«ӨМІРДІҢ ӨЗІ БАЛ-ШЫРЫН» мерекелік концерттің бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ӨМІРДІҢ ӨЗІ БАЛ-ШЫРЫН» мерекелік концерттің бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ән салу үйірмесінің қосымша білім педагогтарына, музыка пән мұғалімдеріне және мектеп, балабақша ұстаздарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Олболсун Нурлыбаева

МҚКК «Оқушы» орталығы «Ән салу»

үйірмесінің қосымша білім педагогы

Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы

2017 жыл



15 қазан Зағитар, 3 қараша мүмкіндігі шектеулі жандардың күніне арналған

«ӨМІРДІҢ ӨЗІ БАЛ-ШЫРЫН» мерекелік концерттің бағдарламасы

ФАНФАР

(Әуен ойналады, ортаға жүргізуші шығады)

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтармен балдай тәтті балдырғандар

және оларға қамқорлық жасап жүрген жандары жайсаң әлеуметтік қызметкерлер! 15 Қазан-Халықаралық зағиптар күні, 3 қараша мүмкіндігі шектеулі жандардың күні мерекелеріңіз құтты болсын, әрқашан Сіздердің дендеріңізге саулық, емдеріңізге шипа, үлкен бақыт, шаттық, алла тағала жандарыңызға қуат берсін деп тілеміз!

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге сай «ӨМІРДІҢ ӨЗІ БАЛ-ШЫРЫН»

мерекелік концертінің өтуіне ұйтқы болған «Саған сенемін» қоғамдық бірлестігінің мерекелік қойылым- концертін қабыл алыңыздар.

Аяулысың, елімнің асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары,-


Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишіміз өз өнерін көрсетуде,- «
Қазақ биімен»алдарыңызға биші қызымыз Азиева Диананы шақырамыз.

Жүргізуші: Сіздер15 қазан-Халықаралық зағиптар күні екенін және оның

«Ақ таяқ» күні деп аталатыны да баршаға мәлім, бірақ бүгін мерекеміздің бастамасы болған «Ақ таяқ» сөзінің қандай мағына беретінін білгіңіз келетін шығар ендеше келесі музыкалық қойылым сіздер үшін тамашалаңыздар.

  • ҚОЙЫЛЫМ ЖҮРЕДІ

Жүргізуші: Тағдырдың қандай соққысы болса да адамды жасымауға

шақырап жігерлендіретін «Нас бьют» әнін орындаған Ракишев Самратқа қошеметтеріңіз!

(Қойылымды сомдаған әртістер таныстырылады)

Жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың

асыл аналарымыздың құрметіне Ракишев Самрат Қайрат Нұртастың репертуарындағы «Мама» әнін орындап береді. Қабыл алыңыздар!


Жүргізуші: Әрине, бүгін адамзаттың панасы, данасы болған асыл

аналарымызды қалай мақтасақта артық болмайды себеп біреу олар қаншама тентек болсақта, ерке болсақта, қайырымды болсақта аналарымыз бізді тек бізді сүйеді.


Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын, 
Анам менің, асылым, лағыл әнім. Ортаға
Ерниязова Әсемайды «Менің анам» әнімен шақырамыз. Қошеметтеріңіз.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

Көшбай Халима мен Темірғали Асылымның орындауында «Жаңбыр» әнін тыңдаңыздар!

Жүргізуші: Вальс королі Шәмші Қалдыаяқовтың «Ақерке-Ақ жайық»

әнін Жолдасбаева Айнұрдың орындауында қабыл алыңыздар!


Жүргізуші: Биле-биле мың бұрала билесін

Сұлу саздың ырғағына ересің

Елтігенсің әсем әуен сазына

Биле-биле мың бұрала билесін

«Испан» биімен алдарыңызға Азиева Диана шақырамыз. Қарсы алыңыздар! 

Жүргізуші: Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Қазір сіздерге Ракишев Самрат «Мама самая лучшая» әнін орындап береді. Қошеметтеріңіз!

Жүргізуші: : Бұл дүниеден қуат алдым нұрланған,

Ғажап өмір өнегелі бұл жалған

Саған тағдыр ризамын жол нұсқап

Дидарыма шырақ жағып тұр алдан

Сахнаға өнерлі балалардың ұстазы осы әдемі кештің режиссеры Нұрлыбаева Олболсунды авторлық «Алтын арай» әнімен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар! 



Жүргізуші: Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын осымен біздің

«ӨМІРДІҢ ӨЗІ БАЛ-ШЫРЫН» мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі жақсы кеште жолыққанша аман сау болыңыздар!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.08.2018
468
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі