«Өлі табиғат» Жаратылыстану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өлі табиғат» Жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлі табиғат құбылыстарымен нысандары туралы білімдерін байыту.Тәжірибе жасау арқылы ауаның қасиетін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Балқаш ауданы,

«Жасұлан» балалар бақшасының

тәрбиешісі Тастанбекова Римма Сейтбековна


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Тобы: Ортаңғы «Гүлдер» тобы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Өлі табиғат»

Мақсаты:  Өлі табиғат құбылыстарымен нысандары туралы білімдерін байыту.Тәжірибе жасау арқылы ауаның қасиетін анықтау

Қажетті құрал жабдықтар: су,құм,ыдыстар,суреттер

Билингвальды компонент: Күн – солнце.Ауа - воздух.Су - вода.Жер - земля

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: өлі табиғат туралы мәлімет

Болу керек: тірі табиғатпен салыстыра білу

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы – жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Ұйымдастырукезеңдері

 Сурет бойынша әңгімелесу

- Балалар, таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?

- Әке, ана ата, әже

- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?

- Аспан, бұлт, машина, ит, ағаш, мысық, жер, қар).

- Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе?

- Ия, күн, су, ауа бізге керек.

- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?

- Табиғат.

Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат. Кәне бәріміз қайталайық.

- Өлі табиғат және тірі табиғат.

- Өлі табиғатқа су, ауа, жер, күн, бұлт.

- Балалардың жауаптары: Жаңбыр, құм бұл өлі табиғат.

- Топтағы балалар, гүлдер олар тірі табиғат.

- Ал тірі табиғатқа: адамдар, құстар өсімдіктер, гүлдер жатады.

- Балалар міне, менің қолымдағы ыдыста не бар?- Қар.

- Оның түсі қандай?- Ақ.

- Қар, қай мезгілде болады?- Қар, қыс мезгілінде болады.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
Жауабы: Су.
2. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды.
Жауабы: Күн
3. Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң құшағың тең болмайды.
Жауабы: Ауа
- Мынау не ?- Су.
- Түсі қандай?
- Судың түсі мөлдір таза, сұйық зат.
- Суды қалай пайдаланамыз?
- Суды ішеміз, кір жуамыз, тамақ істейді.
Су керек пе?
- Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі өзгеріске ұшырайды, бұға айналады, бу қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады.
- Су отты өшіре алады, суды адам барлық тіршілігіне пайдаланады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қанатты жазайық
Құс болып ұшайық,
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.

Тақтадағы табиғат көрінісін түсіндіру.
1. Суға құмды салайық ери ме?
Балалар құм бізге керек пе?
Құмға ағаштарды отырғызамыз, құмда өсімдіктер, гүлдер өседі.
Ағаштардан не жасауға болады?
Сонымен су өлі табиғатқа, ағаш, құс, гүлдер, өсімдіктер тірі табиғатқа жатады.
Дид-лық ойын: «Құм, тас, су. Басы «құм» дегенде әр жерде шашыраңқы болып отыру. «Тас»дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу, «су» дегенде толқын жасап қозғалу». (Балалар қимылмен көрсетеді)

Табиғат туралы мақал - мәтелдер:

Таза болса табиғат

Аман болар адамзат.

Туған жердің суы тәтті

Топырағы да ыстық (1 - 2 балаға айтқызу)

Қорытынды:

- Балалар, бүгінгі оқу қызметінде нені біліп үйрендік?

-Сендерге оқу-іс әрекетсіз ұнады ма?

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2021
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі