынды, асылым»,-деп.
Барғым келед сенің ылғи жаныңа,
Әттең өмір, олай етсем ата-анаға –
Бауырға қиын болад білемін,
Ылғи сені түсімде көріп күлемін.
Ойнаушы едім асыла сенің мойныңа,
Сөйлеуші едің сен де мені ұната.
Күлуші едің «аман болшы, жаным» деп,
Айтушы едің ылғи мені қуанта.
Қатал тағдыр алды сені ұйқыға,
Бұл таңдырға амал мен дауа бар ма?
Ең болмаса құшақташы түсімде,
Шыдау қиын сізсіз мынау жалғанда.
.
Балалық кез
Балалық кез қалды артта, оралмайды,
Оралмайды алыстан қол былғайды.
Қайран уақыт, балалық кез қайғысыз,
Әркез бізден алыстап тек самғайды.
Балалық кезді сағындым ойнап-күлген,
Әр уақытта, шын қуанып, күле білген.
Кейде ойлаймын, қайтадан сәби болсам,
Қайтарсам деп өмірді бал-бұл жанған.
Әттең-ай есейдік қой міне біз де,
Уақытты шегеретін жоқ құрал да.
Қайтып келмес сол бір бала кезді,
Қайтара алмас адам да, Жаратқан да.
Тағдырға өкпе
Неткен қатал еді мына тағдыр,
Ойнайды, қор қылады жанды құрғыр.
Кей кезде қатал тағдыр сынағынан,
Кеткім келед бұ дүниеден бұлыңғыр.
«Тағдыр, тағдыр» дейміз ғой әркез біз,
Сол тағдырмен қарсы келсек қайтерміз.
Тіл байланып, ой қамалып қалар ма ед,
Сол кездерде кім біледі нетерміз.
Әй, тағдыр, неге алдың асыл жанды,
Қайтаршы маған асқар тауым атамды.
Елестейді, құлағыма естіледі дауысы,
Сағындым мен қорған болған атамды.
Әй, тағдыр, ойнамашы менімен,
Ойыншық емес, адаммын ғой мына мен.
Ойыншық қылып, қинадың ғой жанымды,
Жетер енді, доғар ойынды өршіккен!
Аяусыз өмір
Өзгерді әлем, өзгерді заман, өзгерді адам,
Бәрі өзгерді, пейіл де, мейір де, ой-санаң.
Кәрі жасқа, жас кәріге ырза емес,
Қайда барад адасқан бұл кір заман.
Түтіп жер, тұс-тұстан талауға әзір,
Арам да, алаяқ та араңдап жүр.
Алланың өзі қолдап, қорғамаса,
Адамды аямайды адам қазір.
Өткен шақ
Қиын екен өмірде барлығы да,
Қиын екен айырылған асылдан да.
От болып өзегім де өртенеді,
Ойласам өткен шақты кей уақытта.
Өткен күн болашақты құртатындай,
Құдды бір бұ өмірді жұтатындай.
Өкініштен жылайсың кей уақытта,
Өткен уақыт саған қайтып оралардай.
Оқиға
Студент қыз,
Сезімді ойлайды,
Сергелдеңге салған.
Сержант келеді,
Сертін береді,
Сүйдіріп алған.
Қалайша?
Қалай болғаны?
Қалғаны күтіп жүрмеп пе еді?!
Қалғандарына жанарын салмай.
Құшағын өзгеге жайғаны ма?!
Құлдырап сезімі қалғаны ма?!
Сұрақ көп санасында қыздың,
Сұрауға бармайды дәті.
Сәл ғана жымиып алып,
Сержант қалыңдығының
Сұлу құрбысына айналды.
Тоқтамайды жас көзіндегі
Тығылған өксігіне.
Тоқтатқысы келсе де
Тоқтата алмайды
Тығылды терең тұңғиыққа...
Сезім күйі
Біртүрлі бір күйдемін
Ешкім білмейтін, сезбейтін.
Жәй ғана күлімдеймін,
Әмәнда жан дүнием күйрейтін.
Өртенем, өрт боп жанам қызғаныштан,
Түскендей орбитадан, бір ғарыштан.
Түсінбейсің, сезбейсің, сенбейсің,
Мына бір жүректі алаулаған, алып ұшқан.
Іздеймін аспаннан да, жерденде,
Табалмадым бір жақсы мінез ерденде.
Іздеймін бойыңдағы мінезді басқа жаннан,
Таба алмадым, асылымсың, ардақты жан.
Сезімім бойымдағы алып ұшты,
Бір пысық қыз жүрегіңді қоныс қыпты.
Осылай жүргенімде өлең жазып,
Бір жаным күліп, бір жаным өлім құшты.
Ұнап едің
Ұнайды сенің маған күлімдеген көздерің,
Ұнайды сенің маған сәл жымыйған кездерің.
Кезінде маған ғашық көздеріңді,
Арнап жүрсің қай аруға білмедім.
Ғашық болғам сенің айдай жүзіңе,
Күлімдеген, «жаным» деген сөзіңе.
Білмеймін белгісіз бір сезім оты,
Тартып алды менен бәрін өзгенің.
Сен бар едің тек қана менің жанымда,
Болам деп ең әркез менің қасымда.
Сол сөзіңе сеніп қаппын мен байғұс,
Қалмадың ба енді менің жанымда.
Мұндай халге жеткізер деп ойламағам,
Сен туралы күн мен айдан көп сұрағам.
Ғашық емес екеніңді білгенім де, әттең-ай,
Ұнатпас ем сені мен шын көңілмен.
Бітті бәрі, қойылды соңғы нүктесі,
Жүрегімнің бөлшегін енді күтпеші.
Енді маған айтпа: «Сені сүйем» деп,
Бола бер мейлі енді маған өзгесі.
Жүрегімді жаулап ең бір көргеннен,
Саған ғана сыйлап ем сезімменен.
Қор қылып, ұстаттың да кете бардың,
Еш мағына болмады сөздеріңнен.
Сеніп еді, қайран жүрек сезбеді,
Сезгеннен соң қақ бөлініп күйзелді.
Қара күздің қақ ортасы келгенде,
Жүрегім тек сені ғана іздеді.
Кеше ғана жүр едік қол ұстасып,
Армандар да жатыр ед бір ұштасып.
Ұштасқан армандар да қала берді,
Орындалмас, шексіз әлем қиялы боп.
Жалғыз тастап кете бардың сен мені,
Есімім де ұмыт болды, өртенді.
Ал айтшы өткен күндер жалған деп,
Айта алмайсың, себебі бәрі шын еді.
Өкінемін...
Өткеніме оралсам қайғы құшам,
Аспанда қанаты жоқ құс боп ұшам.
Сол бір жан келмесе мына өмірге,
Бәрі жақсы болады деп ойлаушы ем.
Он айым татыды ғой он жылыма,
Естеліктер жібермейді қор қыла.
Сол бір күн, сол бір сағат, сол бір сәт,
Өткізіп ем әр уақытты қор қыла.
Ғашық едім, оны қалай жасыра алам,
Еске алсам, күйзелем, қапаланам.
Сол жан үшін бәріне дайын болғам,
Өкінем, кей ісіме еске салсам.
17