Материалдар / «Ойын элементтерін қолдану арқылы топтық жұмысты ұйымдастыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ойын элементтерін қолдану арқылы топтық жұмысты ұйымдастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйекс балаға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып , олардың сыни ойлауын жан- жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс- тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Жалпы топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары. Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2022
508
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШҚО ББ «ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ

«М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектеп» КММ















«Ойын элементтерін қолдану арқылы топтық жұмысты ұйымдастыру»

Байқау «Үздік тәрбиеші – 2022»





















Мухатаева Риза Кайырлиновна

Мектепалды даярлық тобының

тәрбиешісі

педагогикалық өтілі - 8 жыл

Muhataeva_riza@mail.ru

8 705 186 3758







Өскемен, 2022

Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жоғары мәдениетті қарым – қатынасқа түсе алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу- әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір тәрбиешілер оқу қызыметінің жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың  тәжірибесін қолданады.

Қай әдісті пайдаланса да мақсат- бағдарламадағы материалдың  мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын арттыру, тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі білім – үздіксіз білім берудің  алғашқы басқышы. Осыған сәйекс балаға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып , олардың сыни ойлауын жан- жақты  дамыту бүгінгі күннің басты талабы.   Осы талап тұрғысынан  алғанда, оқу- тәрбие  үрдісін ұйымдастырудың  сан түрлі әдіс- тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Жалпы топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары. Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады. Жаппай оқытуға қарағанда, ұғымдарды, түсініктерді, дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады Жұмыс атмосферасын қалыптастыру. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады. Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады. Өзіне сын көзбен қараушылық артады, құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алады. Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, жетелеу әрбір тәрбиешінің басты міндеті. Білім негізі мектепке дейінгі білмде қаланатын болғандықтан, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы да сол балалық шақтан басталады. Тәрбиеші еңбегі – бала білімімен өлшенеді десек, тәрбиеші еңбегінің күрделілігі-әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өмірді әлемді тани білуге, болашақта жауапкершілік қасиеттерін сездіре білуінде жатыр. Осындай әдістерді жиі пайдалану балалардың өмірге деген көзқарасының өзгеруіне, бала бойында талант көзін ашуына, тіл байлығын дамытып, қиялын ұштауына зор әсерін тигізді.

Топтық жұмысты ұйымдастыруда тәрбиешінің және оқушылардың рөлі

Сындарлы оқыту теориясына негізделе отырып, сабақтарда топтық жұмыстарды ұйымдастыруға көңіл бөлу аса маңзды.Топтық жұмыстың қупиясы неде? Әр бір оқушының белгілі бір іспен айналысып жатқандығына мұғалім сенімді болуы керек. Топтың белсенділігі мұғалімнің сабақты мұқият жоспарлауына және дайындығына , мұғалімнің шеберлігіне байланысты

Зерттеудің обьектісі: мектепке дейінгі білімнің  оқу үрдісі.

Зерттеудің  мақсаты:

            —  Мектепке дейінгі білім беруде топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту,

           —  тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін анықтау.

           — шығармашылық тапсырмаларды орындаудың жолдарын, іздестіру.

         Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер балаларға топтық жұмыс қызықты болса, оқу үрдісін де жеңіл қабылдайды, проблемалық мәселелерді тез шешеді

         Зерттеудің міндеттері:

  1. Қазіргі дамыта оқу жағдайына сәйкес, мектепке дейінгі балаларды білім беруде топтық жұмыстың тиімділігін дәлелдеу.

  2. Мектепке дейінгі білім беруде балаларды шығармашылыққа баулу барысында орындалатын шығармашылық тапсырмалардың мазмұнына сипаттама беру.

  3. Мектепке дейінгі білім беруде балаларын шығармашылық тапсырмаларды түсінуін және оны орындау жолдарын белгілеу

XXI ғасыр- білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі. Қазір бой  салыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

Н. Ә. Назарбаев

«Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиялар негізінде әлемдік стандартқа сай мүлделі жаңа білім беру өте қажет»,- деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев деп айтып өткендей жас ұрпаққа білім беру жолында, жаңашыл әдіс- тәсілдерді оқу тиімділігін арттырудың маңызы зор. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты. Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зиятты азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс деп ойлаймын. Мұның барлығы білім берумен жоғарлатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпын.

Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу қызметін ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине балалардың білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу қызметтерінің әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен оқу қызыметінің түр-пішіндері бір- бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері оқу қызметінің мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу қызметтерін ұйымдастыру түр – пішіндері балалардың оқу әрекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу қызметі түр-пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандылығымен сипатталады:

-Балалардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру;

-Балаларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру;

-Өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.

Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір оқу қызыметінің көлемінде шешу мүмкін емес. Оқу қызыметін ұйымдастыру түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы тәрбиеші балаларға орындауға беретін тапсырмаларына байланысты анықталады.

Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда ұжымдық танымдық қызметтердің әртүрлі формалары мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасымен оның тиімділігі бойынша зеріттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады.

Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?

«Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» дегеніміз не?

Ынтымақтастық оқу- өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

Ынтымақтастық оқу қызметінде пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін, адамдардың жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді.Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге,келісімге қол жеткізуіне негізделген. Дәстүрлі оқу қызметтері барысында балалардың топтағы оқу үдерісіне түгел қатыспайтындығы байқалады. Тәрбиеші дәрісін тыңдағанда, күнделікті түсінбей қалған оқу қызметтерінің көлемі ұлғайып, үлгерімі орташа балалар шегіншектеп, үнсіз қалып отырады. Бұл тығырықтан шығу жолын іздестіргеніммен, нәтиже көңілге қонымсыз болып отырады.

Бірлескен оқудың мәні

Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқутәсілі,аталған тәсілпроблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылартобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен

оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1.Оқу балалар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3.Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4.Оқу балалардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығукезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

5.Оқудың ынтымақтастық ортасында балалар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда балалар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнменқарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.

Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегімақсаттарда жүзеге

асырылады:

Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?

Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, тәрбиеші мен балалар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды

Топтық жұмыс барысында мынадай дағдылар дамиды:

бірін-бірі тыңдайды, топтағы жұмысқа араласады, топ мүшелерін қолдайды, бақылайды. Бірлескен жұмыс жекелей шешуге болатын тапсырмаларды емес, топпен қарастыратын күрделі тапсырмаларды орындауды көздейді. Топтарға бөлінген соң топ ережесін құру керек және оқушылар сол топ ережесіне бағыну керек.

Топты ұйымдастыру ережелері

Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері тәрбиешілер (және балалар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді. Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.

Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?

Топтағы балалардың саны балалар арасындағы сонымен қатар, балалар мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс.Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптегеншағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда балалардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, тәрбиеші топ қатысушылар саны канша болатынын анықтап алуы қажет.

Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып/қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды және түсінуді дамыту үшін қолданылады.


Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс балалар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде балаларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.

Балаларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруғаынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.Фактілер бұл үдеріс кезең-кезеңмен өтетінін растап отыр. Айталық, бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестікдағдыларын дамытуы қажет, содан кейін балалардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, тәрбиешілер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады.

Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс балаларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.Тиімді топтық қарым- қатынас дегеніміз не?Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан балалар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:


кезекпен сөйлеу;

белсенді тыңдау;

сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;

ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;

өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;

ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;

көмектесу және көмек сұрау;

түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;

идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;

топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;

талқылаудың қорытындысын шығару;

дәйекті айғақтар келтіру

Проблемаларды шешу стратегиялары

Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. балалар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады.

Бұл тәсіл балаларға:

уақытты ұтымды жоспарлауға;

инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;

топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке

-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға;

топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;

тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Талқылауды қолдануды не үшін ұлғайту керек?

Егер топта жайлы өзара әрекеттестік орнап, балалар оқу қызметіне тартылса, талқы жүргізіп, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасаудың маңызы зор болмақ. Бір мақсатқа жету үшін жүргізілетін талқылау- бұл топттағы барлық жұмыстардың сәтті болуының негізі. Талқылау балаларға өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етіп, балалардың оған белсенді қатысуына көмектеседі.

Қорыта келе, топтық жұмыстың балаларым үшін пайдасы зор болады деп есептеймін:

Балаларым мынадай нәтижеге жетеді деп есептеймін:

Пікір білдіру, талқылау жолдарын меңгереді.

Сыни ойлауға дағдыланады.

Өз идеяларын дәлелдейді.

Шығармашылық қабілеттері дамыды.

Өзін –өзін реттеуге үйренеді.

Топта жұмыс жасауға дағдыланады.

Топтық жұмыс барысында өзім:

Әр баламның жетістігін көруге тырысамын.

Уақытты ұтымды пайдаланамын.

Өзара қарым-қатынас орнатуды ары қарай жетілдірудемін.

Жаңа әдістерді тиімді қолданамын

Топтық жұмыстың тиімді жақтары оқушылардың жеке тұлға ретінде сезінеді, сабаққа деген қызығушылықтары артады, топтың алдыға жылжуы үшін өз үлесін қосуға талпынады. Мәселелерді талқылай отырып, бір-бірінің айтқан сөздері естерінде сақталады. Жұмыстың нәтижесінде оқушылар берілген материалды толықтай қабылдап, өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылықтары артады, сонымен қатар белсенділігі мен жауапкершілігі жұмыс істеуге деген қабілетін оятады. Оқушылар тақырыпты толықтай меңгеруі үшін мынадай көрнекіліктерді пайдалануымыз керек: электронды оқулық, интернеттен материалдар жинақтау, интерактивті тақтамен жұмыс, тәжірибе жасау, өзін-өзі бағалау, бақылау жүргізу.

Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, сабақта оқушыларды топқа бөліп, топпен және жұппен жұмыс істеу арқылы, оқушыда өзіне деген сенімділігі, жауапкершілік артып, өз ойын еркін жеткізе алатын, белсенді, өз алдына мақсат қоя алатын, ортада өзін еркін ұстайтын, бір-бірімен пікірлесе білетін, бір-бірін оқыта алатындығын байқап жүрмін.

Топтық жұмыс оқушы мен белсенділігін арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді.

Болашақта мен не істеймін?

Шәкірттеріме сапалы білім мен тәрбие беруде үнемі ізденіс үстінде жүремін. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында бәсекеге қабілетті тұлға дайындау – менің ұстаздық борышым. Алдағы уақытта жаңа технологиялардың тиімді әдістерін зерделеп, оқу қызметіне байланыстыра отырып, балаларымның өзін-өзі бағалауына нақты критерийлер жасау арқылы дамыта отырып, олардың білімге деген құлшынысын арттыруды әрі қарай жалғастырамын. Жеке пікірлерін жеткізе білетін, білімін өмірде қолдана алатын тұлға дайындауға алдағы уақытта жұмыстану арқылы шәкірттеріме сапалы білім беріп, өркениетті елдің еңсесін түсірмейтін шәкірт дайындауға өз үлесімді қосамын.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Абилмажинова А.У., Нигметжанова Г.К Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі жағдайы мен мәселес // 2 –бөлім- 3 б материалды сипаттау мысалы

  2. .Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы 2016-306 б.

  3. А. Әлімов «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану»2015 жыл.

  4. Kazbilim-edu.kz

  5. Sabaq.kz

  6. bilimdiler.kz

  7. Bilimland.kz интернет ресурстарындағы материалды сипаттау мысалы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!