«Ымырттағы
кітапхана»
Ө.Қанахин шығармашылығына
арналады
(Сценарий)
Кітапханашы: Талай-талай қиындықты басынан
өткеріп, Ұлы Отан соғысында от кешкен, елім деп, жерім деп емірене
жүріп қолынан қаламын тастамаған жерлесіміз Өтебай Қанахиннің
шығармашылығына орай ұйымдастырылған бүгінгі кешімізге қош
келдіңіздер! Әдебиетті - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан
жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы дер болсақ жерлес жазушымыз
Өтебай атамызда өзінің көркем шығармаларында ел жайын толғап,әрбір
кейіпкерінің тағдыр салған тауқыметін, өмірін,бақытын, қуанышы мен
сүйінішін, күйінішін есті оқырманының есіне салады. Келесі кезекті
оқушыларға жазушының шығармашылығы туралы таныстырылымға
береміз.
1-ші
оқушы: Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Тәуіп ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ
мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Әдебиетке елуінші жылдары келді.1960 жылы Қазақ мемлекеттік
университетінің филология факультетін бітірген. Әдебиетке елуінші
жылдары келді.
2-ші
оқушы: 1953—1960 жылдары «Социалистік
Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер,
жауапты хатшының орынбасары, 1963—1966 жылдары «Жазушы» баспасында
бас редактор, 1966 — 1969 жылдары Қазақстан КП ОК-нің насихат
бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1969 — 1970 жылдары «Жалын»
альманахының тұңғыш бас редакторы, «Мәдениет және тұрмыс»
журналында бөлім меңгерушісі, 1975—1982 жылдары Қазақ КСР Мәдениет
министрлігі репертуарлық редакциялық алқасының бас редакторы
қызметтерін атқарды. 1 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз
ордендерімен және медальдарымен мараппаталған.
[1]
3-ші
оқушы:Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу»
1947 жылы жарық көрді. «Ауыр күндер», «Мұрагер» (1958), «Көл
жағасында» (1960), «Маздақ» (1964), «Тұңғыш махаббат» (1966), «Жас
дәурен» (1966), «Жер басып жүрсем» (1968), «Дәмелі» (1962), «Жүрек
қалауы» (1974), «Бақыт бәйшешегі» (1976), «Құдірет» (1979), «Қарт
сарбаз хикаясы» (1986), «Ата қоныс» (1990), т.б. кітаптардың
авторы. Жазушының бірқатар шығармалары орыс,
украин, белорус, өзбек, армян, тәжік, татар, башқұрт, қырғыз және
неміс тілдеріне аударылған. [2]
Кітапханашы: Жастайынан жетім қалған оны
туыстары 1932 жылы балалар үйіне тапсырған . Бес жыл сонда
тәрбиеленген . Бертін келе сол селода орналасқан Ыбырай Алтынсарин
атындағы қазақ орта мектебінің интернатында жатып оқыған.Қырқыншы
жылдары Ақтөбедегі педагогикалық курсты бітірген соң, сондағы
оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне
сырттай оқуға түсіп, біршама уақыт туып өскен ауданында ұстаздық
еткен .
4-ші
оқушы:
Автор өзінің туған өлкесі
Қаратөбе туралы былай толғанады:
«Жалпақ сор,бозғыл
тепсең,қоңыр биік бітімі оқуша Қаратөбе көзіме оттай басылды. Осы
төбенің іш жақ бауырында менің қыстауым бар.Қыстауым осы жерден
қарағанда бірден көзге түссе керек. Екі көзім жәудіреп сол тұсқа
жаутаң-жаутаң қарай берем.Назарыма ештеңе ілінер емес,бірақ бәрі
кешегідей көкірегімде сайрап тұр....Қыстауым тұрған жерді шамалап
байқауым-ақ мұң екен,жүрегім аттай тулап,іші-бауырым елжіреп қоя
берді. Көзіме жас іркілгендей болды. Тамағым кептеліп,көкірегім
удай ашып барады.....»....бір ақиқат бар: Мейлі сен ұлық бол,кішік
бол-қашанда қай кезде де болмасын,ата-қоныстың алдында бәрібір
баласың!»
Кітапханашы:Жазушының Ұлы Отан соғысы
жыдарында жазылған «Ауыр күндерде», «Дәмелі» романдары бар. Бұл
шығармалар адамзаттың жан түршігерлік қайғы-қасіретінің куәгері
болғандықтан туған дүниелер,адамзаттың ауыз айтып жеткізбес
қасіреті. «Дәмелі» қиын қыстау кезеңдегі қазақ әйелінің өмірі,оның
қаһармандық ерлігі туралы жазылған.
Кітапханашы:
Ө.Қанахин шығармашылығы туралы
кітаптармен таныстыру. Жазушының 9 жасындағы аштық туралы видеодан
тамашалау.Жазушының өз бейнесі. (Ютубтан видеосын
көрсету)
Кітапханашы: Әлем әдебиетінің көрнекті
өкілі Эрнест Хэмингуэй «Адам жазушы болу үшін бақытсыз балалық шақ
қажет» деген екен.Жазушы Өтебай Қанахиннің балалық шағы бақытсыз
болмаса да,тым бақытты да болған емес. Жазушының өмір жолдарына көз
жүгірте отырып, жетімдіктің азабын тартып,қиын күндерді басынан
өткерген жетім бала өзінің жігерлі еңбегінің арқасында ел қатарында
қосылып,балаларына арқасүйер әке,зайыбына қорған,еліне қарымды
қаламгер болып биік белестерді бағындырды.Келесі сөз кезегін жазушы
туралы естеліктермен бөлісуге оның туыстарына
беріледі.
1-ші
сөз:
2-ші
сөз:
3-ші
сөз:
Кітапханашы: Жазушы шығармашылығы туралы әр
түрлі ойлар,пікірлер бар.Артында қалған ұрпақтары өз лебіздерін жыр
шумақтары арқылы арнап отырды.Ендігі кезекті сол арнауларға
берсек.
-
«Қаламгерге
арнау».А.Амантай
-
Кітапханашы: Осымен бүгінгі ымырттағы
кешіміз біраз мәресіне жеткен секілді.Жазушы туралы мәліметтерді
түйіндеу үшін , қане,барша оқырмандар осы қызықты сұрақтарға жауап
беріп көрейік.
-
Оның туған жері,өскен өлкесі
ауылдастары «Қанаха» деп аталатын жердегі Қаратөбе.Бұл
кім?
-
Өтебайдың жарының есімі
кім?
-
Ол қандай журналдың тұңғыш бас
редакторы болды?
-
«Ата қоныс», «Жер басып
жүрсем» шығармалары Ырғыз ауданының қай ауылы туралы
айтылған?
-
Жазушы аты қалай
ұлықталуда?
-
Жазушыға «Бір мықты адам» деп
баға берген сатирикті табыңыз.
Кітапханашы:
Бір мықты адам-адам сол
түсінікті,
Бір мықты адам-адам сол ісі
мықты.
Ең мықты адам-Өтеағаң
мадақтаған,
Туған жерін,ел жұртын
кісілікті-дейді сатирик ағамыз Ү.Уайдин .Расында да Сол алапат
жылдары Өтебайдай таланты бар қанша жас көктей солды. Жазушы біздің
мәңгі есімізде елі тұрғанда,келер ұрпақ жазушы шығармашылығын еш
ұмытпақ емес. Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды.Назарларыңызға
рахмет!
Қаламгерге
арнау
Қалам тербеп,ауыл жайлы, ел
жайлы,
Әдебиетке сермеп құлаш
қанатыңды кең жайдың.
Шығармаңды оқып өскен
ұрпағың,
Сіз туралы сыр шертеді, жайын
елдің қозғайды.
Қаламыңа арқау еттің
ауылды,
Кіндік қаның туған өлкең
,қауымды.
Небір қиын ауыр күндер
өткізсеңде басыңнан,
Еш қиындық шаға алмады
тауыңды.
Әр перзентің шығармаларды
көкірегіне түйіп құнттайды,
Жайсаң өлкең Жайсаңбайың
ұлықтайды.
Бүгінгі күнде ұлықтасаң
ұрпағың ,
Келешек ұрпақ ешқашанда
ұмытпайды!
Амантай Арай
Абзалқызы