Материалдар / «Өнегелі оқушы» зияткерлік сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Өнегелі оқушы» зияткерлік сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа туған халқының замандар бойы қалыптасқан салт – дәстүрімізден қол үзіп қалмауын, тарих қойнауында жатқан мағлұматтарды зерделеу, оны болашақ игілігіне жарату. Жөргегінен ұлттық мәйекпен жарытып, ұлттың өзіндік мінез, өзіндік сана, өзіндік даналық қалыбын қалыптастыратын салт - дәстүрге ден қоюға бағыттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2022
353
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

ФИЛИАЛЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫның ОҚУ - АҒАРТУ

МИНИСТРЛІГІ

Shape1 Білім кешені

2022 жылдың 15-ауысымы

«Top Leaders» республикалық белсенділердің жиыны «Өнегелі оқушы» зияткерлік сайысының сценарийі

Жауаптылар:

Қамбарова Г. М. – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Худайбергенова Г. Б. – биология пәнінің мұғалімі Мыңбай А. А. - биология пәнінің мұғалімі

Оралбаев Б. С. – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі


Өткізілу орны: «Балдәурен» РОСО, акт залы Өткізілу уақыты: 24. 11. 2022 ж. сағат 20.00 Ұзақтығы: 1сағат Қатысушылар: ауысымның қатысушылары, қонақтар, мұғалімдер.

Мақсаты: Өскелең ұрпаққа туған халқының замандар бойы қалыптасқан салт – дәстүрімізден қол үзіп қалмауын, тарих қойнауында жатқан мағлұматтарды зерделеу, оны болашақ игілігіне жарату. Жөргегінен ұлттық мәйекпен жарытып, ұлттың өзіндік мінез, өзіндік сана, өзіндік даналық қалыбын қалыптастыратын салт - дәстүрге ден қоюға бағыттау.

Міндеттері:

  • балалардың қазақ дәстүріндегі қалыптасқан әдет – ғұрыптарға деген ойларын кеңейту;

  • жеке тұлғалық шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • білімге деген, жауапкершіліктерін арттыру;

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, микрафон
Дайындық жұмысы:

  1. Әдебиетпен, ақпаратпен жұмыс.

  2. Оқушылармен жұмыс

  3. Сценарий жазу.

  4. Қажетті жабдықтарды дайындау.

Жүргізуші: Қамбарова Г. М.

Іс-шараның барысы:

(видео ролик көрсетіледі, фанфар ойналады, жүргізуші шығады)

Жүргізуші: Қайырлы кеш, қымбатты балдәурендіктер мен қадірлі қонақтар! Жүргізуші: «Өнегелі оқушы» атты зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Жігерлентіп жастарды,

Міне ойын басталды.

Білім жолын нұрлантып,

Бағындырмақ асқарды. - дей келе, "Өнегелі оқушы" ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір ұстаз сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс... сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, міне, біздің де оқушыларымыз сайысқа түскелі отыр.

Ендеше сайысқа қатысқалы отырған оқушылармен таныс болыңыздар.

1. Бақыбаева Динара

8 «Ә»

Ақтөбе облысы

2. Қапалбаев Жалғас

8 «Ә»

Шымкент қаласы

3. Сәкенқызы Аягөз

9 «А»

Қызылорда облысы

4. Ерғали Дильназ

9 «Б»

Жамбыл облысы

5. Дәулет Нұрай

9 «Ә»

Жамбыл облысы

6. Жолдас Берік

9 «В»

Түркістан облысы

7. Мамангелді Бибінұр

9 «Г»

Түркістан облысы

8. Қабылбек Аяулым

9 «Ә»

Түркістан облысы

9. Ниеталиева Сымбат

8 «Г»

Түркістан қаласы

10. Снасап Ақниет

9 «Б»

Қызылорда облысы

11. Бейбіт Айназым

8 «А»

Қызылорда облысы



Ендеше сайыстың бөлімдерімен танысайық.

1. «Салт-дәстүрім, асыл - қазынам » 2. «Білгенге маржан» 3.«Ғажайып жетілік» 4. «Сөз мәйегі - мақал» 5. «Кім жүйрік?»

Жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады, Нақты білім, терең ой сыналады Баға берер әділ қазы ортамызда Сіздерге құрметпен қол соғады, дей келе, бүгінгі әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

(Әділ – қазылар алқасымен таныстыру)

1. Білім кешенінің меңгерушісі: Божанова Гүлнар Әбдіхалыққызы.

2.Орталықтың әдіскері әрі ауысым кураторы: Аманжолова Айгүл Бахадырқызы

Сарапшыларымызбен таныс болсаңыздар «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» деп аталатын бөліміне кезек берсек.

Слайд 1

Ойын ережесі: Бұл бөлім бойынша сайысқа қатысушы әрбір үміткерлерімізге салт-дәстүрімізге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтарға толық жауап берулеріңіз керек, яғни салт – дәстүрлеріміздің мән – мағынасын ашып айтуларыңыз керек. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі.

1. «Қыз ұзату» дәстүрі 2. Бел көтерер (ғұрып). 3. «Өлі – тірі» (дәстүр). 4. Есік ашар (дәстүр). 5. Бесікке салу (салт) 6. Тыштырма (дәстүр). 7. Бәсіре (дәстүр). 8. Ерулік (дәстүр) 9. Қалжа жегізу. 10. Тұсау кесер (салт).

Слайд№2

Жүргізуші:

Білімінің ұшқырлығын танытып сен, Асып тасып, асықпа, қалыспа сен. Уақыт деген зымырап, зулап өтер, Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – деп, «Білгенге маржан» деп аталатын 2 бөлімді бастаймыз.

Ойын ережесі: Сіздерге экранда 2 профиль ұсынылады, яғни «Ұлттық киімдер және аспаптар», «Ұлттық спорт және музыка». Әр профильде 7 сұрақ бар. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Ойыншыларымызға сәттілік!!!

1 профиль: «Ұлттық киімдер және аспаптар»

1. Аяқ  киімнің бір түрі, оны былғарыдан тігеді. Қонышы астарланып тігіледі. Бұл - әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Бұл аяқ киім қалай аталады?

Жауабы: Мәсі

2. Қазақ  әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Ақ матадан тігіледі. Орта жастағы әйелдер, әжелер киеді. Тек адамның бет-әлпеті ашық тұрады. Бұл бас киім қалай аталады?

Жауабы: Кимешек

3. Домбыраның құрылысын атаңыз?

Жауабы: Басы, құлағы, пернелері, мойны, ішегі, ойығы, тиегі, шанағы, түймесі.

4. Екі ішекті ыспалы музыкалық аспап. Бұл аспап Қорқыт ата дәуірінен бері сарыны үзілмей келеді. Бұл қандай аспап?

Жауабы: Қобыз

5. Қазақ тұрмыс салтында ежелден бар, жылқының тұяғынан жасалған музыкалық аспап. Бұл аспапты қазіргі кезде ансамбль мен оркестрде кеңінен қолданады? Қай аспапты сипаттап тұр?

Жауабы: Тұяқтас

6. Қазақтың музыкалық үрмелі аспабы. Пішіні: жұмыртқа пішіндес, саздан жасалады. Бұл қандай аспап?

Жауабы: Сазсырнай

7. Суретте берілген қазақтың ұлттық аспабы қалай аталады?

Жауабы: Шертер

II профиль: «Ұлттық спорт және музыка»

1(Экранда күй орындалады). Сіз тыңдаған күй қалай аталады және кім орындайды? Жауабы: Құрманғазының күйі «Адай» 2.Ұлттық ат спорты ойыны, 300-400 м қашықтықта орналасқан, ипподром жолдарында өткізіледі. Мәреге бір-бірінен 10 м аралықта алыстатып, қойылған екі жылжымалы жалау тігіледі. Қуып жеткен жағдайда жігіт берілген шартты орындайды. Жауабы: Қыз қуу 3. Қазақтың «вальс падишасы» атанған композиторды атаңыз. Жауабы: Шәмші Қалдаяқов

4. (Экраннан күй тыңдалады). Сұрақ: Сіз тыңдаған күй қалай аталады?

Жауабы: Құрманғазының күйі «Балбырауын»

5.Қазақ халқының көне ойындарының бірі. Ойын соғыс кезінде пайда болды. Аттың үстінде шауып келе жатып, қару – жарақ және тағы басқа заттарды іліп әкетіп отырған. Ойын негізінен ептілікке, батылдыққа, ат үстінде дұрыс отыруға, жылдамдыққа үйретеді.

Жауабы: Теңге ілу

6.Ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма – қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы қалай аталады?

Жауабы: Айтыс өнері 7. (Экраннан күй тыңдалады). Сұрақ: Сіз тыңдаған күй қалай аталады? Жауабы: Ә. Желдібаевтың күйі «Ерке сылқым».

Слайд № 3 Жүргізуші: Ендеше, «Ғажайып жетілік!» деп аталатын 3 – бөлімді бастаймыз.

Ойын ережесі: Әр ұяшықта қазақтың киелі 7 санына байланысты сұрақтар берілген. Сұрақтарға толық жауап берген жағдайда 15 ұпай еншілей аласыздар. Ескерту: осы бөлімнен соң, ұпайы аз 4 оқушымен қоштасамыз.

1-ұяшық: 7 күнді ата Жауабы:
Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына 2-ұяшық: 7 амалды ата. Жауабы:
1. Күннің тоқырауы
2. Қарашаның қайтуы
3. Үркердің батуы
4. Мұздың қатуы
5. Киіктің матауы
6. Қыс тоқсан
7. Ай тоғамы
3-ұяшық: 7 ғалам ата. Жауабы:
1. шығыс
2. батыс
3. оңтүстік
4. солтүстік
5. аспан
6. жер
7. жер асты
4-ұяшық: 7 атаны ата

Жауабы:
1. бала
2. әке
3. ата
4. арғы ата
5. баба
6. түп ата
7. тек ата

5-ұяшық: 7 жоқты ата

Жауабы:
1. Жерде өлшеуіш жоқ
2. Аспанда тіреуіш жоқ
3. Таста тамыр жоқ
4. Тасбақада талақ жоқ
5. Аллада бауыр жоқ
6. Аққуда сүт жоқ
7. Жылқыда өт жоқ

6-ұяшық: 7 қазынаны ата

Жауабы:
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы

7-ұяшық: 7 жұтты ата

Жауабы:
1. Құрғақшылық
2. Жұт /мал қырылу/
3. Өрт
4. Оба /ауру/
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала

8-ұяшық: 7 қат көкті ата

Жауабы:
1. Ай
2. Күн
3. Шолпан
4. Есекқырған /Юпитер/
5. Қызыл жұлдыз /Марс/
6. Сатурн
7. Меркурий

9-ұяшық: 7 жетекшіні ата

Жауабы:
1. Адамның басшысы – ақыл
2. Жетекшісі – талап
3. Жолаушысы – ой
4. Жолдасы – кәсіп
5. Қорғаны – сабыр
6. Қорғаушысы – мінез
7. Сынаушысы - халық

10-ұяшық: 7 жетім ата

Жауабы:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу – қазсыз көл жетім,
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.

Ал, енді 3 – бөлімнің қорытынды ұпайларын әділқазылар алқасынан сұрап өтсек.

Слайд№4 Жүргізуші: Ендеше, «Сөз мәйегі - мақал» деп аталатын 4 -<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!