400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Онлайн мектеп" білім беру платформасы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Онлайн мектеп" білім беру платформасы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары Әлемде орын алған пандемия жағдайында түсіністік пен шыдамдылық танытып, жаңа сандық форматта білім берген ұстаздарға, білім саласына зор қолдау көрсеткен ата-аналар мен балаларға алғыс білдіргім келеді Қандай жағдайда болмасын білім беру саласының негізгі мақсаты – функционалды сауатты тұлға қалыптастыру, сапалы білім беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаркент орта мектебі» КММ









"Онлайн мектеп" білім беру платформасы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары























Хабарламашы «Мұрагер» пән бірлестігінің жетекшісі М.Р.Хайруллаева

2020-2021 оқу жылы

"Онлайн мектеп" білім беру платформасы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары

Биылғы жылы бастау алған еліміздегі төтенше жағдайдың, коронавирустық инфекцияның пайда болуы – білім беру жүйесіне жаңа өзгерісті, қашықтықтан  оқыту үдерісін енгізді.

Әлемде орын алған пандемия жағдайында түсіністік пен шыдамдылық танытып, жаңа сандық форматта білім берген ұстаздарға, білім саласына зор қолдау көрсеткен ата-аналар мен балаларға алғыс білдіргім келеді

Қандай жағдайда болмасын  білім беру  саласының негізгі мақсаты – функционалды сауатты тұлға қалыптастыру, сапалы  білім беру.

Жаңа оқу жылында эпидемиологиялық жағдайға байланысты ауылдардың мүмкіншілігін ескере отырып, қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуда  Bilimland онлайн мектеп  платформасын қолданады.

Жалпы қашықтан оқыту әлемде індеттің таралуына байланысты  туындаған дүние емес.  Дамыған елдерде араластыра отырып оқыту, яғни «Blended Learning» әдісі жақсы дамыған.  Мысалы: АҚШ-та 95%-дан астам мектептер осындай жүйемен оқыса,  ал виртуалды оқыту дамыған елдердің қатары  3 пайызға дейін жетеді екен. Әрине, әлем елдері енгізіп отырған жаңашылдық ерте ме, кеш пе, бізге де  дәстүрлі оқытумен қоса қашықтан оқытуды жүргізуімізді талап етері  анық еді.  

Елімізде алғаш рет  білім беру жүйесінде қашықтан оқыту арқылы білім беру мен тәрбиелеу ісі жүргізілетін болғандықтан бастапқы кезде көптеген қиындықтар мен қобалжулар болғаны рас.

Бұл қиыншылықты мектеп әкімшілігі, ұстаздар  мен оқушылар, ата-аналар түсініп, өзгерісті қабылдады. Тек қана бірлескен күш-жігердің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға шын жүректен сендік.

Қашықтан оқыту бағдарламасы аясында ұсынылған әрбір платформалар тиімді және  ұстаздарға көмегі зор болды.

Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Сандық білім беру ресурстарын қолдану әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, озық тәжірибелермен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.

Осы жұмыстар аясында бұл жаңаша үдеріс ұстаздардың басқа қырынан таңылуына, сонымен қатар ұстаздардың теле жүргізуші, диктор ретіндегі мүлдем жаңа рөлді меңгеруіне әкелді. Кәсіби деңгейлері артты. Сандық білім беру ресурстарының түрлі қырларын меңгерді.

Қашықтан оқыту – бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының  әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны. Қашықтан оқытуда білім беру процесінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері және оқу нәтижесін бағалау толық сақталады

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері:  

  • ақпаратты жеткізу ортасы (пошта, теледидар, радио, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер);  

  • ақпарат алмасудың техникалық ортасына байланысты әдістер.  

Оқушылардың оқуға ынтасын сақтау және қашықтан оқытудың табысты болуын қамтамасыз ету үшін сипаттамалық кері байланысқа баса назар аудару керек. Бұл оқушылардың тапсырмаларды орындауы барысында көмектеседі.


Көптеген оқу платформаларында (Google Classroom, Teams, Яндекс Оқулық және т.б.) орындалған тапсырмаларды бағалау және кері байланысты қамтамасыз ету үшін кіріктірілген функциялар бар. Оларды қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың негізгі құралы ретінде, тапсырмаларға арналған бағалау критерийлері мен дескрипторларына негізделген кері байланыс беру үшін қолданыңыз.


Білім беру платформалары ұсынатын дайын тапсырмаларды пайдалану мұғалімге асинхронды оқытуда қалыптастырушы бағалауды да, жиынтық бағалауды да ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған ресурстарды пайдаланып, олардың ішінен өз сыныбыңыздағы оқушыларды оқытуда өзекті болатын ресурстарды іріктеп, орындалған жұмыстарға кері байланыс ұсыну арқылы Сіз тиімді оқуды қамтамасыз ете аласыз.

Bilimland "Online mektep" білім беру платформасы - синхронды және асинхронды сабақ формаларын қашықтан оқыту кезеңінде жүзеге асыратын, оқушы, мұғалім және ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін оқыту платформасы. Аялық білім қоры 40-тан астам пәндер мен қосымша, факультатив сабақтарды қамтамасыз ететін отандық білім беру платформасы қашықтан сабақтарды жүргізу құрылғылары, құрылымдарымен толығып, қолданысы барлығына қолжетімділік қағидатына сай өз жұмысын жандандырығлан «Онлайн мектеп» платформасы барлық құрылғыларға бейімделген. Яғни смартфон, планшет, ноутбук, компьютер, кез келген құрылғыдан кірсе болады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қараша
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі