|
|
Қазақстан
Республикасы |
|
|
Қазақстан
Республикасы |
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған
бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін "Жазу, оқу және
тіл дамыту" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы
(оқыту қазақ
тілінде)
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
2. Оқу бағдарламасы білім алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін білім алушылардың пән салалары бойынша қолжетімді білім мен икемділіктерді меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу әрекетінің тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін, әлеуметтік-мәдени кеңістікте бағдарлау икемділігін барынша дамытуға бағыттайды.
4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.
5. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.
6. Қазіргі кезеңде білім алушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде білім алушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
7. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді күшейту білім беру процесінде барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интербелсенді әдістері қолданылады.
8. Оқу процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін білім алушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас үлгісіне айналдырады.
9. Пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
10. Оқу бағдарламасында мұғалім білім алушыларды оқытудың жеке бағдарламасын құруда басшылыққа алатын және оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі қалыптастырылған. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаның мазмұны ұсыным түрінде болады, педагог сыныптағы әрбір білім алушының мүмкіндігі мен оның білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламаның мазмұны мен оқыту барысына қажет өзгерістерді енгізе алады.
11. Пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны жекеленген білім беру мақсатына тәуелді және әр білім алушының сынып пен мектептегі ұжымдық әрекеттерге қатысу мүмкіндігін есепке алады.
12. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту мүмкіндік қорының аздығы байқалатын заттық білімді қалыптастыру аясына ғана қатысты емес, сонымен бірге осы санаттағы білім алушылар үшін маңызды өмірлік дағдыларды қалыптастыру да кіретіні кең мағынада түсіндіріліледі.
2-тарау. "Жазу, оқу және тіл дамыту" пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
13. "Жазу, оқу және тіл дамыту" оқу пәнінің мақсаты орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға тұрмыста бейімделуге, қолжетімді шаруашылық-еңбектік әрекеттерді меңгеруге, шынайы өмірлік жағдаяттарда бағдарлауға көмектесетін қолжетімді қарым-қатнас құралдарын (сөйлеу тілдік және сөйлеу тілдік емес), оқу мен жазудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
14. Оқу курсының негізгі міндеттері:
1) айтылған сөйлеу тілін түсіну дағдыларын дамыту және жетілдіру;
2) коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру;
3) білім алушылардың өзіндік сөйлеу тілін дамыту және жетілдіру;
4) оқу мен жазуға үйрету процесімен байланысты жағымды эмоцияны қалыптастыру, сөйлеу тілдік белсенділікті ынталандыру;
5) өмірлік жағдаяттарда оқу мен жазудың меңгерген икемділіктері мен дағдыларын пайдалануға үйрету.
15. "Жазу, оқу және тіл дамыту" оқу пәні оқытудың түзету және практикалық бағыттылығына ие болатын орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының жалпы білім беру пәндерінің қатарына кіреді. Оқу мен жазу зерделік әрекеттің күрделі түрлері болып табылады, сондықтан олардың элементтерін орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың кейбіреулері ғана меңгере алады. Оқытудың бастауыш деңгейіндегі бағдарламалық мазмұны ең алдымен, білім алушылардың сөйлеу тілдік, сондай-ақ сөйлеу тілдік емес коммуникативтік икемділіктерін дамыту құралдары ретінде қарастырылады.
16. "Жазу, оқу және тіл дамыту" оқу пәні ауызекі сөйлеу тілін дамыту, графомоторлық дағдылар мен жазуды, оқу элементтерін қалыптастыру бөлімдері кіретін кіріктіру курсы болып табылады. Білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып, сабаққа әрбір тараудан алынған оқу материалы ендіріледі.
17. Білім алушылардың жеке мүмкіндіктерінің айтарлықтай айырмашылықтары ескеріле отырып, білім алушылардың бір бөлігі 4-сыныптың соңында жеке сөздерді және қысқа сөйлемдерді жазба әріптермен, кейде баспа әріптермен жазудың қарапайым дағдыларын меңгереді деп күтіледі. Басқа білім алушылар сөздер мен сөйлемдерді мәтіннен көшіріп жазуға үйренеді. Оқу және жазу дағдыларын меңгеруге дайындықтары қалыптаспайтын білім алушылар сабақтарда өздері үшін қолжетімді жаттығуларды орындауға қатысатын болады.
18. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың құрамының біркелкі болмауының салдарынан, бағдарлама материалын оқытуда туындайтын қиындықтарға байланысты пән мазмұны біртіндеп күрделенетін болады.
19. Оқыту барысында материалды өту қарқыны білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай баяулауы немесе артады. Білім алушылармен күрделілігі мен көлемі қолжетімді деңгейдегі оқу материалымен жұмыс істеу тиімді болады.
3-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
20. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың оқу процесін ұйымдастыру тәсілдемесінің негізінде ақыл-ой дамымауы айқын байқалатын тұлғалардың өмірін ұйымдастырудың негізін қалаушы идея ретінде бүкіл әлемде қабылданған "қалыптандыру" педагогикалық тұжырымдамасы жатыр. Осы тұжырымдамаға сәйкес білім алушы түзету педагогикалық шаралардың барлық жүйесін жобалаған кездегі негізгі және жалғыз есептеу нүктесі болып табылады. Жоспарланған педагогикалық шаралар білім алушылармен тікелей жүргізілетін жұмыстарды ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаның қайтадан құрылуын, әрбір білім алушының өзіндік әрекетін ынталандыратын жағдайды тудыруды да қамтиды.
21. Әрекеттердің мазмұны мұғалімге осындай білім алушылар үшін жалғыз мүмкіндік болып табылатын оқытудың жеке бағдарламасын құру үшін бағдар ғана болып табылатын оқу бағдарламаларында ашып көрсетіледі. Оқытудың жеке бағдарламасын құру үшін білім алушыны бақылап, оның қажеттілігі мен мүмкіндігін көрсететін болмашы белгілерді байқау талап етіледі.
22. "Қалыпқа келтіру" тұжырымдамасының негізінде орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды арнайы мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру қағидалары қалыптастырылған.
23. Білім алушының өзіндік бірегей ерекшеліктерін сақтай отырып, дербес қарқында даму құқығын тану қағидасы. Бұл қағиданы сақтау білім алушыны оқытудың жеке бағдарламасының мазмұнын анықтау мақсатында оның мүмкіндігі мен ілгерілмелі дамуын үнемі зерделеуді білдіреді. Дамудағы және дағдыларды меңгерудегі кез-келген, тіпті ең аз деген ілгері басуды оқытудағы жағымды нәтиже деп қабылдау.
24. Педагогтың әрбір білім алушыны оқытудың мазмұнын, тәсілдерін, түрін, дидактикалық құралдарды олардың жеке мүмкіндіктері мен білім берудегі және жеке тұлғалық жетістікерін мониторингілеу нәтижесін есепке ала отырып, өздігінен таңдау қағидасы.
25. Білім алушыларда практикалық әрекеттер мен әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті мектептік ортаны құру қағидасы:
1) білім мен дағдыларды жаңа жағдайға аудару қиындығына байланысты, икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру оларды пайдалануға болатын жағдайларға барынша жақын жағдайларда жүзеге асырылады;
2) білім алушылармен сабақ өтетін жайлар әр түрлі өмірлік жағдаяттарды бейнелейтін кеңістікке айналдырылады. Заттық орта білім алушылардың қажеттіліктерінің өзгеруіне сәйкес дүркін-дүркін өзгеріп отырады;
3) мектептегі әлеуметтік-тұрмыстық және заттық-дамытудың жайлы ортасы орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жас ерекшелігі мен физиологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылады (демалыс, қимыл белсенділігі мен санитарлық-гигиеналық шараларға арналған жабдықталған кеңістіктер).
26. Білім алушылардың мектептегі күнделікті әрекеттерінің біріктірілген сипаттағы қағидасы. Мектептегі бастапқы оқытудың 3-4 жылында пәнсіз оқыту идеясымен жүзеге асырылатын оқу жоспарының бірнеше пәндік салаларының мазмұнын біріктіруді білдіреді. Барлық сабақтар ең алдымен, оқу бағдарламасының мазмұны арқылы білім алушыларды жалпы дамытуға (коммуникативтік, қимыл-қозғалыстық, сөйлеу тілдік, сенсорлық сияқты) бағытталуға міндетті. Пәндік оқытуға көшу білім алушылардың жеке дамуындағы ілгерілеуіне қарай жүзеге асырылады.
27. Пәнсіз оқыту ортақ тақырыптық жоспарлау арқылы жүзеге асырылады. Ортақ тақырыптар ретінде "Айналадағы әлем" біріктірілген курсының тақырыптамасын пайдалануға болады. Таңдалған тақырып негізінде 1-2 апта бойы білім алушылардың сан алуан әрекеттері ұйымдастырылады. Оқытудың бұл кезеңінде таңдалған тақырып таным мақсаты ғана емес, сондай-ақ мектепте білім алушылардың күнделікті әрекеттерін ұйымдастырушы құрал болып табылады.
28. Ойлау, сөйлеу тілі мен коммуникацияны әлеуметтендіру құралы ретінде дамыту қағидасы. Ақыл-ой даму бұзылысы орташа деңгейдегі білім алушылардың нақты жағдайдағы мүмкіндігіне қарай педагогикалық құралдармен өтелетін сөйлеу тілінің дамуында (оның болмауына дейін), ойлау қабілетінде, қарым-қатынастық дамуында өзіндік мәселелері бар. Сөйлеу тілін түсінуді кеңейту, қарым-қатынастың сөздік және сөздік емес құралдарын қалыптастыру, білім алушылардың көрнекілік-әрекеттік ойлауын дамыту бойынша жұмыстар бірізділікпен құрылады. Білім алушылардың әрекетін педагогтың сөзбен қолдауы мөлшерлі және білім алушылардың түсінуі үшін қолжетімді болады.
29. Оқу-тәрбиелеу процесін әлеуметтендіру бағыттылығы қағидасы. Білім алушылардың ерекшеліктеріне барынша ыңғайланған және олардың дені сау құрдастарымен өзара әрекеттенулерін шектейтін оқу және тәрбиелеу ортасы шарасыз жеңілдетілуіне байланысты баланы күрделі әлеуметтік ортаға ендіру арнайы жұмысты талап етеді:
1) білім алушылардың олар үшін қолжетімді көлемдегі әлеуметтік қатынастар мен өмірлік тәжірибесін кезең-кезеңмен және жоспарлы түрде кеңейту. Оқу уақытының бір бөлігі мектептен тыс жерде (қоғамдық көлікте жүру, дүкендерге, дәріханаларға, поштаға, емханаға, мұражайға, театрға, кафе сияқты қоғамдық орындарға бару) ұйымдастырылады;
2) білім алушының қоғамға ауыртпалықсыз енуі үшін оған шыдамды және мейірімді болатын қоршаған орта қалыптастыру. Осы мақсатта мектептің білім алушының жанұясымен және қоғаммен арасындағы жоспарлы жұмысы қажет болады.
30. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту процесі мазмұны жағынан да, сол сияқты ұйымдастыру түрі жағынан да қатал реттелмейді. Ұжымдық оқыту жағдайындағы танымдық қызығушылықтың төмендігі; жаппай жұмыс кезінде пайдаланылатын ынталандырмаларға деген реакциясының әлсіздігі; бір оқу пәнінің мазмұнына берілген қырық бес минут бойы білім алушылардың белсенділігін қолдаудың қиындығы әдеттегі академиялық тұрғыда құрылған сабақтың тиімділігінің төмен болуына әкеліп соқтырады.
31. Білім алушылар сабақты әрекет түрін білім алушының өзіне қажет болған жағдайда өзгерте алатын, жекеленген жұмысты орындайтындай (басқа білім алушылардың жұмыстарынан басқаша) және педагогтан жеке көмек ала алатындай етіп ұйымдастырылуын қажет етеді. Сынып бөлмесінде еркін қозғала алатындай мүмкіндік беріледі.
32. Арнайы қағидаларға сәйкес құрылған педагогикалық шаралар білім алушылардың өзіндік белсенділігін, олардың ынтасы мен дербестігін дамытуға бағытталады.
33. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды жазу мен оқуға үйретуде тәжірибелік және көрнекілік тәсілдер жетекші орын алады. Сөздік тәсілдердің рөлі біршама төмен болады. Олар оқытудың көрнекі тәсілдері мен білім алушылардың өздерінің әрекеттерін толықтырады. Мұғалім нақты жаттығулар түрін, оларды сынып бөлмесінде өткізу орнын (жұмыс үстелінде, тақтада, жинақтық тақтада, ойын бұрышында, кілем үстінде сияқты) және тәсілдерін мұқият ойластырады. Бір сыныптың білім алушыларының танымдық қабілеттері бойынша бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары болады, сол себепті білім алушыларды оқыту барынша жеке түрде жүргізіледі.
34. Сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмысты білім алушының сөйлеу тілдік даму деңгейін анықтаудан бастау ұсынылады. Алынған мәліметтер білім алушының сөздер мен нұсқауларды түсіну ерекшеліктері, сөйлеу тілдік еліктеу мүмкіндігі, дыбысты айту жағдайы, өздігінен айтуы сияқты даму картасында тіркеледі. Осы ақпараттың негізінде жекеленген оқу жұмысы жоспарланады.
35. Сөйлеу тілін дамыту бойынша сабақтар білім алушының көру және есту арқылы қабылдауын қалыптастырудан басталады. Білім алушыларды педагогтың сөйлегенін тыңдауға, сөйлеген адамның бетіне көз тоқтатуға, сөйлесіп тұрған адамның бетіне қарауға үйретеді. Білім алушымен эмоциямен, ойын түрінде сөйлеседі. "Сөйлеу тілсіз" білім алушылармен жұмыста ересек адамның сөзіне еліктеу қажеттілігін тудыру маңызды болып табылады. Сөйлеу тілдік еліктеу реакциялары кез-келген дыбыстық кешенде байқалады. Педагог білім алушыны дыбыс тіркесін, буынды, сөзді әлденеше рет қайталауға (өздігінен айту) ықыластындыру үшін жағдай тудырады.
36. Білім алушылардың сөйлеу тілін белсендіру заттармен ойындағы тәжірибелік әрекет, көрнекілік жағдаят барысында жүзеге асырылады. Сөйлеу тілі мен қоршаған әлемді тану біртұтастықты құрайды. Білім алушының сөйлеу тілі оны қоршаған заттармен және олармен жүргізілетін әрекеттермен мәнмәтінде дамиды.
37. Білім алушылардың сөздік қорын қоршаған орта заттарының сөздік атауларымен, заттардың белгілерінің сөздік атауларымен байыту сөйлеу тілін бастапқы кезеңде дамытудың маңызды міндеті болып табылады. Сабақта білім алушыларды ойыншықтарды, таныс заттарды, әрекеттерді, белгілерді атауға, өзінің қалауын олар үшін қолжетімді дыбыстық немесе белгілік (ишарат, пиктограмма) түрде білдіруге ынталандырады.
38. Енжар және белсенді сөздік қоры келесі дәйектілікпен қалыптастырылады:
1) затты немесе заттық суретті көрсету;
3) заттың қолданысымен (педагог затты бірнеше атайтын ойын немесе тәжірибелік әрекет барысында) таныстыру;
4) педагогтың нұсқауы бойынша затты басқа заттардың ішінен іздеу (бастапқыда екі заттың ішінен таңдау, біртіндеп олардың санын арттыру);
5) ұқсас, бірақ түсі, шамасы жағынан айырмашылығы бар заттарды табу;
6) заттардың атауын ойында, тәжірибелік әрекеттерде, өлеңде, әңгімеде пайдалану;
7) затты заттық немесе жағдаяттық суреттен іздеу, оны көрсету;
8) бала затты өзі үшін қолжетімді түрде атау.
39. Сөздік қорды естістіктермен кеңейткенде пайдаланылатын жұмыс тәсілдері:
3) оқылатын естістікпен сөйлем құрау ("Шолпан жүгірді");
4) әрекеттің орындалуын және атауын әр түрлі ойын жағдаяттарында атау;
5) сөздік әрекеттерді ойынға, тұрмыстық жағдаяттарға, әңгімелерге, өлеңдерге қосу;
6) бұл әрекетті жағдаяттық суреттерде істеген заттарды іздеу, оларды көрсету;
7) әрекеттерді өздігінен атау.
40. Сөздік қорды сын есімдермен кеңейткенде пайдаланылатын жұмыс тәсілдері:
1) үлкен және кішкентай заттарды көрсету;
3) осы сын есіммен сөйлем құрау ("Бұл доп үлкен");
4) сын есімді ойын барысында, тәжірибелік әрекетте атау;
5) педагогтың өтініші бойынша берілген белгісі бар затты екі және одан да көп заттардың ішінен іздеу;
6) берілген белгісі бар затты заттық, жағдаяттық суреттерден іздеу, оны көрсету;
7) бала сын есімді өзі үшін қолжетімді түрде атау.
41. Оқытуды сақталған талдауыштарын тірек ете отырып, көрнекілік пен тәжірибелік әрекеттер негізінде жүзеге асыруды ұсынады. Сөздік нұсқаулар оңай, қолжетімді, бірізділікпен әр түрлі дауыс қаттылығында бірнеше рет қайталанатын болады.
42. Сабақтарда педагогқа тілдің грамматикалық түрлері мен категорияларын түсіну мен тәжірибе жүзінде меңгеруді дамыту жұмысын жүргізуді ұсынады. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын меңгеру сөздік қорды кеңейтумен және сөйлеу тілінің бірлігі ретіндегі сөйлеммен тәжірибе жүзінде таныстырумен бір мезгілде жүреді. Білім алушыларды сөйлеу тілінде көмекші сөздерді дұрыс пайдалануға үйретеді. Мұғалімнің міндеті сабақта білім алушылардың педагогпен және айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға қажеттілігі мен ынтасын тудыратындай жағдай тудыру. Мұғалім сыныпта жағымды эмоциялық көңіл күй тудыруға тырысады.
43. Осы санаттағы білім алушылардың графомоторлық дағдылар деңгейі жазуға тікелей үйрету үшін жеткіліксіз болып табылады. Бұл білім алушылар қалам, қарындашты дұрыс ұстауға, өзінің қимылын жол көлемінде шектеуге, түзу сызық сызуға қабілетсіз болады. Осыған байланысты графомоторлық дағдылардың қалыптасу деңгейінің динамикасын қадағалау, сондай-ақ осы дағдыларды дамытуға арналған арнайы жаттығуларды пайдалану өте маңызды болады.
44. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларда графомоторлық және жазу дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс келесілерді пайдалану арқылы жүргізіледі:
1) қолдың ұсақ қимылдарын дамытуға арналған арнайы жаттығулар (саусақтық гимнастика). Бұнда әр түрлі көмекші құралдарды (бүрлі шар, грек жаңғағы сияқты), жармамен жұмысты (манка жармасында жазу, қарақұмықты сұрыптау сияқты) пайдалануға болады;
2) трафарет, нобай бойымен, нүктелерді қосу арқылы көлемі бір шама ірі болып келетін әр түрлі геометриялық пішіндерді салу жаттығулары. Берілген жаттығулар ұсақ қимылды ғана емес, сонымен бірге кеңістікте бағдарлауды дамытуға да бағытталған;
3) жол көлемінде түзу, көлбеу, қисық сызықтардан жиектемелерді салу. Білім алушыны дәптер жолын "көруге" үйрету – графомоторлық дағдыларды қалыптастырудың маңызды кезеңі. Әр түрлі жиектемелердің суретін салу жақсы шешім болып табылады;
4) пішіні әріптерге ұқсас заттардың суретін салу;
5) әріптердің элементтерін жазу;
6) баспа мәтіннен дәптерге басу;
45. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқуға үйрету кезінде білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен сөйлеу тілінің даму деңгейін есепке ала отырып, әр түрлі тәсілдер пайдаланылады. Білім алушылардың бір бөлігі сөздерді толық оқу тәсілін (жаппай оқу) меңгеруге қабілетті, ал кейбіреуі ежіктеп оқу тәсілін меңгереді, сонымен бірге оқу дағдысын меңгере алмайтын білім алушылар да кездеседі.
46. "Жазу, оқу және тіл дамыту" оқу пәні аясындағы сабақтар жаңа материалдарды меңгерген икемділіктермен мәнмәтінде біртіндеп қоса отырып, оқу материалын көптеген рет қайталау қажеттілігін есепке ала отырып жоспарланады және жүргізіледі.
4-тарау. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
47. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау шараларына қойылатын талаптар гуманизация идеяларына, осы санаттағы білім алушылардың мектептік оқуының табиғатына сәйкестігіне шартты болады.
48. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жеке оқу бағдарламасында тұжырымдалған міндеттер олардың оқудағы жетістіктерін бағалау үшін пайдаланылады.
49. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың жеке бағдарламасын құрау жұмысы оның қажеттілігі мен мүмкіндігін бастапқы педагогикалық бақылау арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау білім алушыларды дамыту мен оқытудың негізгі желісінің онтогенезіне сәйкес анықталады.
50. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау тек ішкі бағалау құралдарымен ғана жүзеге асырылады. Оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері білім беру процесі барысында мұғаліммен сабақтарда тікелей бағаланады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқу, жазу, тіл дамыту

шағым қалдыра аласыз