Материалдар / Ойын арқылы бала тілін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын арқылы бала тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің әдістемелік тақ ырыбым:Ойын әрекеті арқылы балалардың тілін дамыту,дағдысын қалыптастыру,,болғандықтан ,негізгі мақсатым:ойын арқылы және көңіл-күй арқылы балалардың тілін дамыту,бір-бірімен байланысын қалыптастыру ;оларды сергіте ,қуанта отырып ,белсенді әрекетке жұмылдыру;ойын таңдаудағы, ойлағанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру;сабырлы әрі ынталы ойнауға тәрбиелеу;Әртүрлі ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру,көңіл-күйлерін көтеру,жолдастарына деген қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қаракөл орта мектебі







Баяндама Ойын арқылы бала тілін дамыту













Орындаған : тәрбиеші Г.Баймұқашева












Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Тұлғаның дамуын қалыптастыруда ойын түрлерінің ерекшелігі.

а) Ойын арқылы оқыту.

ә ) Ізденімдік ойындар.

б ) Ұлттық ойындарды сабақта пайдалану.

в ) Ойын түрлері.


Қорытынды





Ел боламын десең ,бесігіңді түзе»дейді қазақ халқы.Болашақтың іргетасын салатын бала әуелі отбасында ,солан кейін балабақшада қалыптасады.Балдырғандардың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады.

Менің әдістемелік тақ ырыбым:Ойын әрекеті арқылы балалардың тілін дамыту,дағдысын қалыптастыру,,болғандықтан ,негізгі мақсатым:ойын арқылы және көңіл-күй арқылы балалардың тілін дамыту,бір-бірімен байланысын қалыптастыру ;оларды сергіте ,қуанта отырып ,белсенді әрекетке жұмылдыру;ойын таңдаудағы, ойлағанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру;сабырлы әрі ынталы ойнауға тәрбиелеу;Әртүрлі ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру,көңіл-күйлерін көтеру,жолдастарына деген қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Осы тақырыпта жұмыс істеу өте қызықты әрі тартымды болады.Бала ойынмен өседі.Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекетінің елеулі мән атқаратынын жақсы білген.Ойында баланың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп,таным,қабілетіі өседі,мінез құлқы қалыптаса түседі.Балалар ойынының түрі де ,мазмұны да сан алуан

.Көптеген ойында баланы достыққа,жолдастыққа,қамқорлыққа,тапқырлыққа

Іскерлікке,ептілікке,адамгершілікке баулиды.А.С.Макаренко« Ойын балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе,үлкендердің қайраткерлігі,жұмысы.қызметі қандай маңызды болса .балалар ойыны да сондай маңызды.Ойында бала қандай болса,өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады.Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады» деп балалар ойынын жоғары бағалаған.Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану ,оларды оқу процесінде үздіксіз дам ытып отыру және сабақта алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.

Тиімді қолданылған ойын элементтерінің материалды түсіндіру кезінде маңызы зор.Өйткені төмендегі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға көбірек ауып тұрады.Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп ,тапсырманы сапалы әрі ықыласпен орындайды.





Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға қызығушылығы артып тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Ойын түрлерінің материалдары сабактың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз. Сөздерді дыбысқа талдау, сөз құрастыру жұмыстарына жаңашыл педагог Амоношвилидің ойын тәсілін пайдаландым.

Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын жастайынан сіңіре білуді көздеген. Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті бала болады- дейді [4]: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды –дағы , сондайдан білгені , көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзіде есті болады.» Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойындарының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Ж.Б.Қоянбаев пен Р..М.Қоянбаевтар халық педагогикасының мақсаттарына мыналарды жатқызады: «халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты өмірге дайындау, өнер –білімге баулу, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу.»

Қорыта келгенде сабақта үнемі ойын түрлерін пайдалану тиімді де, жақсы нәтижеге жеткізетінін байқадым. Ойын – балалар үшін оқу да еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып , бір- біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа. ,ізгілікке ,әдептілікке тәрбиелеуге болады.

Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!