оқу сауатылығы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

оқу сауатылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі жаңартылған білім мазмұнында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мәселесі алдыңғы орында тұр. Неге десек, білім мазмұнының өзі жаттанды білімнен өмірлік жағдаяттарда қолдана алуына бейімделген. Ал, бұл жерде, ең алдымен, оқушының оқу сауаттылық деңгейі жоғары болуы керек. Тіптен, соңғы жылдары жоғары оқу орнына тапсыратын түлектерге оқу сауаттылығы негізгі пән ретінде қарастырылып, барлық талапкерлер тест тапсырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАҒДАРЛАМА


«ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ»


(11- сыныптарға арналған оқу сауаттылығынан тестке дайындалу үшін элективті курс бағдарламасы)

аптасына – 1сағат, барлығы -34 сағат.


Түсінік хат


Қазіргі жаңартылған білім мазмұнында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мәселесі алдыңғы орында тұр. Неге десек, білім мазмұнының өзі жаттанды білімнен өмірлік жағдаяттарда қолдана алуына бейімделген. Ал, бұл жерде, ең алдымен, оқушының оқу сауаттылық деңгейі жоғары болуы керек. Тіптен, соңғы жылдары жоғары оқу орнына тапсыратын түлектерге оқу сауаттылығы негізгі пән ретінде қарастырылып, барлық талапкерлер тест тапсырады.

Оқу сауаттылығы дегеніміз не? Ол – функционалдық сауаттылықтың бір бөлігі. Оқушы түрлі танымдық мәтіндермен жұмыс жасай отырып, негізгі сауаттылық білімін, көзқарасын, құзыреттілігін қалыптастырады. Оқу сауаттылығының өзі мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орнына тапсыру емтиханының негізгі бөлігіне енді. Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұнында мәтінмен жұмыс түрлері көп.Сол себепті аталған бағдарлама сұранысқа ие, өзектілігі, жаңашылдығы жоғары. Бағдарламаны ҰБТ-ға дайындықтың бастауы деп қарастыруға болады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мақсат анықталып, бірнеше міндеттер алынды. Ресурстары жинақталып, мұғалімдерге көмек ретінде арнайы тест тапсырмалар жинағы құрастырылды. Бағдарлама орта мектеп курсының 11- сынып оқушыларына арналған.


Бағдарламаның мақсаты: Алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алу үшін мәтін түрлерімен жүйелі жұмыс жасау арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттырады, Ұбт- да сапалы тест нәтижесін көрсетуге бағыт береді

Міндеттері:

  • Мәтін түрлерін талдау, сұрыптау

  • Мәтін мазмұнын, түйінін ашу

  • Мәтін бөліктерімен жұмыс

  • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау

  • Мәтіннің өмірмен байланысын ашу

  • Мәтінді логикаға негізделген тест тапсырмаларын шешу

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар мәтін түрлерімен жүйелі жұмыс жасай алады;

  • Оқушылар мәтін түйінін өмірмен байланыстыра алады;

  • Оқушылар мәтіндегі қосымша, негізгі ақпарат көздерін ажырата алады;

  • Оқушылардың танымдық деңгейі артады;

  • Оқушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасады

  • Оқушылардың сөздік қоры, сөз саптауы жоғарылайды

  • Оқушылар жүйелі тест тапсырмаларын шешу арқылы ҰБТ да жоғары нәтижеге қол жеткізеді.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім

Мәтін туралы түсінік және оның түрлері (4 сағат) Мәтіннің негізгі түрлері, олардың ерекшелігі, айырмашылығы, стилі

Мәтіннің негізі ойын анықтау (3 сағат). Тиімді әдіс-тәсілдерді сұрыптау

Мәтіндегі тірек сөздермен жұмыс (2 сағат) Мәтін мазмұынын ашудағы тірек сөздерді анықтау, жұмыс түрлері

Мәтін бөліктерімен жұмыс (3 сағат) Мәтіннің кіріспесі, негізгі, қорытынды бөлімі, азатжолдар

Бақылау- 1 сағат (оқу сауаттылығы тест)

Мәтіннің тақырыбы мен идеясы (3 сағат) Мәтін тақырыбын анықтау, идеясын ашу

Көркем әдебиет стиліндегі мәтіндермен жұмыс (3 сағат) стилі, кейіпкерлер бейнесі, кейіпкерлердің мінез-құлқы, әрекеті, мезгілдік, мекендік орны

Публицистикалық стилдегі мәтіндермен жұмыс-(3 сағат) Мақала, зерттеу мәтіндері, интервью, көсемсөз, хат, эссе

Ғылыми сипаттағы мәтіндерімен жұмыс – (2 сағат) Зерттеу мәтіндері, терминдермен жұмыс, тұжырым

Бақылау жұмысы- 1 сағат , тест

Мәтіндегі ақпарат көздерін анықтау – (2сағат) Шын, жалған ақпарат, негізгі, қосымша ақпарат, мәтінге сай, мәтіннен алшақ ақпарат

Жинақы және аралас мәтіндермен жұмыс –(3 сағат) Аннотация жазудың тиімді жолдары, тұтас және тұтас емес мәтіндерді салыстыру

Мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтау - (2 сағат) Мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

Мәтін тақырыбына қатысты пікірін жазу -(2 сағат ) Мәтін бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу

Қорытынды сабақ-(1 сағат)


Нормативтік бөлім

Аптасына – 1 сағат

Жылына-34 сағат


11- сынып

р/с

Мазмұны

Сағат саны

мерзімі

Әдіс-тәсілі, түрі

Уақыты

1

Мәтін туралы түсінік

1

Түсіндіру


2.

Мәтін түрлері. Әңгімелеу мәтіні

1

Ақпарат беру, жаттығу мәтіндері


3.

Сипаттау мәтіні

1

Ақпарат, мәтіндер, тапсырма құрастыру


4.

Пайымдау мәтіні

1

Ақпарат, тапсырма


5

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, соған сай мақалдар табу.

1

Мәтінмен жұмыс


6

Мәтіннің негізгі мазмұнын тезис түрінде жазу

1

Негізгі мазмұнын тезис түрінде жазу


7

Мәтіннің негізгі ойы бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру

1

Негізгі ойды анықтауда проблемалық сұрақтар құрастыру


8

Тірек сөздердің мәтіндегі орны

1

Тірек сөздермен жұмыс


9

Тірек сөздер арқылы мәтіндер құрау

1

Мәтін құрау әдісі


10

Мәтін бөліктері. Кіріспе бөлім

1

Кіріспе бөлімнің маңызы

Тақырыпты түсіну сөйлемі


11

Сұрақтар арқылы мәтіннің негізгі бөлімін жазу

1

Негізгі бөлім, шимай жоспар жасау


12

Мәтіннің қорытынды бөлімі

1

Қорытынды бөлім жазу жолы


13

Бақылау(тест)

1

Тест тапсырмасы


14

Мәтіннің тақырыбы

1

Мәтін тақырыбын анықтау жолдары, тірек сөзбен жұмыс


15

Мәтіннің идеясы

1

Мәтін идеясын ашу


16

Мәтіннің тақырыбы пен идеясын ашуға арналған тапсырмалары

1

Тақырып пен идеяның байланысы


17

Көркем әдебиет стилі

1

көркем әдеби стильдегі мәтіндер, стиль ерекшелігі


18

Шағын әңгімелердегі кейіпкер бейнесі, портреті, мінез-құлқы

1

Көркемдегіш құралдармен жұмыс, портрет, мінездеу


19

Көркем әдебиет мәтініндегі пейзаж, оқиға орны

1

Пейзаж, оның түрлері


20

Публицистикалық стиль, түрлері, тілдік құралдары

1

Стиль ерекшелігі, мақала түрлері


21

Мақала, интервью

1

Мақал мен интервью айырмасы, ерекшелігі


22

Эссе, хат

1

Эссе мен хат айырмашылығы


23

Ғылыми стиль, ерекшелігі, тұжырым, дәлел, термин

1

Ғылыми стиль ерекшелігі, тілдік құралдары, терминдер


24

Ғылыми сипататтағы мәтіндерге тапсырмалар

1

Зерттеу мәтінімен ерекшелігі


25

Бақылау жұмысы

1

Тест тапсырмасы


26

Мәтіндегі ақпарат көздері, негізгі ақпарат, қосымша ақпарат

1

Мәтімен жұмыс, негізгі және қосымша ақпаратты бөліп алу


27

Жинақы мәтін жазу жолдары

1

Аннотация жазудың тиімді жолдары


28-29

Аралас мәтіндермен жұмыс

2

Тұтас және тұтас емес мәтіндерді салыстыру


30

Мәтінге күрделі жоспар құру

1

Жоспардың түрлері


31

Мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтау

1

Мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау


32

Мәтін тақырыбына қатысты пікір жазу

1

Мәтін бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу


33

Мәтін мазмұнындағы басты ақпаратқа қарама-қарсы ақпарат табу

1

Мәтін мазмұнын талдау


34

Қорытынды

1

Бақылау жұмысы, тест тапсырмасын шешу



Барлығы

34




Ақпараттық-әдістемелік бөлім (нормативтік бөлім туралы ақпарат, әдіс-тәсілдер

Мәтін деген не?

Дыбыстар өзара тіркесіп, бір затты не құбылысты білдірсе, мағыналы сөз болады. Бірнеше сөз тіркесіп, тиянақты ойды білдірсе, сөйлем болады. Бір тұтас ойды толық жеткізген сөйлемдержиынтығы мәтін болады.

Мәтін – жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі.

Мәтін – белгілі көлемдегі (тұтас күйінде я шағын үзінді) шығарма немесе шығармашылық жұмыстың жазбаша немесе ауызша түрі.

Мәтін – бір тұтас ойдың айналасындағы пайда болған тиянақты ойлар жиынтығы. Бұл жиынтық мәтінді абзацтарға бөледі.

Бір тақырыптың әртүрлі мазмұны болуы мүмкін. Жазушы бұл мазмұнның әрбірін бір мәтінге айналдырады. Осылайша оқырманның ойы бөлініп кетпеуін, айтылғандарды тиянақты қабылдауын қамтамасыз етеді.

Әр мәтіннің өз құрылымы, оқырманға жеткізетін ойы, тақырыбы болады. Мәтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер, әртүрлі сөйлесулер жатады.

Мәтіннің түрлері

Мәтіннің үш түрі бар:

Әңгімелеу мәтіні қандай бір оқиғаны баяндап не істеді? не болды? сұрақтарына жауап береді, оқиғаның сатыланып дамуы баяндалады. Әңгімелеу мәтінініің баяндауышы көбінесе жедел өткен шақта болады. Әңгімелеу мәтінінде оқиға, орын, уақыт, кейіпкерлер болады.

Сипаттау мәтіні бір затты не құбылысты сипаттайды және қандай? Қалай? Деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда пейзаж суреттеледі немесе портретке мінездеме беріледі. Мысал, мәтінде таулар мен қырттар, адамның көзінің көгергені, самайына түскен ақ шашы, биязы немесе қырсық мінезі, Астананың Бәйтерегі, Алматының алмасы т.б. туралы айтылса, суреттеу мәтіні екенін оп-оңай табуға болады.

Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? неге? не себепті? Деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда ойдың тезисі, дәлелі, қорытындысы жасалады. Пайымдау мәтінінде сондықтан, өйткені, себебі деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулары жиі қолданылады.

Кейде әңгімелеу де , сипаттау да, пайымдау да бір мәтінде кездесуі мүмкін. Қайсысы басым екенін мәтіннің негізгі мақсатына байланысты табуға болады. Мысалы: Жиырма жасар жігіт шатырдың алдында жанымен жатқызылған есек арбаның үстінде домбыра шертіп отыр еді. Майшамның жарығы маңдайынашағылысып, шыпшып шыққан терімен айқасып жатқандай еді. Домбыраның мойны ары –бері жүгіріп өткен саусақтарының астында тіріліп кеткендей еді. Жас жігіттің қолы домбыраның шегіне жақындаған сайын екеуінің арасында құпияға толы әңгіме жүріп жатқандай еді.

Берілген мәтінде жас жігіттің не істегені туралы айтылған. Алайда оқырманның көз алдына оның сипаты, әрекеттері, жан-жағы, отырған орны суреттеліп отыр. Сол себепті бұны суреттеу мәтініне жатқызамыз. Әңгімелеу мәтінінде оқиға басым болады.

Тірек сөздер

Мәтінді құрастыруға негіз болатын сөздер «тірек сөздер» деп аталады. Мәтін не туралы? деген сұраққа жауап беретін сөздер мәтіннің тірек сөздреі болады. Мәтіннің тірек сөздерін «кілт сөздер» дет те атауға болады.

Әдетте, мәтін құрастырар алдында оқушыға тірек сөздер беріледі. Оқушы берілген тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырады. Тірек сөздер арқылы шағың әңгіме, ертегі, өлең немесе кез келген мәтін түрін жазуға болады. Жазылған мәтін жүйелі шығу үшін тірек сөздердің бірін біріктіретін тақырып тауып алу керек. Мәтін не туралы болса, тақырыбы да сол болады. Мәтінге ат қойғанда оның тақырыбының қысқаша нұсқасын пайдаланады.

Кейде берілген тірек сөздерге қарап, бұрын оқыған шығарманы еске түсіруге болады. Мысалы, «дос, аю, ағаш» деген тірек сөздер берілсе, осы үш сөздің арасында байланысы бар мәтінді ой елегінен өткізе бастаймыз. Бұл тірек сөздерден орманда келе жатып, алдынан аю шыққанда екі достың мықтысы әлсізін жалғыз тастап кеткен әңгіме есімізге түседі.

Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастыруға болатын болса, мәтіннен тірек сөздерді де дәл солай табуға болады. Тест тапсырмаларында көбінесе, дайын мәтіннен тірек сөздерді табу талап етіледі. Ол үшін мәтінді мұқият оқып шығып, мәтіннің не туралы екенін анықтап алу қажет. Ең бастысы, табылған тірек сөздер мәтіннің мазмұнын ойша елестете алатындай дәрежеде таңдалынып алынуы қажет.

Мәтіннің тірек сөздері ғаламтор желісінде өте жиі пайдалынады. Дұрыс жазылған тірек сөздер оқырманға қажетті мақаланы тез табуға көмектеседі. Мақаланың көбірек оқылуы үшін тірек сөздердің дұрыс теріліп жазылуы өте маңызды.

Мәтіннің негізгі ойын түсіндіру тәсілдері

Мәтіннің негізгі ойы оқырманға одан да жақсы жеткізілуі үшін жазушы әртүрлі тәсілдерді пайдаланады.

Салыстыру. Екі не одан да көп заттың ұқсастығы мен аймаршылықтарын салыстыру үшін қолданады. Мақсаты – бір затты басқа заттардан ерекшелеу, осылайша сол зат туралы мағлұматты түснікті етіп беру. Мысалы, мәтінде «мынау мынадай, ал мынау болса мынадай» деген ұғымдар болса, салыстыру тәсілі қолданылды дегенді білдіреді.

Анықтама беру. Бір заттың не екендігін түсіндіру үшін қажет. Оқырманға тез түсіндіру үшін автор осы тәсілді қолданады. Мәтінде бір ғана заттың анықтамасы берілуі тиіс. Әйтпесе екі зат болса, ол салыстыру болып кетуі мүмкін.

Мысал келтіру. Айтылған ойды көз алдымызға елестету үшін қолданады. Әдемі мысал айтылған көп сөзден әлдеқайда әсерлі болуы және көпке шейін есте қалуы мүмкін. Мысал ретінде кейде танымал тұлға не туынды берілуі мүмкін.

Дәйексөз келтіру. Автор өз ойын дәлелдеу үшін танымал тұлғалардың сөздерін дәйексөз ретінде келтіреді.

Байланыс құру. Бір-бірімен тікелей байланысы жоқ ұғымдарды, заттарды асқан шеберлікпен байланыстырып мәтіннің негізгі ойын түсіндіріп беру үшін қолданады.

Мәтіннің көріктеуіш құралдары

Мәтінді оқырманға әсерлі ету үшін көріктеуіш құралдарды пайдаланады.

Теңеу – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Мысалы: Ержан басын бүркеңкіреп алып, іргеге қарап, тышқан аңдыған мысықтай тынып жатқалы бірқауым уақыт өтті.

Эпитет – заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз. Мысалы: Әлгіндей долы нөсерден кейін жер беті шалшық суға толып, лайсаң батпақ болып қалған.

Метафора – суреттелген затты не құбылысты айқындау үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау. Мысалы: Абай әлгі сөзді тыңдап бола бере, әуелі бір қысқа ғана мысқыл айтты: - Ауыл – дарбаза, сөз – самал, - деп қойды да, - есесің де бөсесің ғой, Тобықтының сотқары! – деді.

Инверсия – сөздердің орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру. Мысалы: Осы сен не боп барасың күннен- күнге? Бұл не сұмдыұ? Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барсың ғой! Ұялмайсың ба бір мезгіл елден-жұрттан? Қу жалғыз-ау, айтшы, не болды мұнша саған бұзылып? Өлтірдің ғой мына сорлы анаңды!

Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу. Мысалы: Ай жарық. Аспанның тұп-тұнық көк жібек шатырыбар жиһазын тағынып мөлдіреп тұр.

Кейіпкер мінезі

Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, көркем образ.

Мінез – адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінездеу – әдеби кейіпкеді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-әрекеті мен кескін-кеіпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу – осының бәрі әдебиеттегі адамның ішкі әлемін тануға, сырт пішінін анықтауға аса қажетті тәсілдер. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырып, айқындай түседі, мінездеу үшін маңызды рөл атқарады.

Мәтіндегі кейіпкерлердің мінезі жағымды немесе жағымсыз болып келеді. Жағымды мінездерге қарапайымдылық, ұяңдық, жомарттық, мейірімділік, сыпайылық, қамқорлық, адалдық т.б. жатады. Жағымсыз мінездерге сұмдық, арамдық, сараңдық, тәкаппарлық, паңдық, мақтаншақтық, еріншектік, т.б. жатады.

Мәтін құрылымы

Мәтіннің тақырыбын ашу үшін және негізгі ойды оқырманға жеткізу үшін мәтінде қолданылған әрбір сөйлемнің өз орны болуы тиіс.

Мәтін құрылымы үш бөліктен тұрады: басы (кіріспе), негізгі бөлімі, соңы.

Кіріспеде оқырманның назарын аудару көзделеді. Негізгі бөлімде айтылатын ойдың түйінді мәселелері жүйелеп түсіндіріледі. Мәтіннің соңы – қорытынды бөлім, бұл – сөздің бүкіл күшін топтастырушы, мәнді бөлім.

Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мәтіннің желісін бұзбауы керек. Мәтінге басқа қосымша сөйлем қосқанда немесе толықтырғанда негізгі ойдан ауытқымау керек.

Мәтінді абзацтарға бөлу

Әрбір мәтін тұтас бір ойдың айналасында болатынын білеміз. Ендеше мәтіннің құрамындағы әрбір жаңа ой абзацтарға бөлінуі тиіс. Әрбір мәтін белгілі бір тақырып айналасында құрылғандықтан, мәтінде бірнеше ой-пікір айтылуы мүмкін. Сол себепті мәтіндегі екі не одан да көп ой-пікірлер абзац арқылы ажыратылады.

Мәтінді абзацқа бөлгенде, алдымен, сөйлемдердің тақырыбы анықталады. Тақырып ауысқан кезде келесі абзац басталады.

Мәтіннің ой желісі

Мәтіннің тұтас бір мағынасы болады. Жақсы құрастырылған мәтіннен бірде-бір сөйлем алып тастауға болмайды. Сөйлемдер бір тақырып айналасында мәтіннің ой желісі бойынша құрылады. Тақырыптан тыс кез келген сөйлем мәтіннің ой желісін бұзады. Шылаулар, сілтеу есімдіктері, қыстырма сөздер сөйлемдерді мәтіннің ой желісі бойынша реттестіргенде сізге үлкен көмек тигізетін болады.

Бағалау критерийлері:


11- сыныпқа арналған «Оқу сауаттылығы» курс бағдарламасы түсінік хатта көрсетілгендей мақсат, міндеттерді жүзеге асырып, күтілетін нәтижені анықтағанда оқушылардың келесі жұмыс түрлері бағаланады:


  • Мәтін бөліктерін ажырата алуы, тақырыбын, идеясын ашуы ;

  • мәтіннен қажетті, нақты ақпаратты таба білу;

  • мәтінді ашық және логикалық сұрақтарға жауап беруі;

  • мәтінмен жұмыс түрлерінің меңгерілуі;

  • мәтіннің мазмұнын түсінуі;

  • мәтіндегі тірек сөздермен жұмыс жасай алуы

Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтау, негізгі тірек сөздерді ажырата алуы қатаң қадағаланады. Сонымен қатар, автордың ойын, эмоциясын ашу, мәтін кейіпкерінің мінез-құлық болмысын ашу да бағаланады. Түрлі стильдегі мәтіндерді ажырата алуы, оның тілдік құралдарын табуы, орынды қолдануы, мәтін мазмұнын ашатын нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді таба алуы да ескеріледі. Себебі, ҰБТ кезіндегі оқу сауаттылығынан тест тапсырмаларында осы ақпараттар сұралады.

Оқу сауаттылығынан ең көп кездесетін сұрақ форматтары:

1. Мәтінге лайықты тақырыпты анықтаңыз

2. Мәтін идеясын ашыңыз

3. Мәтінде айтылған мезгіл немесе мерзім

4. Мәтіндегі кейіпкер мінез-құлқы

5. Мәтін бөліктерінің бір-бірімен байланысы

6. Мәтін түрін анықтаңыз

7. Мәтін мазмұнын жеткізудегі әдіс-тәсілдер

8. Мәтіннің стилін анықтаңыз

9. Мәтіннің мазмұн реттілігін анықтаңыз

10. Мәтін мазмұнын ашатын нақыл сөздер т.б.


1. Жалпы мәтінмен жұмысты бағалау критерийі

«5 балл» - оқушы мәтіннің тақырыбын, идеясын ашып, стилін анықтап, ондағы сюжеттерді талдап, тілдік құралдарына түсінік бере алса және қойылған логикалық сұрақтарға мүдірмей жауап берсе;

«4 балл» - Оқушы мәтіннің түрін, мазмұнын, тақырып пен идеясын аша алады, бірақ қойылған сұрақтардан мүдіріп жатса;

«3 балл» - Оқушы мәтіннің мазмұнын түсінеді, бірақ идеясын, негізгі тілдік құралдарын таба алмайды, сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай жатса;

«2 балл» - Оқушы мәтін түрін ажырата алмайды, мазмұнын түсінбегендіктен, сұрақтарға қате жауап береді.

2. Мәтінді тест тапсырмаларын бағалау критерийі:

Тест тапсырмаларының саны бір нұсқада -20 сұрақ

Бір дұрыс жауабы бар

Әр дұрыс жауабы 1 балл

Ең жоғарғы балл- 20

18-20 балл- «5»

14-17 балл- «4»

5-13 балл- «3»

0-4 балл-«2»


Мұғалім мен оқушыға арналған қосымша ресурстар:

Екі сұрақты мәтіндер


Ескерту: қарамен белгіленген дұрыс жауап болып табылады.


Мәтін №1

Құйысқан – аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай сырғып кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы қанжығалығына бекітетін қайыстан жасалатын құрал.

Құйысқанның екі жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан үзбелері болады. Құйысқан аттың тезек тастайтын тышпасына көлденең тұрғандықтан, кейбір кездерде жылқының тезегі құйысқанға қыстырылып қалып, аттың еркін қимылына кедергі келтіреді. Мұндайды біздің қазақ жақтырмай: «Құйысқанға қыстырылған тезек сияқты» деп айтады.Өмілдірік - ер артқа қарай сырғып кетпеу үшін, аттың омырауын орай тағылған құрал.

1. Құйысқан не үшін тағылады

A) Ер- тұрман аттың артына сырғып кетпес үшін

B) Ер-тұрман орнында жылжымай тұруы үшін

C) Ер-тұрман аттан ауып түсіп қалмау үшін

D) Ер-тұрман жылқының сауырын жауып тұруы үшін

E) Еңіс жерде ер-тоқым аттың мойнына сырғып кетпес үшін

2. Құйысқан жасалатын шикізат

A) Қанжыға

B) Үзбе

C) Қайыс

D) Темір

E) Салпыншақ

Мәтін №2

Көшпелілер ұғымында ыдыс-аяқ түрлері материалдық игіліктің бірі ретінде молшылық-тоқшылық, ырыс-берекенің көзі деп есептелінді. Өйткені дәстүрлі наным-сенім бойынша, аузы жоғары қараған іші қуыс ыдыс-аяққа Тәңірі несібе бұйыртады екен деседі. Сонымен бірге тұрмыстық тіршіліктен тыс адамдар арасындағы дәнекер саналатын «дәм-тұз» деген киелі ұғыммен де семантикалық байланысы айқын аңғарылады. Басқаша айтқанда, ыдыс-аяқ дастарқандас адамдар арасындағы сыйластық қатынастың да өзіндік дәнекері функциясын атқарады. Өйткені көшпелілердің этикасы бойын­ша, бір дастарқаннан, бір ыдыстан (табақтан) дәм татқан адамдар бір-бірін жаманшылыққа қиюы үлкен күнә болып саналды. Ыдыс-аяқтың дәстүрлі отбасылық-некелік қатынас жүйесінде де өзіндік ғұрыптық және этикалық орны мен функциясы болды. Қыздың жасауының құрамындағы шешесінің өз қолынан табысталған ыдыс-аяқ қыздың көргенділігінің айғағы іспеттес болды.

1. Көшпелілер ұғымындағы ыдыс-аяқ ұғымы

A) Тоқтықтың көзі

B) Достықтықтың көзі

C) Наным-сенімнің өзі

D) Тәңірдің көзі

E) Көрегендіктің өзі

2. Мәтін мазмұнына лайықты даналық ой

A) Ас – адамның арқауы

B) Доссыз өмір, тұзсыз ас

C) Аяғын көріп, асын іш

D) Анаға қарап қыз өсер

E) Отбасы – шағын мемлекет.

Мәтін №3

Жапырақ – жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Ол қыстырмалы меристемалардың белсенділігі нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша мүше. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.

Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрылыққа шығуына байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда негізгі өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан өсіп шыққан жапырақ - тұқым жарнақтарының жапырағы деп аталады. Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі - апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп аталады. Апекстен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады.

1. Алғашқы жапырақтардың құрлық жағдайына бейімделуінің себебі

A) Нағыз жасыл жапырақ болғанына байланысты

B) Көп суды қажет етпегеніне байланысты

C) Өсімдік өркенінің шектелуіне байланысты

D) Сулы ортадан құрғақ ортаға шығуына байланысты

E) Сулы орта болмауына байланысты

2. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Алғашқы жапырақтар

B) Нағыз жасыл жапырақ

C) Жапырақтардың сипаты

D) Жапырақтардың түсі

E) Жапырақтардың түрі

Мәтін №4

Көшпелілер өмірінде малдың орны ерекше. «Күндік өмірің болса, түстік мал жи» деген бабаларымыз. «Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы» деп түйеді тағы да. Сәлемдескенде де «мал-жан аман ба?» деп бастайтыны содан. «Көш көлікті болсын!», Қоныс жайлы болсын!» «қойың егіз тапсын!». Бұл тілеулер де шаруашылық ыңғайына қарай қолданылады. «Қой баққанға, шаруаға қыры бар адамға бітеді» дейді бұрынғылар. «Қой қара тасқа, жабағы жеген насқа бітеді» деп те дәріптейді. Қой көшпелі қазақтың кисе – киімі, жесе – тамағы. Оның азықтық және тұрмыстағы пайдасы түйе мен жылқы түлігінен артық. Жер мен шөпті де таңдамайды.

С.Мұқанов бір еңбегінде: «Төңкерістен бұрын 20-25 мың қойы бар байлар жиі кездескен», - деп жазыпты.

Монғолияның Қобда бетіндегі асқан байдың бірі болған Тоқанұлы Ұлтарақтың тек соғымына 45 жылқы, 10 шақты сиыр, 100 шамасында қой сойылатын болған. Әрине, бұл байдың өз жалшы-малшыларының да қазанын көтеруімен қатар, байға келер қонақтың мөлшерін, жиын-тойдың ауқымын есептегендегі көрсеткіш. Сондай-ақ, XIX ғасырдың соңы кезіндегі мәліметтерге қарағанда «Семей губерниясының бір байы соғымына он жылқы, елу қой, екі-үш сиыр соятын болған» дейді зерттеушілер.

1. Тұрмыстағы пайдасы артық саналатын түлік түрі

A) Жылқы

B) Қой

C) Түйе

D) Сиыр

E) Ешкі

2. Байлардың соғымға өте көп мал арнауының себебі

A) Кедей-кепшіктерге таратқан

B) Отбасында адамдар көп болған

C) Ауқымды жиын-тойлар көп болған

D) Асқан бай болған

E) Жалшыларға таратып отырған.

Мәтін №5

Қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл ғұмырында төрт түліксіз күні кем. Салт-дәстүрінде, өлең-жырында, тұрмыс тіршілігінде берік орын тепкен. Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет тойы, келін түсіру, құда шақыру - бәрі мал өнімінсіз өтпеген. Мәселен, құдаларға сойылған малдың етін жеместен бұрын құйрық-бауыр асатады. Жаңа сойылған қойдың мүше бөліктері, кұданың сыбағасы - жамбас салынған «құда табақ» тарту бәрінде жарасымды әдеп, биік парасат жатыр. Қонақ күту рәсімі өз алдына бөлек мектеп. Сыйлы адамдарға жасының үлкен кішілігіне карап сыбаға жасалады. Ақсақалға бас тартылады. Басты ұстау, одан дәм таттыру, орнымен үлестіру де өнер.

1. Мал өнімінің қажеттілігі

A) Салт-дәстүрде қолданған.

B) Жиын- тойларда басты ас ретінде саналған.

C) Құдаларға арналған ас ретінде саналған.

D) Адамдардың сыбағасы болған.

E) Ақсақалға басын тартқан.

2. «Құда табақ» тартудың мәнінде не жатыр

A) Жарасымдылық

B) Үлкен ниет

C) Жауапкершілік

D) Бірлік

E) Адалдық


Мәтін №6

Таралғы немесе үзеңгі бау – ердің қапталындағы ойыққа өткізіліп, үзеңгіге бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш елі етіп тіліп жасайды. Жайшылықта үзеңгі бау бір қабат болса, жаугершілік кезінде сарбаздар үзеңгі бауды бірнеше қабаттайтын болған. Ат үстінде тұрып садақ тарту немесе найзаласу кезінде негізгі күш үзеңгі бауға түседі. Сондықтан да үзеңгі бау немесе таралғының сайыс кезінде маңызы өте зор болған. Қазақтың ауызекі сөзіндегі: «Үзеңгі бауы сегіз қабат, ас үстінде шіреніп...» деген тіркесі тегін айтылмаса керек.

1. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Қайыс бау

B) Ат тұрманы

C) Сарбаздар үзеңгісі

D) Үзеңгі бау

E) Ат әбзелдері

2. Жаугершілік кезде үзеңгі бауды бірнеше қабаттауының мәнісі

A) Ұзақ уақыт ат үстінде жүретіндіктен

B) Найзаласу кезінде үзіліп кеткені үшін

C) Найзаны шіреніп тарту үшін

D) Қайысы мықты болмағаны үшін

E) Үзеңгі бау түскен салмақтан үзіліп кетпес үшін


Мәтін №7


Жігіт қуу - барлығы 10-20 адам қатысатын жігіттердің ат ойыны. Əркім өз атымен қатысады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойын жүргізуші арасы 1-2 шақырымдай жерден екі көмбе белгілейді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып, оның басына тұмақ кигізеді, екінші көмбеде өзі тұрады. Екі топтан екі адамды шақырып біреуіне қолына белбеу немесе орамал береді. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар екінші көмбеге қарай шаба жөнеледі. Белбеу алған ойыншы екіншісін көмбеге қуып жетіп ұруы керек те, көмбеге жеткен соң белбеуді тұмақтың үстіне тастап, қайта қашады. Екінші ойыншы белбеуді алып, қарсыласын көмбеге жеткенше қуып жетіп ұруы керек. Енді ойынға келесі екі атты адам шақырылып, олар да соны істейді. Қай топтың ойыншысы қарсыласын көп ұстаса сол топ жеңген болып есептеледі. («Қазақтар» анықтамалығынан)

1. Екі көмбе арасындағы қашықтық

A) 1-2 метрдей

B) 100-300 метрдей

C) 1-2 километрдей

D) 100-2000 метрде

E) 1000-200 шақырымдай

2. Белбеу алған ойыншының әрекеті

A) Белбеуді өзімен алып жүруі керек.

B) Екінші ойыншыға беруі керек.

C) Қуып жеткен ойыншының тымағына тастауы керек.

D) Белбеу алған ойыншыны ұруы керек.

E) Екіншіні қуып, ұруы тиіс.


Мәтін №8


«Бурабай» – қазақ даласының ең әдемі де қасиетті жерінің бірі. Сол маңайдағы қазақ елі – «Жер жұмағы» десе, журналист білгіштер Швейцарияға теңеп, мақтан етеді. Нияз осы сөздерді екшеп, електеп өткізгенде тапқан бір мысқал алтын шындығы: қазақ даласы – халықтың бай «қазынасы». Ол қандай байлық? Кейбіреулер дала дегенді көлбеп жатқан құла дүз, жусаннан басқа өсімдік, суырдан басқа жәндік жоқ, қу тақыр деп ойлайды. Қазақстан жерінде тау-төбе, өзен-көл, тақыр-құм, сызат-саз, ойпаң-жазық, қырат-адыр, орман-тоғай да бар. Үш Франция жеріне пара-пар Қазақстан – түсті, асыл кендердің қазынасы, астықтың қоймасы, мыңғырған малдың өрісі. Міне, Нияз өмір сүрген қазақ жерінің бір бұрышының ауасы – дертке шипа, талай адамды өлімнен құтқарған қасиетті жер (З.Шашкин).

1.Қазақстандағы байлық көзінің бірі

A) Астық

B) Ірі сулар

C) Өнерлі халқы

D) Биік таулар

E) Орман-тоғай

2. Мәтін мазмұнына алшақ ой

A) Қазақстан – асыл кендердің ордасы.

B) Бурабайды көп ел біле бермейді.

C) Бурабай шипалы жерге жатады.

D) Қазақ даласының байлығы – халық қазынасы.

E) Бурабайды Швейцарияға теңейді.


Мәтін №9


Жазық даланың ойпаттау бір жерде кесек қардан «аққала» көтеріле берген күнге шағылысып шұғыладай жарқырап көрінеді. «Аққаланың» қасында осы араға келіп қайтқан шананың ізі бар, ішінде бір сиыр дірдектеп жатыр. Әуелі оны қара ала сиыр ма деп қалып едік, қара ала емес, мойны мен қыр арқасының жүні түсіп, ақ құйқаланып қалған қара сиыр болып шықты. Безгегі ұстағандай қалшылдап тоңып жатыр. Қаншырдай қатқан арық. Дәл жаялығында «Алып» деген күйдіріп басқан таңбасы бар. Бір мүйізі сынық. Астына жаялықтай ғана қара құрым киіз төсепті де иесі тастап кетіпті. Тоңып қалшылдап жатқан бейшара сиыр тұра салып жүгіріп кететіндей ілгерілі-кейінді сырғып қояды. Бұл әрине шегіне жете жіңішкерген тіршілік. Сиыр байғұс соның өзінде қия алмай шолақ құйрығын қысып алыпты (Ғ.Мүсірепов).

1.Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем

A) Сиыр қалшылдап жатыр.

B) Қаншырдай қатқан арық та емес.

C) Аққала шұғыладай жарқырамайды.

D) Астына қара құрым да төселмепті.

E) Сиырда таңбасы да жоқ екен.

2. Сиырдың ақ құйқалануының себебі

A) Дірдектеп, қалшылдап жатқандықтан

B) Иесі қарамай, тастап кеткендіктен

C) Жүре алмай, шамасы кетіп жатқандықтан

D) Аққаланың қасында шұғылаға нұрланып жатқандықтан

E)Мойны мен арқасынан барлық жүні түсіп қалғандықтан



4 сұрақты мәтіндер


Мәтін №1

Үкімен байланысты қандай салт-дәстүр, әдет-ғұрып бар?

«Қазақ Энциклопедиясында» үкі тағу салты туралы айтылады. Бұл қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғандығының белгісі ретінде берілетін кәделердің бірі. Қыз бен жiгiттiң көңiл-күйiн орнықтыратын бұл ғұрып халқымызда «қарғыбауын» деп те аталады. Жаушыдан жақсы хабар алған соң, жiгiттiң ата-анасы болашақ келінiнiң үкiсiн (қарғыбауын) арнаулы әзiрленген үкiлi тақия, бiлезiк-сырға, бiр киер бағалы киiм алып, құда-құдағиларына асылдан киiт әзiрлеп, қарғыбауға байлайтын бiр атын жетелеп жаңа құданың үйiне барып «үкi тағу» салтын өткiзедi. Сонымен екi жақтың ресми құда болғандығын ел-жұртқа жария етеді. Қыз ауылы жылы шырай, ыстық ықыласпен қарсы алып күтеді. Құдалар аттанар кезде бұйымтай сұрап, шама-шарқынша шапан жауып аттандырады. Үкінің қауырсынын алу үшін оны өлтірмейді. Өлтірген адамды киесі ұрады деген түсінік бар. Үкіні аулап ұстап, балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя берген. Мұны «үкі жүндеу» деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан «олжа алу» салты да болған. Ал, көз тиіп, сұқ қадалмасын деген ниетпен көпшілік алдына шығатын әншілер, бишілердің бөркіне, камзолына, бесікке, домбыраға т.б. үкі қауырсынын тағу – наным-сенім.
1.Үкіні өлтірмеуінің себебі

A) Ұстай алмайтындықтан

B) Киесіз болғандықтан

C) Еті жарамсыз болғандықтан

D) Қасиетті болғандықтан

E) Аз болғандықтан

2. «Үкі жүндеу» деген атауға тән қатар

A) Үкіге жем салу

B) Үкінің жүнін алу

C) Үкінің қауырсынын тағу

D) Қызға үкі тағу

E) Тақияға үкі тағу

3. Бесікке үкі тағуының себебі

A) Наным-сенім бойынша

B) Балаға ғұмыр тілеп

C) Жас нәрестеге сый ретінде

D) Бала олжалы болсын деп

E) Көпшілік көрсін деп

4. Мәтіндегі: «Құдалар аттанар кезде бұйымтай сұрап...»деген сөйлемнің мәнісі

A) Өздеріне тиесілі шапанды киіп

B) Қыздарының қалауын сұрап

C) Өздері қалаған затты сұрап

D) Құдаға лайық сыяпат сұрап

E) Асылдан киіт сұрап

Мәтін №2

Аңызға сүйенсек, ең алғашқы бесік Жетісу мен Алтайдың бойын мекен еткен Айдархан бидің кезінде пайда болған. Айдархан бидің әкесі, төңірекке белгілі Мизам баба, қазақ даласына ағаш отырғызумен, орманды көбейтумен айналысса керек. Елге сыйлы Мизам баба 150 жыл өмір сүріпті. Өзі сүрген ғұмырында еккен көшет-талдардан үлкен бау-бақшалар өсіп шығыпты. 

Мизам бабаның о дүниеге сапар шеккенінен хабардар қытайлар, бақилық бабаның еңбегін көреалмаушылықпен өртеп жіберіпті. Сол уақытта Мизам бабаның баласы, Айдархан би алыс ауылға сапар шегіп кеткен екен. Би түсінде әкесін көреді, лезде бір сұмдықтың болғанын сезген ол, үйге қарай аттың басын бұрады. Ауылға асығыс жетіп, ну орманның орнында шөл далаға айналған ауылын көріп қатты қапаланады…

Жылдар өте береді… Айдархан би үйленіп, ең тұңғышы туылады. Бірақ туыла сап, сәби тоқтамай жылай береді. Оған шартарапқа аты шыққан емшілер де көмектесе алмайды. Бір күні бала жылауын тоқтатады. Әкесі қуанып кетіп, жүгіріп үйге кірсе, оны ақ шапан киген бір қария өрттен аман қалған сынық бұтақтарға жатқызып, сәбиді тербетіп отырады. Айдархан би жақын келгенде, ақсақал ғайып болады. Оның орнында қалған ағаш бұтағымен Айдархан, қазіргі «бесік» деп айтылып жүрген бұйымды жасайды.
Осылайша, «бесік» көшпелі қазақ халқының ажырамастай мұрасына айналады. 

1.Қытайлардың Мизам баба еккен ағаштарды өртеуінің себебі

A) Іштарлықтан

B) Жағымпаздықтан

C) Жауласқаннан

D) Әділетсіздіктен

E) Еріккеннен

2. Айдарханның бесік жасауына себеп болған жағдай

A) Баласы қатты жылағандықтан

B) Ақсақал айтқандықтан

C) Баласын тербеткісі келгендіктен

D) Баласының ағашта тыныш ұйықтауы

E) Әкесінен қалған ағаш болған соң

3. Мәтіннің соңғы бөлігіне қатысты мақал-мәтел

A) Жаман деп бесікке күлме,Тар деп бар есікке күлме.

B) Ауылым - алтын бесігім.

C) Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді.

D)Бесік–ұшар ұяң,

Есік – алтын шыған.

E) Өз елің - алтын бесік.

4. Айдархан бидің қапалануының себебі

A) Ну орманның өртеніп кеткеніне

B) Баласының жылай беретініне

C) Алыс сапарлап кеткеніне

D) Сұмдықтыңболғанын сезгеніне

E) Ақсақалдың ғайып болғанына

Мәтін №3

Терек қандай ағаш? 

Терек таулы жерде өсетін көктеректен (осина) таралған. Іле Алатауының ылғалды бөктерлерінде, қар көп тоқтап қалатын жерлерде өседі. Қазір теректің түрі көп. Гибридті түрлері де жет­кілікті. Суарылуы жақсы болса, бір жылда 2-3 метрге дейін көтеріледі. Бәрі күтіміне байланысты. Қарағай мен еменнің жүз жылда беретін өнімін терек 13-ақ жылда береді. 50-60 жылға дейін өсе береді, сосын ғана өсімі азаяды. Жағдайлы жерде бұл ағаш 120-150 жылға дейін өмір сүреді. Терек – өте әдемі ағаш. Тік өседі. Ағаш өсіргісі кел­гендердің көпшілігі теректі мамық шашады деп егуден қашқақтайды. Мұның шешімі оп-оңай. Аталық теректен алған шыбық мамық шашпайды. Асықпай қарап жүріп, мамық шашпайтын аталық теректің тұқы­мын алу керек. 

 Теректі егіп, өсіру үшін көп қаражат керек емес. Қалемшесін, шы­бықтарын күз соңында немесе ақпан айында кесіп алып, көлеңкелі жерге көміп тастаған дұрыс. Қазылған жердің тереңдігі бір жарым метрдей болса жетеді. Осы ұраға терек шыбықтарын елу-елуден байлап, үстіне сабан тастап, көміп тастаңыз. Сәуір айының 27-29-ы аралығында қайтадан аршып алып, 20-25 сантиметр қалемшелеп кесіп, жерге қисығынан қадау керек. Қи­сық дегенде, шамамен 45 градустай, көлбеу егілгені жөн. Мұның себебі – көлбеу егілген кезде шыбықтың буындары жерге тиіп тұрады да, ағаш осы буындардан өсіп шыға­ды. Негізгі өскін жерден нәр алып тұрғасын тез тамырланады.

1.Ағаш өсірушілердің терек өсіруден қашқақтауының себебі

A) Аталығы мамық шашады

B) Суарылуға қиын тиеді

C) Тұқымын алу өте қиын

D) Мамық шашады деп ойлайды

E) Өсіру өте қиынға соғады

2. Терек буындардан өсіп шығуы үшін жасалатын әрекет

A) Жерге қисық қадау керек

B) Көлбеу егілуі керек

C) Аршып алу керек

D) Қалемшегін кесу керек

E) Жерді 1,5 метрдей қазу керек

3. Терекке тән сипаттама

A) Мамықсыз ағаш

B) Шөлге шыдамды ағаш

C) Өнімін аз беретін ағаш

D) Өте әдемі ағаш

E) Жай тамырланатын ағаш

4. Теректің өсу жерлері

A) Ылғалды жерлерде

B) Қар тоқтамайтын жерлерде

C) Тау бөктерлерінде

D) Ашық алаңқайларда

E) Шөлді жерлерде

Мәтін №4


1.Аралардың күнделікті адам пайдаланатын азық-түлікке тікелей әсер ететінін білесіз бе?

2. Жер бетіндегі өсімдіктер мен азық-түліктің 90 пайызын жеуге пайдаланады. Ал сол пайдалы өнімің 70 пайызын жарамды етіп, ағзаға жетуге жол ашып беретін аралар. Банан, алма, алмұрт сынды жемістер осы қатарға кіреді.  Егер аралар жойылып кететін болса, аталған азық-түліктің пайдалы түрі күрт азайып, аштық орнайды. 

3. Киімсіз қалмайын десеңіз, араларды қорғаңыз  Мақта – жер бетіндегі киім өндірісіне ең қажетті және ең құнды материал. Оны бүкіл әлемдік тігін өндірістерінің басшылары мойындайды. Мақта өнімдеріне деген сұраныс жыл сайын артып отыр. Ең қарапайым жейде мен джинси шалбарлар да осы мақтадан алынады. Ал аралар осы мақтаның өсуіне және оның жетілуіне әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда аралар жойылып кетсе, киімсіз қалуыңыз мүмкін. 

4. Биоотын өндірісі тоқтайды  Биоотын қазіргі кезде кеңінен қолданылып келе жатқан, газ түріндегі өндіріс түрі. Оның арамен қандай байланысы бар? Тікелей байланысты. Себебі биоотын бөлетін түрлі құрамдағы элементтер араның тозаңдануынан келеді. Сондықтан араның тіршілікке пайдасы зор. 

5. Әлемдік нарыққа әсер етеді  Күлкілі болуы да мүмкін, себебі аралардың биржаға, қаржыға қандай қатысы бар деген сұрақ туады. Бұл барлық елде бірдей болмаса да, Оңтүстік және Шығыс Азия елдеріне, Африка құрлығына зор әсер етеді. Себебі аралар жойылып кетсе аталған жердегі мемлекеттер сыртқы нарықтан айырылып, экономикалық тұрғыда құлдырайды. Себебі оларды асырап отырған жеміс-жидек соның ішінде банан өнімдері. Ал бананның дәл сол тәтті және сапалы қалпында өсіп-өнуіне араның үлесі бар. 

6. Адамзаттың өсуі тоқтайды  Аралардан бөлінетін түрлі дәрумендер жеміс-жидек пен азық-түлік арқылы адам ағзасына түседі. Адам сол дәрумендер арқылы ұрпақ жалғастырып, ауруға төтеп бере алады. Ал аралар жойылып кетсе, адамзаттың өсуі тоқтап, өлім көбейеді. Тіпті алдын алмаған жағдайда жер шарында ара болмаса адамның да өмір сүруі мүмкін емес. 
1. Мәтінге лайықты тақырып

A) Бал арасының нарыққа әсері

B) Бал арасының өмірге әсері

C) Бал арасының азыққа әсері

D) Бал арасының адам өсіміне әсері

E) Бал арасының өнімі

2.Араның тозаңдануы әсер ететіні туралы айтылған бөлім

A) 4

B) 2

C) 5

D) 6

E) 3

3.Мәтін мазмұнына алшақ ой

A) Биоотын – газ түріндегі өндіріс.

B) Мақта өніміне деген сұраныс құлдырап кетті.

C) Африка экономикасы құлдырайды.

D) Адамзаттың өсуі тоқтайды.

E) Ара болмаса, адам өмір сүрмейді.

4. Мәтін бойынша араларды қорғауға негіз болатын себептің бірі

A) Биоотын өндірісі көбеймесін десеңіз, араларды қорғаңыз.

B) Банан өсіп-өнуі тоқтасын десеңіз, араларды қорғаңыз.

C) Өсімдіктер жойылмасын десеңіз, араларды қорғаңыз.

D) Киімсіз қалмайын десеңіз, араларды қорғаңыз.

E) Еліміздің экономикасы тоқтамасын десеңіз, араларды қолдаңыз.


Мәтін №5


Жыл сайын наурыз айының алғашқы жексенбісінде Франция елі Әжелер күнін (Fête des grands-mères) атап өтеді.  Бұл күні жасы 55-тен асқан апа-әжелерге ерекше құрмет көрсетіледі. Әжелер мерекесі ұлттық мәртебеге ие болғандықтан, бұл күнді француз халқы асыға күтеді. Бұл мерекенің француз халқының өмірінде орын алуына «Әжелер» кафесі мен ірі сауда орындарының маркетингтік агенттіктері себепші болды. Жүздері мейірімге толы апа-әжелер бұл күні әдемі көйлектерін киіп, төл мерекелерін атап өтуге дайындалады. Мереке күні апа-әжелерін құттықтап, олардың көңілін көтеру үшін немере-шөберелер арнайы сый-кәделер жасайды.

Бұл күні барлық дүкендер мен сауда орталықтарында әжелер үлкен жеңілдікпен өздеріне қажетті бұйымдарды сатып ала алады. Мейрамханалар мен кафелерде мерекелік мәзір дайындалады. Ал туристік фирмалар әжелер мен олардың немерелеріне тегін экскурсиялық бағдарламалар қарастырады. Әжелер мерекесінің жексенбі күні тойлауында бір гәп бар. Француз халқының апа-әжелерінің жасы келіп, зейнетке шықса да, олар еңбек етуден жалықпайды. Олардың ойынша, жұмыс істеген жан ешуақытта қартаймайды. Сондықтан болар, әжелер күні жексенбі, демалыс күні тойланады. Ал 8наурыз мерекесі Франция елінде мемлекеттік мәртебеге ие болмағандықтан, бұл күні ешкім демалмайды. Мереке кең көлемде атап өтілмегендіктен, француз халқының қыз-келіншектері мен апа-әжелері өздеріне бағытталған игі тілектерді естумен ғана шектеледі.

1.8 наурыз мерекесінің Францияда тойланбауының себебі

A) Ешкім дем алмағандықтан

B) Мереке кең көлемде аталып өтілмегендіктен

C) Мемлекеттік мәртебеге ие болмағандықтан

D) Әжелер күні ғана тойланатындықтан

E) Демалыс күнге дөп келгендіктен

2. Әжелерге жататын құрметтің бірі

A) Әжелерге кез келген адам кедә-сый жасайды.

B) Әжелер жексенбі күні жұмыс жасамады.

C) Әжелерге жеңілдікпен экскурсиялар ұымдастырылады.

D) Әжелерге немерелері арнайы сый-кәде жасайды

E) Әжелерге әдемі көйлектер сыйланады.

3. Әжелер күні мерекесінің жексенбі күні жасалуының мәнісі

A) Жексенбі күні жұртшылықтың барлығы дем алатындықтан.

B) Көктемнің ең алғашқы жексенбісі болатындықтан.

C) Барлық адамдарға жексенбі ыңғайлы болғандықтан

D) Туристік фирмаларда саяхатқа орындар болатындықтан

E) Зейнетке шықса да, еңбек етуден жалықпайтындықтан

4. Мәтін мазмұнына лайықты даналық ой

A) Кәрілік – дауасыз дерт

B) Күлсең, кәріге күлме.

C) Өсетін елдің қарты, Қазына болар.

D) Қарттың айтқанын істе.

E) Қарт кебінін қапта сақта.


Мәтін №6


Бұғнай ойыны көгалдарда, үлкен бөлмелерде өтеді. Ойнаушылардың жас ерекшеліктері ескерілмейді, ойнағысы келгендердің бəрі қатысады. Ойнаушылар қаншалықты көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді. Ойын жүргізуші ойнаушыларды айнала отырғызып, "бірінші бұғнай", "екінші бұғнай", "үшінші ..." тағысын тағы, ең соңына дейін отырғандарды санап шығады да, "Пəленінші бұғнай",- деп дауыстайды. Аты аталған бұғнай орнынан атып тұрып, келесі біреуін шақыруы керек. Əдетте, малдас құрып отырған балалар, жүресінен немесе жамбасымен отырған қыздар бірден тез тұра алмай қалады. Ал, кейбір сақ отырған ойыншылар аты аталмай тұрып кетеді. Осындай орнынан уақытында тұра алмай қалған жəне аты аталмай атып тұрып кеткен ойыншыларға жаза қолданылады. Ондай адам көпшіліктің ұйғарымымен ортаға шығып өнер көрсетеді. («Қазақтар» анықтамалығынан)

1.Ойында ойнаушылардың көп болуының себебі

A) Ойын қызықты өтуі үшін

B) Бұғнайлардың шексіз болуы үшін

C) Өнер көп көрсетілуі үшін

D) Ойынның шарты сондай болғаны үшін

E) Үлкен бөлмеде ойналатындықтан

2. Бұғнайдағы қыздардың отырысы

A) Малдас құрып отырады

B) Нық отырады

C) Тікесінен отырады

D) Жамбасымен жатады

E) Жүресінен отырады

3. Жаза қолданылатын сәт

A) Аты аталған соң тұрып кетсе

B) Аты аталмай отырып қалса

C) Уақытынан бұрын тұра алмай қалса

D) Аты аталып тұрып кетсе

E) Шарт орындалмай тұрып кетсе

4. Мәтіннің тірек сөзі бола алмайтын қатар

A)Жаңылысу, бұғнай

B) Ойын, жаза

C) Нық, аз

D) Жүресінен, малдас

E) Жамбас, тік


Байқау тапсырмалары. Тапсырмалар саны- 20. Бір дұрыс жауабы бар.


Нұсқау: Оқу сауаттылығы бойынша 4 мәтін және олардың мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі. Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.



Ескерту: қарамен белгіленген дұрыс жауап болып табылады.

І нұсқа


  1. Мәтін


Күйеу қоржын

Жас жұбайлар, той иелері, құда-құдағи, жүректі жарып шыққан ақ тілектер, көңілді әуен, қызықты шоу-бағдарлама және осының барлығын бір – бірімен байланыстырып, өмірде бір рет қана болатын оқиғаны барынша есте қалатындай етіп өткізуге өз үлесін қосатындарынды асаба. Бұның барлығы бір күнде ғана орын алатын оқиғалар. Алайда, дайындығы мен машақаты бірнеше айларға созылады. Той алдында әулеттің ақылдасуы (құрылтай),

тойға дайындық, ас мәзірі, қонақтар тізімі, өтетін орны (мейрамхана), киіт және басқада кәде сыйларды дайындау, бұның барлығы уақыт бөлуді қажет ететін жұмыстар. «Тойдың боларынан, боладысы қызық» деген содан қалса керек. Бұдан бөлек, міндетті түрде өткізу керек жөн-жоралғылар, салт-дәстүрлер де бар. Оларды өткізу үшін де арнайы дайындық қажет.

1. Той алдындағы әулеттің ақылдасуы

A) Ақыл шай

B) Мейрамхана

C) Кәде сый

D) Құрылтай

E) Құда қоржын

2. Тойдың дайындығының реті

1. Құрылтай

2. Тойға дайындық

3.Қонақтар тізімі

4. Ас мәзірі

5. Кәде сыйлар дайындау

6. Өтетін орны

A) 1, 2, 4, 3, 6, 5

B) 1,4, 6, 3, 5, 2

C) 5, 1, 6, 4, 3, 2

D) 6, 4, 2, 5, 1, 3

E) 3, 4, 1, 2, 6, 5


2- мәтін

Көшпелі бабамыз жаз жайлауды той-думандатып өткізсе, қысқы күнде ит жүгіртіп, құс салып саятшылық құрған. Сөйтіп, аңға салатын құстарды, мінетін атты – жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар деп ерекше қасиеттерімен атаған. Осындағы құмай тазының қасиетіне тереңірек тоқталсақ… Тазының ең жүйрігін, аң алғыш, ұшқырын құмай, құмай тазы деп атайды. Халқымыз тазының ең күштісіне, жүйрігіне «нағыз құмай екен, қанатты құмай екен» деген секілді мадақ сөздер айтқан, оның ерекше қабілеттеріне сүйсінген. Өз бойына біткен ептілік, жылдамдық, әдісқойлық, түлкі-қоянды құйын­дай соғатын, тіпті арқарға, қасқыр­ға шабатын қасиеттердің бәрі құмайға тән. Құмай тазы өзінің ізшілдігімен, желмен жарысқан жүйріктігімен, сұлу мүсінімен өз аталастарының ішіндегі сырттаны, төресі деп есептелген.

Асылы, құмайдың ерекше белгілері күшік кезінен-ақ байқалса керек. Мысалы, М.Мағауиннің «Тазының өлімі» атты шығармасындағы құмай тазы – Лашынның күшік кезіндегі сипаты: «Кеуделі екен, ұзаққа шабар. Қысқа мойын, әрі шықшытты, езулі көрінеді, қайратсыз да болмас. Артқы аяғы да келісті, маймақ біткен – жүйріктіктің белгісі», ал өсе келе «Шодыр төбелі басына түйе жапырақтай жалпақ, ұзын шашақты құлақтары әсем кейіп беріп тұр. Сойдақ тістері…». Осы шығармада­ғы аты аңызға айналған Бесқара құмайдың бейнесі: «Кеудесі шынтақтан сынық сүйем десем өтірік, тура үш елі төмен, құшақ жетпес зор; бір қырындап жантаймаса, түзу жата алмайтын. Басы үлкен, шықшытты. Дене бітімі мөлшерден тыс ірі болатын. Өз тұрғыластарынан озып туған ерекше тазы», – деп суреттелген.
3. Мәтінге лайықты тақырып

A) Саятшылық өнер

B) Құмайлар өмірі

C) Құмайлардың ерекшелігі

D) Көшпелі қазақ

E) Құмай тазы

4. Құмайға тән қасиеттер

A) Салғырттық

B) Қомағайлық

C) Әдісқойлық

D) Ірілік

E) Тексіздік

5. Лашынның күшік кезіндегі сипаты

A) Артқы аяғы келісті

B) Құйындай соғатын

C) Қанатты құмай

D) Мүлдем қайратсыз

E) Шықшыты ұзын

6. Лашын мен Бесқара құмайдың ұқсастығы

A) Басы кіші

B) Шықшытты

C) Денесі кішілеу

D) Тым жүйрік

E) Езулі

  1. мәтін


Батырдың бірінші ең сенімді серігі астындағы аты болса, екінші – қару-жарақ. Өйткені қару қауіпті жағдай барысында жауға қарсы қолданатын құрал. Қазақ этносының дәстүрлі мәдениетінің бір бөлігі болатын жауынгерлік қару-жарағының даму тарихы ежелгі Сақ дәуірінен бастау алып, бірнеше ғасырларды қамтиды. Қолбасшылар соғыс жүйесін ойластырғанда қару түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, ол қаруларды мейлінше ұтымды пайдалануға негіздеген. Сонымен қатар соғыс қарулары әскери лауазымдарды белгілеу, әртүрлі символдық мағынада да қолданылған. Мысалы, қазақ хандарын ақ киізге көтергенде олардың белдеріне қылыш байласа, Түрік қолбасылары дәреже ретінде шоқпар ұстаған. Ал байрақ тағылған найза көп халықтарда әскербасылық белгі. Қару – атадан балаға мұра болып қалып отырған.

Ер жетіп, алғаш рет ел қорғауға шыққан жас батыр әкесінің, не атасының қаруын сандықтан алып беліне тағынған.

Дана халқымыз қаруға да ерекше құрметпен қараған. Қару-жараққа байланысты өздерінің наным-сенімдері болған екен. Солардың бірнешеуін айтып көрелік. 1.Соғысқа кірер алдында батырлар қаруларына мадақ айтып, серттескен.

2. Ертеректе қаруда батырдың жаны болады деген сенім болған.

3. Батырдың қаруын ешқашан орынсыз һәм қадірсіз іске қолданбаған. Қарудың да киесі бар деп ұққан.

4. Батырларға арналған қарулар көздің жауын алатындай сәнді де қымбат тұрған. Сол себепті де қылыш, айбалта, шоқпар тәрізді қаруларды елшілікке барғанда, әр түрлі лауазым дәрежесін бергенде бағалы зат ретінде сыйға берген.

5. Жорыққа шықпаған кезде садақ, қылыш, айбалта, шоқпар үйдің керегесінде ілулі тұрған, ал, найза, сүңгі үйдің сыртындағы белдеуге қыстырылған. Соған қарап батырдың үйде екенін білген.

6. Жорық кезінде демалуға тоқтағанда, түнегенде, күзетте тұрғанда батырлар найзаларын жерге шаншып, басқа қаруларын соған іліп қоятын болған.

7. Батырлар өз қаруларын қасиетті санап, сыйынған. Оларды қастерлеп әрқайсысына жеке ат та қойған. (мысалы: ақберен, наркескен, т.б

7. Мәтінге лайықты тақырып

A) Батырлық туралы

B) Қарулардың тарихы

C) Ежелгі қарулар

D) Батырдың сенімді серігі

E) Қазақ қарулары

8. Қару түрлерінің ерекшеліктері қашан ескерілген

A) Соғысқа шығар алдында

B) Жауының осал тұстарын аңғарғанда

C) Қолбасшылар соғыс жүйесін ойластырғанда

D) Ұзақ шайқасқа шыққанда

E) Ер жігіттердің ептілігіне қарай

9.Қару-жараққа байланысты наным-сенімдерге жатпайтын қатар

A) Қаруда батырдың жаны болады деп сенген

B) Қаруға батырлар мадақ айтқан

C) Жорыққа шықпағанда садақ, қылыш сандықта тұрған

D) Батырлар түнегенде найзаларын жерге шаншып қойған

E) Қарулар киелі саналған

10.Қазақ хандарын ақ киізге көтергенде жасалатын рәсім

A) Қолдарына шоқпар ұстатқан

B) Белдеріне қылыш байлаған

C) Байрақ тағылған найза ұстатқан

D) Атасының қаруын берген

E) Киелі қару ұстатқан

511 Батырлардың қаруларына деген құрметі

A) Әрқайсысына жеке ат қойған

B) Сылап-сипап отырған

C) Ешкімге бермеген

D) Бағалы зат санаған

E) Найзаға қаруларын ілген

12. Қаруға байланысты сенім

A) Қаруда қасиет жоқ

B) Қару қанның белгісі

C) Қару жеңісті әйгілейді

D) Батырдың жаны қаруда

E) Батырдың қаны қаруда


4- мәтін


Келі мен келсап

1. Келі – дәнді дақылдар мен науат, шақпақ қант тәрізді түйір-түйір заттарды түйгіштеп уататын, ұнтақтайтын, қатты ағаштан, тас, темір, шойын сияқты материалдардан жасалған іші қуыс құрал, тұрмыстық бұйым. Бидай, тары, арпа т.б. дәнді дақылдарды түюге арналған ағаш келі қатты ағаштың жуан діңінен ортасын 30-35 см тереңдікте ұңғуырмен ою, қашау арқылы жасалады.  Келі қазақ дастарқанының шырайын келтіретін ақталған тары, қуырған бидай, түйілген жарма, құрт, ірімшік, жент сияқты тағамдарды дайындауға қажетті басты тұрмыстық бұйым болған. Сондықтан шеберлер төзімді, сапалы келі жасау үшін жұмысты ағаш таңдаудан бастайды. Өйткені сазда, сортаң немесе сулы жерде өскен ағаштардан жасауға болмайды. Сазда өскен сары ағашты кептіру қиын, әрі ол кепкенде жарылып кетеді. Сортаң жер ағашының сүрегі тығыз болғанымен, кепкенде қақ айырылады.

2. Таңдап алынған ағашты өңдеп, затты түйіп ұнтақтайтын құрал жасайтын шеберді халық келіші деп атаған.  Келішілер жаз бен күз жаңбырсыз болған құрғақшылық жылдары келі жасайтын ағаш кеспегін мол етіп жинайды. Кеспектерді шөлді жерде өскен немесе сусыз қаңсып, жұмырланып өскен жерінен жинайды. Ондай ағашты қысқа қарай түбірімен қазып алады. Оның діңін екі жағынан аралап, болашақ келінің кеспегін дайындайды. Одан әрі кеспектерді кептіруге кіріседі. Ел арасында келі жасайтын кеспекті кептірудің әдіс-тәсілдері көп болған.    Шеберлер ұңғуыр, тышуыр, шаппашот, қашау сияқты құралдарды алма-кезек қолдана отырып, келі жасайтын кеспектің ішін ойып алып тастайды. Келі оюда әр өңірдің шеберлері қалыптастырған тәсілдері бар. Мәселен, Қызылорда өңірінің келішілері алдымен кеспектің ортасын бір рет ұзын бұрғымен бұрғылап алады. Одан әрі бұрғыланған жер мен оның айналасын қыздырылған үшкір темірмен қариды. Шебер ағашты ыстық темірмен қайта-қайта қарып отырып, келі оймасының нобайын келтіріп алған соң, қуысқұлақ немесе имекбас қашаумен түгел ойып шығады.

3. Қарақалпақстанда тұратын қазақ шеберлері кеспек ортасын аздап шұңқырлап ойып алып, сол жерге көмір шоғын салып, сол шоқпен қарып ояды, кейде кеспек ішін аспаппен үңгіп алып, қайнап тұрған қазанға қақпақ сияқты төңкеріп жауып, ыстық бумен ағаш ішін жібітіп алып та ояды.  Келішілер келінің түбін екі түрлі тәсілмен ояды. Тары, бидай, жүгері тәрізді дәнді дақылдарды түюге, жармалауға қолданатын келінің түбін тегіс етіп ояды. Оны түбі тегіс келі деп атайды. Тары ақтауға қолданатын келі түбін шұңғылдап ояды. Мұндай келіні түбі шұңғыл келі деп атайды. Келінің іші ойылып болған соң оны өңдеу, дайындау жұмысы одан әрі жалғасады. Кейбір шеберлер ойылған келінің ішіне топырақ толтырып, жерге бір жұмадай уақыт көміп тастайды. Келі ішіндегі, сыртындағы құрғақ топырақ ағаш бойындағы ылғал мен тұзды өзіне сорып алады. Топырақтан шығарып алған бірқалыпты температурада жылы жерде әбден кептіреді.

4. Кейбір шеберлер іші ойылған келіні қызған тандыр ішінде ыстық қозға қақтап алып, оның іші-сыртын қойдың құйрық майымен, түйе қомының майымен сіңіріп майлайды. Қатты құрғақта келі жарылып кетпес үшін оның иіні мен тағанын айналдыра түйенің иленбеген шикі терісімен қаптап тастайды. Шикі тері кепкен кезде тарылып, келіні сыртынан құрсаулап, қатты қысып қалады. Келінің терімен қапталмаған жерін былғарымен ысқылап өңдейді. Ауқатты адамдар келінің сыртын күмістелген ою-өрнекпен, келсабының бас жағын күміс шытыралармен әшекейлеп жасатқан. Қазақ жерінің кейбір өңірінде ағаш аз өсетін болғандықтан, шеберлер келіні екі-үш ағаш кесіндісінен қиюластырып та жасаған. Мұндай келі құрама келі деп аталады. Құрама келінің сырты тез жарылмау үшін түйе терісімен қаптап, тартып тастаған.

5. Келінің ең үлкенін нар келі деп атайды. Нар келіні ертеде, әдетте, тары сөгінен жарма, жент дайындап сататын саудагерлер арнайы тапсырыспен жасатқан.
13. Құрама келінің аталу себебі

A) Ағаштың әртүрінен жасаған

B) Әшекейлермен безендірген

C) Бірнеше адам құрап жасаған

D) Бірнеше ағаш кесіндісінен жасалады

E) Ою-өрнектерден құралған

14. Кейбір шеберлердің келіні топыраққа көміп тастауының себебі

A) Келі сыңғырлап, жақсы кебуі үшін

B) Түйенің шикі терісімен қаптау үшін

C) Келі ағашының бойындағы тұзды топырақтың сорып алуы үшін

D) Келі ағашының бойындағы температураны қалыпқа келтіру үшін

E) Келінің түбі толығымен кептірілуі үшін

15. Келінің түбі неше жолмен ойылады

A) 4

B) 5

C) 2

D) 1

E) 3

16. Келі жарылып кетпес үшін жасалатын әрекет

A) Қойдың құйрық майымен майлайды

B) Түйенің шикі терісімен қаптайды

C) Топыраққа көміп тастайды

D) Түйенің иі кепкен терісімен қаптайды

E) Түйе қомының майын сіңіреді

17. Келі жасалатын ағаш кеспегі жиналатын мезгіл

A) Жаңбырсыз жаз бен күз

B) Шөлді қыс

C) Жаңбырлы көктем мен жаз

D) Жаңбырсыз күз мен жаз

E) Құрғақ мезгілдер

18. Келімен уатылатын заттар

A) Науат, күріш

B) Қант, құм

C) Темір, шақпақ

D) Бидай, қант

E) Арпа, құм

19. Келімен жасалатын тағамдар

A) Талқан, жарма

B) Жент, шекер

C) Науат, шақпақ

D) Қант, қоспа

E) Ірімшік, шекер

20. Келі жасайтын құралдар туралы айтылған бөлім

A) 1

B) 4

C) 3

D) 2

E) 5


ІІ нұсқа


  1. Мәтін


Бидай — астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда алты түрі (Еділ бидайы, Полыпа бидайы, көже бидай, жұмсак бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Биіктігі 40-130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры — күрделі масақ, оның қынабында екі масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында үш-бес гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы – ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады.

1.Бидай түрлерінің түршелерге бөліну ерекшелігіне жататын қатар

A) Түрше сорттарына қарай

B) Масақтың пішініне қарай

C) Масақтардың орналасуына қарай

D) Дәндерінің түсіне қарай

E) Биіктігіне қарай

2. Мәтін мазмұнына лайықты жауап

A) Бидайдың маңызы

B) Бидайдың пайдасы

C) Бидайдың сипаты

D) Бидайдың тұқымы

E) Бидайдың дәні


  1. мәтін


Қыстаулар  орналасқан  жерлерді  таңдауға  қазақ  халқы,  ерекше  мән  бергені  белгілі.  Қыстаулық  жерлерді  онда  қыстататын  мал  түліктеріне 

  және жайылымның табиғи жағдайына қарай таңдайтын, қысқы жайы-  лымды  дұрыс  пайдалану  үшін  қазақтар  қыстау  төңірегіндегі  
жерді  бірнеше  алаңға  бөліп,  ең  алдымен  қыстаудан  алыстағы 
өрістерді  пайдаланып  жақын  жайылым  қыстың  соңына  
қалдырған.  Қыстыгүні тебіндеп  келген малды суарудың да  
қажеті  жоқ,  өйткені жұлып жеген шөппен  бірге қар  қауып,  су-  
сынға  қандырады.  Ал  қорада шөпте тұрған  малды  күніне  екі  
рет суару керек. Мал суару үшін, қажетті құдықтар тау адырлар  
етегі, шилі жерлерде қазылады.  Сондықтан қыстау аттарында  
географиялық терминдердің басым болуына себепші болды.  
Қыстаулар маңында бұлақтар, құдық, көл, жыра,сайлар көптеп  
кездеседі. Қыстауларды, қысқы жайылымдардың меншікті си-  
паты  болған.  Осы  күнге  дейін  сақталып  қалған  қыстау  қоныс  
атауларында антропонимдердің жиі кездесетінін байқауға бола-  
ды. 

3. Қыстүгіні тебіндеп келген малды суармаудың себебі

A) Қыста су қатып жатады

B) Мал қыста суға төзімді болады

C) Қар қауып алады

D) Жұлып жеген шөппен қар жеп алады

E) Мал тебіндеп келгендіктен

4. Қыстау таңдауға ерекше мән берілуінің себебі

A) Жақын жайылымнан болуы үшін

B) Тебіндетін шөп болуы үшін

C) Жайылымның табиғи жағдайы дұрыс болуы үшін

D) Құдық қазуға ыңғайлы болуы үшін

E) Тау адырлары болуы үшін

5. Қазақстанда өсетін бидай түрлері

A) Қызыл бидай

B) Шашақты бидай

C) Күрделі масақты бидай

D) Көбен бидай

E) Есіл бойы бидайы

6. Бидайдың гүл шоғырындағы масақтардағы гүл саны

A) 2-5

B) 3-5

C) 4-5

D) 1-2

E) 3-4

  1. мәтін


Балқарағайдың пайдасы өте зор. Самырсын майы, яғни, «кедровое масло» деп аталатын май осы балқарағайдан жасалады, бізде емес, Қытайда, әрине. Ал Еуропада аталмыш майдың 100 грамының өзі жүздеген АҚШ долларымен бағаланады. Ал Қазақстанда балқарағай әзірге ауладағы орындықта отырып шағуға арналған шемішкенің орнына ғана жүріп тұр. Оны шағу да оңай емес, шемішкені шақ келтірмей шағатындар балқарағайдың дәніне келгенде кібіртіктеп қалатыны бар. Себебі, қабығы тастай қатты тау жаңғағын шағудың да өзіндік тәсілі бар. Оны катондықтар жақсы біледі

Балқарағай ағашының пайдасы керемет. Жалпы, Алтай балқарағайының құнарлылығы басқамен салыстырғанда өте жоғары. Қытайда ғана емес, Азия мен Еуропаның көптеген мемлекеттерінде кедр дәнінен жасалған дәрілерге сұраныс көп. Иван Грозный патшаның тұсында балқарағайды Ресей жылына 300 мың пұтқа дейін Швеция мен Англияға экспорттаған екен. Академик П.Палластың XVIII ғасырдағы жазбаларында Швецияның дәріханаларында омырау бездерінің ауруларына қарсы балқарағай майынан жасалған дәрілер сатылатынын жазыпты. Ертеректе орыс емшілері кедр жаңғағының майын гипертония, атеросклероз, асқазан жарасы ауруларына қарсы пайдаланып, сонымен бірге терінің күйген жерлерін сылап-сипауға, бұлауға пайдаланған. Адамның иммундық жүйесін күйшейтетін қасиеті бар балқарағай майында түрлі микро және макро элементтер бар. Оның құрамында ақуыз, көмірсу, А, В1 (тиамин), В2 (рибофлабин), В3 (РР ниацин) дәрумендері, сонымен қатар фосфор, марганец, кобальт, йод кездеседі. Балқарағай майының баланың өсуіне және адамның көз жанарына тигізер пайдасы да бар көрінеді.
7. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Балқарағайдың түрлері

B) Балқарағайдың майы

C) Балқарағайдың дәні

D) Балқарағайдың пайдасы

E) Балқарағайдың сипаты

8. Мәтіндегі: « Ал Қазақстанда балқарағай әзірге ауладағы орындықта отырып шағуға арналған шемішкенің орнына ғана жүріп тұр»,- деген сөйлемнің мәнісі

A) Қазақстанда балқарағай майын өңдеуді құнттамайтыны

B) Қазақстанда балқарағай майына сұраныстың жоқтығы

C) Қазақстанда балқарағай майын өңдейтін өндірістің жоқтығы

D) Қазақстанда оны шағу арқылы денсаулыққа пайдаланатыны

E) Балқарағайдың Қазақстандағы молшылығы

9. Балқарағай майы ем болатын аурулар атауы

A) Бауыр, бүйрек

B) Атеросклероз, жүрек

C) Омырау безі, тамақ

D) Асқазан, қан қысымы

E) Иммундық жүйе, құлақ

10. Балқарағай майының құрамындағы пайдалы дәрумендер

A) Тмин, көмірсу

B) Йод, кальций

C) Кобальт, ақуыз

D) Тиамин, кальций

E) Флабиан, йод

11. Иван Грозныйдың Швеция мен Англияға балқарағай жөнелтуінің себебі

A) Швецияда балқарағайдын май, дәрілер жасаған

B) Швецияда омырау ауруларына қолданған

C) Балқарағай Швецияда өспеген

D) Англияда аурулар асқынып тұрған

E) Екі ел арасындағы шарттың орындалуы

12. Балқарағайды шағудың әдісін білетіндер

A) Ресейліктер

B) Швед дәрігерлері

C) Катондықтар

D) Орыс емшілері

E) Қытайлықтар


4- мәтін


1.Қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндемеграфика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады.

2.Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), “Потанин”, “Тезек төре”, т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр (“Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс ұйғырларының киімі”, т.б.). Шоқан Қазақ Бейнелеу Өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен (“Алатау көрінісі”, “Жатақ”). Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С. Пономарев сабақ берді.

3.1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемл. көркемсурет галереясы ашылды. Ә.Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ Бейнелеу Өнері қалыптасу және өркендеу жолы осы суреткер шығарм-мен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә.Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. Өздерінің шығармашылық жолын республика өмірімен тікелей байланыстырған көптеген орыс шеберлері: кескіндемешілер – А.А. Риттих, Н.В. Соловьев, А.И. Бортников, Н.И. Крутильников, Л.П. Леонтьев, графиктер Г.А. Брылов, Б.А. Чекалин, Л.В. Гербановский, т.б. 30 жылдардағы Қазақ Бейнелеу Өнеріне белсене ат салысты. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І-съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында республика қыл қалам шеберлері өз өнерлерін фашист-басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. Бұл жылдары Леонтьев, К.Я. Баранов, Риттих, А.И. Черкасский, И.Я. Иткинд, М.С. Лизогуб, т.б. табысты еңбек етті. [1]

4.2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ Бейнелеу Өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер – қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О.Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу Өнерінде ерекше орын алады. Ол елден жырақ жүрсе де (Өзбекстанда тұрған) бар болмысымен, жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген, қазақ табиғатын ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды (“Қазақстан жолдары”, “Көш”, т.б.). 50-жылдардың соңы (Қ.Телжанов, М.Кенбаев) Қазақ Бейнелеу Өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. Қазақ Бейнелеу Өнерінде графика елеулі орын алады.

5.60-жылдары акварельдің, офорттың, линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А.А. Дячкин, Е.Г. Сидоркин, Н.С. Гаев, Ш.Б. Кенжебаев, И.Г. Квачко, т.б.) өсіп жетілді.

6.Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В.И. Антощенко-Оленев гравюра мүмкіндіктерін барынша табысты пайдалана білді. Қазақ Бейнелеу Өнерінің шығармалары бұл кезеңде шет елдерде де таныла бастады. Олар Мәскеудегі Третьяков галереясына, Қазақстан мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайына қойылды, шет ел мұражайлары сатып алатын болды. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері ұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында (Шымкентте, Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, т.б.) шығармашылық ұжымдар құрыла бастады. Қазақ Бейнелеу Өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі Қазақ Бейнелеу Өнерінің дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Ә.Жүсіпов, С.Романов, А.М. Степанов, К.Шаяхметов, Ү.Әжиев, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 – 70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. С.Айтбаев, Ш.Сариев, Т.Тоғызбаев, Ә.Садыханов, О.Нұржұмаев, А.Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.

13. Қазақ бейнелеу өнерінің көне түрі

A) Мүсіндеме

B) Графика

C) Ұста өнер

D) Қолөнер

E) Зергерлік

14. Шығармашылық ұжымдар құрылған өлкелердің бірі

A) Ақтау

B) Семей

C) Шымкент

D) Талдықорған

E) Көкшетау

15. Шоқанның бойынан байқалған ерекшелік

A) Кескіндемешілік суретшілік

B) Зергерләік сипат

C) Мүсіндеме суретшілік

D) Кәсіби суретшілік

E) Акварельдік сипат

16. 60-70-жылдардағы суретшілерге тән сипат

A) Өзіндік көзқарастағы дүниетаным

B) Ауылшаруашылық сипат

C) Дәстүрлік ерекшелік

D) Ұлттық қолөнер

E) Гравюра мүмкіндіктері

17. 50- жылдардағы қылқалам шеберлері

A) Ш.Уәлиханов

B) Б.Кенжебаев

C) Ү.Әжиев

D) М.Кенбаев

E) Ә.Қастеев

18.Гравюра мүмкіндігін табысты пайдаланған суретші

A) Третьяков

B) Романов

C) Антощенко

D) А.Ақанаев

E) М.Кенбаев

19. Елден жырақ жүрсе де, туған жерін қыл қаламға түсірген суретші

A) Қ.Телжанов

B) К.Шаяхметов

C) Г.Сидоркин

D) О.Таңсықбаев

E) А.Дячкин

20. Мәтін мазмұнын ашатын даналық ой

A) Өнерсіз елдің өрісі тар.

B) Еңбек ептілікті сүйеді.

C) Өнерлінің өрісі ұзақ.

D) Өнердің көптігі жоқ

E) Білімді азырқанба, Пайдасы көп.

Сабақ жоспарлары

Сыныбы: 11

1 сабақ Күні:

Тақырыбы


Мәтін туралы түсінік

Мақсаты


Мәтін туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқу сауаттылығының маңыздылығын жете меңгерту.

Күтілетін нәтиже

Мәтін туралы білімдерін жетілдереді.

Оқу сауаттылығының маңыздылығын жете түсінеді.

Топтық жұмыста белсенділік көрсетеді.


Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Флипчарт, кесте, маркер, мадақтау сэндивичі

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Жағымды психалогиялық ахуал туғызу.


Көңілдері көтеріліп, сабаққа жағымды эмоциямен кіріседі.

Тұсаукесер




Ой қозғау сұрақтары сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.


-Оқу сауаттылығы дегеніміз не?

-Оқу сауаттылығы бізге не үшін қажет?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, сабақтың тақырыбын жазып алады.

Негізгі бөлім






1.Еркін талқылау

Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі.

Оқу сауаттылығы -функционалдық сауаттылықтың бір бөлігі. Түрлі танымдық мәтіндермен жұмыс жасай отырып, негізгі сауаттылық білімін, көзқарасын, құзыреттілігін қалыптастырады.

Сауаттылық – адамның одан арғы өмірінің дұрыс өрбуінің алғашқы іргетасы, адамның сыртқы ортамен жақсы қарым-қатынас жасау, тез бейімделу және сол ортада әрекет ете алу қабілеттілігі. Қазіргі сауаттылық баланың тек оқи, жаза алуымен шектелмейді. Керісінше, күнделікті өмірде еңбек әрекетіне араласу барысында кез-келген жағдайға бейімделе алуы, тануы, шешім қабылдауы.

2. Топтық жұмыс

І топ- Мәтіннің ерекшеліктері

ІІ топ- Оқу сауаттылығы бізге не үшін қажет?


3. Мадақтау сэндивичі



Оқушылар мәтін және оқу сауаттылығы туралы жазылған материалымен таныса отырып, бір-біріне сұрақтар қояды, талқылайды.



























Топта ұйымшылдық танытады.

Бір-бірімен ақылдасады.


Өздеріне керекті материалды таңдауды үйренеді.

Мадақтау сэндвичі арқылы топтар бір-біріне позитивті комментарий, сындарлы сын және келешекке арналған комментарий айтып бағалайды.

Қорытынды




Қапшықтағы фасоль арқылы тақырыпты бекіту

Қапшықтағы фасольды лақтыра отырып, өткен материалдар бойынша сұрақтар қойып, сабақты қорытындылайды.




Сыныбы: 11

2 сабақ Күні:

Тақырыбы


Мәтіннің түрлері. Әңгімелеу мәтіні

Мақсаты


Мәтін түрлерін бір- бірінен ажыратып, оны дұрыс құра білуге машықтандыру; Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту.

Күтілетін нәтиже

Мәтіндерді түсініп оқып, оның түрлерін ажыратады.

Әңгімелеу мәтінінің негізгі ерекшелектерін талдайды.

Мәтіндермен жұмыстана отырып, ойларын өмірмен байланыстырады.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Флипчарт, кесте, маркер,

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Жағымды психалогиялық ахуал туғызу.


Көңілдері көтеріліп, сабаққа жағымды эмоциямен кіріседі.

Тұсаукесер




Ой қозғау сұрақтары сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтіннің қандай түрлері бар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, сабақтың тақырыбын жазып алады.

Негізгі бөлім






1. Тыңдап отырған үштік

Берілген мәтін туралы мәліметті үштікте талқылайды.

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі: Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді. Тірек сөздері - етістіктерден болады. Сөйлемдер тізбектеле байланысады. Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады.

2. Топтық жұмыс

І топ- Мәтін түрлері

ІІ топ- Әңгімелеу мәтінінің құрылымы

3. Бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек


Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

СПИКЕР-тақырыпты түсіндіреді.

ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

-Нақты деректермен сөйлейді.

Топта ұйымшылдық танытады.

Бір-бірімен ақылдасады.

Өздеріне керекті материалды таңдауды үйренеді.

Екі топ бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Қорытынды






5-5-1 Биік сынама!

Бүгінгі сабақтың қорытындысын шығаратын 5 сөйлем жаз.

Енді 5 сөзге дейін қысқарт.

Соңында 1 сөзге дейін қысқарт.


Кері байланыс парағын толтырып, сабақты қорытындылайды.






Сыныбы: 11

3 сабақ Күні:

Тақырыбы


Сипаттау мәтіні

Мақсаты


Сипаттау мәтіні туралы ұғымдарын тереңдету, сипаттаудың не үшін қажет екенін аңғарту, заттың нақты белгілеріне қарай өзара салыстырып, сипаттай білуге үйрену.

Күтілетін нәтиже

Сипаттау мәтіні туралы толық ақпарат алады.

Мәтіннің түрлерін ажырата отырып, сипаттаудың не үшін қажет екенін аңғарту арқылы заттың нақты белгілеріне қарай өзара салыстырып, сипаттай білуге үйренеді.


Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Кесте, кері байланыс парағы

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тұсаукесер




- Мәтін деген не?

- Мәтіннің неше түрі бар?

- Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?

- Сипаттау мәтіні дегеніміз не?

-Демек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өткен материалдарды еске алады.

Ой қозғау сұрақтарына жауап беріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Негізгі бөлім






1. «Ойлан-жұптас- бөліс»

(сипаттау мәтіні деген не?)

Сипаттау мәтіні бір затты не құбылысты сипаттайды және қандай? Қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда пейзаж суреттеледі немесе портретке мінездеме беріледі. Мысал, мәтінде таулар мен қырттар, адамның көзінің көгергені, самайына түскен ақ шашы, биязы немесе қырсық мінезі, Астананың Бәйтерегі, Алматының алмасы т.б. туралы айтылса, суреттеу мәтіні екенін оп-оңай табуға болады.

2. Жеке жұмыс

Мәтіндермен жұмыс

Жұпта сипаттау мәтін туралы ақпараттпен танысады, талқылайды, ой қорытады, керектілерін дәптерлеріне түртіп алады. Нақты мысалдармен талқылайды.














Берілген мәтіндерден сипаттау мәтінін табады, іздену, ойлау қабілеттері дамиды.

Қорытынды




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды






Рисунок 1 Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, барысы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Сыныбы: 11

4 сабақ Күні:

Тақырыбы


Пайымдау мәтіні

Мақсаты


Пайымдау мәтіні туралы білімдерін тереңдету, сипаттау мәтіннің айырмашылығын байқату, оқушыларды өз ойын дәлелдей білуге үйрету. 

Күтілетін нәтиже

Пайымдау мәтінінің негізі айырмашылығын біледі.

Өз ойларын өмірмен байланыстыра дәлелдейді.

Жұптық және топтық жұмыстарда белсенділік танытады.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Мәтін түрлері туралы презентация, кері байланыс парағы

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



1. Жағымды психологиялық ахуал туғыздыру

2. Топқа бөлу

Көңілдері серпіліп, сабаққа жағымды эмоциямен кіріседі.

Топқа бөлініп, орындарына барады.

Тұсаукесер




Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтатамын, сонымен қатар сыни ойлауға жетелеймін.

Бәрекелді! Тамаша!

Сұрақтарға жауап беріп, мысалдарды талдайды.

Жаңа тақырып туралы жалпы түсінік қалыптастырады.

Өз жауаптарын айтып, сыныппен бөліседі

Негізгі бөлім






1.Жұптық жұмыс

2. Топтық жұмыс

Сызбаны пайдаланып, пайымдау мәтінін құрастырып жазу.

ДПрямая со стрелкой 1 әлелденетін пікір өйткені

себебі

неге десеңіз

ДПрямая со стрелкой 2 әлелдеу сондықтан

сол себепті

демек

Қорытынды

Жұпта сипаттау мәтін туралы ақпаратпен танысады, талқылайды, ой қорытады, керектілерін дәптерлеріне түртіп алады. Нақты мысалдармен талқылайды.





Топта ұйымшылдықпен жұмыстанады.

Бір-бірінің пікірін тыңдайды.

Ортақ шешімге келіп, пайымдау мәтінін құрастырады.




Қорытынды




«Жапондық бағалау» әдісі

Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».

Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.

Сыныбы: 11

5 сабақ Күні:

Тақырыбы


Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, соған сай мақалдар табу.

Мақсаты


Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.

Күтілетін нәтиже

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Негізгі ойын анықтайды.

Мәтіннің мазмұнына сай мақалдар тауып жазады.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Балалар амандасып, назарларын сабаққа аударады.

Тұсаукесер




«Сұрақты тап» әдісі

Сұрақтардың бірнеше жауабы ұсынылған.

-Қандай сұрақтар қойылды?

Сөйлем мазмұнына сай сұрақтар қояды.

Мәтін – жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі.

Әр мәтіннің өз құрылымы, оқырманға жеткізетін ойы, тақырыбы болады. Мәтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер, әртүрлі сөйлесулер жатады.



Негізгі бөлім






1.Еркін талқылау

-Балалар, оқыған мәтіндерінді көпшілікке қалай жеткізесіңдер?

-Мәтінмен жұмыстану неге қажет?

Мәтінмен жүйелі жұмыстың жағымды жақтары:

Сөздіктермен жұмыс істеуге баулиды;

Ауызекі сөйлесе білуге дағдыландырады;.

Ережемен жұмыс істеуге үйретеді.

Өз ойларын айтып жеткізуге үйретеді;

Ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіреді;

Мәтіннің мазмұнын түсініп,айтып беру деңгейін жоғарлатады;

Мәтінді өз ойымен бірнеше сөйлем арқылы жеткізе білуге үйретеді.

Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып, есте сақтауын қадағалайды;

Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша баяндау және дәптерлеріне сауатты жазуға бағыттайды;

Өз бетімен жұмыс істеу дағдылары мен біліктіліктерін меңгеруге арттырады;

2.Мәтінмен жұмыс

(аудиомәтін тыңдау)


Сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғысынан ойлау қабілеттері дамиды.




Берілген ақпаратты талқылайды, қорытынды шығарады.



























Оқушылар тыңдаған мәтіннің негізгі ойын анықтап, соған сай мақалдар жазады.






Қорытынды




«Бір ауыз сөз» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады: ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Сыныбы: 11

6 сабақ Күні:

Тақырыбы


Мәтіннің негізгі мазмұнын тезис түрінде жазу

Мақсаты


Мәтіннің мазмұнын тезис түрінде жаза отырып, негізгі ойын анықтау, ойларын еркін жеткізу

Күтілетін нәтиже

Мәтіннің негізгі мазмұнын тезис түрінде жазады.

Оқушылар ойын дәлелді жеткізуге дағдыланады.


Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Сергіту сәті арқылы сынып ахуалын өзгерту.


Оқушылардың көңілдері көтеріліп, сабаққа назарларын аударады.


Тұсаукесер




Балалар, тезис деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Демек, бүгінгі сабақта қандай тақырыпта ой қозғаймыз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, жаңа сабақты жазып алады.


Негізгі бөлім






1. Көршіңе әңгімелеп бер.

Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі. Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.

2.Мәтінмен жұмыс

(Қосымша ресурс)

Берілген ақпаратты жұпта талқылайды, қорытынды шығарады.





























Оқушылар берілген мәтіндердің негізі ойын анықтап, мазмұнын тезис түрінде жазады.





Қорытынды




Кері байланыс

«Табыс сатысы»

Мен..... білемін

Мен........ түсінемін

Мен .......жасай аламын

Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.




Сыныбы: 11

7 сабақ Күні:

Тақырыбы


Мәтіннің негізгі ойы бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру

Мақсаты


Мәтіннің негізгі ойы бойынша проблемалық сұрақтар құрастыруды үйрету

Күтілетін нәтиже

Мәтінмен жұмыстана отырып, негізгі ақпаратты анықтайды.

Мәтін мазмұны бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.

Мәтінмен жұмыстану дағдылары дамиды.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тұсаукесер




Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, сабақтың тақырыбын жазып алады.

Негізгі бөлім






1. Назарды шоғырландыру

-Балалар,пробламалық сұрақ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Оның қандай маңызы бар?

2.Мәтіндермен жұмыс

(Қосымша ресурстардағы мәтін)


Оқушылар қойылған сұрақтар талқылып, өткен материалдарды пайдалана отырып, жауап береді.



Мәтіннің негізгі ойын анықтап, проблемалық сұрақтар құрастырады.


Қорытынды




Кері байланыс

«ҚҚҚ»

Құнды

Қызықты

Қиын


Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.



Сыныбы: 11

8 сабақ Күні:

Тақырыбы


Тірек сөздердің мәтіндегі орны

Мақсаты

Тірек сөздердің мәтіндегі орны туралы мәлімет бере отырып, мәтіннің тақырыбын ашу

Күтілетін нәтиже

Тірек сөздер арқылы   тақырыпты болжайды.

Оқылым материалдары бойынша  негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы   мәтін  жазады.

Үштік және топтық жұмыста ұйымшылдықпен жұмыстанады.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Жағымды психалогиялық ахуал туғызу.

Оқушылардың көңілдері серпіліп, сабаққа назарларын аударады.


Тұсаукесер




Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтатамын, сонымен қатар сыни ойлауға жетелеймін.

Бәрекелді! Тамаша!

Сұрақтарға жауап беріп, мысалдарды талдайды.

Жаңа тақырып туралы жалпы түсінік қалыптастырады.

Өз жауаптарын айтып, сыныппен бөліседі

Негізгі бөлім






1.Үштік жұмыс

Мәтінді құрастыруға негіз болатын сөздер «тірек сөздер» деп аталады. Мәтін не туралы? деген сұраққа жауап беретін сөздер мәтіннің тірек сөздреі болады. Мәтіннің тірек сөздерін «кілт сөздер» деп те атауға болады.

2.Топтық жұмыс

І топ –тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастыру

Тірек сөздер: мақсат, болашақ, емтихан, сүйікті мамандығым, еңбек, жұмыс

ІІ топ- мәтіннен тірек сөздерді табу


Оқушылар қосымша материалдарды бірге оқып талқылайды. Бір-біріне сұрақ қояды.

Мәтін

Шоқжұлдыздар.

Ерте заманнан адамдар жұлдызды аспанды шоқ жұлдыздарға бөлген. Қазіргі кезде 88 шоқжұлдыз бар. Көп уақытқа дейін жұлдыздар орнынан қозғалмайды деп жорамалдаған. Аристотель заманынан бастап ғасырлар бойы жұлдызды аспан мәңгілік өзгермейді  деп ойлаған. Аспан хрусталь сфера, оның сыртында құдайлар өмір сүреді деп жорамалдаған. 16 ғасырдың соңында Джордано Бруно жұлдыздар Күн сияқты аспан денелері деген пікір айтқан.

Ғалымдар жұлдыздарды дүниежүзіндегі үлкен обсерваториялар мен астрономиялық орталықтарда зерттейді. Қазақстанда астрофизика институтында зерттейді.

Неміс ғалымы Бессель аспан әлемін зерттеген. Бессель жаңа апсан денелерін  ашқан. Ғалым әлемдегі бірінші астроном. Ол 75 мың жұлдыздың орналасуын анықтаған. Ол Каперниктің ілімін дәлелдеген. Каперник бірінші рет жердің дөңгелек екенін айтқан. Бессель Кенинсберг обсерваториясында жұмыс істеген. Бессель 19 ғасырда ғылымды дамытуға көп еңбек еткен.

Мәтінмен жұмыстанады.

Қорытынды




Кері байланыс

«Ойды аяқта»

Бүгін мен білдім.....

Мен үйрендім......

Қиындық тудырды......

Қолымнан келеді......


Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.




Сыныбы: 11

10 сабақ Күні:

Тақырыбы


Мәтін бөліктері. Кіріспе бөлім

Мақсаты


Мәтіннің бөліктері туралы білімдерін кеңейте отырып, кіріспе бөлімді қалай жазу керектігін меңгерту

Күтілетін нәтиже

Мәтіннің кіріспе бөлімін жазуды үйренеді.

Мәтіндермен жұмыс жасау дағдысы дамиды.

Өз ойларын өмірмен байланыстырып,белсенділік танытады.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек.


Мен саған сенемін, өйткені ...”(сен білімдісің!)


Тұсаукесер




Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қою.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, жаңа сабақтың тақырыбын жазып алады.

Негізгі бөлім






1.Түртіп алу

2. «Галереяны   шарлау» иллюстрациялар   көрсету

Тірек сөздер: Сәлемдесу,орын беру,жол беру,үлкенді   сыйлау,жақ-сылық,көмектесу.


Оқушылар кестемен жұмыстанады.

Керекті ақпаратты дәптерлеріне түртіп алады.





Оқушылар   берілген тірек сөздер мен суреттерді байланыстыра отырып, мәтін құрайды,   берілген иллюстрациялар бойынша тақырыпты болжайды. Мәтіннің кіріспе бөлімін жазады.



Қорытынды




Кері байланыс

«Емен»

Мақсатқа жету үшін жасаған қадамдарым:

Күткен нәтиже


Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.



Сыныбы: 11

11 сабақ Күні:

Тақырыбы


Сұрақтар арқылы мәтіннің негізгі бөлімін жазу

Мақсаты


Сұрақтар арқылы мәтіннің негізгі бөлімін жазуды үйрете отырып, мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

Күтілетін нәтиже

Мәтіннің мазмұнын анықтайды, бағытталған сұрақтар құрастырады.

Мәтіннің негізгі ойын анықтайды, суреттеуді қолданады, талдайды.

Мәтіннің құрылымдық бөлігін ажыратады.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа деген белсенділігі артады.

Тұсаукесер




«Сұрақты қағып ал» өткен материалдар сұрақтар қою арқылы

сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, жаңа сабақтың тақырыбын жазып алады.

Негізгі бөлім






1. Назарды шоғырландыру

Мәтін құрылымы үш бөліктен тұрады: басы (кіріспе), негізгі бөлімі, соңы. Кіріспеде оқырманның назарын аудару көзделеді. Негізгі бөлімде айтылатын ойдың түйінді мәселелері жүйелеп түсіндіріледі. Мәтіннің соңы – қорытынды бөлім, бұл – сөздің бүкіл күшін топтастырушы, мәнді бөлім.

Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мәтіннің желісін бұзбауы керек. Мәтінге басқа қосымша сөйлем қосқанда немесе толықтырғанда негізгі ойдан ауытқымау керек.

2. Жеке жұмыс

Сиқырлы қалам”

Мәтіннің негізі бөліміне шимай жоспар құрау




Оқушылар қосымша материалдарды бірге оқып, талқылайды. Нақты ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.

























Балалар өздері таңдап алған мәтіннің негізі бөліміне шимай жоспар құрастырады.




Қорытынды





Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.







Сыныбы: 11

12 сабақ Күні:

Тақырыбы


Мәтіннің қорытынды бөлімі

Мақсаты


Мәтіннің қорытынды бөлімін тиімді жазу жолдарын меңгере отырып, ойын сауатты әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауы, сөйлеу тілі дамиды. Логикалық ойлау қабілеттері артады. Мәтіннің қорытынды бөлімін жазуды үйренеді.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Ынтымақтастық ортасын құру.

Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабаққа ұйымдастыру.


Балалар амандасып, назарларын сабаққа аударады.

Тұсаукесер




-Мәтін деген не?

-Мәтіннің қандай түрлері бар?

-Неше бөліктерден тұрады?

-Қорытынды бөлімге не жазылады деп ойлайсыздар?



Сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Негізгі бөлім






1.Еркін талқылау

Қорытынды дұрыс жазу үшін алдымен жұмыстың орындалуына мұқият қарау керек.

Қорытынды жазу үшін:

  1. Ең басында қандай мақсаттар қойғаныңыздан бастаңыз. Бұл ақпаратты жұмыстың кіріспесінен алыңыз. Қорытындының осы бөлігін «Осы жұмыста біз сұрақты қарастырдық ...»

  2. Сіз бұл мәселені қарау барысында әр тараудың / бөлімнің нәтижелеріне назар аудара отырып, біле алғаныңызға назар аударыңыз. Бұл бөлікті, мысалы, келесі өрнекпен жасауға болады: «Зерттеу жұмысы барысында біз бұны ... білдік».

  3. Соңғы қорытынды жасаңыз. Бұл жерде бір нәрсе жазу орынды болар еді: «Қорытындылай келе, келесі нәтижені шығарамыз - ...».


2. Жеке жұмыс

Сиқырлы қалам”

Өткен сабақтағы шимай жоспарды пайдалана отырып, мәтіннің қорытындысын жазу


Сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғысынан ойлау қабілеттері дамиды.




Берілген ақпаратты талқылайды, қорытынды шығарады.

Оқушылар берілген мәтіндермен жұмыстанады, мәтін түрлерін ажыратады.




















Балалар өздері таңдап алған мәтіннің қорытынды бөлімін жазады.


Қорытынды




Кері байланыс парағын толтырады.







Сыныбы:

13сабақ Күні:


Тақырыбы

Бақылау (тест)


Мақсаты

Өткен материалдар бойынша алған білімдерін тиянақтау


Күтілетін нәтиже

Өз бетімен тапсырмаларды орындай алады.

Теориялық білімін өз бетімен тексере алады.

Өткен материалдарды еске алады.


Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Тест жинағы ( Ақпараттық-әдістемелік бөлімдегі тесттерді пайдалану)


Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




«Көңіл-күй» сергіту сәті арқылы сынып ахуалын өзгерту.


-Шеңберде сыныптасына бүгінгі күнге арналған жағымды көңіл-күй тілейді. Сабаққа бетбұрысы қалыптасады.

Тұсаукесер


-Балалар, бүгін тест жазамыз.

Оқушылар назарларын сабаққа аударады.

Негізгі бөлім






-Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадын жаза қойыңдар.

Тест


Тест жұмыстарын тексеру, жіберген қателерін талдау.

Оқушылар дәптерлерін ашып, күннің жадысын жазады.

Тест жұмысын орындайды.


Оқушылар жіберген қателерін талдайды.

Қорытынды







Сыныбы: 11

14 сабақ Күні:

Тақырыбы


Мәтіннің тақырыбы

Мақсаты


 Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, тақырыбын анықтау

Күтілетін нәтиже

Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжай біледі.

Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. «Көңіл-күй» сергіту сәті арқылы сынып ахуалын өзгерту.


Сыныпта ынтымақтастық атмосфера орнап, балалардың сабаққа деген ынтасы артады.


Тұсаукесер




Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, жаңа сабақтың тақырыбын жазып алады.

Негізгі бөлім






1.Түртіп алу

Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.


2. Мәтіндермен жұмыс

Мәтіннің тақырыбын анықтау

Оқушылар кестемен жұмыстанады.

Керекті ақпаратты дәптерлеріне түртіп алады.










Оқушылар берілген мәтіндерді оқып, тірек сөздерді теріп жазады, тақырыбын анықтайды, мәтіннің әр бөлігіне ат қояды.

Қорытынды






Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.



Сыныбы: 11

15 сабақ Күні:

Тақырыбы


Мәтіннің идеясы

Мақсаты


Мәтіннің мазмұнымен таныса отырып, негізгі идеясын анықтау

Күтілетін нәтиже

Мәтіннің тақырыбы мен идеяын анықтайды.

Оқушылар өз ойларын жүйелі жеткізеді.

Өмірмен байланыстыра отырып, мысал келтіреді.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Флипчарт, кесте, маркер, мадақтау сэндивичі

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Жағымды психалогиялық ахуал туғызу.


Көңілдері көтеріліп, сабаққа жағымды эмоциямен кіріседі.

Тұсаукесер




Ой қозғау сұрақтары сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Мәтіннің тақырыбы деген не?

Мәтіннің идеясы дегенді қалай түсінесіңдер?

Тақырып пен идеяның байланысы бола ма?


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, сабақтың тақырыбын жазып алады.

Негізгі бөлім






1.Еркін талқылау

Мәтіндер сөйлеу тіліне қарай ауызша және жазбаша болып келеді.

Айтылған не жазылған ойдың не туралы екенінен хабар беретін мәтіннің ең басты бөлігі тақырып деп аталады.Тақырыпты анықтау үшін «Мәтінде не туралы айтылған?» деген сұраққа жауап іздеу керек.

Мәтіннің авторы тыңдаушыға өз пікірін,, көргені, білгені, оқығаны, естігені жөнінде айтқанда оың өз мақсаты болады, оны идея деп атаймыз.Идеяны анықтау үшін «бұл мәтінде автор не айтқысы келді?» деген сұрақ қою керек.

2. Топтық жұмыс

Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтау


3. Мадақтау сэндивичі


Оқушылар тақырып пен идея туралы жазылған материалмен танысып отырып, бір-біріне сұрақтар қояды, талқылайды.




Топта ұйымшылдық танытады.

Бір-бірімен ақылдасады.


Өздеріне керекті материалды таңдауды үйренеді.








Мадақтау сэндвичі арқылы топтар бір-біріне позитивті комментарий, сындарлы сын және келешекке арналған комментарий айтып бағалайды.

Қорытынды




Қапшықтағы фасоль арқылы тақырыпты бекіту

Қапшықтағы фасольды лақтыра отырып, өткен материалдар бойынша сұрақтар қойып, сабақты қорытындылайды.




Сыныбы: 11

16 сабақ Күні:

Тақырыбы


Мәтіннің тақырыбы пен идеясын ашуға арналған тапсырмалары

Мақсаты


Мәтіндермен жұмыстана отырып, алған білімдерін практикамен ұштастыру

Күтілетін нәтиже

 Мәтіннің тақырыбы мен идеясын табады.

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыстанады.

Ойлау шеберлігін,  сөйлеу мәденеиеті артады.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Кесте, кері байланыс парағы

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, көңілдері сергіп, назарларын сабаққа аударады.

Тұсаукесер




-Мәтіннің қандай түрлері болады?

-Мәтіннің тақырыбын қалай ашуға болады?

-Ал мәтіннің идеясы деген не?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өткен материалдарды еске алады.

Ой қозғау сұрақтарына жауап беріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Негізгі бөлім






1. Түртіп алу

Тақырып пен идеяны ашу қадамдар

1) Тақырыпты анықтаңыз

Мәтінді толығымен оқып шығыңыз, содан кейін тақырыпты анықтауға тырысыңыз. Бұл тармақ кім немесе не туралы? Бұл бөлім «Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері» немесе «жаңа есту аппараттары;» сияқты тақырыптарды түсінуге арналған. Осы тақырыпқа қатысты қандай дәлелдер келтіретінін шешуден әлі алаңдамаңыз.

2) Мәтіннің алғашқы және соңғы сөйлемдеріне қараңыз.

Авторлар көбінесе негізгі ойды параграфтың немесе мақаланың бірінші не соңғы сөйлеміне не жанында орналастырады, сондықтан олар осы үзінділерді үзінділердің басты тақырыбы ретінде қабылдауға болатындығына көз жеткізіңіз. Абайлаңыз: кейде автор осындай сөздерді қолданады бірақ, дегенмен,  қайта, дегенмен және т.б., бұл екінші сөйлемнің негізгі идея екенін көрсетеді. Егер сіз бірінші сөйлемді жоққа шығаратын немесе сәйкес келтіретін осы сөздердің бірін көрсеңіз, онда бұл екінші сөйлемнің негізгі идеясы болып табылады.

 2. Жеке жұмыс

Мәтіндердің тақырыбы мен идеясын анықтау

Жұпта мәтіннің тақырыбы мен идеясын қалай табу туралы ақпараттпен танысады, талқылайды, ой қорытады, керектілерін дәптерлеріне түртіп алады. Нақты мысалдармен талқылайды.




























Берілген мәтіндерден тақырыбы мен идеясын табады, іздену, ойлау қабілеттері дамиды.

Қорытынды




Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.









Сыныбы: 11

17 сабақ Күні:

Тақырыбы


Көркем әдебиет стилі

Мақсаты


Көркем әдебиет стилі көркем сөз арқылы бейнеленетіндігін білу.

Көркем мәтінді тілдік құралдары мен стильдік ерекшелігі бойынша ажырату.


Күтілетін нәтиже

Көркем әдебиеті стилі туралы кеңірек мәлімет алады.

Көркем мәтінді тілдік құралдары мен стильдік ерекшелігі бойынша ажыратады

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тұсаукесер




Өткен сабақта қандай үлкен тақырыппен таныстық? (Мәтін )

-Мәтін неден құралады ? ( Сөйлемнен )

-Мәтін деген не ? ( Жазбаша , ауызша ойды жеткізу )

-Мәтіннің атауын не деп атаймыз? (Тақырып )

-Мәтін тақырыбы қалай, неге сүйеніп құрылады? (Негізгі ойға ,мазмұнына )

-Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? (Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана

мәтін құрайды )

-Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ,Мәтіннің

құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады )

-Мәтін қандай бөліктерден тұрады? (Басы, негізгі бөлімі, соңы )

- Стиль деген не?

-Стильдің қандай түрлері бар?

- Не себепті көркем әдебиет стилі көркем сөз арқылы бейнеленеді деп ойлайсыз?

Өткен материалдарға шолу жасайды.

Ой қозғау сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, жаңа сабақты жазып алады.

Негізгі бөлім






1. Көршіңе әңгімелеп бер.

Көркем әдебиет стилдің ерекшелігі

 1.Образды сөздер мол қатысады;

2. Экспрессивті сөздер мол болады;

3.Мәтінге ритм, интонация әсерлілік құру үшін көп жұмсалады;

4.Шығарма тартымды болу үшін синоним сөздер, грамматикалық амалдар көп жұмсалады.

Оқушыға,яғни топ бір-біріне естіген мәтіндері бойынша сұрақтар әзірлейді және жауап береді.


2. Жеке жұмыс

Еркін жазу: Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін айқындайтын іс - әрекет
1 - топ. Образды сөздерді қатыстырып, өлең не әңгіме жазады.
2 - топ. Экспрессивтік сөздерді қатыстырып, шағын мәтін құрастырады.



Жұпта оқушылар қосымша материалдарды бірге оқып, талқылайды. Бір-біріне сұрақ қояды.
















Топта ұйымшылдықпен жұмыстанады.

Іздемпаздық қабілеттері дамиды.



Әр оқушы ойын ортаға салады.



Шығармашылықпен жұмыстанады.


Қорытынды




Кері байланыс

«Шығу билеті»

Бүгін сен не үйрендің?

Тағы не білгің келеді?


Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.



Сыныбы: 11

18 сабақ Күні:

Тақырыбы


Шағын әңгімелердегі кейіпкер бейнесі, портреті, мінез-құлқы

Мақсаты


Шағын әңгімелердегі кейіпкер бейнесі, портреті, мінез-құлқы туралы терең мәлімет беру

Күтілетін нәтиже

Шағын әңгімелердегі кейіпкер бейнесі, портреті, мінез-құлқын талдайды.

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. 

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Кесте, кері байланыс парағы

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тұсаукесер




-Балалар, портрет деген?

-Кейіпкердің қалай мінездеме береміз?

Ой қозғау сұрақтарына жауап беріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Негізгі бөлім






1. Түртіп алу

Шағын шығармаларда кейіпкер бейнесін жасауда эпитет, теңеу, метафора, метанимия, синекдоха сияқты көріктеу құралдарының да қызметі ерекше. Кейіпкердің сыртқы бейнесін, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын бейнелі суреттеп, тілге көркемдік беріп, оқырманға эмоционалды-экспрессивті әсер етеді.

Кейіпкер бейнесін талдау” әдістемеік еңбегінде көркем бейнені талдаудың мынадай тәсілдерін көрсетеді˸

Кейіпкерлер портреті, іс‑әрекеті, оның ішкі психологиясы жайлы автордың ойын білдіруі;

- Көркем бейнеге тән ерекшеліктерді өзге кейіпкерлерді сөйлету жолымен беру;

- Әдеби бейненің ішкі толғаныстарын (монологтарын) келтіре отырып ашу;

- Қаһармандар табиғатын оларды бір‑біріне қарсы қою әдісімен (диалог, әңгімелестіру) ашу.и

 2. Топтық жұмыс

І топ- Абай портрет табу («Абай жолы», І бөлім)

ІІ топ –Жас Абайға мінездеме беру

Топта тақырып бойынша ақпаратпен танысады, талқылайды, ой қорытады, керектілерін дәптерлеріне түртіп алады. Нақты мысалдармен талқылайды.

















Топта ұйымшылдықпен жұмыстанады.


Іздемпаздық қабілеттері дамиды.




Әр оқушы ойын ортаға салады.



-Бір-бірінің пікірлерін тыңдап, саралап, ортақ шешімге келеді.



Қорытынды




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды






Рисунок 2 Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Сыныбы: 11

19 сабақ Күні:

Тақырыбы


Көркем әдебиет мәтініндегі пейзаж, оқиға орны

Мақсаты


Көркем әдебиеттегі пейзаждың түрлері жайлы қысқаша мағлұмат беру

Күтілетін нәтиже

Көркем әдеби шығармалармен жұмыстануды үйренеді.

Көркем шығармадағы пейзаж бен оқиға орнын ажырата алады.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек.


Мен саған сенемін, өйткені ...”(сен білімдісің!)


Тұсаукесер




Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қою.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, жаңа сабақты жазып алады.

Негізгі бөлім






1.Түртіп алу

Қазақ әдебиетінде табиғат көркін бейнелейтін пейзаждың өзіндік даму, өсі тарихы бар күрделі эстетикалық категория екендігі айқындалды. Қазақ әдебиетінің бастау алар бұлақ көздері, сондай-ақ пейзаждың М.О.Әуезов шығармасында алар орнына мінездемелер берілді. Қазақ әдебиетінде пейзаж жанрына қалам тартқан сөз шеберлері мен оны зерттеуші ғалымдар еңбектеріне арнайы шолу жасалды. Пейзаж өзінің эстетикалық-көркемдік ерекшелігімен, лирикалы әсерлілігімен адам сезімінен орын алатын үлкен ұғым.Пейзаж арқылы адам жанының небір қатпарларын жаңғырта ашып, оның толыққанды бейнесін өзіне тән болмысымен, табиғатымен көз алдымызға әкеледі. Сұлулық сыры қанша көп болса, әдеби шығармадағы көркемдік пен әсемдіктің әлемі сонша сан алуан.

2. «Галереяны   шарлау»

Әдеби шығармалардан пейзажды, оқиға орнын табу

Керекті ақпаратты дәптерлеріне түртіп алады.



















Өздеріне ұнаға әдеби шығарманы таңдап алып, пейзажды тауып, дәптерлеріне жазады.

Қорытынды




Кері байланыс

«Емен»

Мақсатқа жету үшін жасаған қадамдарым:

Күткен нәтиже


Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.


Сыныбы: 11

20 сабақ Күні:

Тақырыбы


Публицистикалық стиль, түрлері, тілдік құралдары


Мақсаты


Публицистикалық мәтінді анықтай білу,оның негізгі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету, публицистикалық мәтінді талдай білуге қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже

Публицистикалық мәтінді анықтай біледі.

Оның негізгі ерекшеліктерін ажыратады.

Ойын жүйелі жетізеді, өмірмен байланыстырады.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тұсаукесер




«Сұрақты қағып ал» сұрақтар қою арқылы

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, жаңа сабақты жазып алады.

Негізгі бөлім






1. Еркін талқылау

Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады:

а) экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;

ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;

б) толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер;

в) тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.

Осы тұлғалар публицистикалық сөзге экспрессивтік екпін, ырғақ, жинақылық бейне береді.

Публицистикалық сөздің қоғамдағы мәні өте зор. Ол қоғам мүшелерін ұлы істерге жұмылдырады, ұлы идеяларды дәріптейді.


2. Жеке жұмыс

Сиқырлы қалам”

 Тәуелсіздіктің отыз жылдығына дайындық” шағын мақала жазу. Публицистикалық стильдің тіл ерекшелігін сақтай отырып жазу.


Оқушылар қосымша материалдарды бірге оқып, талқылайды. Бір-біріне сұрақ қояды.






















Публицистикалық стильдің тіл ерекшелігін сақтай отырып, шағын мақала жазады.

Қорытынды




Кері байланыс

«Маған 3 нәрсені айт»

- Сабақта не өттік?

- Неден табысқа жеттім?

- Нені терең білгің келеді?


Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.


Сыныбы: 11

21 сабақ Күні:

Тақырыбы


Мақала, интервью

Мақсаты

Мақала, интервью оның жазылу жолдары туралы түсінік беру, теорияны практикамен ұштастыру.


Күтілетін нәтиже

Оқушылардың өз бетінше жұмыстану дағдылары даиды.

Ойлау, өз ойын жеткізе білу қабілеттері жетілдіреді.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Жағымды психалогиялық ахуал туғызу.

Оқушылардың көңілдері серпіліп, сабаққа назарларын аударады.


Тұсаукесер




Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтатамын, сонымен қатар сыни ойлауға жетелеймін.

Бәрекелді! Тамаша!

Сұрақтарға жауап беріп, мысалдарды талдайды.

Жаңа тақырып туралы жалпы түсінік қалыптастырады.

Өз жауаптарын айтып, сыныппен бөліседі

Негізгі бөлім






1.Үштік жұмыс

Мақала –публицистикалық стильде белгілі бір деректерге сүйене отырып, белгілі бір тақырыпты қамтитын шығармашылық жұмыс.

Интервью - композициясына қарай, формасы мен ерекшелігіне қарай тағы да, интервью-диалог, интервью-монолог, коллективтік интервью, интервью-бейнелеу және сауалнама деп жіктеледі.

Интервью-диалог дегеніміз – өте көп кезесетін интервьюдің түрі, сұрақ-жауап ретінде келеді.

Интервью-монолог дегеніміз – Тілші бір ғана сұрақ қойып, тақырыпты айтады, кейін сұхбат берген адам өзі жауап айтып, көбіне өзі сөйлейді. Саясаткерлердің берген сұхбаты, жеке кәсіпорындардың есеп-сұхбатын жатқызуға болады.

Коллективтік интервью дегеніміз – бірнеше адамдармен сұхбат жүргізіледі,тілші сұрақ қояды бірнеше адам жауап береді. Интервьюдің бұл түріне дөңгелек стол, пресс-конференция және брифингтерді жатқызуға болады.

Интервью-бейнелеу дегеніміз – Тілші сұрақты қоя отырып, өзінің ойын толық айтады, өз көзқарасын білдіреді, қысқаша мінездемелер беріп отырады.

2.Топтық жұмыс

І топ –Мақаланың негізгі ерекшеліктері

ІІ топ- Мақала мен интервью айырмашылығын талдау

Оқушылар қосымша материалдарды бірге оқып, талқылайды. Бір-біріне сұрақ қояды.





























Топта ұйымшылдықпен жұмыстанады.


Іздемпаздық қабілеттері дамиды.




Әр оқушы ойын ортаға салады.



-Бір-бірінің пікірлерін тыңдап, саралап, ортақ шешімге келеді.


Қорытынды




Кері байланыс

 Не ұнады?

Сен үшін бүгін не қызықты болды?

Не қиын болды?

Бүгінгі алған біліміңді болашақта қалай жаратар едің?


Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.



Сыныбы: 11

22 сабақ Күні:


Тақырыбы


Эссе, хат


Мақсаты


Эссе мен хаттың құрылымы туралы мәлімет беру


Күтілетін нәтиже

Эссе мен хат жазудың тиімді жолдарын біледі.

Эссе мен хаттың құрылымын сақтайды.

Сауатты жазады.


Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Флипчарт, кесте, маркер,


Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


Кіріспе



Жағымды психалогиялық ахуал туғызу.


Көңілдері көтеріліп, сабаққа жағымды эмоциямен кіріседі.


Тұсаукесер




Ой қозғау сұрақтары сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

-Эссе дегеніміз не?

-Хаттың қандай түрлері бар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, сабақтың тақырыбын жазып алады.


Негізгі бөлім






1. Тыңдап отырған үштік

Берілген эссе мен хат туралы мәліметті үштікте талқылайды. Эссе жазудың жолдары

1 - қадам. Контексті анықтаңыз.

Егер сізге эссе берілсе, онда кейбір өлшеуіштер анықталады: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы – эссенің негізгі ойы.

2 - қадам. Тақырыпты таңдаңыз.

Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шеттен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет.

3 - қадам. Ақпаратты жинаңыз.

Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз, фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар аудармаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.

4 - қадам. Эссені жоспарлаңыз.

Хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.

Хaт жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант( хатты жазушы) пен адресаттың ( хат жолдаушы) болуы керек.

2. Сиқырлы қалам

І топ- Досына хат жазу

ІІ топ- «Сүйікті мамандығым» эссе жазу

3. Бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек


Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

СПИКЕР-тақырыпты түсіндіреді.

ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

-Нақты деректермен сөйлейді.















Топта ұйымшылдық танытады.

Бір-бірімен ақылдасады.

Өздеріне керекті материалды таңдауды үйренеді.

Екі топ бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.


Қорытынды






5-5-1 Биік сынама!

Бүгінгі сабақтың қорытындысын шығаратын 5 сөйлем жаз.

Енді 5 сөзге дейін қысқарт.

Соңында 1 сөзге дейін қысқарт.


Кері байланыс парағын толтырып, сабақты қорытындылайды.






Сыныбы: 11

23 сабақ Күні:

Тақырыбы


Ғылыми стиль, ерекшелігі, тұжырым, дәлел, термин

Мақсаты


Ғылыми стиль және оның ерекшеліктері туралы мәлімет беру

Күтілетін нәтиже

Ғылыми стиль және оның ерекшеліктері туралы кеңірек мәлімет алады.

Басқа стиль түрлерінен ажыратады.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тұсаукесер




- Стиль деген не?

-Стильдің қандай түрлері бар?

- Ғылыми стиль туралы не білесіңдер?

Өткен материалдарға шолу жасайды.

Ой қозғау сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, жаңа сабақты жазып алады.

Негізгі бөлім






1. Көршіңе әңгімелеп бер.

Ғылыми стильдің ерекшелігі :

Ойды нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді.

Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады .

Осы талаптарға жету үшін эмоцияғаэкспрессияға көп жол бермейді .

Терминдер мол қолданылады .

Ырықсыз етістіктерден жасалған баяндауыштар көп жұмсалады .

Ғылыми мәтін қатаң логикалық желімен құрылады .


2. Мәтінмен жұмыс

Мәтіннің стилін анықтаңдар.

Қолданылған термин сөздерді теріп жазыңдар.


Жұпта оқушылар қосымша материалдарды бірге оқып, талқылайды. Бір-біріне сұрақ қояды.













Іздемпаздық қабілеттері дамиды.


Қорытынды




Кері байланыс

«Шығу билеті»

Бүгін сен не үйрендің?

Тағы не білгің келеді?


Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.



Сыныбы: 11

24 сабақ Күні:

Тақырыбы


Ғылыми сипататтағы мәтіндерге тапсырмалар

Мақсаты


Ғылыми сипаттағы мәтіні туралы білімдерін тереңдету, ерекшелігін байқату, оқушыларды өз ойын дәлелдей білуге үйрету. 

Күтілетін нәтиже

Ғылыми стильдегі мәтінінің негізі айырмашылығын біледі.

Өз ойларын өмірмен байланыстыра дәлелдейді.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Ғылыми стиль туралы презентация, кері байланыс парағы

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Жағымды психологиялық ахуал туғыздыру

Топқа бөлу

Көңілдері серпіліп, сабаққа жағымды эмоциямен кіріседі.

Топқа бөлініп, орындарына барады.

Тұсаукесер




Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтатамын, сонымен қатар сыни ойлауға жетелеймін.

Бәрекелді! Тамаша!

Сұрақтарға жауап беріп, мысалдарды талдайды.

Жаңа тақырып туралы жалпы түсінік қалыптастырады.

Өз жауаптарын айтып, сыныппен бөліседі

Негізгі бөлім






1.Презентация

Ғылыми стиль ерекшеліктері

2.Мәтінмен жұмыс

А) Мәтіннің стилі мен жанрын анықта.

Ә) Термин сөздерді теріп жаз.

Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.

«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.

Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады.


Ғылыми сипатта жазылған мәтіндер туралы ақпаратпен танысады, талқылайды, ой қорытады, керектілерін дәптерлеріне түртіп алады. Нақты мысалдармен талқылайды.





Алған білімдерін практикамен ұштастырады.


Қорытынды




«Жапондық бағалау» әдісі

Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».

Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.





Сыныбы:

25сабақ Күні:


Тақырыбы

Бақылау жұмысы


Мақсаты

Өткен материалдар бойынша алған білімдерін тиянақтау


Күтілетін нәтиже

Өз бетімен тапсырмаларды орындай алады.

Теориялық білімін өз бетімен тексере алады.

Өткен материалдарды еске алады.


Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Тест жинағы ( Ақпараттық-әдістемелік бөлімдегі тесттерді пайдалану)


Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




«Көңіл-күй» сергіту сәті арқылы сынып ахуалын өзгерту.


-Шеңберде сыныптасына бүгінгі күнге арналған жағымды көңіл-күй тілейді. Сабаққа бетбұрысы қалыптасады.

Тұсаукесер


-Балалар, бүгін тест жазамыз.

Оқушылар назарларын сабаққа аударады.

Негізгі бөлім






-Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадын жаза қойыңдар.

Тест

Оқушылар дәптерлерін ашып, күннің жадысын жазады.

Тест жұмысын орындайды.

Қорытынды




Дәптерлерін жинап алу



Сыныбы: 11

26 сабақ Күні:


Тақырыбы


Мәтіндегі ақпарат көздері, негізгі ақпарат, қосымша ақпарат


Мақсаты


Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру.


Күтілетін нәтиже

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;

Қандай мақсатта, не үшін қолданғанын түсінідіреді;

Өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырып, нақты мысал келтіреді.



Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Флипчарт, кесте, маркер,


Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


Кіріспе



Жағымды психалогиялық ахуал туғызу.


Көңілдері көтеріліп, сабаққа жағымды эмоциямен кіріседі.


Тұсаукесер




Ой қозғау сұрақтары сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, сабақтың тақырыбын жазып алады.


Негізгі бөлім






1. Тыңдап отырған үштік

Мәтіндегі негізгі және қосымша (жанама) ақпарат дегеніміз не?

Мәтіннің мағыналық бөлігінде негізгі және қосымша (жанама) ақпарат көрсетіледі.

Мәтіннің негізгі ақпаратына түсініксіз ұғымдарды автордың талқылауы, сипаттаулар, баяндаулар, логикалық тұжырымдар кіреді. Мағыналық бөліктің негізгі мәліметтерін көрсету үшін онда тезистер мен тұжырымдар қолданылады және олар көбінесе азатжолдың басты идеясы - бірінші және екінші сөйлемдер болады.

Қосымша (жанама) ақпарат түрлері мыналарды қамтиды: қосымша, суреттейтін және анықтайтын, қайталанатын, жинақтайтын ақпараттар. Қосымша ақпарат кеңейтеді, онда қарастырылатын құбылыстардың мәнін ашып түсіндіреді.


2. Топтық жұмыс

І топ- Мәтіннің негізгі ақпаратын табу

ІІ топ- Қосымша ақпаратын табу

3. Бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек


Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

СПИКЕР-тақырыпты түсіндіреді.

ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

-Нақты деректермен сөйлейді.












Топта ұйымшылдық танытады.

Бір-бірімен ақылдасады.

Өздеріне керекті материалды таңдауды үйренеді.

Екі топ бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.


Қорытынды






5-5-1 Биік сынама!

Бүгінгі сабақтың қорытындысын шығаратын 5 сөйлем жаз.

Енді 5 сөзге дейін қысқарт.

Соңында 1 сөзге дейін қысқарт.


Кері байланыс парағын толтырып, сабақты қорытындылайды.






Сыныбы: 11

27 сабақ Күні:


Тақырыбы


Жинақы мәтін жазу жолдары


Мақсаты


Жинақы мәтін жазудың тиімді жолдарын меңгерту


Күтілетін нәтиже

Жинақы мәтін туралы білімдерін кеңейтеді.

Өз ойларын сауатты жазуға дағдыланады.



Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


Кіріспе



Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек.


Мен саған сенемін, өйткені ...”(сен білімдісің!)



Тұсаукесер




Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қою.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, жаңа сабақты жазып алады.


Негізгі бөлім






  1. Түртіп алу

Жинақы мәтін туралы деректермен танысады.

2. Жұптық жұмыс

1. Берілген мәтінді мазмұнын сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

2. Аннотация жазудың тиімді жолдарын талдау

Керекті ақпаратты дәптерлеріне түртіп алады.



Мәтінмен танысып, жинақы мәтін жазады.


Аннотация жазудың тиімді жолдарын талдайды.



Қорытынды




Кері байланыс

«Емен»

Мақсатқа жету үшін жасаған қадамдарым:

Күткен нәтиже


Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.



Сыныбы: 11

28-29 сабақ Күні:

Тақырыбы


Аралас мәтіндермен жұмыс

Мақсаты


Тұтас және тұтас емес мәтіндерді салыстыру

Күтілетін нәтиже

Аралас мәтіндермен жұмыстанады.

Тұтас және тұтас емес мәтіндерді салыстыру арқылы мәтіндердің құрылымын талдайды.

Ойларын өмірмен байланыстырады.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тұсаукесер




Ой қозғау сұрақтары қою.

Өткен материалдарға шолу жасайды.

Ой қозғау сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Дәптерлерін ашып, жаңа сабақты жазып алады.

Негізгі бөлім






1. Көршіңе әңгімелеп бер.

Тұтас және тұтас емес мәтіндер туралы ақпаратты талдау

2. Мәтінмен жұмыс

Тұтас және тұтас емес мәтіндерді салыстыру


Жұпта оқушылар қосымша материалдарды бірге оқып, талқылайды. Бір-біріне сұрақ қояды.



Іздемпаздық қабілеттері дамиды.


Қорытынды




Кері байланыс

«Шығу билеті»

Бүгін сен не үйрендің?

Тағы не білгің келеді?


Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.
















Қолданылған әдебиеттер тізімі:


Мұғалімдер үшін:

1. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.

3. ҚР Білім туралы заңнама. – Алматы, 2012.

4. ҚР білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. – Астана, 2004.

5.Даулеткалиева Р. Л. Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту // Молодой ученый. — 2017. — №18.1. — С. 16-18. — URL https://moluch.ru/archive/152/43264/ (дата обращения: 30.03.2019).

Оқушылар үшін:

1. Орта білім беру деңгейлері білім алушыларының сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша дағдыларды қалыптастыруға арналған мәтіндер жинағы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  .Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.  Астана .2016.  

2. Қазақ тілінен мәтіндер жинағы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.Алматы «Қазақ университеті» 2017.

3. «Қазақ тілі» оқулығы, 5-7-сыныптар.

4.Мәтін арқылы оқушылардың сөйлеу және ойлау қабілетін арттыру./Мәтіндер мен тапсырмалар жинағы /Балтабаева В.Қ.2014.

5. https://testcenter.kz

6. Қазақ тілінен мәтіндер жинағы (техникалық мамандықтар - ға арналған) / құраст.: Н.Қ. Мәтбек, Г.А. Тастемирова. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 56 б.

7. https://www.google.com

8. https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/39464/




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі