400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту

    

Кеңестік педагог А.С.Макаренко: “Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра алуымыз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен қатар баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре алуымыз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады” деп өз еңбектерінде айтып өткен.

Ойын – бала үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б көптеген ерекшеліктері болады.

Ойын – балалардың басты іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни сол арқылы бала білімді игереді. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмірінің алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын үстінде өздерін еркін сезінеді және бір-біріне ойларын ашық айта алады. Ойын үстінде бала өзің сондай ашық ұстайды және тіл байлықтары да ашыла түседі.

Балаға берілетін білімде баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болу керек.

Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын жетік білуін баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.

Ойын сабақтың мазмұнын байытып балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. “Санамақ”, “Он саусақ” өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін ұстартып, логикалық ойлауын қалыптастыруға болады. Балалардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды.

Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану. Мысалы, “Сақина салу”, “Ақсүйек” т.б. Жұмбақ та шешу баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Сабақта балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады.

Мен өзім қазақ тілді емес бастауыш сыныптарына беретіндіктен ойындарды көп қолдануға тура келеді. Ойын арқылы сөздік қорлары молайып, тілдік қарым-қатынасқа түсулеріне септігін тигізеді. Қазіргі кездегі баланың ой-өрісі өте ұшқыр және барлығын тез қағып алады. Сабақ өткен кезде қазақтың бір ұлттық ойынын кіргізіп отырсаң оның өзі бір жетістікке жеткізеді. Неге? Өйткені сол арқылы қаншама қазақша сөздерді үйретемін. Міне, бұл да болса бір әдіс-тәсілдің түрі деп ойлаймын.

Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым-қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

Ойын түрлерінің ұйымдастырылған тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Қазіргі баланың есіл-дерті ғаламтор болған заман ғой. Бала ондағы керекті-керексіз дүниелерге еліктеп өз бойына сіңіреді. Міне, соған осы бастан тосқауыл болатын амалдың бірі осы - ойын.

Ғұлама ғалым ағартушы Ахмет Байтұрсынов: “Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы қажеттердің жолында жұмыс істеу керек” деген екен. Білім беру ісіндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын білімді де, білікті, зейінді де зерделі ұрпақ тәрбиелеу. Балаларды мейірімділікке, әділеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Бала да бір жас тал секілді, күтіп баптасаң ғана дұрыс өсіп жетіледі.















Жүндібаева Махпузаханым Мәкенқызы

Мичурин орта мектебінің қазақ тілі пәнің мұғалімі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
347
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі