Материалдар / «Обал мен сауап"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Обал мен сауап"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Шілде 2018
619
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

20 – сабақ

Абал мен сауап


Мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-обал мен сауап туралы түсінік беру;

-халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;

-мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, сэжетті суреттер, оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбері

Бәрі шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.


Ой, обал-ай, обал-ай!


-Енді қарным ашпайды!

Деп, кер сұмдық бастайды:

Нан артылса, қоқсыққа

Лақтырып тастайды.

«Ой, обал-ай, обал-ай, обал-ай!»

Ас «арттық» деп төгеді,

Аш қап, азап шегеді.

«Үнемді жасай біл!» десең,

Сөлекеттеп, сөгеді.

«Ой, обал-ай, обал-ай».


Тапсырма

Сабақ оқушылардың белсенділігін арттыру үшін тапсырмадан басталады.


Торғай

И.Тургенев

Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ төрт тағандап бұға бастады.

Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті...

- Әңгімені жалғастырыңдар.

- Иә, балалар, балапандарға көмектескендерің үлкен сауап болады, өйткені адамның, жануардың, табиғаттың қиналғанын көре тұра, оған жақсылық жасамау обал болады.

- Сендерге үлкендер «обал болады», «сауап болады», «сауабын ал» деген сөздерді қандай жағдайларда айтты?

Балалардың жауаптары.

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмысты орындау үшін оқулықта бірнеше сурет ұсынылған. Оқушыларға суретке қарап, қандай жағдайлрда обал болатынын айту тапсырылады.

Жаңа ақпарат

Мұғалім сабақта оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында оқу ақпаратын ұсынады.

Халқымыз «обал болады» деп ескерту арқылы адамның, жан-жануардың, табиғаттың қадірін білуге шақырады.

Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кенеледі.

Оқушылар осы ақпаратпен танысып, ой түйіндейді.

Мәтінмен жұмыс

Сабақта мәтінмен жұмысжүргізіледі. Ол үшін Ө. Тұрманжановтың «Құс ұясын бұзбайық!» атты өлеңі ұсынылады. Оқушылар өлеңді түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді.


Құс ұясын бұзбайық!

Ө. Тұрманжанов

Ей, балалар, балалар! Жабағы жүнді жияды,

Аман болсын аналар! Жайлы қып жасап ұяны,

Құстарда да ана бар, Жұмыртқасын салады.

Құстарда да бала бар, Бір қуанып қалады.

Кім сүймейді баласын?!

Осылар еске түскенде, Тырнақтай құстып жауы көп,

Бір ойланып қаласың! Құрулы ажал – ауыы көп...

Балалық қып қызбайық!

Өсіруге баланы, Құс ұясын бұзбайық!

Құстар ұя салады. Жұмыртқасын алмайық!

Жасауға жұмсақ ұяны, Обалына қалмайық!..


Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?

Құс өз балапанын қалай мәпелейді?

Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?


Сергіту сәті

Сабақты қорытындылау алдында балалардың бір сәт денесі сергітіледі.

Аппақ болып таң атып, /құшағын кең ашады/

Түтін тікке ұшады/ қолдарын толқындата жоғары көтереді/

Қарлығаштар қанатын қанатын жаяды

Самғап биік ұшады/ құсша қанат ұшады/

Тапсырма

Мұғалім оқушылардың оқулықта берілген суреттерге қарап, табиғатқа обал жасау дегенді қалай түсінетіндері туралы тапсырма береді.

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді. Немесе үйге тапсырма береді.

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. И. Тургеневтің «Торғай» әңгімесін балалар әр түрлі бағытта жалғастыруы мүмкін. Орындап біткен соң жария етеді.

Қорытындылау

Мұғалімнің бүгінгі сабақты былайша қорытындылауына болады:

- Балалар, бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы білдік. Қазақ халқы балаларының адал, жақсы болып өсуін, адамдарға, айналасына жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған. Осы мақсатта – тағамды төкпе, шашпа, аяққа баспа, ысырап етпе, көкті жұлма сияқты сөздер айтып отырған. Біреуге жақсылық етсең, сауабын аласың, деп үйреткен.

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар мұғаліммен бірге қосылып, ән айтады.


Жарқын заман бөбегі

Сөзін жазған Қ. Жұмағалиев

Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Таң атады арайлап, Аталарым сыйлаған,

Күн күлімдеп туады. Бізге ашық аспанды.

Жадырайды бар аймақ,

Жарқырайды шуағы. Жарқын заман бөбегін

Аялайды нұрлы таң.

Дала гүлін жинаған, Алтын бесік өз елім,

Жазып ерлік дастанды. Туған өлкем Ұлы Отан.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!