Қобыз сыныбы бойынша көрнекі сабақ жоспары
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыны дайындау.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
А)Ре мажор гаммасын бір октава көлемінде бүтін, жартылық,ширектік ноталармен ойнау.
Б)114 жаттығу.
3.Жаңа сабақ.Оң қолдың қойылымы,ысқышты жүргізу әдісі.
А)Қобыз аспабы мен ысқыштың құрылысы туралы
Б)Оң қолдың қойылымы (ысқыш ұстау)
В)Аспапта ойнап көрсету,ойнау техникасын өсіруге жаттығулар ойнауға қалыптастыру.
Қобыз аспабында оң қол қойылымы.
Негізгі мамандық сабағынан беретін мұғалім мамандық аспабын үйреткен уақытта оқушыны музыкаға деген сүйіспеншілігін арттырады,оқушының музыкалық ,теориялық білімін одан әрі жетілдіруге көмектеседі. Оқытушы оқушыға талап қою арқылы ыждағаттылыққа,жауапкершілікке саналы түрде тәртіппен қиыншылықты жеңуге,еңбек етуге баулиды.
Енді аспаптық музыка қобыз-прима мамандығы сабағын өткізудегі тәжірибеме тоқталамын. 1класс оқушысымен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі:Олар бұрын аспапты ұстап көрмеген. Дайындығы жоқ болып келеді. Оқу жылының басында музыкаға бейімділігі бар балаларды қабылдағанмен олардың қабылдауы әртүрлі.
Алғашқы сабақтарды оқушының дұрыс отыра білуіне ерекше көңіл бөлемін. Қобыз үйрену отырудан басталады.Орындықтың алдыңғы жартысына отырып ,қобызшы арқасын тік ұстау керек.Аспапты екі тізенің арасына қойып,қысып ұстауды ,қобыздың басын иектің сол жақ астына тіреледі.
Оң қолдың қойылымы.
Оң қолмен ысқышты дұрыс ұстап үйрену үшін бірқатар жаттығуларды алдын-ала жасау қажет.Мысалы: Қарындашты ысқыш орнына ұстап үйрену.Қарындашты оқушының саусақтарына дұрыс қойып,шынашақ ұшы қарындашқа тиіп тұруы керек ,ал қарындаш бірінші саусақтың 1және 2фалангалар арасында тұруы керек(шынашақ ұшы 3 фаланга).Бас бармақты ыңғайлы жеріне сұқ саусаққа қарама –қарсы қойылады .Осындай алдын-ала жаттыққан соң ғана ысқышқа көшуге болады. Ысқышты оң қолдың барлық саусақтарымен бос (таяқшаны қатты қысудан аулақ болу керек)ұстау керек.Бас бармақ жартылай бүгіліп , тырнақ ұшымен таяқшадағы тұтқаны аздап тиіп тұрады.Ысқыштың тұтқа жағында ойнаған кезде басбармақ сәл бүгіліп тұрады,ал ысқыштың ортадан ұшына дейінгі қозғалысына қарай ол жүргізіледі.Басбармақты қатайтып ұстауға болмайды,себебі аспапта ойнағандықтан оқушының қолы шаршағыш болады. Сондай –ақ басбармақтың үнемі бүгіліп тұрғандығынан басқа саусақтар да қатайып, тырысып қалады. Саусақтардың еркін болуы штрихтарды орындағанда және ысқышты ауыстырғанда жеңіл көмекші қозғалыстарды жүзеге асыру үшін өте маңызды. Мұндай еркіндікке қол жеткізу үшін, яғни басбармақ басқада таяқшадағы саусақтардың жиынтығында өте қозғалмалы болуы ысқыштың кез келген бөлігінде емін-еркін жылжуына байланысты.Егер басбармақты белгілі бір қалыбында (бүгілген және тік) ұстап қалса , онда барлық саусақтар өз қимыл-қозғалысында шектеліп қалады. Демек, басбармақ басқада саусақтардың ысқыштағы емін-еркін қозғалысына өзінің әсерін тигізеді.Осыдан келіп басбармақтың икемді және жұмсақ болып,таяқшаны қатты қыспауы қажет екенін білуге болады. Ортаңғы саусақ басбармаққа қарсы екінші және үшінші фалангалар арасында таяқшаның сырт жағында жатуы керек;үшінші саусақ ысқыштың таяқшасында тырнақ тұсында жатады;сұқ саусақ таяқшада екінші және бірінші фалангалар арасында жатады.Сұқ саусақтың міндеті ішектегі ысқыш басылуының дәрежесін реттеу болып табылады.
Ысқыштың төменгі бөлігінде ойнаған кезде шынашақ дөңгеленіп келіп тырнақ тұсымен таяқшаның ұшына тиіп тұрады,демек ысқыштың салмағын бір қалыпта ұстайды,ал ысқыштың жоғары бөлігінде шынашақ түзуленеді(немесе таяқшаға тимейді).
Оң қолмен ысқышты жүргізгенде көбінесе иықты және иық сүйектерін көтеру қиындау болады.Бұл әсіресе ысқыш соңында ойнағанда байқалады,
бұған жол бермес үшін ысқышты дәл көлденең,қолдың табиғи қозғалысымен жүргізу керек.Тұтқа жағында ойнаған кезде иық және иық сүйектері толық түсіріліп және босатылуы қажет.
Алғашқы дыбыстарды сапалы шығаруда ашық ішекте оң қолмен ысқышты нық басып анық дыбыс шығаруға жаттығу жасатамыз.Қарапайым ысқыш жүргізу жаттығуларының,ішектен-ішекке көшу жаттығуларын дамытып отырудың пайдасы зор.Осыдан кейін сол қол саусақ басу жаттығуларына және аралықтарына кірісеміз.Екі қолдың қойылымы жаттығуларының арқасында қобыз аспабын игертемін.Осыдан кейін оқушыға өз жоспарына сай бағдарламасымен жұмыс жасаймын.
Мұғалім оқушыға өнер күнделікті еңбектенуді қажет ететіндігін,оның өз бетінше жұмыс жасауға,дағдылануға қалыптасуын қадағалап отыруы керек.Табиғаттан мұндай бағыт оқушыға берілмейді,ол уақыт өте келе қалыптасатын құбылыс.
Ширату сұрақтары
1.Ысқыш қанша бөліктен тұрады?
2.Қол қойылымында нелер маңызды?
3.Ре мажорда неше кілттік белгі бар?
Сергіту сәті(Видеоролик) «Айгөлек биі»
4.Үйге тапсырма беру
а)Үйден қарындашпен қол қойылымына дайындалып келу
ә)Шығармамен жаттығуға дайындалып келу.
5.Бағалау.Экрандардан корсетілген стикерлермен бағалау
6.Қорытындылау.Оқушының аспапта отыруы,үй жұмысын кандай деңгейде орындағаны,оқушының жаңа тақырыпты түсінгендігі ,сабаққа белсенділігі ,шығарманы түсініп ойнауы ескертіліп баға қойылды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оң қолдың қойылымы,ысқышты жүргізу әдісі

шағым қалдыра аласыз