Кіріспе
|
Оқушылармен амандасып,
тақырыппен таныстыру.
Өмірге салауатты қадам жасау
өз өмірі үшін жауапкершілігінің маңыздылығын қысқаша
түсіндіріңіз.
Сабақтың мақсаттарын ашу,
талқылау. Оқушылардың салауатты өмір салтын
сақтау,денсаулықты күту, тазалық сақтау, зиянды әдеттер, қатерлі
дерттер, лас істерден аулақ болу және тән сұлулығы мен жан сұлулығы
жайлы пікірлерін ортаға
салу.
|
Пікір
алмасады.
|
Құндылықтарға байланысты кері
байланыс беру.
|
Тақта және
маркерлер
|
Негізгі
бөлім
|
Дүние жүзін жаулап аламын
деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты
Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған
Шыңғысхан мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп
сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар,
ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті.Демек, бойына қабылдап
алған дертін адам өзі шығарады дегендей - ақ, ұзақ өмір сүрудің
кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз. Сонау ықылым
заманнан бері адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда.
Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек:
«Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері
адамзаттың ұзақ жасауының, яғни салауатты өмір сүрудің негізгі
ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоқып жүріп
300 жыл жасайды екен. Сағатына 10м қозғалатын
тасбақа да 200 жыл өмір сүреді.
Миға
шабуыл:
Салауатты өмір сүрудің негізгі
қағидалары:
-
-дұрыс
тамақтану;
-
-зиянды әдеттерден
аулақ болу;
-
-жеке бас тазалығын
сақтау;
-
-денешынықтырумен
айналысу;
-
-оң эмоциялардың көп
болуы;
-
-қоршаған ортаның
тазалығы;
-
-күн тәртібін
сақтау;
-
-үнемі қозғалыста
болу.
Зиянды әдеттер
Ішімдік ішу, Темекі шегу, насыбай ату, Нашақорлық
Салауатты өмір салтын ұстануға бірден - бір кері әсер ететін
факторлар. Ішімдік – «этил спирті» немесе «этанол» деп те
аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді. Ішімдіктің
кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді. Ішімдік
ішу созылмалы бауыр ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына
әкеліп соқтырады. Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп
таралғаны темекі
шегу. Соның
ішінде электронды
темекіге,вейпке құмарлық. Оның зардабы: бронхит,
өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп
соқтырады. Темекі түтінінде 300 - ден астам әр түрлі
химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге
тиетін, өте қатерлі у бар. Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан
әдеттің бірі есірткіге
еліту.– бұл тажал адамның денсаулығына кері әсерін
тигізеді және жас ағза бірден үйренеді.
Қазір есірткілердің түріде
көбейге, жастар синтетикалық есірткілерді тұтынатын болған. Соңғы
зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%- ы өмірінде 1
рет болса да есірткі қолданып көрген.
Айдаһардың үш
басындай арақ, темекі және
есірткі– ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты
себептері. Есірткіге
тәуелді адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ
адамдар.
|
Ой қозғайды, пікір
алмасады
Сұрақтарға жауап
береді:
1. Деніміз сау болу үшін не
істеуіміз керек?
2. Зиянды әдеттерге нелер
жатады?
3. Спорттың, қимыл -
қозғалыстың адам денсаулығына әсері қандай деп
ойлайсыңдар?
4.Денсаулық дегеніміз
не?
5.Сен өзің үйде өз
денсаулығыңды сақтау үшін қандай жағдайлар жасап
жүрсің?
Оқушылар өз ойларын
айтады.
Әр түрлі мысалдар
келтіреді.
Оқушылар екі топ
болып
плакаттарға «Өмірге салауатты
қадам» және «Есірткіден аулақ бол!» тақырыбында суреттер
салады.
|

Топтық талқылаулар мен
презентацияларға қатысу.

Жарайсың!
|


|
Қорытынды
|
Қорытынды және
бағалау:
Сабақта талқыланған негізгі
ойларды қайталаңыз.
Желіде жауапкершілік пен
құрметті болу маңыздылығын атап өтіңіз.
Оқушыларды әлеуметтік желідегі
әрекеттері және олардың оң желілік қоғамдастыққа қалай үлес қоса
алатыны туралы сыни тұрғыдан ойлауға
шақырыңыз.
|
Оқушылар өз суреттерін
түсіндіріп қорғайды.
|
Сабақ соңында жазылған
рефлексия сапасы.
|

|