
ОКУШЫЛАРЫН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
КӨМЕГІМЕН ЖАҢА ЕРТЕГІ ҚҰРАСТЫРУҒА
БАУЛУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Есимова И.Р. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылы, «Манаш Қозыбаев
атындағы орта мектебі» КММ педагогі
Аңдатпа: Мақалада бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін, тілдік
қорын және креативті ойлау қабілетін дамытуда генеративті жасанды интеллект (ЖИ)
технологияларын қолданудың әдіс-тәсілдері қарастырылған. Автор әзірлеген әдістемелік
оқу-құралының құрылымына талдау жасалып, ЖИ көмегімен жаңа ертегілік сюжеттерді,
кейіпкерлерді және диалогтарды модельдеудің алгоритмдері ұсынылған. Сонымен қатар,
білім беру үдерісінде цифрлық мәдениет пен ақпараттық қауіпсіздікті қалыптастыру
мәселелеріне ғылыми-әдістемелік негеждеме берілген.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, бастауыш білім беру, ертегі құрастыру, креативті
ойлау, функционалдық сауаттылық, цифрлық мәдениет.
Кіріспе
Қазіргі таңда жаһандық білім беру кеңістігіндегі басты трендтердің бірі – оқу-тәрбие
үдерісіне озық цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект (ЖИ)
құралдарын тиімді ықпалдастыру болып табылады. Қазақстан Республикасының білім
беру саясаты білім алушылардың тек базалық білімді меңгеріп қана қоймай, XXI
ғасырдың басты дағдылары саналатын функционалдық сауаттылықты, сыни тұрғыдан
пайымдауды және креативті ойлау қабілеттерін (4К моделі) қалыптастыруды басты міндет
ретінде айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда, бастауыш сынып оқушыларының танымдық
белсенділігі мен шығармашылық ізденісін арттыруда генеративті технологияларды ертегі
терапиясы және мәтін шығармашылығымен ұштастырудың өзектілігі жоғары.
Мақаланың негізгі мақсаты мен міндеттері
Зерттеудің басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу,
қиялын ұштау және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып жаңа
мазмұндағы ертегілер құрастырудың қарапайым, қолжетімді әдістемелік жүйесін
жасақтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер айқындалды:
1. Оқушыларды жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеудің базалық ережелеріне
баулу;
2. Ертегі жанрының классикалық құрылымы (кіріспе, оқиғаның басталуы, дамуы, шарықтау
шегі, шешімі) желісінде ЖИ-ге дұрыс сұраныс (промпт) дайындау дағдысын
қалыптастыру;
3. Білім алушылардың алгоритмдік ойлау жүйесін дамыту және цифрлық ортада қауіпсіз
жұмыс істеу мәдениетін сіңіру.
Зерттеудің жаңашылдығы мен әдістемелік негізі
Ұсынылып отырған әдістемелік тәсілдің жаңашылдығы – дәстүрлі әдеби-шығармашылық
жұмыстарды ұйымдастыруда жасанды интеллект мүмкіндіктерін (мәтіндік және визуалды
генераторларды) құрал ретінде пайдаланудың кезең-кезеңімен сипатталған алгоритмінде

жатыр. Мұнда технология өзінше мақсат емес, баланың ішкі шығармашылық әлеуетін
оятатын, идеяларын визуализациялайтын көмекші құрал ретінде көрінеді. Әдістемелік
құрал мазмұны педагогикалық мақсатқа бағыттылық, оқушының жас ерекшелігін ескеру,
жүйелілік пен қолжетімділік және дербестендірілген оқыту қағидаларына ненезделген.
Сабақ үдерісінде немесе сыныптан тыс үйірме жұмыстарында оқушылар ЖИ көмегімен
келесі шығармашылық кезеңдерден өтеді:
Кейіпкерлерді модельдеу: Оқушы өзі қиялдаған бірегей кейіпкердің мінез-құлқын, сырт
келбетін сипаттайды, ал ЖИ оның бейнесін толықтыруға және суретін визуализациялауға
көмектеседі;
Сюжеттік желі құру: Оқиғаның логикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында ЖИ-мен
интерактивті диалог жүргізе отырып, стандартты емес сюжеттік бұрылыстар ойлап
табылады;
Мәтінді рәсімдеу: Құрастырылған диалогтар мен сипаттамалар жинақталып, толыққанды
жаңа ертегі кітапшасы ретінде жинақталады.
Тексеру әдістері мен тәжірибелік нәтижесі
Әдістемелік жүйенің тиімділігін бағалау мақсатында педагогикалық бақылау,
оқушылардың шығармашылық жұмыстарын (ертегі мәтіндері мен өнімдерін) сапалық
талдау, салыстырмалы мониторинг және кері байланыс әдістері қолданылды. Тәжірибелік
жұмыстар көрсеткендей, ЖИ құралдарын сауатты қолдану оқушылардың мәтін
құрастыруға деген ынтасын артырып, сөздік қорының байуына және коммуникативтік
дағдыларының дамуына оң ықпал еткен. Ең бастысы, балалар ақпараттық
технологияларды тек ойын-сауық үшін емес, пайдалы әрі шығармашылық өнім жасау
үшін саналы түрде тұтынуды үйренді.
Қорытынды
Бастауыш сынып деңгейінде жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне
кіріктіру – білім сапасын арттырудың және XXI ғасыр дағдыларын қалыптастырудың
тиімді тетігі. «Бастауыш сынып оқушыларын жасанды интеллект көмегімен жаңа ертегі
құрастырудың қарапайым әдістері» атты әдістемелік жүйе білім алушылардың
креативтілігін арттырып, цифрлық қоғамда табысты және қауіпсіз әрекет ету мәдениетіиің
негізін қалайды. Ұсынылған әдістемелік нұсқаулықтар бастауыш сынып мұғалімдеріне,
қосымша білім беру педагогтеріне заманауи интерактивті сабақтарды жоспарлауда
таптырмас дидактикалық құрал бола алады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға
арналған тұжырымдамасы.
2. Бұзаубакова К.Д. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2019.
3. Абдуразаков М.М. Использование технологий искусственного интеллекта в общем
образовании // Педагогика. – 2022. – №4.