Материалдар / Өмірдегі кереметтің бәрі ұстаздан

Өмірдегі кереметтің бәрі ұстаздан

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегені бәрімізге мәлім.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бұқаржырау ауданы ЖББМ КММ «Байқадам»

Тарих пәні мұғалімі Рымбек С.А.



Өмірдегі кереметтің бәрі ұстаздан


«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің

азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың

баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі»

М. Жұмабаев.


                                                       

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге  ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің  ертеңі бүгінгі  жас ұрпақтың  қолында, ал   жас ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында»,- дегені бәрімізге мәлім.

         Еліміз өркениетті  елдер  қатарынан  орын алып, ұрпағымыз  қоғам  қажеттілігіне  сай   болып  жатса, бұл -  ұстаздар еңбегінің  жемісі. Олай  дейтінім,  ақын  мен батырды да, алып пен дананы да ұстаздар  тәрбиелейді.  Мұғалімі  қандай  болса, қоғамы да  сондай  болмақ  делінген  бұлжымас  заңдылық  ерте  уақыттардың  өзінде–ақ  белгілі  болды.  Адамзат өркениетінің  даму  тарихында  жақсы  мектебі мен  мұғалімдері  бар  мемлекет  ғана  алға  озып  шыққан.      Мектептегі  білім мен тәрбие  оқушыларды  халқымыздың  бай  мәдениеті  негізінде  тәрбиелеп,  ғылым  негіздерін  игертіп,  ой – өрісі кең,  шығармашыл, іске  әрқашан  әзір,  салауатты  азамат  қалыптастыруды  қажет  етеді.

         Қай қоғамның  болсын жедел жаңаруы сол қоғамның талап-тілегіне, арман-мүддесіне байланысты. Жедел жаңару немесе халықаралық тілмен айтқанда, модернизация – мемлекеттің жаңа жағдайға сай дамуы мен өркендеуіне себепші кешенді іс-шаралардың жүйесі.

         Бүгінгі оқушылар –  еліміздің ертеңгі болашағы. Қырандар түлегін қияға самғатып баулитыны белгілі. Мен  еңбек ететін  «Руыңды қорғаймын десең, ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды қорғаймын десең, қызыңды тәрбиеле» деген даналықты ту етіп ұстап, ақыл-парасатқа ие қазақ қыздарын шаңырағына  шоғырландырған  қаламыздағы       қазақ қыздар гимназиясы – киелі білім ордасы. Жиырма жылдық тарихы бар білім мен тәрбие ұясынан қаншама талапты шәкірт қияға қанат қақты?! 

          Білім мен тәрбиенің бұтақ жайған бәйтерегіндей болған қазақ қыздар гимназиясында жеке тұлғаның қалыптасуына, оның жан-жақты үйлесімді аздандамуына, салауаттылық,  құзіреттілік деген адами құндылықтарды оқушы бойына сіңіруге ат салысудамын.

         Ж. Аймауытов: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен, ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімділердің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек»,- деген.

  Ұлағатты ұлылықты бала жүрегіне сіңіріп, дарындылықты дамытатын ұстазға тән қасиет: іскерлік, жаңашылдық, келешекті болжай білуге ұмтылу.

Қазіргі таңда әрбір мұғалім дана халқымыздың: «Ең жоғарғы сый – көңілмен сыйлау, ең жоғарғы тәрбие – сөзбен тәрбиелеу, ең жоғарғы қуаныш – рухани қуаныш. Әлемде оны ештеңемен ауыстыруға болмайды»,- деген  ұлы сөзін   өмірлік ұстаным ету қажет тәрізді. Өйткені, мектеп – білім ордасы болса, ұстаз – оның тұлғасы, ал шәкірт – өмір жалғасы.

         Қанаттанып жатқан қазағымның жарқын болашағын болжап, намыс оты шоқ болып жүрегіңе түскенде рухты сезімнің құшағында қалады екенсің. Бүгінгі таңда алтын шырақ – білімдінің қолында. Өшпейтін өмірдің өзегі іспетті ұрпақ тәрбиешісі – Ұстаз жаққан от ешқашан сөнбейді.

        

 

 



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!