-
Автор аты-жөні: Карабалина Диана Адилевна
Ғылыми дәрежесі: 4 жыл
Біліктілік санаты: педагог-модератор
Жұмыс орны: «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ.
-
Мақала атауы: Өнертапқыш тапсырмаларды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру.
Название статьи: Формирование творческих способностей учащихся с помощью изобретательских задач.
Title of the article: Formation of creative abilities of students with the help of inventive tasks.

ФИО автора: Карабалина Диана Адильевна
Full name of the author: Karabalina Diana Adilevna
ӨНЕРТАПҚЫШ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Карабалина Диана Адилевна
«Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Андатпа
Автор мақала шеңберінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту өнертапқыштыққа апаратын жол деп баяндайды. Алдымен танымдық қызығушылықты дамыту аясында шәкірттерін қалдықтан жаңа зат жасауға бағыт беріп, бағыттаушы рөлін атқарған. Әр аяқталған жұмыс соңында оқушыларды саралауға үйреткен. Сабақ барысында мақсатқа сай берілген тапсырмаларды топпен, жұппен, жеке жұмыс жасау арқылы өнертапқыштыққа баулыған. Оңтайлы тәжірибесінде жаңа технологияны тиімді қолдана білгені анық көрінеді. Сонымен қатар сабақта ойын арқылы оқушының логикалық қабілетін, белсенділігін, қызығушылығын арттырады. Өнертапқыштыққа бағытталған ойын барысында ізденімпаздығы, коммуникативті құзыреттілігін артады, шығармашылық қабілеті дамиды. Сабақ оқушының ақыл-ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі деп ой түйеді. Бұл пән еңбекке, ізденімпаздыққа үйретеді деп оңтайлы тәжірибесімен бөліседі.
Түйін сөздер: шығармашылық, өнертапқыштық, әдіс-тәсілдер, оңтайлы тәжірибе, қолөнер.
Аннотация
Автор в рамках статьи рассказывает, что развитие творческих способностей школьника-это путь к изобретательству. Сначала в рамках развития познавательного интереса он играл роль проводника, направляя своих учеников на создание нового предмета из остатка. В конце каждой завершенной работы учащихся учили дифференцировать. Во время занятий целенаправленно выполняли поставленные задачи, работая в группах, парах, индивидуально. В оптимальной практике ясно видно, что он умел эффективно применять новые технологии. А также повышает логические способности, активность, интерес ученика через игру на уроке. В процессе игры, ориентированной на изобретательность, повышается любознательность, коммуникативная компетентность, развиваются творческие способности. Предполагается, что урок будет проводиться в игровой форме, без нагрузки на ум учащегося. Он делится оптимальным опытом, что дисциплина учит трудолюбию, любознательности.
Ключевые слова: творчество, изобретательность, методы, оптимальная практика, рукоделие.
Annotation
The author says in the article that the development of a student's creative abilities is a path to invention. At first, as part of the development of cognitive interest, he played the role of a guide, directing his students to create a new subject from the remainder. At the end of each completed work, students were taught to differentiate. During the classes, we purposefully completed the tasks set, working in groups, pairs, individually. In best practice, it is clear that he was able to effectively apply new technologies. It also increases the logical abilities, activity, and interest of the student through playing in the lesson. In the process of a game focused on inventiveness, curiosity, communicative competence increases, and creative abilities develop. It is assumed that the lesson will be conducted in a playful way, without loading the student's mind. He shares his best experience that discipline teaches hard work and curiosity
Keywords: creativity, ingenuity, methods, best practice, handicraft.
Кіріспе
Жаңаша оқыту үрдісінде «Көркем еңбек» пәнінің басты міндеттерінің бірі оқушыларды іс-әрекет барысында өнер шығармаларымен таныстыру арқылы олардың құндылық бағыттарын қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеткке сүйене отырып, көркем еңбек сабағында оқушыларды өнертапқыштық тапсырмалар арқылы шығармашылығын дамыту басты парызымыз болып саналады. «Көркем еңбек» пәнінің мазмұнында жаңа заман талабына сай дизайн, витраж, мозайка өнерлері енгізілген. Бағдарламадағы ортақ тақырыптар жалпы материалдар, түстану, сурет, композиция, сәндік-қолданбалы өнер, сонымен қатар көркем бұйымдар жасау тәсілдері мен жолдары қарастырылатын білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған болып келеді. Жаңартылған білім беру аясында дүниеге келген «Көркем еңбек» пәнін оқытуда білім беруде оқушылардың қалай «білім алуды үйрену» керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, зерделі, дамыған шығармашыл тұлға болу қағидасын ұстану қажет. «Көркем еңбек» оқулығы терең білім алуға негізделген. Оқушылар әрбір тақырып бойынша тек білім алып қана қоймай, өнертапқыштыққа үйренеді. Ол үшін материалды мұқият түсінуі керек.
Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар оқушыларды ойланып, сұрақтарға өз беттерінше жауап іздеуге ынталандырады. Жаңа матералды түсіндіргенде, оқушылардың жұмыстарын таныстыру барысында, тақырып бойынша қорытынды жасағанда да бұған ерекше мән беремін. Өзімнің тәжірибемде жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудыратынын байқадым. танып білуге, өзін қоршаған орта туралы түртіп алып, дәлелдеп айтады. Сол сияқты, ақпараттық технология аясында геометриялық фигураларды, түс, өң т.б. тануда, оқушыға өнер, ғылым, білім негіздерінің бәрінен бағдар беруге мүмкіндігі мол. Сабақ оқушының ақыл-ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі. Оқушылардың логикалық ақыл-ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі қажет. Бұл – сабақтың тартымды болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя, тез ұғып алады. Иә, "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" демекші, білім беруде басты мерейлі мақсатым жаңа білім беру мазмұнында – жаңалыққа жаны құмар, іскер оқушыны қалыптастыру.
Осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді? Бұл сұрақ әрбір педагогті толғандырары сөзсіз. Қазіргі таңда менің рөлім «үйретуші мен білім көзі» емес, «үйрену процесін ұйымдастырушы»,«менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы». Бүгінгі өркениетке бет бұрған ақпарат заманында көркем еңбек сабағында терең білімді, білікті, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға тәрбиелеу менің басты парызым. Еңбектену арқылы жолдасымен, ұжыммен ынтымақтастық қарым-қатынасы нығая түседі. Яғни, бірлескен жұмыс арқылы, бірі-бірімен достығы күшейе түседі. Өнертапқыштық бұл сабақ барысында дамиды. Шығармашылық ізденуге жол ашады. Әсіресе, белсенді оқу әдістерін қолданғанда оқушылардың ізденімпаздығы арта түседі. Сондықтан әр түрлі әдістер арқылы оқушыларды өнертапқыштыққа баулуда бұл пәннің маңызы зор. Мысалы, өнертапқыш оқушы ою-өрнекті де жаңаша жаңғыртып, өмірмен байланыстыра біледі. Біріншіден, топпен жұмыс тиімді, болса екіншіден жұппен жұмыс та өз жемісін береді. Сондықтан әр тапсырма өнертапқыштыққа бағытталуы тиіс.
Әдістеме
Мектепте көркем еңбек сабағының көздегені - оқушыларды келешекте іскерлікке, шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашу. кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Көркем еңбек пәні - жеке адамның дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы өз қабілетін, ұлттық дәстүрлері мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пән. Оқушының ұлттық, тұлғалық, әдеп пен эстетикалық дамуына, кәсіп таңдауына, қазіргі өнертапқыштық жағдайларға бейімделуіне жол ашады. Көркем еңбек сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. «Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру. Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік. Көркем еңбек пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, оқушының жаңа материалды толық игеруіне баса назар аударудамыз. Бұл жаңа технологияларды негізгі үш топқа бөліп қарастыруымызға болады: Ойындық технология – мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады. Жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: іскерлік, рөлдік, оқиғалық және білімдік ойындар. Коммуникативтік технология – мүмкін болған барлық ақпарларды қатыстыра отырып, оқу үрдісі оқушының өзара белсенді әрекетіне, қатынасына құрылады. Жетекщі әдісі – қарым-қатынас. Оны ұйымдастыру түрлері: өзара, жұптық, топтық оқу т.б. Зерттеу технологиясы – проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіби, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет.
