Өндіріс сабақтарында жаңа инновациялық технологиялары қолдану

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өндіріс сабақтарында жаңа инновациялық технологиялары қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
өндірістік сабақтарда инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаркент көпсалалы колледжі МКҚК

Өндірістік оқыту шебері

Байдильдаев Куаныш Маратович


ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР


Кіріспе

Қазіргі уақытта кәсіптік білім берудің оның ішінде өндірістік оқу шеберінің алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Олардың бастысы ретінде тек білімді маман даярлау ғана емес, ақпараттық қоғам жағдайында кәсіби тұрғыда шапшаң бейімделе алатын құзыретті түлекті қалыптастыруды атауға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда дәстүрлі сабақты танымдық белсенді әрекет пен жекелеген оқу әрекеттері алмастырып отыр. Оқытудың белсенді формаларын қолдану білім алушылардың жеке бастамашылдығын, дербестігін, сыни ойлауын, креативтілігін дамытатын болады. Кәсіптік білім беру барысында осындай оқытудың белсенді формаларын өндірістік оқыту сабақтарында жиі қолдану өте маңызды.

Кәсіптік  білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқыту қазіргі заман өзгерістеріне бейім терең экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, кәсіби қызметтің барлық саласында мамандарды даярлау іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Колледж түлегі жоғары деңгейде дамыған, коммуникативті-прагматикалық тұрғыдан кәсібін меңгерген, өзгермелі ортаға бейім, бәсекеге қабілетті тұлға болуы тиіс. Сондықтан, барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық инновациялық білім беру технологияларын, интербелсенді оқытуды, оқу іс-әрекетінің жаңа әдістері мен тәсілдерін белсенді қолдану – маңызды мәселелердің бірі. Колледжде өндірістік оқыту  барысында болашақ маман ретіндегі білімалушыны еңбек нарығының сұраныстарына сай қалыптастыру оқу үрдісін қазіргі білім беру талаптарына сәйкес жоспарлы және мақсатты ұйымдастырумен тығыз байланысты. Ол үшін оқыту үрдісіне жаңа және бұрын қолданылған озық тәсілдер мен бағыттарды жетілдіре енгізу қажет.  Олардың ішінде оқытудың инновациялық технологиясы айрықша орын алады.

Жобаның ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

Өндірістік оқытудағы инновациялық әдістерді өндірістік оқыту сабақтарында пайдалану білім алушыларға тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік береді, өз ойын еркін жеткізуге, білім алушылардың ұжымдасып топтасып жұмыс істеулеріне тың серпін береді. Білім алушыларға ғылыми тұрғыда ізденулеріне кеңінен жол ашады. Өндірістік оқыту сабақтарында инновациялық әдістер осы күнге дейін тәжірибе жүзінде еш жерде қолданысқа енбеген. Қазіргі заман талабына сай кәсіби білікті маман даярлау еліміз үшін басты міндет болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін теориялық сабақтармен қатар өндірістік оқыту сабақтарында неғұрлым жаңа оқыту әдістерін қолдана білу маңызды. Өйткені, Вильям Глассер өз тәжірибесінде «Біз білімнің 10%-ын оқығанда, 20%-ын тыңдағанда, 30%-ын көзбен көргенде, 50%-ын көріп тыңдағанда, 70%-ын пікір таластырғанда, 0%-ын тәжірибе жасағанда, 95%-ын басқаларды үйреткенде игереміз» деп айтып өткеніндей, өндірістік оқыту сабақтарында барынша жаңа әдістер мен жаңа технологияларды пайдалануды басты назарға алуды көздейміз. Бұл – біздің эксперименттік жобамыздың айрықша белгісі мен жаңалығы болып табылады.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Колледждердегі өндірістік оқытудағы белсенді әдістердің бірі – инновациялық технологияларЖалпы техникалық пәндердің мазмұны және пәндерді оқыту әдістемесінің ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Теориялық және өндірістік оқыту тақырыптары кәсіптік мамандыққа сай таңдалып, айырмашылықтары мен техникалық мамандық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Инновациялық технология – бұл жаңашылдыққа негізделген технология. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде оқытудың ақпараттық технологиялар жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының біріне айналып отырған жүйе болып табылады. Білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Белсенді оқыту әдістер: проблемалық әдістер; нақты жағдаяттарды талдау; жағдаят-проблема; жағдаят-баға; жағдай-иллюстрация; жағдаят-жаттығулар; семинар-дискуссия; іскерлік ойындар; дөңгелек үстелдер т.б.

Жобаның қысқаша теориялық мәні

Оқытудың инновациялық технологиялары: интерактивті оқытулар, ақпараттық технология, жобалау әдістері т.б. Соның бірі – оқытудың ақпараттық технология жүйесі. Оқытудың ақпараттық жүйесінің түрлерін енгізу бағытында оқыту әдісемесін тиімді қолдануға болады. Құзіреттілігі жоғары кәсіби техникалық мамандар даярлау жүйесінде инновациялық технологиялармен оқыту маңызды орын алмақ. Өйткені бүгінгі күні ақпараттық технологиялармен оқыту жүйесі әлемдегі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудағы ең тиімді формасы болып табылады. 

Инновациялық технологияларға тоқталсақ:

Ойын технологиясы білім алушыларды ұжымдық өзара әрекетке түсіре отырып, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Оқытудың мұндай формалары білім алушылардың білімдерін бекітуге, жинақтауға мүмкіндік береді. Тәжірибелік сабақтағы ойын формалары ойын тәсілдері мен жағдаяттар (ситуациялар) арқылы жүзеге асады. Мәселен, «Лото», «Мозайканы жинақта», «Футбол», «Аукцион», т.б. ойындарды пайдалануға болады. Қазіргі уақыт кез келген тұлғадан тауардан бастап, өмірлік жолы мен достарына дейін таңдауды жүзеге асыра білуді талап етеді. Сондықтан да «Қажетті автокөлік бөлшегін таңдай біл», «Қажетті құралды таңдай біл», «Ақауды тап», «Жағдаятты түсіндір» т.б. сияқты ойындар білімалушылардың вариативті ойлауын, мәселені шешудің бірнеше нұсқасын қарастыра білу, қажетті нұсқаларды іздеп тауып сұрыптай білу, дұрысын таңдай білу білім алушылардың сыни, креативті, тиімді, саналы ойлауын дамытады, өз мамандығын жете түсіну мүмкіндіктерін жүезеге асырады. Вариативті принцип жүзеге асырылатын оқытудың мұндай түрі білім алушылардың қателік жасаудан қорқуын, сәтсіздіктерді бақытсыздық ретінде қабылдауының алдын алады. Нәтижесінде білім алушы өзінің жасаған қателігін дұрыс шешім табудың бір ғана нұсқасы ретінде қабылдайтын болады. Бұл дағдылар білім алушыда тек пәндік дағдыларды ғана емес, өмірлік дағдыларды да қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Іскерлік ойындар – бұл әдіс білімалушылардың алған білімдерін шынайы жағдайларға ұқсас жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді, болашақ маманның белсенді шығармашылық, кәсіби және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етеді. Рөлдік ойындар білімалушыларлардың өз білімдері мен дағдыларын қауіпсіз ортада пайдаланып көруіне мүмкіндік береді. Рөлдік ойындар шынайы өмірде кездесетін проблемалар мен жағдаяттарды зерттеуге ықпал етеді. Өндірістік оқыту сабағында қандай да бір өндіріс орнының қызметі көрсетіліп, сол жағдайларға байланысты нақты әрекеттер, оқиғалар талқыланады. Бұл білім алушылардың нақты өндіріс орнында өздерінің жағдаяттан қалай шығатындығын көрсетіп береді. Бұл білімалушыларды тұлға ретінде тәрбиелейді.

Конференция-сабақ. Сабаққа білімалушылар алдын ала дайындалып келеді. Қосымша әдебиеттерді, интернет көздерін пайдалана отырып, ақпарат дайындайды. Мұндай өндірістік оқыту сабақтарында жалпы құзыреттіліктер қалыптасады: кәсіби міндеттерді тиімді шешу үшін қажетті ақпарат іздеу, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану. Жұмысқа орналасу мен кәсіби даму мәселелерін шешу үшін тек қана кәсіби білім жеткіліксіз, өндірістік қарым-қатынасты мақсатты түрде құрастыра білу, стандартты емес шешімдер қабылдау, тіпті азғантай мәселелерді жан-жақты қарастыра білу. Бұған топта ұйымдастырылып өткізілетін шеберлік кластар, кәсіби шеберлік байқаулары, жарыс сабақтары, т.б. өз үлестерін қосады. Мұндай сабақ түрлері теориямен практиканы байланыстыруға мүмкіндік береді, тақырыпты оқуға деген қызығушылықты қалыптастырады, өз мамандығына деген шығармашылықты дамытады. Жарыс сабақтар білім алушылар арасында ұжымдасу, топ алдындағы жауапкершілік, пәндік тәрбиенің негізін қалайды. Жарыс түріндегі өндірістік оқыту сабақтары білімалушыларды белсенді әрекет жасатады, жарыс сабағына даярлық ретінде үй тапсырмаларын пайдалануға болады.

Бірлесіп оқу немесе өзара оқыту технологиясында өндірістік сабақ тақырыбы бойынша жеделдетілген тапсырмалар беріледі, білімалушылар өндірістік оқыту шебері кейіпіне еніп, тәжірибелік сабақта өз тақырыбын талқылайтын болады. Мұндай жұмыс білімалушылардың үнемі қызығушылығын тудырады. Сабақтың бұл түріне дайындық жеке және бірлескен шығармашылық жұмыстардан құралады.

АКТ пайдалану әлемді танудың, сабақта мақсатқа жетудің, ақпарат көзімен жұмыс істеудің, білімалушы мен оқытушының еңбек әрекетін өздігінен ұйымдастыруы, біліктілік арттыруы, білімалушылардың жеке белсенділік аумағын кеңейту тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылады. Өндірістік оқыту үдерісінде жаңа технологияларды пайдалану жаңа педагогикалық әдістер мен тәсілдерді дамытуға мүмкіндік береді, мәселені шешудегі білімалушылардың жұмыс стилін өзгертеді, оқыту мотивациясын арттырады, пәнаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта білімалушыларда бір ғана білім алудың көзі бола алмайды, бұл өндірістік оқыту шебері де өзінің көзқарасын, әдістемесін өзгертуге итермелейді. Дәстүрлі түсіндірмелі-көрнекілік оқыту әдісінің орнын жеке, өздік, топтық жұмыс формалары алмастырды. Сондықтан да білімалушыларды түрлі оқыту формалары мен әдістерге үйрету маңызды, соның ішінде іздену-зерттеу жұмыстары аса маңызды рөл атқарады. Әдеттегі ақпарат көздері жетімсіз болған жағдайда компьютердің көмегіне жүгіну керек. Сонымен қатар медиа сабақтарды пайдалану да тиімді, көрнекі әрі мазмұнды болып өтеді. Өндірістік оқыту сабақтарында слайдтарды пайдалану дидактикалық материалдарды жиі ауыстыруға, оқу үдерісін белсендіруге, материалды жақсы қабылдауға әрі білімалушылардың мотивациясын тудыруға өз әсерін тигізеді. Қажетті материалдардың жылдам әрі мазмұнды, сызбалар арқылы берілуі олардың қабылдауын жақсартады, зейіндерін шоғырландырады, ойларын жинақтауға, материалды тұтастықта қабылдауға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар білімалушылардың өндірістік оқыту шеберімен жеке жұмысын, шығармашылықпен дамытуына мүмкіндік береді.

Проблемалық оқыту оқытуды саналы, белсенді, шығармашылық үдеріске айналдырады. Мәселен, жаңа тақырыпты меңгерткеннен кейін қателердің алдын алу үшін тапсырманы орындау барысында туындауы мүмкін қателіктерді анықтап, олардың пайда болу себептерін айқындап алуға болады. Бұл жұмыстарды «Өзіңді тексер», өзіндік бақылау, т.б. арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар арнайы пәндерді оқытуда, өндірістік оқытуда жазбаша нұсқаулық құжаттары – нұсқау картасы, технологиялық сызбаны пайдалану тиімді. Жазбаша нұсқаулық білімалушының дербес әрекет етуін, өзін-өзі бақылауын, жұмыс сапасын арттырады.

Жеке тұлғаға бағдарланған технология. өндірістік оқыту сабақтарындағы тиімді тәсілдердің бірі ретінде «өзің істе»-«өзгеге көмектес» ұстанымын айтуға болады. Әрбір білімалушы жеке тұлға, өзінің ақыл-ойы, қабылдауы, есте сақтауы, т.б. бар. Сондықтан да білімалушының әлеуетін ескере отырып, жеке жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.

Интербелсенді оқыту (топтық оқыту) мұнда шағын топтарда жұмыс істейді, орындаған тапсырмаларын өзара тексереді, тексеріп, баға қойғаннан кейін оған пікір айтады, соңында топтық қорғауға шығады. Шағын топтарда жұмыс істеуде коммуникативтік дағдыларды қалыптастырады. Басты мақсат - түсіндіру, жеткізу емес, бірлесе отырып мәселенің шешімін іздеу. Мұндай сабақ құрылымы бойынша нақты болуы керек, мазмұнды әрі тұжырымды болуы керек.

Интербелсенді әдіс кезінде:

сабақ үстінде білімалушылар мен өндірістік оқыту шеберлері арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;

ондай қарым-қатынас білімалушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

Онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады. Себебі интербелсенді оқытудың басты мақсатының өзі сол-білімалушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интербелсенді әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Интербелсенді әдістің ерекшелігі — білім алушы өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интелектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десекте болады. Интербелсенді әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:

  • олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;

  • өз пікірлерін терең ойланып, айта алатын болады;

  • мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;

  • бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;

  • шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады.

Интербелсенді әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:

1) фактілерді еске алу;

2) ойлану;

3) алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;

4) талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру);

5) баға беру (сапасын анықтау). схема

Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды, мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны электронды оқулықтарды т.б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қамтамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек. Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:

—     тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;

—     тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;

—     оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;

—     педагогикалық қолдау көрсету.

Интербелсенді оқыту-бұл ең алдымен білім алушы мен өндірістік оқыту шбереінің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

Интербелсенді оқыту-бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы.

Оқытудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:

  • тұлғаның қызығушылығын туғызады;

  • әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

  • әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;

  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

  • тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

  • тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

  • мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интербелсенді (интерактивті) оқыту кезінде білімалушының істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интербелсенді әдістермен сабақ өткізу кезінде өндірістік оқыту шебері тек кеңесші, серіктес ролін атқарады. Өндірістік оқыту шебері жаңа біліммен бірге білімалушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді.

Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді.

Өндірістік оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдердің практикалық мәні

«Дөңгелек үстел»

4-6 білім алушылар тобы талқыланып жатқан мәселе бойынша өз ойларын ортаға салады. Мұнда олар кезекпен де, кез келген тәртіппен де (таңдап алған ережелері бойынша) сөйлеуі ықтимал. Пікірталасқа берілген уақыт аяқталған соң (әдетте 4-10 минут), білім алушылар талқылаудың нәтижелерін тиянақтап,ортақ қорытынды шешім қабылдайды, өз ойларын 6 минут ішінде қағазға түсіреді (бағалау). Бірнеше топ(білім алушылар санына байланысты) бір мезгілде дөңгелек үстел шеңберінде пікірталас жүргізуі мүмкін. Бұл әдісті өндірістік оқыту сабақтарында білім алушылардың тәжірибелік тапсырманы орындау кезеңінде қолдану өте тиімді. Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, өндірістік оқыту шебері білім алушыларды топтарға бөліп, жаңа сабақ бойынша тәжірибелік тапсырмар ұсынады. Бұл тапсырмаларда білім алушыларға мақсат қоя отырып, мәселені шешу, себептерді анықтау, дәлелдеу сияқты бағыттар беріледі.

«Іскерлік оқу» ойындары

Іскерлік оқу ойындарында білім алушылар қандайда бір сценарий ауқымында рөлдерді өзара бөлісіп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп және деректерді талдау арқылы нақты практикалық мәселелерді бірлесе отырып шешеді. Оқу ойындарының сценарийлері тақырып ауқымында болып, күрделі мәселелерді ойын тұрғысынан , “ойнап” шешуге бағытталады.

Оқу ойындарында бірінші кезекте білім алушылардың қиял мен фантазиясына жол ашу керек. Бұл әдіс көбінесе өндірістік сабақта білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім дағдыларын бағалау, қорытындылау кезеңдерінде қолданылуы мүмкін. Білім алушаларға жаңа тақырып бойынша берілген сценарийге сәйкес рөлдерді таңдап студенттер алған білімдерін көрсете алады.

«Өндірістік ойындар»

Бұл әдіс ойынға қатысушылардың сан қилы (кейде тіпті бір-біріне қарама-қарсы) мүдделерін тоғыстырып, ойын аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлығын қанағаттандыратын шешім қабылдауды қажет етеді. Өндірістік ойындар әлеуметтік немесе экономикалық сипаттағы нақты бір жағдайды (ситуацияны) шешуде үйренушілердің өзара әрекеттесуін қалыптастырады (имитациялайды, модельдейді). Басты мақсаты – қойылған кәсіби мәселені (проблеманы) шешу, сол себепті де олар тиімді әрі нәтижелі шешім келтіру тұрғысынан бәсекеге түседі, жарысады. Демек, өндірістік ойын дегеніміз сабақ аумағындағы кәсіпқойлардың (кәсіпкерлердің) жарысы.

«Жарнама құрастыру» ойыны

Білім алушылар шағын топтарға 5 адамнан бөлініп, ойында тауар жарнамалау ісімен айналысады.

Кішкене қобди ішіне білім алушылардың парталарынан алынған әртүрлі заттар (автокөлік бөлшектері, құрал-саймандар, электр жабдықтары, т.с.с.) салынған. Әр топ өкілі қобди ішінен бұл заттардың біреуін суырып алғаннан кейін, берілген уақыт ішінде (8-10 минут) топ мүшелері сол затқа жарнама (мәтін, ұран немесе слоган, плакат, т.б.) құрастырып, оны қалайша қолдануға болатындықты жиналғандарға көрсетуі («ойнап шығуы») керек. Бұл әдісті өндірістік сабақтың басында, өткен тақырып бойынша білім алушылардың алған білімдерін бағалау мақсатында қолдануға болады.

«Сase-study» - таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Ол нақты ситуацияларды (жағдаяттарды) практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде кезігетін түрінде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделеді. Сол себепті де кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды.

Ағылшын тілінен аударғанда, «кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» дегенді білдіреді (бұл жерде оны «қапшық», «сөмке», «шабадан» деп аударудың қисыны жоқ). Сонда «кейс» деген сөз біздің ұғымымызда жағдаятты (ситуацияны) сипаттауды, суреттеуді білдіреді. Ол қандай да бір субъектің (мәселен, фирма, кәсіпорын, ұйым, аймақ, т.б.) тарихын (пайда болуы мен өсуі) және даму нәтижелерін сипаттайды. Ал кейс-стади дегеніміз – кейстерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын сабақтың нысаны (формасы).

«Кейс-стадидің» басты қағидасы «Ақиқатты іздену - ақиқаттың өзінен де маңызды» деп тұжырымдауға болады, өйткені бұл әдіс оқу/үйренуді іздену процесі ретінде қарастырады: оның негізін проблема шешу деп танып, талқылау мен пікірталасты, шешім қабылдауды оның басты құралдары қатарына жатқызады. Бұл әдісті өндірістік сабақтарда жиі қолдануға болады. Жаңа тақырып бойынша білім алушыларға тәжірибелік тапсырма беру кезеңінде, сондай-ақ жаңа тақырыпты бекіту мақсатында білім алушыларға әртүрлі жағдаяттық тапсырмалар бере отырып, білім алушы алдына қойылған мәсілені өз бетінше шешімін тауып, дәлелдеу.

«Джигсо» әдісі Көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды білім алушылардың өздігімен игеруге және бірін-бірі оқытуға бағытталған тиімді тәсіл.

Джигсо” деп XX ғасырдың елуінші жылдары балаларға арналып шыққан құрастырмалы ойыншықты атаған: әр бөлігін өз орнына қойғанда ғана ойыншық бүтін болып шыққан. Бұл тәсілдің басқаша да атаулары кездесуі мүмкін. Мәселен, Ресейде шығатын әдістемемлік және дидактикалық әдебиетте оны “Зигзаг”, “Ажурная рила”, “Мозайка” деп те атайды. «Джигсо» әдісін 1-курс білім алушыларының өндірістік сабақтарында жиі қолдануға болады. Мысалы, «Адасқан бөлшектер», «Тізбекті аяқта», «Сыңарын тап» сияқты әртүрлі ойындар ұйымдастыра отырып жаңа тақырып бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындата аламыз.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

  2. Кругликов Г.И. Методика профессионального обучения с практикумом: учеб.пособие для студ. высш. учеб. заведений/ Г.И. Кругликов. – 2-е изд., стер. – М.: Издательский центр «Академия», 2007.

  3. Өндірістік оқыту шебері. Есекеев Ж. К. (әдістемелік құрал)

  4. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарына қолдану. А. Әлімов  Алматы-2009ж.














































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2023
331
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі