« Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккросинг акциясы
Мақсаты: кітапханадағы кітап қорын байыта отырып өзара кітап алмасу , сонымен қатар кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани мәдениетті көтеру.
Көрнекілігі: акцияға байланысты нақыл сөздер, слайд, түрлі безендірулер, кітап иллюстарциясы.
Әдісі: акция түрінде
Өтілу барысы
І.Кіріспе бөлім.
Құрметті ұстаздар, оқушылар казан айынын 15жұлдызында тойланатын кітапханашылар күніне орай ұйымдастырырлып отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»атты мақаласын жүзеге асыру үшін А.оразбаева атындағы негізгі мектептің кітапхана оқырмандары арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «буккросинг» атты кітап алмасу акциясына қош келіпсіздер. Бұл акциянын негізгі идеясы-өзара кітаптар алмасуы болып табылады. «Буккросинг»акциясы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде қазіргі таңда іс-тәжірбиеге енгізіліп отыр.Жалпы «буккросингтің» шығу тарихына тоқталайық.
«Буккросинг» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітап айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді.Үйлеріңіздегі оқып болған кітапты алып келіп орнына оқымаған кітаптары алуларыңызға болады. Буккроссингті алғаш ойлап тапқан ғалым Рон Хорнбекер. Ол 2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынандай жазу бар кітапты қалдырып кеткен екен: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле аласыз. Кітапты оқып болған соң оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады»-деген екен. Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, оқырмандар саны көбейген. 2004жылдан бастап « Буккроссинг» Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізілді. Бүгінде буккроссингке қызығатын адамдар өте көп, олардың арасында ойын ретінде қабылдайтын қарапайым адамдар да, мәдени проблемаларды уайымдайтын арнайы ұйымдарда баршылық. Кітаптың өз оқырманын іздеп шығатын бұл акция осыдан бірнеше жыл бұрын Америкадан бастау алған. Еуропа елдерінде буккроссингті жарнамалық компанияның бір бөлігі ретінде пайдаланады, баспалар кітап сатылымға шықпас бұрын оны кез келген жерге адейі тастап кетеді. Кейін оны тапқан біреулер кітап жайында блогында сын пікірлер жазып, осылайша тегін жарнамалық кампанияны ұйымдастырып жібереді. Дени Дидроның мынадай қанатты сөзі бар: «Дүниедегі ең бақытты адам –неғұрлым көп адамға бақыт сыйлаған адам» депті ол. Осы қанатты сөзге байланысты адамдарға қуаныш пен бақыт сыйлау мақсатында кітаптарымызды сыйға тартуды бастайық.
ІІ. Негізгі бөлім
«Кітап – ең асыл қазына, рухани байлық» деген қанатты сөздер бар. Осы қанатты сөздердің түбіне үңіліп қарайтын болсақ кітап- сарқылмас қазына. Кітап оқыған адамның жан дүниесі мен ойлау қабілеті өзгеше болады. Сонымен бірге кітапты көп оқиттын адамдар қиялға көп берілгіш болып келеді.Олардың әлемі мүлдем бөлек. Осы бүгінгі ұйымдастырылып отырған арнайы «Буккроссинг» акциясына өзінің туындысын басқа оқырмандармен бөлісіп, қуаныш пен бақыт сыйлау үшін «Сағыныш сынықтары» атты өзінің кітабын А. Оразбаева мектебіне сыйға тартып отыр. Аида менің 11жыл бойы бірге оқыған сыныптасым. Қазіргі таңда өзінің тума талантымен барша Қазақстанға танылып отыр . Университет қабырғасында оқып жүріп шет елдерде білім алмасып, ақындық қасиетін одан әрі қарай шындады. 21жасында өзінің кітабын жарыққа шығарып, оқырмандардың сүйікті ақынына айналып отыр. Өзінің бізге түсіріп жіберген арнайы видеосына назар аударайық.
Буккроссинг акциясынын кезекті кітабын сыйлау үшін оқу ісінің меңгерушісі Мұхтарова Жанар Сыдиховнаға сөз кезегін береміз.
_________________________________________________________________
III. “Кітап сыйлау”акциясы
(Мұғалімдер,оқушылар өздерінің ұнаған, оқыған кітаптарын мектеп кітапхана естелікке сыйға тартады.)
Ағылшын пәні мұғалімі және кітапханашы Ермек Гүлсім Әнуарқызы өз кітабын сыйлауы.
Goodafternoon dear teachers,pupils and dear guests.I want to share and to introduce my favourite book is Jane Eyre. When I studied the University I learned many books. But all of the books I choose this book to give this bookcrossing. Because when I was 2 course of student I bought this book. It was my hometask which named homereading. This book was interesting for me and I learned to speak English freely , to make the sentences , to learn by hurt new words.Our president N.A.Nazarbaev says that : If we want to be 50 highly developed countries, all citizens should speak three language freely. They are : Kazakh, Russian, English.
Бүгінгі біздің акциясымызға белесене араласып, оқырмандарға жаңа кітап пен қуаныш сыйлап,уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Оқы және өзгеге сыйла"атты буккроссинг акциясы

шағым қалдыра аласыз