Мәселен, модульдік оқыту технологиясы. Тігін бұйымдарын модельдеу. Модульдік оқыту технологиясы – оқушыларға жеңілдік жасап, оқушы мен мұғалім қарым-қатынасына теңдік жағдай жасап, оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баланы баулап, алып кету. Оқушыларды мектеп кезеңінен қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. Әр пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірмен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау. Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс - әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі - шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін оқушы берілетін білім сабақтастықты қажет етеді. Мысалы, тақырыпқа орай айналадағы табиғатты адамдардың, жануарлардың сыртқы пішініне қатысты сипаттама жасай отырып, оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына әсер етеді, яғни оқушы ізденеді, талаптанады, ойланады. Сонымен қатар қайталау сабағында бейнелеу түрлерін көбірек пайдалану, оқушыға ұсынылған өнертапқыштыққа бағытталған тапсырмалар да шығармашылық қабілетті арттырады. Заманауи үлгідегі тапсырмалар оқушының танымдық белсенділігін дамытып, шығармашылық әрекетін қалыптастыруға негізделеді. Оқушы тақырыпты меңгергеннен кейін ойын жүйелеп, жұмыс жүргізуде, тапсырманы орындауда ойлау қабілетін жетілдіре түседі.Оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет. Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі күні инновациялық әдістермен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Оқушы алған білімін өмірде қолдана білуі шарт.
Сондықтан әр тапсырманы өмірмен байланыс жасап отыру аса маңызды. Көркем еңбек пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған бірнеше жұмыс түрлерін атап өтсем, Кусудума бұл оргамиді ешқандай қайшы,желімсіз, қағазды бүктеу арқылы орындалатын бұйым. Квиллинг қағаздан спираль жасау арқылы, оқушылардың өз қиялдарына байланысты түрлі композицияларды орындау. Дәнді-дақылдарды бояу, жапсыру арқылы түрлі композицияларды құрастыру, әр түрлі материалдарды қолдану арқылы өз композициясын ойлап табусияқты тапсырмалар өнертапқыштыққа баулиды. Себебі осы бағытта жұмысты оқушы шығармашылықпен ынталы жасай отырып, өз бетінше ізденеді, талдайды, болжайды. Нәтижесінде ойын жинақтап қорытынды жасап, өнер ойлап табуға ұмтылады. Бұл пәннің ерекшелігі еңбекке тәрбиелеп қана қоймайды, жаңалыққа құмар жеке тұлға тәрбиеленеді. Инновациялық әдіс-тәсілдерд тиімді қолдану шығармашылыққа апаратын жол.
Практикалық жұмыс
Қазіргі уақыт талабына орай негізгі міндетім – оқушылардың бойында шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлай білетін қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларға жаңалықтар аша білуді және іздену шығармашылығына бағытталған оқу процесін қалай құруға болады? Бұл жерде маған көмек ретінде технологияның сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тәсілдері, шығармашылық жұмыс барысында қолданатын элементтер келеді. Шығармашылық тапсырмалар негізінде оқушылардың танымдық қабілеттері, шығармашылық ойлау, өздігінен құрай білу, ақпараттық кеңістікке бейімделе білу, сыни тұрғыдан ойлай білу қабілеттері жатыр. Ақпараттарды іздеу. Өнім. Презентация. Өзәмнің тәжірибемде оқушыларға өнертапқыштыққа бағыттайтын тапсырма беру барысында мен оқушылардың жекелеген оқыту түрлерін ғана емес, сондай-ақ топтық жұмыс түрлерін де қолданамын. Топтық жұмысқа қатысушыларды іскери бағытпен, қарым-қатынаспен, сыныптастарын жақсы қырынан тану, өзін солармен салыстыру, өзіндік бағалау шеңберін ұлғайту жағымен қызықтырады. Мысалы: «Жеңіл көйлек тігу» тақырыбын өткен кезде «Түсіну деңгейі»топқа сұрақтар жазылған көйлек мозайкалары таратылады,оқушылардың өз білетіндерін еске түсіріп, жаңа тақырыпқа дайындық жұмысы жүргізіледі. «Қолдану деңгейі» бойынша әр топ көйлектің бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырып, оқушылар «Топтастыру стратегиясы» арқылы постер қорғады. І - топ ұлттық көйлек., ІІ - топ заманауи көйлек, ІІІ - топ тұрмыстық көйлек бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырады. Осы кезде өнертапқыштық орын алады. Өйткені, қалдықтармен жұмыс жасап, көйлектің эскизін дайындағанда оқушы замануи үлгіде көйлек тігіп шығады. Бұндай өнертапқыштық тапсырмалар әрине, оқушының шығармашылықпен ойлауына жол ашады. Мысалы: 5 сыныпта «Ою-өрнек жасалу жолдары» тақырыбында сабақ өткізгенімде алдымен сыныпты түстер бойынша 3 топқа бөлдім. Әр топқа қазақ халқының ұлттық киімдері, баспанасы ,зергерлік бұйымдарымен мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін оқытып үйрету мақсатында оқушыларға сұрақ қоя отырып қазақ халқының баспанасы, ұлттық киімдер,зергерлік бұйымдары барлығы дерлік ою-өрнекпен әшекейленеді деген мәтіндер бойынша топтық тапсырмалар бердім. Шәкірттерімнің өнертапқыштығы осы іс-әрекетте дамыды. Сонымен қатар, топтық жұмыс оқушылардың қызығушылық бойынша бірігуіне мүмкіндік береді. Тапсырманы белгілі мерзімде орындауға тәрбиелейді, өйткені осыдан бүкіл ұжым жұмысының жемісін көруге болады. Көркем еңбек сабақтарында түрлі материалдарда өңдеу тәсілдерін ғана қолданып қоймаймыз, сондай-ақ аяқталған көркем бейнелерді жасаймыз. Өзімнің ұстаздық тәжірибеме сүйене отырып, сабақ мазмұны неғұрлым оқушылардың көңілінен шықса, соғұрлым даралық танытуға мүмкіндік туып, шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік алатынын айтар едім. Мақсатты білім алуға және кәсіби бағыттын анықтау үшін оқушыны қалай даярлау керек?
Оқушыларды белгілі бір еңбектің түрімен таныстырып, түрлі бағыттар бойынша ой-өрістерін кеңейту керек. Оқушылар сабақта түрлі материалдарды түрлендіруге және белгілі бір еңбек өнімін шығаруға мүмкіндік алады. Мен үшін оқушылардың бейімділіктерін қалыптастыруға және оларды көрсете алу үшін мүмкіндігінше жағдай жасау. Бір жағынан тұлағының бейімділік жағына көп көңіл бөлу керек. Нақты қажеттіліктің болуымен нақты міндетті тұжырымдауға болады. Мәселен, оқушыларға мынадай өнертапқыштық тапсырма ұсынып көрдім. Нақты кезеңде спорттық сөмке қажет болды делік, сонда міндет келесідей қалыптасады: құрастыру және сөмкені жасау. Шығарылатын спорттық сөмке эстетикалық талапқа сай болу керек: 50*25*25 см мөлшерден артық болмау керек, бір нәрсені жоспарлау, құрастыру барысында сапалық және жаңашылдық жағына сүйене отырып жаңа, өзіндік, қайталанбайтын өзіңнің жұмысың болу керек. Бұл зерттеудің осы жерде көп көмегі болады. Бұл кезеңде шәкірттерім «Ойластыру жұлдызшаларын» құрастырып алады. Ортасына өнімнің атауын жазып, жан-жағы келесідей сипатталады: Жұмыс барысында қандай материалдар қажет болады, қандай құралдар және жабдықтау қажет болады,өнім қандай түрде болады, дәстүрді және жаңаша сәнді сақтай ма? Арналған өнімнің дизайны ішкі көрініспен сәйкес келе ме, барлық моделдеу және құрастыру кезеңдерін жазып отыру керек. Оқушылар өздеріне сұрақ қояды: «Ал егерде осылай болса ше?
Өнімді осы нұсқада жасасам ше? Басқа материалды пайдаланған жағдайда не болады? Жоба бойынша жұмысты орындау барысында оқушылардың қызығушылықтарына үлкен мән беру керек. Олардың дайындық деңгейлері әр түрлі болғандықтан оқудың жекелеген және сараланған түрін қолданамын. Жобалардың сәтті жүзеге асуы үшін келесі әдістерді қолданамын: миға шабуыл, рөлдік ойындар, проблемалық сұрақтар. Шығармашылық жұмыстардың мазмұнын оқушылардың қызығушылықтарымен ұштастырып отыру керек. Сонда ғана олар кәсіби қызмет саласын игеруге талпынатын болады. Оқушылар өз жобаларын қорғау барысында сыныптастарын, мұғалімдерін жұмысты орындау барысындағы әділдікпен, ынталылықпен, шығармашылықпен, ықпал ету тәсілдерін қолдана отырып, ұсынылып отырған шешімдерге дәлелдер келтіріп, жұмыстың маңыздылығын сендіруге үйренеді. Шығармашылық жұмыс барысында балаларда істеген жұмыстарына толық және терең қанағаттанушылық болады. Практикалық жұмыс істеу барысында оқушылар зерттеу жүргізуге, тиімді шешімдер қабылдауға, өзінің қабілеттерін бағалауға, диалог құрауға, мамандық таңдау барысында шығармашылық күштерін жандандыруға мүмкіндік алады. Шығармашылық тапсырманы орындау үдерісінде оқушылардың әр бөлшекке күштері жұмсалып, дайын бұйым жеке шығармашылығы болып табылады. Бұл тиімді еңбек жолындағы мәңгі есте қалатын маңызды қадам. Тапсырма барысында әр оқушы еңбек тәрбиесіне қадам жасап, эстетикалық тұрғыда дами түседі. Ұлттық өнердегі үлгілерді пайдалана отырып, өзінің өнімдерін шығарады. Өнертапқыштық тапсырманың бірі: «Газет түтікшелерінен жасалған сәнді құмыра». Шығармашылық тапсырмалармен жұмыс істеу барысында мен оқушыларды шыдамды, табанды болуға және табиғатты сүюге тәрбиелеймін. Үлкен өмірге даярлау үшін дербес болу керектігін айтамын. Жұмысымның нәтижесі жүре-жүре көріне бастады: балалар қиын көркем бұйымдарды жасауға уақыттарын және күштерін жұмсап, өздерінің жобаға деген қызығушылықтарын арттыра түсті.Мәселен шығармашылыққа бағытталған тапсырма барысында қабырға газетін дайындатамын. «Галерияға сахат» әдісін қолданады, әрине шығармашылық қабілеті дамиды. Талдайды, сараптайды, жапсырма қағазы арқылы пікірін не сұрағын жапсырады.Оқушылар жыл бойы «портрет», «пейзаж», «натюрморт» ұғымдарымен тереңірек танысып осы жанрдағы туындыларды басқа туындылардың ішінен ажыратып үйренеді, оларды талдап, кескіндеме, графика және мүсін өнері жұмыстарын орындайды.Құрастыру, әр түрлі материал және құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді меңгереді. Табиғи материалдардан әр түрлі ойыншықтар құрастырады, аппликация, оригами, коллаж жасау тәсілдерін меңгереді, бедерлі және көлемді бейнелер жасап үйренеді. Тәжірибе жасау кезеңдерін,зерттеу дәптерлерінде жазып талдайды. Мысалы: адамның бет әлпетін зерттейді, оның ұқсастықтары мен ерекшеліктерін бақылап, пішіні қалай жасалатыны, және түспен байланысын анықтайды. Түстерді араластырып, қарапайым пішіндерден күрделі пішіндер жасау үшін тәжірибелер жүргізеді.Осындай тапсырмалар негізінде балалардың бойында шығармашылыққа деген қызығушылықтары артып, еңбектенуге үйренеді.
Ұсыныс
Көркем еңбек пәнінің мақсаты идеалды жоспар – біз не істейміз және қалай жасаймыз, ынталандырушы мотив не үшін немесе кім үшін қажет арасында терең байланыс орнатуы болып табылады. Өнімді іс-әрекеттің ерекшелігі баланың белгілі бір объектілерді құрудың, өз ойларын, идеяларын, жоспарларын білдіруінің еркін жеткізетіндігімен байланысты. Көркем жұмыстың табиғаты мен мәнін өмірді жабдықтайтын және өмірін орындылық, үйлесімділік, сұлулық заңдарына сәйкес ұйымдастыратын оқушының шығармашылық қызметі ретінде ашу.Көрнекілік тәсілдердің шартты түрде екі үлкен топқа бөлуді ұсынамын: демонстрация және көркемдеу иллюстрация. Оқушылар заттардың құрылысын көру арқылы құрылымы, қасиеті, заттың пішінін, түсін, қандай бөлшектерден тұратынын, олардың үлкендігін, бір-бірінен айырмашылығын, өмірде қолданылуын, қандай материалдардан жасалғанын, қалай біріктірілгенін тез түсініп қабылдайды. Көрсету әдісі көркемдеу әдісімен тығыз байланысты: заттарды көрсетіп және қабылдау, қабырға газеттердің көмегімен символдар түрінде, олардың процестерін және құбылыстарын, технологиялық карта, портреттер, фотографиялар, суреттер, сызбалар, кестелер, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. Портфолио құру, оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмелерін ұйымдастыруды ұсынамын.
Қорытынды
Тәжірибе көрсеткендей күнделікті сабағыма қарағанда жаңа - әдіс тәсілдерді пайдалана өткен сабағымда оқушылардың белсенді іс-әрекетін, қызығушылығын байқадым. Қазіргі таңда ғылыми негізде және жаңа зерттеушілік бағытта құрастырылған электронды оқулықтарды тиімді пайдалану оқушының пәнге қызығушылығына жол ашады. Мәселен, «Робин раунд» әдісі бойынша сыныптағы оқушылар бір – бірін қайталамай өз бетінше жұмыс жасайды. «Ыстық орындық», «Сұрақтарды ұстап ал», «Ассоциация» «Джигсо» әдістері оқыту барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш - жігерін жұмсайды. Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан-жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, біздің жұмысымызды жеңілдетіп, уақыт үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс. Мен өз тәжірибемде ғаламтордан тақырыптық бейнекөріністер алып оған талдау жасау жұмыстарына үлкен мән беремін. Осы арқылы оқушылардың түсініктері бір жерде ғана тоқталып қалмайды. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.
Оқушылардың көзқарасын кеңейтеді. Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі. Сабақ үстінде оқушының да мұғалімнің де еңбек өнімінің жоғарлауы болады. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл - ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы жоғарыдағыдай нәтижеге қол жеткізуге болады. Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды. Жақсы мұғалім - түсіндіреді. Керемет мұғалім – көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан - жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу - қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе.
Пайдаланған әдебиеттер
1. «Білгенге маржан» республикалық журнал №3 2019 ж 5 - бет
2. «Білім айнасы»республикалық журнал №5 2019 ж 6- бет
3. «Мектеп 45 Минут»республикалық журнал №5 2020 ж 11-бет
4. «Көркем еңбек әдістемесі»республикалық журнал №3 2020 ж 9 бет
5. «Білімдегі жаңалық» республикалық газет 2021 ж 10 -бет
6. «Пайдалы кеңестері» республикалық журнал №5 2022 ж 13 -16 бет
7. «Ұстаз нұры»республикалық журнал № 62023 ж 17 -18 бет
8. «Ұстаз шапағаты» №8 2023 ж 18 -20 бет
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өнертапқыш тапсырмаларды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру.

шағым қалдыра аласыз