Өлкеме шаттанам, мақтанам

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өлкеме шаттанам, мақтанам

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен материал ретінде туған жерім Атырау өлкесі туралы өлеңімді жолдаймын.Менің туып-өскен қалам Атырау қаласы. Атырау қаласы Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан. Мұнайлы өлкеме арнап жүрегімнен шығарған өлеңімді баршаңызға арнаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты















«Өлкеме шаттанам, мақтанам»

Дайындаған: Сапидоллаева Гүлнұр

Сыныбы: 8 «А»

П2н жетекшісі : Балқасынова Райхан

















2018-2019 оқу жылы

Өлкеме шаттанам , мақтанам

Атырауым сені айтып əрдайым шаттанам,

Мұнайлы өлкемнің даңқымен жар салам.

Ең ұзын көпірмен қуанып əлемге

Осындай ғажапты ұялмай айта алам.

Өлкемнің қыздары намысшыл,қайратты,

Ерлерін сұрасаң ержүрек ,айбатты.

Өлкемнің тарихын сұрасаң егерде

Қарт шаһар-Сарайшық кеңінен танылған.

Өлкемде мұражай мұрамен қамтылған.

Ағзаға пайдалы балығы молынан

Жайықтай өзенім толқындай тулаған.

Мекенім-Атырау бабалар қорғаған,

Құлсары,Атырау қалалар жанданған.

Өлкемнен күйші де батыр да ақын да

Туылып өсіпті халыққа жақын да.

Махамбет,Исатай қос батыр ержүрек,

Өзін емес ел қамын ойлады қос жүрек.

Қалмады олардың ерлігі елеусіз

Ескерткіш қойылды ешбір кем-кетіксіз.

Сол жерде алаң бар көрікті ,құрметті,

Бабалар рухымен жүректі тербетті.

"Махамбет Исатай " аталды сол алаң

Мереке ,той думан сол жерде тойланған.

Ұлы Отан соғысы басталған кезеңде,

Хиуаздай жас ару аттанды елімнен.

Орасан ерлігі үлгі боп өзгеге

Қаһарман боп жатталды халықтың есінде.

Ескерткіш қойылды батыр қыз Хиуазға,

Есімі ұмытылмас ұрпағы-біз барда.

Осындай батырмен мақтанып жар салам

Тарихта олардың есімі сақталған.

Ақын қыз Фариза өлеңі дариға,

Өлеңі əркімнің жүрегін тербетті.

Еңбегі ақынның біз үшін қазына

Ескерткіш қойылды Фариза ақынға.

Құрманғазы аташым, күйші едің дара шың,

Күйіңмен халықтың жүрегін жауладың.

Мінекей,жарандар,тыңдаңдар,қараңдар

Атырау кезінде Гурьев атанған.

Бұл жерде бəрінің жағдайы жасалған.

Тұрғындар дəн риза,

Қарсылық болмаған.

Оқитын балаға мектептер табылар,

Білімнің сапасы жүз пайыз жарқырар.

Ауыл мен ауданның жағдайы жақсарған.

Бəрі бар бұл жерде толықтай қамтылған.

Атырау Кіші жүз руынан таралған,

Бауырмал халықпыз достыққа қараған.

Шет елді бөлмейміз өзге деп,бөтен деп,

Өлкеміз қонақжай қонақты сыйлаған.

Бəрін айт,бірін айт Атырау тамаша,

Далаға шығып ап ойнаймыз балаша.

Қарашы қазағым,Атырау жаңаша

Қызығар өзге жұрт сыртынан қараса..

Атырау өлкеме қуанып,шаттанам,

Əрдайым өлкеммен əлемге мақтанам!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2018
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі