Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
білім беру саласында бағалауды жүргізу жолы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда қаласы

268 мектеп-лицейі

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Бақытжанқызы Гүлжан


«Oқy үшiн бaғaлay жәнe oқyды бaғaлay»


Формативті бағалау оқушының дамуына әсерін тигізе ме? Иә, әрине тигізеді. Себебі, сабақ барысында оқушының сенімі мен ынтасын арттыру үшін мұғалімнің тарапынан айтылған мадақтаулар мен ынталандыру сөздері оқушының көңіл-күйін жақсартады, әрі өз оқуына жауапкершілікпен қарауға, табысты оқуға қол жеткізуге, келесі жұмысқа деген құлшынысын арттыратыны анық. Дегенмен, оқушының өзін-өзі формативті бағалауы бірден шынайы болмайды, күнделікті тәжірибе негізінде баланың бойында өзін шынайы бағалай білу дағдысын қалыптастыру үшін кері байланысты орнату және жетістік критерийлерін ұсыну маңызды болып табылады. Формативті бағалаудың суммативті бағалаудан ерекшелігі, онда бала өзіне және сыныптасының атқарған жұмыстарына немесе орындаған тапсырмаға бағалау жасап, өздерінің нені және қалай үйренгендерін айқындауды үйренеді.

Яғни, оқушыны бағалау-білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтері іздеу және түсіндіру үдерісі (МАН, 54-бет). Бұл берілген анықтама мұғалімдердің жалғыз бағалаушы тұлға болмайтынын, оқушылардың өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға белсенді қатысу керек екендігі айтылған. Ол үшін оқушылар өз білімін арттыруда бағалауды үйрену қажет. Және өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа бағытталған жұмыс істеу қажет.

Барлық мoдyльдep өзара тығыз бaйлaныcты екені белгілі. Десе де, мaңыздылығы жaғынaн, қoлдaнyдaғы қapaпaйымдылығы жaғынaн ерекшеленетін Oқy үшiн бaғaлay жәнe oқyды бaғaлay модулі қазіргі өзекті мәселе. Аталмыш модуль идеяларын қалай және неге ықпалдастыру керек?

Lesson study барысында өткізілген сабақтардан қорытынды жасап көрелік:

Екінші сабақ «Тамақтану. Тағамдар» тақырыбында өткізілді. Топтық жұмысты бастар алдында оқушылар сабақ нәтижелі болуы үшін жетістік критерийлерімен танысты. Мұндағы критерийлер арқылы оқушылар өздерінің сабақ соңына дейін қандай деңгейге өсетінін өлшей алатын болады және не туралы білім алатынын алдын ала біліп отырады. Сабақ басында оқушылардың ойларын қозғау үшін тақырыпқа байланысты бұрынғы білімдерін анықтау үшін ашық сұрақтар қойылды:

Мұғалім: -Ағылшындар қандай тағам түрлерімен қоректенеді?

Оқушы: -Олар балық пен чипсы, хот дог, Йоркшир пуддинг тағамдарын жейді.

Мұғалім: -Қазақстандықтардың тамақтануымен қандай ұқсастықтары неде?

Оқушы: -Олар қазақтар сияқты етті көп жейді және шайды жақсы көреді.

Осындай ашық сұрақтардың тиімді қойылуы арқылы тақырыпты ашуға мүмкіндік берді. Себебі, «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс сұрақтың тиімді қойылуы, менің пайымдауымша, сұрақ тиімді қойылған жағдайда оқушылардан тиісті ақпаратты алуға болады және оқушының толық жауап беруін үйретуге де болады.

Оқушылардың бірлескен оқуын жүзеге асыру мақсатында «Өкіл әдісі» бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылды. Әр топ берілген мәтін бөлігін оқиды, өзара талқылайды. Талқылау барысында оқушылардың арасында кумулятивтік әңгіме түрі өрбіді, яғни әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған идеяларды төзімділікпен тыңдады. Себебі, оқушыларда қарсы пікір айтылмады, идеялар қайталанды. Әр топ өкілі келесі топқа барып түсіндірме талдау жасады, оқушылар өзге топтың мәтініне сұрақтар қоя бастағандары қуанарлық жағдай орнатты. Өйткені, олардың толық сол тақырып аясында білу қажеттіліктері туындады. Топтардағы жұмыс Б бақылау парағы арқылы жүрді. Әр топ бақылаушылары топтық талқылауда топ мүшелерінің тақырып төңірегінде қосқан үлестеріне тоқталды. Осы бағалаудың түрі барлық топта өз дәрежесінде болмады, менің ойымша бұл туындаған қиындықтың болу себебі, бұрын соңды оқушылар бағалау парағын жүргізіп дағдыланбаған.

Демек, мен алдағы уақытта бағалау парақтарымен жұмысты жандандыруым қажеттілігін түсіндім. Дегенмен 2 топ бақылаушысының бақылау парағы толыққанды жүзеге асырылған. Яғни, бақылаушы әр топ мүшесінің рөлдері қаншалықты атқарылғандарымен қоса, тақырыпты талқылауға қосқан үлестерін қамтыған. Осы топтық жұмыстан кейін оқушылар жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабар беру үшін қара жәшік ішінде айтылғандай сыныптың өн бойында әрбір іс-әрекеттен кейінгі ауызша кері байланыс орнатылды.


Мұғалім: -Топтық жұмыста не ұнады? Неліктен?

Оқушы: -Маған әңгімені өзіміз оқығаннан гөрі, әр топтың өкілі келіп түсіндіргені ұнады. Себебі, басқа сыныптасымның баяндап берегенінен әңгімені толық және анық түсінуге мүмкіндік алдым.

Мұғалім: -Негізгі идеяны жеткізуде не қиын болды?

Оқушы: -Ең бірінші, маған ағылшын тілінде еркін жеткізу қиын

болды.

Кері байланысқа қатысты қойған сұрақтарымнан оқушылардың топтық жұмыстың қалай өткенін, бақылаушының берген бағалауына оқушылардың көзқарастарын білуге мүмкіндік туды. Қуанарлық жағдай, оқушылардың туындаған кедергілерді жасырмай айтулары. Топтағы кейбір оқушыларға мәтінде берілген сөздердің мағынасын білу қиындық келтіргені белгілі болды. Сол сәтте туындаған танымдық кедергіні, тілдік тосқауылды жеңу мақсатында сөздік арқылы жаңа сөздермен жұмысты қайтадан қайталауға мәжбүр болдым. Осы жерде бес түйінді фактордың алғашқысы, яғни оқушыларға кері байланыс ұсыну жүзеге асқанын байқадым. Оқушылардың топтық жұмыстағы кедергілерін ескере отырып, сыныптың топта талқылауға дағдыланбағанын байқадым. Алда осы қиындықтарды болдырмау үшін сыныпта ең алдымен тілдік дағдыны қалыптастыру керек деп шештім.

Балалардың осы бағалау парағындағы айтылған қиындықтарын, яғни бағалау нәтижелерін ескере отырып, алдағы сабақтарда оқытуды түрлендіруге бағыт-бағдар алдым.

«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс, яғни оқу үшін бағалауды қолданудағы 4 аспектіні қамтудың нәтижесінде оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту жүргізілді.

Үшінші сабақ «Table manners» (Дастархан мәзірі) тақырыбында болды. Оқушылардың жұптасқан оқуын жүзеге асыру мақсатында сабаққа «Сәйкестендіру» әдісі бойынша жұптық жұмыс сын тұрғысынан ойлауға үйретуге бағытталды. Сабақтың белгілі бір кезеңінде жұптық жұмыс ретінде сәйкестендіру жұмысы жүргізілді. Олардың әрқайсысы екіншісіне қағаз бетіндегі сұрақты оқып, ортадағы жіпті жауабына қарай сәйкестендіруі тиіс болатын. Жұптасқан оқушылар өздерінің тапқан жауаптарын ақылдасып сәйкестендіріп, жауаптарын Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсеткендей (МАН, 36-бет), жұптар арасында диалог өрбіді. Жұмысты жасау кезінде жұптардың үлкен қызығушылықпен орындап жатқандарын, өздерінің пікірлерін жеткізуге көмектескенін және осындай жұмыс түрін орындау жайлы болғанын көріп, осы стратегияны таңдағаныма іштей қуанып қалдым. Бұл жұмыс оқушылар тарапынан жұптарда өзара дайын үлгі жауаппен салыстыру арқылы бағдаршам түстерімен бағалау жүзеге асты. Жұптардың барлығы да сәйкестендіру жұмысын үлгі жауаппен бірдей дұрыс орындаған. Алған әдіс сәтті таңдалғанымен, ішіндегі тапсырмаға менің тарапынан Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасалмағанын аңғардым. Яғни, оқушылар жұмысты орындау арқылы өз-өздерін ынталандыра алды және осыған орай, олардың бойында ұмтылыс пен қызығушылық пайда болғанын байқадым. Бірақ, жұптарда тапсырманы өз жұбымен ағылшын тілінде талқылауы керемет дамыды деп айта алмаймын және де балалар өздерінің пікірлері ескерілетінін сезіне алмады, олар тек қазақ тілінде: «Былай сәйкестендірейік, мына жауапқа апара салайық»,- деді. Сонда осындай жұптарды байқап, жандарына барып, бағыт-бағдар бердім, соның арқасында балалардың барлығы сәйкестендіру тапсырмасын сәтті орындап шыға алды.


Жұптық жұмыс және өзара бағалау


Негізінде жұптық жұмыс өзіне сенімі аздау балаларға жұмысқа қатысуға көп көмегін тигізді, себебі, білмегендерін жұбымен ақылдасу барысында ортақ жұптық әңгіме жүріп талқылады. Өздерінің пікірлерін барлығы дерлік ұсына алмады және менің қойған сұрақтарыма жауап беруге 3-4 оқушы ғана қатысты. Жұптармен әңгімелесу оқушылардың сабақтың негізгі идеясына байланысты не ойлайтындарын түсінуге біршама көмегін тигізді. Кейбір оқушылардың тапсырманы жылдам түсініп оңай орындаулары мені таң қалдырды. Мысалы, В деңгейлі Ә есімді сабаққа бұрын араласа бермейтін тыныш оқушы ашылып, әрі жұбымен ақылдасып жауапты дұрыс тауып отырғанын көріп, мені іштей қуаныш сезімі биледі.

«Бағдаршам» арқылы оқушылар өз жұмыстарын формативті бағалады. Жұмыс жасау кезінде формативті бағалаудың стартегиялаын пайдалану оқушыны ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың стратегияларын пайдалану оқушыны ынталандыру және жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың тиімді жолы болады деп санаймын. Бағдаршамның жасыл түсін - 5 жұп, сары түсін – 1 жұп көрсетті, ал қызыл түсін – ешқандай топ көтермеді.

Балалардың жауаптары мен жасаған жұмыстарының нәтижесіне қарап, олардың сын тұрғысынан дағдыланған сабақ өткізілгені байқалды.

Сыныптағы дарынды да талантты оқушыларды анықтау мақсатында жас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырма жеке жұмыс түрінде төртінші сабақ «Менің сүйікті рецептілерім» тақырыбында ұйымдастырылды. Жекелеген оқушылар «Ойлан, жаз, толықтыр» тапсырмасын Зонглер әдісі арқылы орындап шықты. 1тапсырма оқулықтағы кейіпкердің сүйікті тағамының рецептісін кестеге толықтырып жазып шықты. Екінші тапсырмада осы рецептіні бос кестеге толтырып жазды. Үшінші кеңейтілген тапсырмада өздерінің сүйікті рецептілерін ауызша түрде ағылшын тілінде айтып берді. Осы тапсырманы сыныптағы А деңгейлі А есімді оқушының орындай алғанын көргенде өз жұмысымның нәтиже беріп келе жатқанын түсіндім. Себебі, бірінші сабақта оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу қабілеті бүгінгі төртінші сабақтағымен салыстырғанда төмен көрсеткіште болатын. Бірақ, әлдеде де болса тілді кеңінен қолдануға ықпал жасалу керек.

Жеке жұмысты орындау барысында көмек қажет етіп отырған С деңгейлі оқушыларға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, бағыт берілді. Әр түрлі деңгейдегі үш оқушыны бақылап, олар топта қалай жұмыс істейтіндерін анықтау барысында осы оқушылардың әрқайсысы ұсынылған жеке тапсырмаларды орындау кезінде қалай оқығандарына бақылау жүргізілді.


Рисунок 8

А, В, С деңгейлі оқушылардың жеке жұмыстары


Жеке жұмыстың алғашқы екі тапсырмасын А және В деңгейлі оқушылар орындай алған, бірақ грамматикалық және орфографиялық қателер жіберген, кейбір жауаптарды шатастырып жазған, тек С деңгейлі екі оқушы ғана үшінші тапсырмаға жете алмады. Бұл орындай алмаған оқушыларға не кедергі болды және оны қалай жақсартуға болады деген ой мені үнемі мазалайтын болды. Оның себебі, олар қатемен жұмыс жасамайды және білмеген тұстарын ізденіп жауабын табуға ынталанбайды. Жалпы айтқанда, олардың бойында төмен мотивация мен қызығушылықтың жоқтығы немесе өздеріне деген сенімділіктің мүлдем жоқтығы деп ой түйілді.

Мұғалім осы жұмысты жинап алып, екі жұлдыз бір ұсыныспен бағалады. Оқушылардың басым көпшілігі тапсырманы орындай алғандарымен, орфографиялық қателер жіберген. Оларға тапсырманы толық орындап, грамматикалық қате жібермей жұмыс жасаулары ұсынылды. Осы жұмыстардың нәтижелерін ескере отырып, алдағы оқытуды түрлендіру мақсаты қойылды. Сонда, оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтарын оятып, оқуда кездескен қателіктерін және оқушылардың жеке жұмысты орындау кезінде туындаған қиындықтарын жөндеуге мүмкіндік алады. Бұл формативті бағалау түрі олардың алдағы уақытта тапсырманы қалай жазу керектігін білулеріне, ұсыныспен жұмыс жасауына, тапсырма аясындағы білімдерінің дамуына, сын тұрғысынан ойлана алуларына мүмкіндік берді.

Сабақ соңындағы кері байланыста оқушылар «сабақ ұнады», «тапсырмалар ұнады», «уақыт жетпей қалды» деген сөздерді стикерге жазып мұғалімге рефлексивті көбелекке жабыстырды.

В деңгейлі Ж есімді оқушының жазған ойы:

Маған ұнағаны: «сабақтың бәрі ұнады. Басқа оқушылар ұнамаған жерлерін айтып жатыр, ал маған ұнамаған жері жоқ. Сабақ қызықты болды, апай көп қызы тапсырмалар әкелген.»

Менің ұсынысым: «Тапсырмаларды орындағанда уақыт көбірек берілсе және ойындар ойнасақ», - деп жазыпты. Тізбектелген сабақтар топтамасында өзіме ұнаған ұтымды тұстарын әр сабақтың соңында рефлексия толтыртып, не сәтті шыққанын, қандай тапсырмада оқушыларға қиындық туындайтынын, алда не білгілері келетіндерін жаздырту арқылы оқушы үнін тыңдап, бөлісіп отырған тұстарым болды.

Алдағы сабақтарда балалардың күрделілікке деген сүйіспеншіліктерін арттыратын, қызығушылықтарын оятатын тапсырмалар ұйымдастырып, олардың эмоцияларына емес танымдық аспектілеріне мән беріп, оқушыларға тілді сыныпта еркін пайдаландыруға өзімді-өзім бағыттаймын. Дәстүрлі сабақтағы 5 баллдық жүйедегі бағалау оқушының нақты қай деңгейде тұрғанын анықтап бермейді және баланың дамуына, қорытынды бағасы ретінде қабылданғанымен, нәтижеге жетуіне мүмкіндік жасамайтынына көзім жетті.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2020
577
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі