Материалдар / Өндірістік жарықтандыру туралы жалпы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өндірістік жарықтандыру туралы жалпы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарықтандыру дегеніміз күннің жарық энергиясын және жарықтың жасанды көздерін қоршаған ортаны көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ету үшін қолдану. Адам өзін қоршаған әлем туралы ақпараттың шамамен 90% ын көру арқылы қабылдайды, сондықтан өндірістік жарықтандыру дұрыс ұйымдастыру маңызды міндеттердің бірі. Көзге көрінетін сәулеленуді жарық ағыны, жарық күші, жарықтану және ашықтық сияқты өлшемдер сипаттайды.
Авторы:
25 Қараша 2024
74
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өндірістік жарықтандыру туралы жалпы түсінік


Жарықтандыру дегеніміз күннің жарық энергиясын және жарықтың жасанды көздерін қоршаған ортаны көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ету үшін қолдану. Адам өзін қоршаған әлем туралы ақпараттың шамамен 90% ын көру арқылы қабылдайды, сондықтан өндірістік жарықтандыру дұрыс ұйымдастыру маңызды міндеттердің бірі. Көзге көрінетін сәулеленуді жарық ағыны, жарық күші, жарықтану және ашықтық сияқты өлшемдер сипаттайды.

Жұмыс орнын рационалды жарықтандыру қолайлы жұмыс жағдайының негізгі элементтерінің бірі. Жарық дұрыс түспесе немесе жеткіліксіз түссе өндірісте қауіпті, зиянды факторлардың пайда болуына әкеледі. Ең қолайлы, комфортты, жұмыс жағдайы табиғи күн сәулесінің жарығымен қамтамасыз етіледі. Көздің көру қабілетімен тікелей байланысты жұмыстарда оптимальді жағдай жасау үшін жарықтану жүйесінің есептік сипаттамасы айналадағы жарықпен үйлесуі қажет.

Интерьерді ашық түске бояу (қабырға, жиһаз, қондырғы) арқылы шағылған жарық санының ұлғаюынан жарықпен қамтамасыз ету деңгейін жарық көзінің қуатын өзгертпей-ақ 20-50% жоғарылатуға болады. Көлеңке қоюлығы азайып, шам мен заттардың бетіндегі контраст айырмашылығы азаяды да жарық ағындары бөлмеге біркелкі таралады.

Керісінше интерьер күңгірт қою түсті болса, бөлмені жеткілікті жарықтандыру үшін қуаты жоғары жарық көздерін пайдалану қажет. Күңгірт беттер жарық ағымының көп бөлігін жұтып алады. Нәтижесінде контрастты жарық көлеңкелері пайда болады да көзді тез шаршатады. Тез шаршау, қажу себебі айналадағы заттардың беті шектен тыс ашық болса да пайда болуы мүмкін. Жарқырайтын беттерден жарық шағылуы пайда болады да уақытша көру қабілетін жоюы мүмкін. Жарық шығаратын көз және айналадағы заттардың беті тым ашық, жарық болса бас ауруы, көзде ауырсыну сезімі, көру қабілеті бұзылуы мүмкін.

Жарықтың біркелкі болмауы көздің адаптациясының жиі өзгеруіне әкеледі де көз тез шаршайды. Сондықтан көру аумағындағы заттардың шағылу коэффициенті 30-60% болатын ашық тонға бояу қажет. Бөлме біркелкі ақ немесе қара, немесе түрлі-түсті жолақ болса да көзді шаршатады. Сондықтан әр бөлмеге түстік гаммалар анықталады (А, Б, В).

А түсті гамма - белсендіретін түстері бар (қызыл) адамды сергектендіретін, эмоция, қозғалыс активтілігінің жетіспеушілігін толтыру үшін қолданылады.

Б гамма - өзінің құрамына тонусты көтеретін түстерді қосады- тоқ сары, сары, жапырақ түсті жасыл түстер, адамға жан-дүниесіне әсер етуді қажет етпейтін, бірақ максимальді жұмысқа қабілеттілік, іскерлікті қажет ететін жұмыстарда қолданылады.

В гамма – тыныштандыратын көк, жасыл-көк, көгілдір. Бұл іскерлер бөлмесінде (администрация кабинеті, қабылдау бөлмелері, т.б.) қолданылады.

Түспен кейбір бөлмелердің кемшіліктерін жоюға болады. Мысалы, жылудың артық мөлшерін көк, көгілдір түстер компенсациялайды. Салқын бөлмелерде жылы гаммалар сары, қызғылт. ылғалдылықтың артық мөлшеріне ақ түс ұсынылады. Шаңды бөлмеге қанық контрастты түстер қажет шаң түсті жұтады да жұмсағырақ етеді. Бөлмеде көп адам болса, тыныш гамма қажет, шашырауды, қажуды төмендететін.

Иістерді де түспен нейралдауға болады. М: тәтті иістерді жасыл, көк, көгілдір мен ақ және қара түстер басса. Ашты, өткір иістерді жылы түстер нейтралдайды. Жарық көзін дұрыс таңдауға да көп нәрсе байланысты. Жарықпен қамтамасыз етуді гигиеналық бағалау үшін сапалық және сандық светотехникалық көрсеткіштер қолданылады.

Сандық көрсеткішке сәулелік ағындары, жарық күші, көріну, көргіштік жарықтандыру; шағылу және айқындық коэффициенті жатады.

Сапалық көрсеткіштерге фон, көру айқындығы, контраст жатады.

Көзге көрінетін сәулелену- адам көзімен қабылданатын 380-770нм. аралығындағы толқын ұзындығы диапазонындағы электромагнитті тербелісінің спектрлік аумағы.

Сәулелік ағым (Ф) - толқынның оптикалық диапазонындағы электромагниттік аумақтың сәулесін энергиясының қуаттылығы, Ватпен (Вт) өлшенеді.

Көрінетін сәулелену адам көзіне жарықты сезу бойынша бағаланатын көзге көрінетін сәулелену - жарықтық сәулеленуі деп аталады ал оның қуаты жарық ағымы деп аталады (F) жарық ағымын люменмен өлшейді (лм).

Көріну В - жарық ағымының сәулеленуге қатысты. Сәулеленудің көргіштігі адам көзінің жарық спектрінің әртүрлі құрылымына сезімталдығымен сипатталады. Әдетте жарық көзі жарық ағымын әртүрлі бағытқа бірдей шашыратпайды.

Жарық ағымының бір бағытқа шашырауын бағалау үшін жарық күші (I) қолданылады ол - жарық ағымының денелік бұрышқа қатынасы.


I=F/W (1)


мұндағы: F- жарық ағымы, W – денелік бұрыш (стерадиан ср),

Жарық күшінің бірлігі кандел (кд)=1лм/ср тең. Жарық ағымы мен жарық күші кеңістіктік өлшем бірліктер.

Заттың адам көзімен көрінуі жарық ағымының түскен беттен шағылысып көздің торлы қабығына түскен бөлігіне байланысты. Беттің айқындылығы (L) жарық күшінің (жарық шыққан бет бағыты бойынша) жарық шығарып тұрған бет проекциясына перпендикуляр қатынас.


L=I/Scosα (2)


мұндағы: I- жарық күші,

α- осы берілген бағыт пен жарық шығарылған бет арасындағы бұрыш (град), S- аудан м2.

Жарықтану көрсеткіші (Е)-аудан бірлігіне жарық ағынының тығыздығымен сипатталады, люкспен (лк) өлшенеді. 1лк жарықтану- 1м2 бет ауданындағы 1лм (люмен) жарық ағынына қатынасы.


E=F/S (3)


Фон - айыру обьектісіне тікелей жататын бет. Бетте шағылу коэффициенті 0,4 көп болса фон ашық болып саналады, 0,2-0,4 - орташа фон, 0,2 –ден аз болса күңгірт фон болады.

Контраст (К) обьектінің айқындығы мен фон айқындығы арасындағы %-дық қатынас. Контраст 0,2 дейін болса аз немесе төмен деп бағаланады. Орташа 0,2-0,5; үлкен немесе жоғары контраст 0,5 жоғары (объект пен фон бір- бірінен айқындылығы бойынша қатты ерекшеленеді). Соқырлық, көрмей қалу көрсеткіші (Р) - жарық көзінің соқырландыру көруге кедергі жасау әсерін бағалау көрсеткіші.


P=1000(V1/V2-1) (4)


мұндағы: V1- жарық көзі экранданғандағы объектінің көрінгіштігі;

V2- жарық көзі экрандалмағандағы көріну деңгейі.

Көріну деңгейі V - көру жұмысының жағдайын кешенді түрде сипаттайтын өлшем бірлігі. Ол жарықтануға, объект көлеміне, оның ашықтығына, объект пен фонның контрасттылығына байланысты болады.


Табиғи жарықтандыру


Көптеген жұмыстарды атқару үшін ең қолайлысы табиғи күндізгі жарық болып табылады. Ол жасандымен салыстырғанда биологиялық белсенділікке ие, яғни адам организміндегі биохимиялық процестерді активтейді белсендіреді, патогенді организмдерді өлтіреді.

Өндірістік бөлмелердегі табиғи жарықтандырудың келесі түрлері болады:

- қабырғалық (бір; екі; көп жақтық) - сыртқы қабырғалардағы терезелер арқылы;

- жоғарғы- төбедегі, шатырдағы жарық фонарлары арқылы;

- комбинирленген- жарық фонары және терезе.

Жоғарғы төбелік жарықтандыру негізінен қабырғалық жарықтандыру сыртқы қабырғаға жақын алаңды ғана жарықтандыратын өте кең өндірістік бөлмелерде қолданылады.Терезе жарығынан алыс жерлердегі жұмыс орнын жарықтандыру үшін, және цех бөлмелерінің табиғи желдетілуі үшін арнайы фонарлар қолданылады ол шыныланған төбе жабындысы.

Қазіргі кезде төбе жабуға арнайы мөлдір жарық өткізетін материалдар қолданады: стеклоблок, линзалар т.б.

Адамдар үнемі болатын бөлме табиғи жарықтануы қажет. Табиғи жарықтандыру деңгейі өзгеріп тұрады, күн бойына, жыл мезгілі бойынша, ауа райы жағдайына байланысты т.б.

Табиғи жарық тұрақсыздығы арнаулы көрсеткіш енгізуді қажет етеді. Табиғи жарықтандыру коэффициенті – ТЖК. ТЖК- тұрақты көрсеткіш, ТЖК-ның нормалық мөлшерлері әртүрлі жұмыс разрядтарына байланысты санитарлық нормаларда көрсетілген.

Табиғи жарықтану – бөлменің тікелей немесе шағылысқан күн жарығымен жарықтануы, терезелер, жарық саңлаулары арқылы.

Қабырғалық табиғи жарықтану – сыртқы қабырғалардағы жарық саңлаулары арқылы жарықтануы. Сонымен қатар, жоғарғы және комбинирленген табиғи жарықтану болады.

Табиғи жарықтану коэффициент бөлменің ішіндегі белгіленген жазықтағы нүктедегі табиғи жарықтанудың сол уақыттағы сыртқы горизонталды ашық аспан астындағы жарыққа пайыздық қатынасы.

Жарықтық климат – он жылдан көп уақыт кезеңі бойы күн сәулесінің тікелей түсуінен пайда болатын белгілі бір жердегі табиғи жарықтану жағдайының жиынтығы.

Жарықтық климат коэффициент – жарықтық климат ерекшелігін ескеретін коэффициент.

Климаттың күн сәулелік коэффициентті – жыл бойында күн сәулесінің шағылған және тікелей түскен сәулесінің жарық саңлаулары арқылы өткен қосымша жарық ағынын ескеретін коэффициент.

Табиғи жарықтың анализі жарық саңлауларының есептелінген және іс жүзіндегі аудандарын салыстыру негізінде жасалады.

Жарық саңлауларының ауданының есептеуі:

Жарық жоғарыдан түскенде:


Sф ℓn∙K3 ηф

100 ---- = --------------------- , (5)

Sn τ0 ∙ r2 Кф


Жарық қабырғадан түскенде:


Sо ℓn∙K3 η0∙Кзд

100 ---- = ----------------- , (6)

Sn τ0 ∙ r1


мұндағы Sф ,S0 - жарық саңлауларының ауданы м2 ;

Sn - бөлменің ауданы м2;

n - ТЖК нормалық мөлшері;

К3 - жарық саңлауларының шаңдануының коэффициенті;

η0 - терезенің жарықтық сипаты;

τ0 - жарық өткізгіштіктің жалпы коэффициенті;


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!