Қысқа мерзімді жоспар
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру
Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3 В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
№48 жалпы білім беретін орта мектебі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 25.01.18 |
Мұғалімнің аты-жөні: Уайсова З.З. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 5 «А» |
Қатысқандар саны: 18 |
Қатыспағандар саны: 18 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізіле тін оқу мақсаттары |
5.1.1.14 ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30; 5.1.2.25 бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Білім, іскерлік дағдыларды өз бетімен қолдана алу. Оқушылар ондық бөлшекті жай бөлшекке ауыстыруды үйренеді, бөліміндегі разрядтық бірліктері 10, 100, 1000- нан және т.с.с өзгеше болатын жай бөлшектерді ондық бөлшектерге ауыстыру дағдыларын, жазбасының соңында нөлдері бар ондық бөлшектердің қасиеттерін шығарады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ типі |
Жаңа сабақ |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Оқушылар:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Ондық бөлшектерді оқуды және ондық бөлшектері бар өрнектерді қолданып, айтылымды дамыту арқылы қазақ тілі пәнімен пәнаралық байланыс жүзеге асады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта, микрокалькулятор |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Жай бөлшектер, бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, ондық бөлшектердің разрядтары. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тәрбиелік және дамытушылық аспектісі |
Есептеу дағдыларын, математикалық тіл, есте сақтау, ойлау дағдыларын дамыту; Өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін, сабақта мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың әдіс-тәсілдері |
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, коммуникативтік тәсіл, дербес оқыту тәсілісаралап оқыту, ойын арқылы оқыту. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тың жоспар ланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурс тар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут |
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сипаттау: Сабаққа мотивация жасау. Мұғалім: Адамның денсаулығы — қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың — салауатты өмір салтын сақтау. Өміріміз — өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Біздің өміріміздегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? Оқушылар: Денсаулық. Сабаққа эпиграф: Есепті дұрыс шығара білу – ол суда жүзе білу, шаңғы тебе білу секілді практикалық білік. Оны тек еліктеу немесе үздіксіз жаттығулар арқылы ғана меңгеруге болады. ІІ Ойын формасында «Шапалақтаймыз, аяқты тарсылдатамыз» үй тапсырмасын тексеру. №604 есептің жауабын айтқанда дұрыс болса – алақанды шапалақтаймыз, егер жауап қате болса – аяқты тарсылдатамыз. ІІІ «Қайталау - білім анасы» сатысы. Топ басшысы тобындағы оқушыға тапсырма береді: №1, 2 тапсырмалар. Оқушылар бір-біріне тапсырмалар беру арқылы өтілген тақырыпты еске түсіреді, қайталайды. 1. Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:
4
2. Жай бөлшектердің қайсысын ондық бөлшек түрінде жазуға болады? (ауызша)
№3. Бос орындарды толтыр. 20,4 - жиырма_________ ___________төрт 3,05 - ______________ _____________бес 0,008 - __________ бүтін ___________сегіз 82,06 - _____________бүтін________алты 7,0003 - ________ бүтін ___________үш 0,02 - _________ бүтін, жүзден _________ |
Презентация, Слайд 1-2
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5-8
Слайд 9-10 Слайд 11 Слайд 12 Слайд 13 Слайд 14 Слайд 15 Слайд 16 Слайд 17 Слайд 18 Слайд 19 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 20 минут Сабақтың соңы 10 минут |
Жаңа білімді меңгеру кезеңі.
Мысалы, 1,7 =
1 Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін: 1) бөлшектің бүтін бөлігін өзгеріссіз қалдырады; 2) алымына үтірден кейін тұрған сан жазылады; 3) бөліміне бір цифры мен үтірден кейінгі цифрлар санына тең нөлдер жазылады; 3) бөліміне бір цифры мен үтірден кейінгі цифрлар санына тең нөлдер жазылады;
Оқушылар жай бөлшектерді
салыстырады 0,7; 0,70; 0,700 сандарын салыстыруды ұсыныңыз. Қандай заңдалық байқадыңыз? Бұл бөлшектердің қандай қасиеттері бар? Осы заңдылықты ереже түрінде жалпылаңыз. Мұғалім оқушылардың ой жұмысын «Егер ондық бөлшектің соңына нөлді тіркесе немесе алып тастаса, онда берілген бөлшекке тең бөлшек шығады» тұжырымына бағыттайды.
Класта шығарылатын есептер: №608 (ауызша), 609 (ауызша), 611 (тақтада орындау) Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар: №1, №2. Витаминдер, жөтелге қарсы пастилкалар, суық тиюден және тұмаудан сақтануға арналған ұнтақтар, БАД-тар т.б.-дың құрамындағы белсенді заттар мөлшері ондық бөлшекпен берілген, жай бөлшекке айналдыру. Адамдар не үшін қолданатынын түсіндіру.
№3. Өрнектеңіз: метрмен: а) 5 м 32 см; б) 6213 см; в) 47 см; Өрнектеңіз: тоннамен: а) 450 кг; б) 2 тонна 107 кг; в) 1325 кг Өрнектеңіз: килограммен: а) 6137 г; б) 145 г; в) 30009 г. Дене тәрбиесі минуты. Білімді бекіту кезеңі. Топ басшылары тапсырмаларды орындайды, түсіндіреді. №4. Ондық бөлшекті аралас сан және жай бөлшек түрінде жазыңдар.
№5. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жаз және салыстыр:
Сабақты қорытындылау. - "Ондық бөлшек" дегеніміз не? Ондық бөлшек – бөлімі 10 санына еселік болатын бөлшек. - Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болады? - Қандай жағдайда жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болмайды? Үй тапсырмасы: §32, №610, 613
Оқушыларды бағалау.
Рефлексия «Жетістік шыңы» сатысы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 10 минут |
Сабақты қорытындылау. - "Ондық бөлшек" дегеніміз не? - Ондық бөлшек қайда қолданылады? - Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болады? - Қандай жағдайда жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болмайды? Үй тапсырмасы: 3.Өрнектеңіз:
Рефлексия «Жетістік шыңы» сатысы
|
Слайд 18-33 Слайд 34 Слайд Слайд 36 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз


















