Материалдар / Өңдеулік материалдар,Сырлар құрамы,бояулар.

Өңдеулік материалдар,Сырлар құрамы,бояулар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж мұғалімдеріне,студенттеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі



Материалтану пәні

Пән мұғалімі: Ахметов Нұржан Құдайбергенұлы

Тақырып: Өңдеулік материалдар,Сырлар құрамы,бояулар.

Сабақтың мақсаты:  Студенттерді өңдеулік материалдармен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты:

  • Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, көру арқылы ұзақ сақтау қабілетін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:

  • Өтілген материалдардың кәсіби шеберліктің негіздерін қалыптастыру жолындағы маңыздылығын түсінуге тәрбиелеу. Мамандыққа деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланысы: 

  • Арнайы технология,

  • құрылыс өндірісінің технологиясы,

  • құрылыс материалдары мен бұйымдары

Көрнекілігі:  слайд, схема, оқу материалдары

СЫР, майлы сырлар. Ішкі және сыртқы жұмыстарға пайдаланылады. Майлы сырлар әр түрлі әрлеу және жөндеу жұмыстарында: сыланған қабырғаларды, ағаш, металды сырлауға көп қолданылады. Сырлы валикпен, бояу жаққышпен немесе пульверизатормен бүркіп жағалы. Сапалы болу үшін екі рет сырлаған жөн. (алғашқы қабаты әбден кепкеннен кейін-екінші рет). Майлы сыр қоюланып қалған жағдайда оны олифамен не майлы лакпен ерітіп, сұйылтып алады. Сырлы еріткішпен ерітпеген жөн, мұндайда сыр жалтырамайды. Түсіне қарай 1 шаршы метр-ге 80 грамнан 160 грамға дейін сыр кетеді. Жауын-шашыннан қорғану үшін және ұзақ сақталуы үшін сырланған жердің бетіне майлы лак жағады. Түсі әр түрлі сырларды араластыруға болады, бірақ дайын майлы сырға құрғақ пигменттер қосуға болмайды, өйткені сыр ірімтіктеп кетеді.

Су эмульсиялы сырлар (эмульсиялы). Сыртқы, сондай-ақ ішкі жұмыстарға қолданылады. Эмульсиялы сырлармен ағашты, сылақты, бетонды, тасты, бұрын майлы сыр не эмаль жағылған бұйымдарды, бір қабат сырланған металл бұйымдарды сырлауға болады. Оларды желім сырдың не лактың үстінен жағуға келмейді. Сыр валикпен, сыр жаққышпен немесе пульверизатормен жағылады. 1 шаршы метрге 20 г сыр кетеді. Сауда орындарына әр түрлі сырлар түседі. Сырлы қажетті түске келтіру үшін бір-біріне араластыруға болады. Мұндай сырлармен сырланған жер сумен оңай жуылады. Сырлау жұмыстары деген мақаланы қараңыз). Эмальды сырлар. (эмальдар). Қолдануға дайын түрінде шығарылады. Эмальмен қапталған жерлер жалтырап, суға, температураның өзгерулеріне төзімді болады. Майлы лактағы, глифталь лактағы, майлы-фенолды лактағы және басқа жалпы тұтынылатын лактағы эмальдар қолданылады. Эмаль белгісінде бірінші цифр оның қандай мақсатқа арналғанын көрсетеді: 1 және 5— сыртқы және ішкі жұмыстар үшін, 2— тек қана ішкі жұмыстар үшін, 0— бір қабат жағу үшін, 00— шпательдеу үшін.

Эмаль мына мөлшерде (1 шаршы метрге грамм есебінен) жұмсалады: ақ—130, бозаң түс — 170, сары—165, қоңыр—80, қызыл—130, сұр —70, қара —65. Майлы эмальдармен бірге нитроэмальдар да (нитролакқа ерітілген) кең тараған. Нитроэмальдың негізгі артықшылығы — тез кебетіндігі (15—30 минут). Эмальды сыр жаққышпен не бүріккіш-пистолетпен жағалы. Металдың беті алдымен біркелкі тегістеледі. Эмальды еріткішпен тым сұйылтып ерітуге болмайды, өйткені мұндайда сыр жалтырамай қалады. Эмальмен сырланған жерлерді кеп-кеннен, кейін арнайы пасталармен жалтыратқан жөн.[1]

Бояу — түс бергіш пигменттерден және байланыстырғыш ерітіндіден тұратын қоспа. Бояу - пигменттелген лакты бояулы материалдардың жаппы атауы.[1] Бұлардан басқа Бояудың құрамында органикалық еріткіштер, толтырғыштарпластификаторларжелімдертұрақтандырғыштар, т.б. болуы мүмкін. Байланыстырғыш еріткіш ретінде табиғи сұйық майлардан алынатын олифтер, олигомерлер мен полимерлердің органикалық еріткіштердегі ерітінділері (эмальдар), полимерлердің судағы эмульсиялары, органикалық немесе анорганикалық желімдер (силикаттық ерітінділер), т.б. пайдаланылады. Бояу боялатын материалдардың бетіне қонғаннан кейін белгілі бір механикалық қасиеттерге ие болады (беріктік, қаттылық) және пигменттер мен толықтырғыштар боялған бетке байланыстырғыш арқылы бекиді. Пигменттер (мөлшері 0,5 — 2 мкм) боялған бетке өз түсін береді, сонымен бірге коррозиядан қорғайды. Өндірісте Бояулар концентрлі немесе сұйытылған суспензиялар түрінде шығарылады. Бояу құрамына кіретін пигменттерді, толтырғыштарды алдын ала ұнтақтайды және байланыстырғыш еріткіш қосып арнайы аппараттарда одан әрі ұнтақтап, концентрлі суспензиялар дайындайды. Сұйытылған, яғни, қолдануға дайын Бояулар дайындау үшін концентрлі Бояуды олифпен немесе арнайы еріткіштермен сұйылтады. Бояуларды боялатын материалдардың бетіне жұмыр білікпен, бояу жаққышпен, арнайы бүріккішпен қондырады. Кейбір Бояулар престелген (акварель Бояулары) немесе пигмент пен байланыстырғыш заттың ұнтақ қоспасы күйінде шығарылады. Қолдану мақсатына қарай құрылыстық, автомобильдік, полиграфтық және суретшілер қолданатын Бояулар болып бөлінеді. Суретшілер қолданатын Бояудың құрамына ультрамарин тәрізді ағартқыш пигменттер қосылады. Бұдан басқа арнайы Бояудың түрлері бар (мысалы, жарық шығарғыш, жылу сезгіш, улы, т.б.). Бояу, негізінен, темірден, ағаштан, бетоннан, пласмассадан тұратын материалдарды коррозиядан қорғау және сәндік үшін қолданылады. Бояудың көпшілігі адам организміне қауіпті және жанғыш заттар, сондықтан оларды қолданғанда қауіпсіздік техникасын сақтау керек.

Қазіргі заманғы құрылыс материалдарының үлкен таңдауына қарамастан, ағаш ғимараттар әлі де өзекті болып табылады. Бұл экологиялық таза материал, ол, өкінішке орай, ауа-райы факторларының, ылғалдылықтың, жәндіктердің әсерінен жойылуы мүмкін. Ағаш конструкциясын үнемдеу үшін оны мұқият өңдеңіз және әртүрлі дизайн сыртқы жұмыстар үшін ағашқа қасбеттік бояулар жасауға көмектеседі.

Ерекшеліктері

Өңделмеген ағаш беттері уақыт өте келе күңгірттеніп, жарылып, қалыпқа түседі. Ағаш қасбеттерге арналған қорғаныс бояулары ғимараттың қызмет ету мерзімін ұзартады. Қала сырлары, моншалар, саяжай үйлері және басқа ағаш құрылымдар көптеген жылдар бойы әдемі және көрнекті болып келеді. Бұл түстердің түс схемасы таңқаларлық және тұтынушының кез-келген қиялын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өндірісте бояудың сапасын жақсарту үшін қоршаған ортаны және адамдар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ең жаңа технологиялар қолданылады.



Егер сіз ағаш қасбетке арналған бояуды таңдасаңыз, онда оның техникалық сипаттамаларын ескеруіңіз керек:

  • аязға төзімділік;

  • ылғалға төзімділік;

  • будың жоғары өткізгіштігі;

  • жақсы адгезия (бетке адгезия);

  • бояғыш пигменттің беріктігі;

  • саңырауқұлақтар мен көгерудің пайда болуына қарсы тұру;

  • абразияға төзімділік.

Бекіту:

Сырдың құрамы қандай?

Боялардың ерекшелігі неде?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