Сабақмақсаттары
|
Барлық оқушылар келесіге
қабілетті:
Шағын ойын тапсырмалары бойынша топтарда қауіпсіз
жұмыс істеу.
Негізгі шабуылдау және қорғану стратегияларын
және тактикаларын бәсекелестік ойында қолданудың түрлі жолдарын ашу
және табу.
Ойын кезінде қорғаныс және шабуылда шығармашыл
болу қажеттілігін түсіну.
Оқушылар көпшілігі келесіге
қабілетті:
Сандық артықшылық тапсырмалары кезінде командада
жақсы жұмыс істеу.
Сәтті ойын үшін түрлі аралық қорғаныс және шабуыл
стратегия және тактикаларын байланыстыру.
Ойындарда орындағанда шығармашыл жүгіру, пас және
қозғалстарды дамыту.
Өзге оқушыларды бақылау және олардың
шығармашылықтарын дамыту әдістерін ұсыну.
Кейбір оқушылар келесіге
қабілетті:
Бастамашылық, қиялдылық және шығармашылықты
көрсететін озық қорғаныс және шабуыл тактика және стратегияларды
дамыту.
Озық шабуыл және қорғаныс стратегия
және тактикаларды талдау және сынау.
|
Басы
|
Мұғалім оқушылармен
амандасады.
Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды
талқылауды ұсынады: - басқыншылық ойындарда ойын
кеңістігінде қандай бағдарлау дағдылары қажет? - жылдамдық пен
үйлестіруді қалай дамытуға болады?
Мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбын
шығарады («Ойын кеңістікте түсінік және бағдарлау дағдыларын
оқыту.»).
Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін
оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады.
Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады.
Жетістік критерийлері мен оқу мақсаттары құрылып
болған соң, мұғалім оқушыларды 3 баладан топтарға бөледі.
Ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды
ұсынады.
Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен
танысады.
Мұғалім Сыныпты 4 топқа бөледі де әр топқа
тапсырмасы бар карточкаларды таратып береді. Оқушылар тапсырманы
орындай бастайды. Бормен еденде 10 төртбұрыштардан тұратын сатыны
салады. Әуенге сәйкес олар кезекпен сатының басынан видеодан көрген
арнайы жаттығуларды орындай бастайды. Әр жаттығуды 5 реттен
қайталайды. Жаттығуларды орындаған соң сұрақтар қойып, талқылау
өткізіп, денсаулық және физикалық жай-күй не екенін түсінуіне ықпал
етіңіздер.
Тапсырманың
дескриптерлері:
-
жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып
көрсете алады;
-
жаттығуларды орындаған кезде аралық пен ара қашықтықты
сақтайды;
-
жаттығуларды орындаған кезде бірде бір төртбұрышты
өткізбейді;
-
жаттығуларды қатесіз орындайды.
Формативтік бағалау:
Мұғалім «бағдаршам» әдісін қолданады (әр түсті
дөңгелек карточкалары): жасыл – тамаша, сары – жақсы, қызыл –
қанағаттанарлық.
|
Мұғалліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.
Сәлемдеседі, бір – біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік
тілейді.
|
Қол
шапалақ
|
Мектеп алаңы, ысқырық, ноутбук және
уақыт өлшегіш
|
Ортасы
|
Ойын "Үшінші-артық". Алдымен қуатын және
қашатын"үшінші артық" ойыншыларды таңдайды. Барлық ойнайтындар
жұптарға бөлініп, бірінің артына бірі тұрып екі шеңбер құрады.
Сонымен қос шеңбер болып шығады. Ойын алдында қуатын оқушы
шеңберлердің ортасында тұрады, ал қашатын сыртында. Дабыл бойынша
қуушы ойынды бастайды. Қашушы тек қана шеңбердің сыртымен жүгіре
алады, ал қуушы шеңбердің ішімен де жүгіре алады. Кез келген сәтте
қашушы ойыншы тұрған бір жұптың алдына тұрады. Бұл жағдайда
үшінші-«артық» ойыншы ойынды жалғастырады, оның орнына қашады.
Осылайша, барлық ойыншылар қашуға дайын болуы тиіс, өйткені жағдай
ойын алаңында қойылуы мүмкін кез келген уақытта. Бір мезгілде
жүгіруге тек екі ойыншы (қуушы және қашушы)
мүмкін.
Қуушы қашушыны ұстаса, олар орындарымен ауысады.
Ойын барлық ойыншылар толық шаршағанша
ойналады.
Кішкентай қулықтар:
Тапсырманың дескриптерлері:
- қауіпсіздік техникасын сақтайды; - ойын
кеңістігінде бағдар жасай алады; - қашушы шеңберден алыстамайды; -
қашушы шеңбердің ортасынан жүгіріп өтпейді.
Формативтік бағалау:
Мұғалім оқушыларға бін бірі бағалау әдісін
қолдануға ұсынады («бас бармақ» әдісі): бас бармақ жоғары – тамаша,
бас бармақ – көлденең – жақсы, бас бармақ төмен –
қанағаттанарлық.
Сұраңыз: Бұл
ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?
.
Үй жұмысы: Ғаламтор арқылы жылдамдық және үйлесімдікті
дамытатын арнайы жаттығулардың жиынтықтарын көріп
талқылау.
Жылдамдық және үйлесімдікті дамытатын арнайы
жаттығулардың кешенін құрастыру.
|
Оқушылар денені қыздыру
жаттығуларының жан-жақты түрлерін құрастырып, көрсету
керек.
Оқушы допты еденге соғып
кедергілер арасынан бағыт өзгертіп алып жүру техникасын
біледі.
Оқушы әр-түрлі жағдайда
әріптесіне допты ирек сызық бойымен беру техникаларын
біледі.
Оқушы топпен алаңда бағдарлап
қозғалу барысында белсенділігін көрсете
алады.
|
Смаликтер
арқылы
ҚБ өзін өзі
бағалау
ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»
Бағалау парақшасын
толтырады.
|
Бос ойын кеңістігі, баскетбол
доптары, ысқырық, фишкалар, бор, конустар.
Баскетболда допты алып жүру техникасы бойынша
интернет ресурсына сілтеме:
|