2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ондық бөлшек ,ондық бөлшектерді оқу,жазу

Ондық бөлшек ,ондық бөлшектерді оқу,жазу

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Білімділік: Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау 2. Дамытушылық: Белсенділіктерін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту; 3. Тәрбиелік: танымдық қызығушылыққа, жолдастық сезім, ұқыптылық, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Круглоозерный атындағы орта жалпы білім беретін мектебі










Тақырыбы: « Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті

оқу және жазу»

(5 сынып)













Өткізген: Кудабаева Назым Сапиуллаевна













5 сынып математика

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау

2. Дамытушылық: Белсенділіктерін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту;

3. Тәрбиелік: танымдық қызығушылыққа, жолдастық сезім, ұқыптылық,

мақсатқа жете білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекіліктері: слайд, жорық картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.

        • Балалар , біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: " Білім " әлемінде " Жағалау" бар, сол жағалауды құтқарып, білім алуымыз керек.

Балалар бізге бір тапсырма келді. Соны оқып, тапсырманы орындайық.

Қымбатты балалар!

Балқаш көлінің алыстағы “Ондық бөлшек” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек.

Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз!

Ендеше балалар көңіл-күйіміз қалай екен? Тамаша әлде жақсы немесе жабырқау ма?

  • Жорық қағазын көріп алайық.

ІІ. «Тренинг» айлағы Қандай математикалық амалдарды білесіңдер?

Жақшаны ашу, бөлшекті қысқарту, бөлшектерді қосу және азайту, бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру, ұқсас мүшелерді біріктіру, бөлшектерді бөлу және көбейту.

Қандай түрлендіру орындалған?

Бөлшекті көбейту, бөлшекті қысқарту, бөлшектерді қосу, бөлшектерді азайту.

ІІІ. «Біліктілік» айлағы.

ГDrawObject1 рафикалық диктант: ____- иә, - жоқ

  1. Алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшек қысқартылмайтын бөлшек.

  2. бөлшектері қысқартылмайтын бөлшектер.

  3. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады

  4. 15 минут сағаттың 1/4 бөлігі

  5. Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады.

  6. Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші.

  7. 25/44 бөлшегі дұрыс бөлшек

  8. Бұрыс бөлшек 1-ге тең немесе бірден үлкен

  9. 2/5 бөлшегі координаталық сәуледе 4/5 бөлшегінің оң жағында орналасады.

  10. Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады.

Жауабы:


Өтілген тақырыптарды есімізге түсірейік:

1. Жай бөлшектерді қосу




2. Жай бөлшектерді азайту




3. Жай бөлшектерді көбейту




4. Жай бөлшектерді бөлу




IV «Жаңа сабақ» айлағы

Сабақ тақырыбы жазылып, мақсаты айтылады. Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау;

Бөлімі онға еселік болатын сан ондық бөлшек деп аталады.

Бөлімдері 10, 100, 1000 және т.с.с болатын бөлшектерді


жазуға болады.

Оқылуы:

нөл бүтін оннан бес

Жай бөлшекті немесе аралас санды ондық бөлшек түрінде жазу үшін:

  1. Керек жағдайда бөлшектің алымындағы цифрлар саны мен бөліміндегі нөлдер санын теңестіру;

  2. Бүтін бөлігін жазу;

  3. Бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен айыру үшін үтір қою керек;

  4. Бөлшек бөлігінің алымын үтірден кейін жазу керек.

Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады.

Мысалы: 5,128, мұндағы 1, 2, 8 цифрлары –ондық таңбалары

Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болады.

Мысалы:


Ондық бөлшектер натурал сандар сияқты разрядтарға бөлінеді. Ондық бөлшектің бүтін бөлігінің разряды натурал сандардың разряды сияқты, ал бөлшек бөлімі үтірдің оң жағындағы бірінші разряд ондық үлес, келесі разрядтар жүздік үлес, мыңдық үлес, т.с.с. аталады.

Ондық бөлшектің разрядтары мына кестемен берілген:








Бөлшек


Ондық бөлшек

Бүтін бөлік



Бөлшек бөлік

.

.

.

жүздік

ондық

бірлік


Ондық үлес

жүздік үлес

мыңдық үлес

Он мыңдық үлес

Жүз мыңдық үлес

Миллиондық үлес

....



3

8

,

0

0

1

3

5





V «Есте сақта» айлағы

Тарихи деректерге тоқталу.

Ондық бөлшек орта ғасырда араб математиктерінің және олармен бір уақытта Ежелгі Қытайда пайда болған. Еуропа ондық бөлшектерді Нидерланды математигі және инженері Симон Стевин (1548-1620) 1585 жылы “Оныншы” кітабын жарыққа шығарғанда қолнысқа енгізген. Бұл кітап Еуропаға кең тараған. 1585 жылы оны автор француз тіліне аударған. Ал 1608 ж кітап ағылшын тілінде жарық көрген.

VI «Сиқырлы балықтар әлемі» Есептер шығару: ауызша №697, №698,№ 699 , жазбаша: №701, №705, №706





№701

705


VII «Демалыс сәті» балалар енді кішкене демалып алайық,

Көзге арналған жаттығу жасау

VIII «Ойлау» айлағы.

Ондық бөлшек дегеніміз не? Бөлімі онға еселік болатын сан ондық бөлшек деп аталады

Ондық таңба деген не? Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады

ІХ. Ү йге тапсырма №700, №703, №705, №706 (жұптары) «Ондық бөлшек» туралы тарихи деректер.

Х Қорытынды: «Ондық жағалауы»

Мақсатымыз қандай еді?

Сыннан өтуге не көмектесті?

Рефлексия: Көңіл күйіміз қандай?































Бағалау парағы




Оқушылар

Ауызша сұраққа

Тренинг

Біліктілік


«Сиқырлы балықтар»

Бекіту

ойлау

Жалпы

балы


Баға

1 тапсырма

2 тапсырма г.д







































































«5» - 45-50

«4» - 37-44

«3» - 30-36


Бағалау парағы




Оқушылар

Ауызша сұраққа

Тренинг

Біліктілік


«Сиқырлы балықтар»

Бекіту

ойлау

Жалпы

балы


Баға

1 тапсырма

2 тапсырма г.д







































































«5» - 45-50

«4» - 37-44

«3» - 30-36

Бағалау парағы




Оқушылар

Ауызша сұраққа

Тренинг

Біліктілік


«Сиқырлы балықтар»

Бекіту

ойлау

Жалпы

балы


Баға

1 тапсырма

2 тапсырма г.д





































































«5» - 45-50

«4» - 37-44

«3» - 30-36


17 Қараша 2018
532
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі