1-мәтін
Қазіргі күнгі экологиялық проблемалардың бірі – қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза су болуы керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді мен азот оксидтері атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын қар мен жаңбыр қышқылданады. Қышқыл жаңбыр деген түсінік осыдан 120 жылдан аса уақыт бұрын қолданыла бастаған, бұл сөзді ең алғаш рет Британ зерттеушісі Роберт Смит 1872 жылы ендіріпті. Өкінішке орай, біздің республикамызда жаңбыр құрамын зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстар жоқ. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауада түзеді. Мәселен, 1 млн. тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Құрамында қышқыл бар тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп, жер бетіндегі тіршілікке қауіпті зиян келтіре бастайды.
-
Мәтін бойынша ауада түзілетін
A) Күкірт диоксиді
B) Азот оксидтері
C) Күкірт ангидриді
D) Көмір мен мазут
2. Жерге жауатын қар мен жаңбырдың қышқылдану себебі
A) Өндіріс қалдықтарының атмосферадағы ылғалдармен әрекеттесуінен
B) Өндіріс қалдықтарының құрамында қышқылдардың көп болуынан
C) Көмір мен мазуттың құрамында ылғылдылық жоғары болуынан
D) Жаңбыр құрамы уақытында зерттеліп отырмауынан
2-мәтін
Қазақ халқы үшін төрт түлік малдың орны ерекше. Дегенмен, жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі жоғары бағаланатын. «Жылқы малдың – патшасы, түйе – малдың қасқасы» деген мақал осыған айғақ. Мереке, қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен басқа да ауыр күндерде бұл түліктер адамның жан серігі, айрылмас досы болған.
Жылқының бір қасиеті – оның сүті. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат беретін – қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның ағзасына жақсы сіңеді.
Бие сүтінде С дәрумені мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе, туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ұйымдастырушы В.Толстиков деген дәрігер: «қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады»,-деп жазған екен.
Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды. Бурабай емханасы үшін қымызды дәстүрлі әдіс бойынша сабаға ашытқан. Сол жылы Торғайда теміржол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеген. Бұл күндері ұйытқан және ашытқан сүттің қоректілік құндылығының артатындығы әбден белгілі болды. Осы жағынан алғанда қымыз бүкіл ашытылған басқа сүт өнімдерінен едәуір асып түседі.
3. Мәтіндегі дәрігер тұжырымы
A) Қымыз асқазанды жаңғыртады
B) Қымыз адам ағзасына күш береді
C) Қымыз адам жанын жаңғыртады
D) Қымыз туберкулез ауруын емдейді
4. Мәтін бойынша жаңа сауған бие сүтінің ерекшелігі
A) Қант мөлшері көп болады
B) Асқазанды ыстайды
C) Қоректілік құндылығы жоғары
D) Адам тәнін жаңғыртады
5. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Жылқының қасиетті сүті
2. Төрт түліктің маңызы
3. Қымыз емханалары
4. Дәрігер тұжырымы
A) 1,2,4,3
B) 2,4,3,1
C) 2,1,4,3
D) 1,4,3,2
3-мәтін
Ғалымдардың пайымдауынша, «сақ», «қас-пи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қа-сақ» секілді рулардың атаулары – «қазақ» этнонимінің туынды түбірлері. Академик Н. Марра және чех ғалымы Б. Грозный көрсеткендей, «қазақ» атауы «қасақ» жән «кесек» сөздерінен шыққан. Академик Ә. Марғұлан, тарихшы М. Ахинжанов, жазушы С. Мұқанов, орыс ғалымдары осы пікірді қолдайды. Ә. Марғұлан өз еңбектерінде Кіші жүздегі «қазар-уг» тайпаларының бар болуына сілтеме жасап отырады.
Зерттеуші Ә. Әбдрахманов «қазақ» сөзінің төркіні «қаз» және «оғ» (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жасалған: «оғ» – көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. «Қаз – оғ(оқ)» – қазақ тайпалары деген ұғымды білдіреді.
Орыс ғалымы А. Бернштам ұзақ уақыт бойы қазақ халқының шығу тарихын зерттеп, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерін жазба әдебиеттің деректерімен салыстырып отырды. Ол «қазақ» сөзі Қаспий маңы және сақ тайпаларының бірігуінен пайда болған деп тұжырымдайды.
Б.з.д. II ғасырда өмір сүрген Қытай тарихшысы Бань Гу «Хань тарихы» атты еңбегінде ортаазиялық халықтардың арасынан «се» және «сай» ұлыстарының бар болғанын көрсеткен. Олар Грек-Бактрия мемлекетін ойран еткен. Кітаптағы егжей-тегжейлерге қарағанда, онда сақ тайпалары туралы жазылған. Айта кету керек, грек және рим тарихшлылары аталған тайпалар туралы сөз еткен.
Ғалым-шығыстанушы В. Григорьевтың ойынша, «се» және «сай» сөздері қытай транскрипциясындағы «сақтар» деген мағынаны білдіреді. Ғалым айтып кеткендей, бұл тайпалар Моңғол елі немесе Шығыстың алыс түкпірінен шықпаған. Олар Әмудария мен Сырдария бойында өмір сүрген.
Белгілі ғалым, түркі тілінің маманы В. Радлов көрсеткендей, «қазақ» сөзі «ерікті, тәуелсіз» деген мағынаны береді. Ғалым А. Самойлович бұл пікірді жақтаған. Ш. Құдайбердіұлы осы идеяны қолдап, «қазақ» сөзінің мағынасы өз алдында ел болып, еркін жүрген халық деп толықтырып жазды.
Қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов «қазақ» сөзі «өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты, еркін» дегенді білдіреді дейді. Тарихшы Ибн Рузбихан XVI ғасырдың жазбаларында былай деп жазған: «Әр жерде қазақтар өздерінің ержүректілігі, батырлығы, зор күшімен белгілі болған. Бұл туралы араб және бірқатар өзге тілдерде көп деректер кездеседі».
Тіл маманы Т. Жанұзақов «қазақ» сөзінің бірінші бөлігі – «қаз», «қас» – Орал, Алтай, Кавказ, т.б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген.
Тарихшы, орта ғасырларды зерттейтін маман Н. Мыңжанұлы «Алтын тас», «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандук», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы, қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну», «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді.
6. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Шығыстанушылар зерттеуі
B) Қазақ сөзінің аудармасы
C) Қазақ сөзінің қазіргі маңызы
D) Қазақ сөзінің шығу тарихы
7. Мәтіндегі «қазақ» сөзіне зерттеушілердің пікір үндестігі байқалатын мағына
A) Күресу
B) Еркін
C) Табысты
D) Кісі
8. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты
А) «Қазақ» сөзінің этимологиясын анықтау
B) «Қазақ» сөзі туралы пікірлерді зерттеу
C) «Қазақ» сөзі туралы зерттеулерді топтастыру
D) «Қазақ» сөзінің пайда болу тарихын саралау
9. Мақаланың түрі
A) Тезис мақала
B) Тарихи мақала
C) Насихат мақаласы
D) Рецензия мақала
10. Берілген өлең жолының негізгі мәтін мазмұнынан айырмашылығы
Терең тарих, егемендік жастығы бар,
Қазба, мұнай, мақтасы, астығы бар.
Сайтан алмас! Иманы берік жұртпыз,
Қайталанбас салты мен дәстүрі бар.
A) Қазақ сөзінің шығу тарихы
B) Қазақ халқының этимологиясы
C) Қазақ сөзінің ерекшелігі
D) Қазақ халқының ұлттық ерекшелігі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
оқу сауаттылығы тест

шағым қалдыра аласыз