Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу-әдістемелік құрал. Математикадан мәтіндік есептерді шығару тәсілдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып оқушыларына мемлекеттік байқайға дайындық барысында қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Шотабаева С.Ж., Қайратқызы Н.

















Математикадан мәтіндік есептерді шығару тәсілдері

9 – 11 сынып емтиханға дайындық жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал



























Өскемен – 2017

Шотабаева С.Ж., Қайратқызы Н.

Математикадан мәтіндік есептерді шығару тәсілдері.

Оқу – әдістемелік құрал/

Шотабаева Сания Жанибековна– жоғары санатты математика пәні мұғалімі.

Қайратқызы Назерке- екінші санатты математика пәні мұғалімі.

-Өскемен, 2017. – б.









Оқу – әдістемелік құрал 9 – 11 сынып емтихан тапсырушыларға арналған. Оқу құралда математика пәнінен мәтіндік есептерді шығарудың әдістемелік нұсқаулықтары және мәтін есептердің толық шешімдері берілген. Сол сияқты математика пәнімен қызығатын дарынды балаларға, мектеп оқушыларына, математика пәні мұғалімдеріне, студенттерге пайдалы.





















Пікір білдірушілер:

Мадияров М.Н. – тех.ғыл.кандидаты, доцент.

Магзумова Э.М. – физ.-мат.ғыл.кандидаты, доцент.

Кіріспе

Оқу – әдістемелік құралды жазудағы басты мақсат – емтихан тапсырушыларға, математика пәнінен мәтіндік есептерді шығаруда әдістемелік жағынан көмек беру.

Негізгі мектеп оқулықтарында мәтін есептерді шығарудың әдістемелік нұсқаулығы жоқ деп те айтуға болады, көбінде оқулықтарда бір немесе екі ғана шартпен берілетін қарапайым мәтін есептер үнемі қайталанып беріледі. Осының салдарынан математиканың алдында тұрған негізгі талап – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар математика пәнінде күнделікті өмірде кездесетін есептерді шығаруға үйрету, математикалық модель құра білу мәселелері назардан тыс қалуы мүмкін. Мәтін есептерді тура талқылауды қажет ететін арифметикалық тәсілдерді қолдана отырып шығарудың оқушылардың логикасын дамытуда берері зор және арифметикалық тәсілді жақсы меңгерген оқушы мәтін есептерге жылдам, әрі дұрыс теңдеу құра алатыны мәлім.

9 – 11 сыныптардағы емтихандарға осы әдістемелік құралда берілген теориялық мәліметтер және түсіндірілген мысалдар мен есептердің шығару жолдарын пайдаланып, дайындалуға болады.

Оқу әдістемелік құралын пайдалану нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетеді деп ойлаймыз.























Математикадан мәтіндік есептер

Мәтін есептерді шығару барысында есептер әр түрлі болып көрінгенімен көптеген есептерді бір жүйеге жатқызуға болады, яғни ол есептерді шығаруда ортақ тәсіл қолданылады.

Негізінен мәтін есептерді үлкен екі топқа бөлуге болады:

  1. Алгебралық моделі сызықтық теңдеулер жүйесі болып табылатын есептер.

Оның қарапайым түрлері:

Қиындатылған есептер:

  1. Белгісіз шамалар формуласымен байланысқан, пропорционал шамалармен берілген есептер.

формуласымен өрнектелген шамалар кестесі:

1

Қашықтық

Жылдамдық

Уақыт

2

Жұмыс

Өнімділік

Уақыт

3

Құны

Товар саны

Бағасы

4

Көлем

Жылдамдық

Уақыт

5

Тік төртбұрыштың ауданы

Ұзындығы

Ені

6

Жұмсалған материал

Бір костюм тігуге жұмсалатын материал

Костюмдер саны

7

Т.б.






Осы есептерді шығару үшін арифметикалық және алгебралық тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдердің өздеріне тән ерекшеліктері бар. Арифметикалық тәсіл есепті талқылай білуге, өз ойын анық және нақты айта білуге үйретеді. Ал алгебралық тәсілде есеп математика тіліне аударылып, оның математикалық моделі жасалады.















І Жылдамдыққа байланысты мәтіндік есептер

1. Ауылдан қалаға дейінгі жол алдымен жазықпен, содан кейін тауға көтеріледі. Велосипедші жолдың жазық бөлігін 10 км/сағ, тауға 6 км/сағ, таудан 12 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Егер велосипедші ауылдан қалаға дейін 4 сағат, ал кері қарай 3 сағат жұмсаса, ауылдан қалаға дейінгі арақашықтықты табыңдар.

Шешімі:Таудан түскен жолды – , ал тауға баратын жолды - деп белгілейміз. Бұдан ізделінді арақашықтықты болады.

Бір бағыттағы жол

10

4

6

Қарсы бағыттағы жол

10

3

12

Теңдеулер жүйесін құрайық

жүйені шешіп

Онда

Жауабы: 32 км.

2. Ауылдан қалаға дейінгі жол алдымен жазықпен, содан кейін тауға көтеріледі. Велосипедші жолдың жазық бөлігін 12 км/сағ, тауға 7 км/сағ, таудан 14 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Егер велосипедші ауылдан қалаға дейін 3 сағат, ал кері қарай 2 сағат жұмсаса, ауылдан қалаға дейінгі арақашықтықты табыңдар.

Шешімі: Таудан түскен жолды – , ал тауға баратын жолды - деп белгілейміз. Бұдан ізделінді арақашықтықты болады.

Тура осы жолмен теңдеулер жүйесін құрамыз:

жүйені шешіп

Демек,

Жауабы: 26 км.

3. Ауылдан қалаға дейінгі жол алдымен жазықпен, содан кейін тауға көтеріледі. Велосипедші жолдың жазық бөлігін 8 км/сағ, тауға 5 км/сағ, таудан 10 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Егер велосипедші ауылдан қалаға дейін 5 сағат, ал кері қарай 3,5 сағат жұмсаса, ауылдан қалаға дейінгі арақашықтықты табыңдар.

Шешімі: Таудан түскен жолды – , ал тауға баратын жолды - деп белгілейміз. Бұдан ізделінді арақашықтықты болады.

Тура осы жолмен теңдеулер жүйесін құрамыз: жүйені шешіп

Демек,

Жауабы: 31 км.

4. Ауылдан қалаға дейінгі жол алдымен жазықпен, содан кейін тауға көтеріледі. Велосипедші жолдың жазық бөлігін 10 км/сағ, тауға 6 км/сағ, таудан 12 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Егер велосипедші ауылдан қалаға дейін 5 сағат, ал кері қарай 3,5 сағат жұмсаса, ауылдан қалаға дейінгі арақашықтықты табыңдар.

Шешімі: Таудан түскен жолды – , ал тауға баратын жолды - деп белгілейміз. Бұдан ізделінді арақашықтықты болады.

Тура осы жолмен теңдеулер жүйесін құрамыз:

жүйені шешіп Демек,

Жауабы: 38 км.

5. Поезд белгілі бір уақытта 840 км жүру керек еді. Жолдың ортасында ол техникалық ақаулыққа байланысты 30 мин тұрып қалды. Уақытында келу үшін пойыз жылдамдығын 2 км/сағатқа артыруға тура келді. Пойыз жолда қанша уақыт болды?

Шешімі: поезд жылдамдығы, - поездың, жолдың бірінші бөлігін өту уақыты. - поездың, жолдың екінші бөлігін өту уақыты. - жоспарланған уақыт.

420

420

Теңдеу құрастырайық:

Теңдеудің барлық мүшелерін сол жағына шығарып, ортақ бөлімге келтіріп, мына теңдеуді аламыз

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2020
1138
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12