«Өнер – тәрбие тетігі, спорт – денсаулық кепілі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өнер – тәрбие тетігі, спорт – денсаулық кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
айлық іс-шараға «Өнер – тәрбие тетігі, спорт – денсаулық кепілі»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өнер – тәрбие тетігі, спорт – денсаулық кепілі»

Мектебімізде «Спорт және өнер» атты бірлестігіміздің жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылының 1-30 желтоқсан аралығында «Өнер – тәрбие тетігі, спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында айлық іс-шарасы өтілді.

Айлық іс-шара барысында оқушыларға іс-шара жоспары таныстырылып, бірлестік жетекшісі Л.Абсатова баяндама оқыды. Арнайы тақталарға оқушыларға арналған викториналық сұрақтар, сөзжұмбақтар ребус түрлі тапсырмалар ілінді.

Бекітілген жоспарға сәйкес пән мұғалімдері, бірлестік мүшелері А.Нусербаев «Бұйымды көркемдеп күйдіру Безендіру», Л.Абсатова мен А.Тасболатова «Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу» , дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ә.Байтілеу, Е.Оспанов, Б.Пошанов, Е.Айтбай, Қ.Амирешов ағайларымыз «Баскетбол. Ойынның жалпы ережелері», «Қазақтың ұлттық ойындарын дамыту», «Гимнастикалық құралдарға орындалған тапсырмалар», «Қазақтың ұлттық ойындары . Асық ату және бес тас ойыны» ашық сабақтарын өткізді.

Сыныптан тыс іс-шараларға байланысты «Сағындырған Тәушен апа» бағдарлама .Оқуға құштар аясында іс-шараларын көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Тасболатова мен мектеп кітапханашысы Ж.Сейділдаева апайларымыздың ұйымдастырылуымен өткізілді.

«Тәуелсіз еліміздің ұрпағы» концерттік бағдарламаны музыка пәнінің мұғалімі Н.Абдиров ағайымыз жоспарлап, өткізді. Концерттік бағдарламаға 5-6 сынып оқушылары Тәуелсіздік туралы өлеңдерін айтып, нәтижесінде 1- орынды Серікбай Нұржамал иеленсе, 2-орынды Марат Мөлдір иемденсе , ал 3- орынды Мықтыбай Әдемі алды.

«Менің елім –Қазақстан» сурет салу сайысы. Қолөнер бұйымдарын жасау көркем еңбек пәндерінің мұғалімдері Л.Абсатова мен А.Тасболатовалар көрме өткізіп, нәтижесінде 10 сынып оқушысы Төрехан Фатима керемет сурет салғандығымен көзге түсті.Қолөнер жасаудан 7 сынып оқушысы Ердеш Гүлсезім асқан шеберлікпен жақсы жасағандығы анықталды

13 желтоқсан күні «Ұландар ұрандатқан бір заман-Тәуелсіз ел ұрпағына аманат» тақырыбында, мектебімізге Ғ. Мұратбаевтың есімі берілуіне 50 жыл толуына орай өткен футболдан аймақтық жарыс өткізілді. Аймақтық жарыстан Ғ.Мұратбаев шжжо мектебі І-орын алғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.Сонымен қатар 7 сынып оқушылары Мұхтар Нұрсаят «Үздік қақпашы», Жүмәлі Еркебұлан «Үздік шабуылшы» алғыс хатымен марапатталды.

«Өнер – тәрбие тетігі, спорт – денсаулық кепілі» атты айлықты мұғалімдер және оқушылар арасында қорытындыланды

Айлық барысында белсенділік танытқан оқушыларға сыйлықтар берілді.

Абсатова Лаура Умирхановна

«Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы

орта мектебі» КММ –сінің көркем еңбек пәнінің

мұғалімі, «Спорт және өнер» пән әдіс бірлестігінің

жетекшісі











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2023
400
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі