"Нұрхан оқулары" облыс деңгейіндегі байқау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Нұрхан оқулары" облыс деңгейіндегі байқау

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының «Рухани жаңғыру » бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында Торғай топырағынан нәр алып, өткен ғасырдың басында дүниеге келіп, дәстүрлі поэзия мен бүгінгі жазба өлеңнің алтын көпіріне айналған бірден-бір тұлға-ақберен ақын , Қазақ ССР-нің халық ақыны Н.Ахметбековтың 115 жылдығына арналып Қостанай облыстық білім басқармасының қолдауымен 26 қыркүйек күні Жангелдин ауданында «Нұрхан оқулары » облыстық байқауы өткізілді. Нұрхан оқулары» байқауын өткізу ауданымызда соңғы 3 жылда дәстүрлі түрде өткізіліп , оқушыларымыз Нұрхан мұрасын дәріптеуді жақсы жолға қойып келеді. Бұл байқаудың мақсаты- Халық ақыны Н.Ахметбековтың шығармаларын толыққанды насихаттау. Ақын Нұрханның қазақ әдебиеті мен өнерінің негізін салған ақын, ірі тұлға, қайраткер екендігінгі жас ұрпақ өкілдеріне ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Рухани жаңғыру » бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында және халық ақыны Н.Ахметбековтың 115 жылдығына арналған мектеп оқушыларының «Нұрхан оқулары» облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ:



Ұйымдастырушылар:

- «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ;

- «Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» ММ;


Байқаудың мақсаты:


  • Халық ақыны Н.Ахметбековтың шығармаларын толыққанды насихаттау. Ақын Нұрханның қазақ әдебиеті мен өнерінің негізін салған ақын, ірі тұлға, қайраткер екенін ұғындыру.

  • оқушыларды еңбексүйгіштікке, елжандылыққа , ерлік, қаһармандық рухында тәрбиелеу. Жазуға талапты балалардың қабілет-қарымын ұштау, қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске баулу, дарынды оқушыларды қолдау.

  • елордамыз Астана қаласының 20 жылдығын кең көлемді атап өту;

  • қазақ халқы шығармашылығын насихаттау және дамыту, дарынды суырып салма оқушыларды анықтау;

  • Айтыс өнерін қазіргі мәдени-демалыс жүйесіне енгізіп, жаңғырту.


Байқаудың өтетін орны мен мерзімі:

2018 жылдың 25-26 қыркүйек Жангелдин ауданы, Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі.

Байқаудың жалпы сипаттамасы:

  • 1 кезең-аудандар мен қалаларда;

  • 2 кезең-облыстық кезең.


Байқау номинациялары мен талаптары:

І номинация: «Жүректе- от, ал тілінде бал тұратын » бөлімінде ақынның шығармалары мен дастандарын мәнерлеп жатқа оқу. Қатысушылар: 5-10 сынып оқушылары.

Талаптары:

  • көркем сөз оқу шеберлігі;

  • сахна мәдениеті;

  • өлеңдерінің саны мен сапасы;

  • жұмыстардың компьютерлік безендірілуі;

/Оқушы жаттаған өлеңдерінің тізімі мен мәтінін қазылар алқасына алдын-ала ұсынады/.


ІІ номинация: «Суырылып хан тобынан алған жүлде» бөлімінде оқушылардың өз шығармашылығы, яғни Нұрханға арнап жазған өлеңдерін оқу. Қатысушылар: 5-8 сынып оқушылары /БАҚ құралдарына жарияланған өлеңдерін қазылар алқасына ұсынуға болады/

ІІІ номинация: «Торғайдың топтан озған топжарғаны » Н.Ахметбековтың өмірі мен шығармаларын немесе ақынның Торғайлық ізбасарлары туралы ғылыми жобаларды қорғау.

Талаптары:

  • қорғаушының ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізуі, тың тақырыпты таңдауы, жаңалығы бағаланады;

  • жоба ғылыми жобаның жазылу шарттарына сәйкес дайындалуы қажет.

/Қорғаушы өз жұмысын компьютер, проектор, плакат, шағын макеттер секілді құралдары пайдалана алады/. Қатысушылар: 5-9 сынып оқушылары.

ІVноминация «Атандым он үшімде Нұрхан ақын»–оқушылар айтысы . Айтыстың мақсаты:

  • халық ақыны Н.Ахметбековтың шығармашылық мұрасымен танысу;

  • елордамыз Астана қаласының 20 жылдығын кең көлемді атап өту;

  • қазақ халқы шығармашылығын насихаттау және дамыту, дарынды суырып салма оқушыларды анықтау;

  • Айтыс өнерін қазіргі мәдени-демалыс жүйесіне енгізіп, жаңғырту.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Қатысушылардың ойдан өлең құрастыру шеберлігі, суырып-салмалығы, домбыра тартуы, сөз өткірлігі, тапқырлығы, ұлттық киімде өнер көрсетуі талап етіледі.


Қазылар алқасы: Білім беру бөлімінің мамандары мен әдіскерлері , үздік педагогтар, танымал тұлғалар.


Өтініштерді тапсыру шарттары:

  • Қатысушы туралы мәлімет/ оқушыны аты-жөні мектебі, сыныбы, пән жетекшісі, байланыс телефоны/

Өтініштер 2018 жылғы 10 қыркүйекке дейін қабылданады. Мекен-жайы: torgay-roo@mail.ru электрондық мекен-жайына Нұрхан оқуларына белгісімен

жіберулеріңіз сұралады.


Жүлделер: Байқау және айтыс жеңімпаздары дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады.


Жол шығындары, тамақтану жіберуші жақ есебінен. Қатысушылардың жататын жері: «Жангелдин ауданы білім беру бөлімінің Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі» КММ-нің жанындағы интернаты.









Рухани жаңғыру » бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында және халық ақыны Н.Ахметбековтың 115 жылдығына арналған мектеп оқушыларының «Нұрхан оқулары» облыстық байқауының бағдарламасы:



25 қыркүйек 2018 жыл (сейсенбі)

14.00-18.00

Байқауға қатысушылардың келуі, орналасуы / әр аудан оқушылары мен жетекшілері/

18.00-19.00

Кешкі ас


26 қыркүйек 2018 жыл (сәрсенбі)


07.30-08.00

Таңғы ас


08.30-09.00

Нұрхан мұражайын аралау


09.00-09.45

Нұрхан ауылын аралау.

Нұрхан шығармашылығымен танысу

09.50-13.00

Байқау кезеңдері: 4 номинацияда

Сағ 09.45-10.00

Тіркелу және техникалық дайындық /10 мин/


І номинация: «Жүректе- от, ал тілінде бал тұратын » бөлімінде ақынның шығармалары мен дастандарын мәнерлеп жатқа оқу. Қатысушылар: 5-10 сынып оқушылары. Ы.Алтынсарин орта мектебінің базасы.

ІІ номинация: «Суырылып хан тобынан алған жүлде» бөлімінде оқушылардың өз шығармашылығы, яғни Нұрханға арнап жазған өлеңдерін оқу. Қатысушылар: 5-8 сынып оқушылары /БАҚ құралдарына жарияланған өлеңдерін қазылар алқасына ұсынуға болады/ Ы.Алтынсарин орта мектебінің базасы.

ІІІ номинация: «Торғайдың топтан озған топжарғаны » Н.Ахметбековтың өмірі мен шығармаларын немесе ақынның Торғайлық ізбасарлары туралы ғылыми жобаларды қорғау. Ы.Алтынсарин орта мектебінің базасы.


13.00-14.00

Нұрхан ұрпақтарының ас беруі


14.00-17.00

ІV номинация: «Атандым он үшімде Нұрхан ақын» оқушылар айтысы / Н.Ахметбеков мәдениет үйі/.

17.00-18.00

Байқауды қорытындылау.Марапаттау.


18.00-20.00

С.Тұрғынбекұлының «Нұрхан» драмалық қойылымы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2018
350
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі