Оқу үрдісінде STEM технологиясы қолдану
Президентіміздің жаңа Қазақстан құру туралы айтып жатқан
мәселелерін іске асыру қоғамның сұраныстары, жеке тұлғаның
мүдделері де өзгеруде.
Қазіргі
кезде цифрлық білім беру технологияның жедел дамуы барлық саланы
цифрландырудың жылдам дамуына байланысты STEM білім беру маңызды
және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде
ерекше назар аударуда.
Қазіргі
кезде білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылық, логикалық
қабілетін дамыту – бүгінгі заман талабы. Оқу жүйесінің басты
мақсаты білім деңгейін халықаралық дәрежеге
жеткізу.
Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жайындағы Қазақстан: іс-қимыл
кезеңі» Жолдауында цифрландыру барлық реформаның басты элементі деп
атап өтті. Қазіргі уақытта цифрлық технологияның жедел дамуы,
ғылымда математика, информатика, технология пәндерін, өнер мен
инженерия сияқты басты салалар бір мезгілде дамуы бір сөзбен
айтқанда STEM деген сөзбен айтуға болады.
SТEM
деген сөздің мағынасы:
STEM аббревиатурасын алғаш рет
американдық бактериолог Р.Колуэлл 1990 жылдары ұсыңған, бұл 2000
жылдары қолдана бастады. STEM негізінде бұл тұжырымдаманың жаңа
нұсқалары пайда болды, ең көп тараған STEАM (ғылым, технология,
инженерия, өнер және математика) және STREM (ғылым, технология,
робототехника, инженерия және математика).
Технологиялардың қарқынды
дамуының арқасында жаңа мамандақтар пайда болуда, STEM
мамандардарының қажеттілігі күннен күнге керек болуда. STEM - білім
беру саласы мемлекеттік бағдарламалармен
жүргізіледі.
STEM технологиясы
студенттердің сыни ойлауға, креактивті ойлауға, өз бетінше білі
алуға жетелейді.
STEM - білім беру білім саласы
жаратылыстану, математика және информатика, робототехника,
құрастыру, бағдарламалау, модельдеу, 3D – жобалау, графикалық
дизайн, технологиялық сауаттылық, инженерлік тәжірибе
қабілеттіліктерін, дағдыларын дамытуға бағытталған пәнаралық
байланыс.
Пәнаралық
байланыс арқылы, STEM оқыту жүйесін
дамыту мақсатында IT кабинеті ноутбуктермен,
лего, мехотроникаға арналған құрал жабдықтар, 3Д принтирмен,
интерактивті тақта, проекторімен, «Робототехника» қосымша сабағында
студенттер EV3 құралдарын танысып, роботтар
құрастырады.
Бұл дегеніміз цифрлық білім
беру ресурстарын тиімді қолдану, шығармашылық тапсырмаларға, шағын
жобаларға, топтық, жұптық жобаны оқу үрдісінде қолдану. Нақты
ғылымдардың негізгі принциптерінде STEM технологиясы
арқылы білім беру студенттердің қызығушылықтарын әрі қарай дамытып,
өз бетінше, теорияны практикамен ұштастырып, бәсекеге қабілеті
күнделікті өмірімізге енгізу барасында цифрлық сауаттылықты,
заманауи шығармашылық қабілеттерін дамытады және қызушылығы
артады.
STEM
білім берудің артықшылықтары:
-
тақырыптар бойынша кіріктірілген оқыту;
-
ғылыми-
техникалық білімдерді өмірде пайдалану;
-
сыни
тұрғыдан ойлау және есептер шығару дағдыларын
дамыту;
-
өзіне
деген сенімді қалыптастыру;
-
белсенді
қарым - қатынас және командамен жұмыс;
-
техникалық пәндерге қызығушылығын
арттыру;
-
жобаларға
креактивті және жаңашыл көзқарас;
-
әр
баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың
іс-әрекетіарқылы техникалық шығармашылыққа мотивациясын
дамыту.
STEM
білім алу – жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік беретін инновациялық
әдістеме.
Нақты
ғылымдардың негізгі принциперінде STEM білім берудегі техникалық
және гуманитарлық мамандықтарға шығармашылық қабілеттерінің дамуына
жобалық ойлау және кеңістікті ойлауды
қалыптастырады..
Заман ағымына қарай инновациялық
технологияларды қолдану, кез келген сабақта цифрлық білім
ресурстары мен электрондық оқулықты, интерактивті тақта, интернетті
пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана
қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен
еңбек етуіне жағдай жасайды.
Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Токаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы
Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қашықтықтан оқытуды
біртіндеп дәстүрлі оқуға көшуді, қолжетімді әрі сапалы білім беру
бәсекеге қабілетті маман дайындау және «Біз кәсіби білім берудің
бүкіл жүйесін еңбек нарқында сұранысқа ие білікті мамандар
қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» деп атап өткендей, қашықтықтан
оқыту технологияларының кез келген цифрлық білім
беру ресурстары мен АКТ-ның сан алуан нұсқаларын пайдаланып
қашықтықтан оқытуда "ZOOM" және "Daryn Member" платформа мен ютуб
каналында бейне сабақтары, инновациялық оқу әдістемелерді енгізу
арқылы студенттердің саналы да сапалы білім сапасын арттыру
мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технология
пайдаланудамын.
Бұл дегеніміз жаңа Қазақстан бірінші кезекте
сапалы, сауатты және саналы білімді меңгерген білікті мамандарды
дайындау үшін оқытушы әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданатын
болса, онда студенттердің шығармашылық қабілеттері, білімге деген
қызығушылығы артады.