Ойын технология элементтерін орыс тілі пәнінде қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойын технология элементтерін орыс тілі пәнінде қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттің іргетасын қалау бастауыш сыныптан басталатыны анық. Өйткені орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту - бастауыш мектептен бастап халқымыздың мәдениетін, салтын, тілін үйренуге, қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған. Оқушыларға оқу материалын жан - жақты терең ұғындыру үшін түрлі әдіс - тәсілдер, дидактикалық материалдарды пайдалана білу қажет. Дұрыс, тиімді қолданылған әдіс оқушылардың назарын аударумен қатар, пәнге деген қызығушылығын, зейінін, ынтасын да арттырады. Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану тиімділігі:
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын технология элементтері арқылы орыс тілі пәнінде қолдану

Орыс тілі пәні бойынша ойын түрлерінің жинағы оқу мұғалімдеріне арналған.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру деңгейін, сөздік қорларын, ой - өріс қабілеттерін ескере отырып, сабақты тартымды, қызықты, сапалы өткізу мақсатында қолданылатын қосымша құрал.
Дидактика саласындағы маңызды мәселелердің бірі - білім беруде ойын технологиясын пайдалану болып табылады.
Мемлекеттің іргетасын қалау бастауыш сыныптан басталатыны анық. Өйткені орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту - бастауыш мектептен бастап халқымыздың мәдениетін, салтын, тілін үйренуге, қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған. Оқушыларға оқу материалын жан - жақты терең ұғындыру үшін түрлі әдіс - тәсілдер, дидактикалық материалдарды пайдалана білу қажет. Дұрыс, тиімді қолданылған әдіс оқушылардың назарын аударумен қатар, пәнге деген қызығушылығын, зейінін, ынтасын да арттырады.
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану тиімділігі:
• Сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
• Шығармашылық, ізденушілік, ойланғыштық қабілеттерін арттырады;
• Өзіне деген сенімділік пайда болады;
• Логикалық ойлау қабілеттері дамиды.
Дидактикалық тапсырмалар жинағының мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу үшін ойын элементтерін қолдану. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойын түрлерін сабаққа салу арқылы баланың ойын жетілдіріп, қызығушылығын, ынтасын арттырады. Ойын тапсырмаларын орындау арқылы қазақша сөйлеуге үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, дұрыс сөйлеуге жаттығады, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыланады.
Оқу орыс тілінде оқытылатын мектепте қазақ тілі сабағында ойынды тиімді қолдану оқушылардың сол тілде сөйлеуге жаттықтырады. Сабақта тиімді қолданылатын ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім, білік, дағдыларын, іскерліктерін шыңдауға себебін тигізеді. Ойын барысында қолданылатын дидактикалық материалдар оқушыларға түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді.

«Адасқан әріптер» ойыны
Ойынның мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.
Т, к, і, п, а -...........
К, е, м, е, п, т -............
У, о, қ, ы, ш -...............
Р, п,, ә, д, е, т -..................
«Шашылған дыбыстар» ойыны
Ойынның мақсаты: Ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын молайту
Ойын шарты: Сыныпты топқа бөліп, ойынды жарыс түрінде өткізу. Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құру. Мысалы: а, м, л, й, н, т, а дыбыстрынан мынындай сөздер құруға болады: ана, алма, айна, ал, ата, ат, т. б.

«Сұрақ - жауап» ойыны
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі шапшаң жауап беруге
дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың жауаптары көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.

Сұрақтар:
1. Қолда неше саусақ бар?
2. Қыста ауа райы?
3. Бір аптада неше күн бар?
4. Неше жыл мезгілі бар?
5. Сөмкеде не жатыр?
6. Күзде не жауады?
7. Асханада кім бар?
8. Сыныпта неше терезе бар?

Керекті сөздер: бес, суық, жеті, төрт, қалам, жаңбыр, аспаз, екі.

«Жоғалған әріптер» ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Оқушыларды екі топқа бөлу. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы:
К... ктем
а... аш
о... ушы
к... тап
... алам
алм... рт
көкөн... іс
Қай топ керекті әріптерді дұрыс жазса, сол топ жеңі шығады.

«Жалғасын тап» ойыны
Ойынның мақсаты: Мақал - мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ойын шарты: Оқушыларды екі топқа бөлу. Қағаздарға мақалдарды бөліп жазу. Бірінші топ оқушысы тақтаға шығып мақалдың басын оқиды, екінші топ оқушысы мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2022
305
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі