"Өнерліні өрге өрлеткен өнер мектебі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өнерліні өрге өрлеткен өнер мектебі"

Материал туралы қысқаша түсінік
өнер ордасында қызмет ететін ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Өнерліні өрге өрлеткен өнер мектебі»«Өнер –адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы». Шын дарын өнер жолында өз орнын таба алады. Күш, жігер ,ақыл мен қайрат – бұлар өнердегі шыдамдылыққа жетелейтін асыл қасиеттер.(Б.Момышұлы)

Өнер – сұлулық, тазалық пен адалдық. Осындай тұп-тұнық кәусар бұлақтың тұнығына бас қойған балалар бүгінде Майқайын өнер мектебінде білім алып жатыр. Нәзіктікке, сезімталдыққа баулитын бұл киелі шаңыраққа 56 жыл. Ширек ғасыр ішінде аталмыш өнер ордасы аудан көлемінде емес, республика деңгейінде танылып үлгерді. Осы уақыттың ішінде бұл мектеп кент тұрғындарына өзінің қуанышы мен мейірімділігін сыйлап келеді. Әр баланың бойындағы басталып келе жатқан шығармашылығын оятып, оны еңбекке баулып, табиғатты сүюге, ән мен биге, қоршаған әлемге деген көзқарастарын қалыптасып, шығармашылықта алғашқы қадамын жасауда Майқайың өнер мектебінің берері көп. Өнерлі өнер ордасынан тәмамдаған шәкірттер қазіргі таңда көбі консерватория мен колледждерге түсіп, білімдерін шыңдауда. Көбі мәдени ошақтармен өнер саласында қызмет етіп келеді. Мектеп ұстаздары өз шәкірттеріне білімін шыңдауда талмай еңбек етіп жүрген білікті мамандар. Осы уақыт аралығында 200-ге жуық оқушы өнер мектебін бітіргені жөніндегі куәлік алса, 30-дан аса түлек осы сала бойынша жұмыс жасауда. Өнер мектебінде қазіргі таңда 9 бөлімде 210 оқушы дәріс алуда. Өнер мектебі тек шәкірт тәрбиелеп қана қоймай жаңа келген жас ұстаздарды да қанаттандырып тәжірибеден өткізуде. Еңбек жолын осы мектептен бастаған жас ұстаздар қазіргі таңда еліміздің басқа аймақтарында абыройлы қызмет етуде. Ал қарт ұстаздар осы мектептен зейнеткерлікке щыққанымен «Алтын шыққан жерді белден қаз» дегендей әлі де ұстаздарға ақыл кеңесін айтып, ақ батасын беруден жалыққан емес. «Шын жүйріктің шабысы дүбірлі дода өткен сон естіледі» дегендей мектеп ұжымының атқарған еңбегі әр уақытта елеңіп келеді. Мектеп ұстаздарын еңбекке құлшындыратын күш ол туған жерге деген шексіз құрмет болса шәкірттерді өнерге ынтық ететін күш ұлттық өнеріміздің зерделеп зердеп қашатын күн сәулесіндей сұлулығы болса керек. Шәкірттердің балғын үндерінен бозторғайдың әсем шырылы естілсе, билерінде бір жіпке тізгендей сиқырлы ырғақ бар. Сондықтан Майқайың өңірінде бүгінге дейін үзілмей келе жатқан табиғи таланттар өнер мектебінен бастау алғаны ақиқат.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2019
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі