Материалдар / Ойылудың алдын алу шаралары.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ойылудың алдын алу шаралары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойылудың алдын алу шаралары. Ойылу – тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ қысылуынан, жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралы некротикалық өзгерістер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2022
1922
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ойылу. Ойылудың алдын алу.


Ойылу – тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ қысылуынан, жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралы некротикалық өзгерістер.

Ойылған жер дегеніміз - үстіңгі, кейде тереңдеп жайыла түсетін беткі тінннің (терінің, тері астындағы шел қабатының, кілегей қабағының) жансыздануы.

Науқастарда ойылулар (decbitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндердің өліеттенуі (некрозы) болуы мумкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, құйымшақ, үлкен ұршық, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады.
Ойылулардың пайда болуының себептері:
1. Күтімнің нашарлығы.
2. Салдану.
3.Тері сезімталдығының бұзылуы.
4. Қан айналымының бұзылуы.
5. Дене қызуының көтерілуі.
6. Қоректенудің бұзылуы.
7. Зәр мен нәжістің ұсталмауы.
8. Анемия.
9. Наркоздың немесе наркотиктердің әсерінде болуы.
10.Егде жас.
11.Жайылған ісінулер.
12.Ыңғайсыз төсек, тамақтың, дәрілердің ұнтақтарының, дөрекі тігістердің болуы.
13.Науқастың ұзақ уақыт бір қалыпты болуы.
14.Төсек орын мен іш киімдердің таза болмауы.
15.Науқастың ессіз болуы.
16.Зат алмасу үрдістерінің айқын бұзылуы.

Ойылып қалуға әкелетін негізгі факторлары:

Қысым мен үйкелу.
Адамның денесіне қысым түсу себебінен тіндер мен сүйектердің шығып тұрған ұштары қысылып қалады, төсек орын, онсыз да әлжуаз тіндерді одан сайын қысады. Бірақ қозғалыс жасамаған кезде немесе сезімталдықтан айырылғанда, бұл әсерлердің тіндерді зақымдану қауіпі туады.
Үйкелу терінің ажырауына себепкер болады, бет жағының жолақтануына әкеледі, үйкелу ылғалданғанда болатын тері бетінің бұзылуы. Адамдар оған кіші дәрет ұстамағанда, тер шыққанда, ылғалды сіңірмейтін іш киім кигенде душар болады.

ОЙЫЛУДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ:
Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі:
І - кезеңнің белгілері:
терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады.

Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді.
ІІ -кезеңде күлбір пайда болады. Тері жамылғыларының беткей бұзылулары, бұзылыстар тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырайды

ІІІ -кезеңде күлбір жарылып, жара пайда болады. Тері асты, бұлшық ет зақымдануы, терең болған сайын көлемі ұлғаяды.

ІV -ші кезеңде тері асты торшасы мен бұлшық ет, сүйек қабығы зақымданады. Жарақатта сүйектің көрінуінмен сипатталады.




Norton шкаласы бойынша ойылудың пайда болу қауіпін бағалау

Жалпы жағдайы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Ауыр

Өте ауыр

Психологиялық жағдайы

Сергек


Енжарлық

Өзін -өзі бақылай алмауы

Ессіз

Белсенділігі

Жаяу жүріс

Біреудің көмегімен

Кресло-каталкада отыру

Төсекте жату

Ептілігі

жалпы, жақсы

Бірнеше шектеулі

Тым шектеулі

Қозғалмау

Жамбас функциясын бақылау

Несебі жоқ

Несебі азын-аулақ


Тек зәр

Екі жақты зәрі тоқтамауы

Балдары

4

3

2

1

Шкала бойынша балдың жалпы санын шығарады, қорытынды бойынша қауіп дәрежесін анықтайды:

0 – 12 – жоғарғы қауіп;

12 – 14 – қауіпті;

14-тен жоғарғы қауіп жоқ.

Ойылуды алдын алу шаралары.

Оның негізгі қағидалары:
Күнде науқастың ойылу мүмкін болған жерлерін қарау керек: сегізкөз, құйымшақ, тобық, жауырын, шынтағын.

Бозарған және қызарған тері аймақтары анықталған жағдайда дәрігерді шақырту қажет және алдын алу және емдеу шараларын жүргізу қажет.

Егер пациенттің жағдайы жараса, оның дене қалпын күніне бірнеше рет өзгерту керек.

Құнарлы тамақтану және жеке бас тазалығын сақтау.
1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.
2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстыру.
3. Терісін күніне 1-2 рет жылы сумен жуып отыру,
зарарсыздандыру ерітіндісінің бірімен (павидон), одан кейін құрғатып, ұнтақ себу.
4. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып, жуу.

5.Зәр және нәжіс ұстамауында дәрет ыдысын жиі беру және памперсті пайдалану.

6.Арнайы жастықты немесе паралонды дөңгелектерді қолдану.

7.Нортон немесе Ватерлоу шкаласы бойынша науқастың жағдайын бағалау.

8.Арнайы төсектерді қолдану.

9.Ойылу пайда болу кезеңінде, дәрігердің емін қолдану.

10. Терінің суланып тұрған жерін жылы сумен сабындап жуып, құрғатып, ұнтақ себу керек.

11. Науқастың төсегін күніне бірнеше рет сілкіп қайта салу керек.
Зақымданған тері арқылы инфекция тусуі мумкін, бұл іріңге және қанның қағындысына (сепсис) әкелуі мүмкін.
Ойылулардың пайда болуы - науқас күтімінің жеткіліксіздігін керсетеді!
Авторы: Жоғары медицина колледжінің

Мейіргер ісі

пәнінің оқытушысы:

Құдайбергенова Маржан Советбекқызы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!