15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқудағы іс-әрекетті зерттеу
Оқудағы іс-әрекетті зерттеу
Неге
8 сыныптың білім сапасы ең төменгі
деңгейде? деген шешімін таппаған мәселе
мені толғандырды. Зерттеу тақырыбын
анықтау үшін мен бұл сыныптың бір
математика екі физика пәнінің сабақтарына
қатыстым. Үш сабаққа қатысудағы мақсатым:
үлгерімі төмен оқушылармен мұғалімнің
ұйымдастыру жұмыстарын зерттеу.
Тәжірибелі математика пәнінің мұғалімі
материал мазмұнына, өз мүмкіндігіне,
оқытудың түпкі нәтижесіне сай сабақ
жоспарын дайындаған. Жаңа сабақты
мұғалім білім стандартына сай, қисынды,
түсінікті, ғылыми, өмірмен байланыстырып
баяндады. Берілген тақырыптағы жетекші,
негізгі ойларға: «Неге бұлай болды? Сен
қалай деп ойлайсың? Сен қандай мәндер
қояр едің? Неге?» ойланатын сұрақтарымен
ерекше оқушы назарын аудармады. Жақсы
оқитын оқушылармен диалогтық
қарым-қатынаста болды. Сабақ мазмұнын
ашуда үлгерімі төмен оқушыларға: «Бұл
екеуінің байланысы бар ма? Қай шама
үлкен?» деген ия не жоқ деп жауап беретін
төменгі деңгейлі сұрақтармен шектелді.
Үлгерімі төмен оқушыларды: «Шынымен-ақ
осылай бола ма? Ал егерде бұлай болмаса
қайтер еді? деген сұрақтар толғандырмады.
Оқушылар сыни тұрғыдан жүйелі түрде
ойлануға, талдауға дағдыланбаған.
Оқытуда АКТ-ы пайдаланып слайд көрсетіп,
басынан аяғына дейін мұғалім баяндап
шықты. Жас ерекшеліктеріне сәйкес
оқушылардың қабілетіне қарай қосымша
материал қолданбады. Сабақты бекіту
кезеңінде жақсы оқитын оқушылар қызығып,
негізгі ойды бөліп алып графиктік
есептерді шығарды, еңбек әдістерін
меңгергендігі көрініп тұр. Мұғалім
бірыңғай талап қойғанмен білімді игеру,
қолдана алу дағдысы қалыптаспаған
үлгерімі төмен оқушылар көшірумен
шектелді. Бұл оқушылар мұғалімге қажетсіз
болғандықтан, екінші партадағы бала
басын кітаптың үстіне қойып, енжарлық
танытса, бесінші партадағы бала терезеге
қарап ауа-райын қызықтап отырды. Физика
пәнінен өткен сабақта арасында бір-бірімен
байланысы жоқ жаңа әдіс-тәсілдерді
орынсыз, жүйесіз қолданатыны көрініп
тұрды. Мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді жиі
қолданып жатырмын деп айтып жатты.
Мұғалім көбінесе берілген материалдарды
кітапта жазылған бойынша әр жерінен
үзіп жаттап алып, соны қайталады,
сондықтан мұғалімнің түсіндірген
материалын оқушы пассивті, ырықсыз
түрде қабылдады да тақырыпқа түсінбеді.
Сабақ фронтальді стильде–жазды, ауызша
режимде жауап берді, барлығы жабылып,
сынып бойынша бір тапсырманы орындады.
Физика пәнінде мұғалім алты тапсырма
берді, бір оқушы тақтада қалғандары
өздерінің дәптерлеріне жазып жатты.
Тапсырманы ары қарай орындау үшін
тақтаға келесі оқушы шықты. Тапсырманы
бұрын бітірген оқушыларды мұғалім өзі
тексерді. Сұрақтар тек білу төменгі
деңгейінде қойылды да оған тек қол
көтергендер ғана жауап беріп жатты.
Үндемей отырғандарға тек жауапты
қайталатты. Мұғалім бағдарламада қалай
келтірілсе солай оқытты, яғни оқушының
мүддесі ескерілмеді. Бұл сыныпта білім
сапасы мектеп бойынша ең төмен сынып
екендігі, енжар оқушылардың көптігі,
оған ерекше көңіл аудару керектігі
ескерілмеді. Енжар оқушылардан сабақ
сұрамайды десе де болады, сондықтан
олардың кез-келген пәннен сөздік қоры
өте аз дамыған. Олар көбінесе солай, ия,
дұрыс, тағы сол сияқты қысқа, бір ауыз
жауаппен шектеледі, олардың дұрыс
жауабын мұғалім көтермелеп мадақтағысы
келмейді, мақтап, қолдап үйренбеген.
Оқушылардың білім сапасының төмендігі
сабақ үстінде жиі айтылады. Осы айып
тағылғаннан кейін сөйлеу тұрмақ сабақтан
үндемей құтылғысы келеді. Жоғары жақтан
күштеудің нәтижесінде енжарға айналған
оқушылар сөйлемей тез сабақтың аяқталуын
күтті. Сонымен бірге менің байқағаным,
сыныпта оқушыларға өз бетінше жұмыс
берген кезде немесе күрделі тапсырма
берсе шамамен 65-70% орындап үлгеріп жатты.
Сабақтан кейін мен осы сыныпқа сабақ
берген физика пәнінің мұғалімінен
сұхбат алдым. Мұғалім былай
Алғашқы
сұхбат Дәстүрлі сабақ
жауап берді:
оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, соның
ішінде интербелсенді оқыту әдістерін
және сыни тұрғыдан ойлау технологиясын,
ойын, дебат, пікірталасты пайдаланып
жиі сабақ беремін. «Осы тақырыпты қайта
өтетін болсаңыз үлгерімі төмен оқушылардың
қызығушылығын арттыру үшін сабақтың
қай жерін өзгертер едіңіз, қалай өзгертер
едіңіз?»,-деп мен сұрағанымда мұғалім:
оқушылар өз бетінше материалды меңгеріп,
мұғалімнің көмегінсіз кез-келген
тапсырманы орындай алуы үшін барлығын
жасаймын деп жалпылама жауап қатты. Оқу
барысында оқушыларды қызықтырудың
орнына мен көріп қатысқан сабақтарда
тек бір ғана мақсатқа бағындырылды –
сабақ біткеннен кейінгі бағаның қойылуы,
яғни ең соңғы нәтижеге бағытталуы.
Күнделікті сабаққа келіп, түгендеп, үй
тапсырмасына не берілді деп, оқулықтағы
тақырыпшаларға тоқталып, жаңа тақырыпты
мұғалім отыз минут түсіндіреді. Бекіту
кезеңінде түсіндірген сабақтан білу,
түсіну денгейіндегі сұрақтарды қойып
бекітеді. Бағалау оқушылардың оқу
үдерісіндегі қаншалықты табысты
болғандығын, білім игерудегі жетістіктерін,
өсуі мен дамуын анықтайды. Бағалау
кезеңінде де тақырыпты түгел айтқан
балаға «5», орташа жауап берсе «4», бір-екі
сұраққа жауап берсе «3» деген баға қойып
жатты. Әртүрлі мұғалімдер бір жұмысты
бағалағанда олардың бірдей баға қоюына
қалайша қол жеткізуге болады? Обьективтікке
бағалаудың нақты талаптарын таңдау
арқылы жетуге болады. Оқушылардың
білімін обьективті бағалауда бағаға
қойылатын критерий нормалары сақталмады,
себебі мұғалім әлі жас маман болғандықтан
оған үйренбеген. Мұғалім тарапынан
оқушыларды сабақты талқылауға
қатыстырмайды, олардың пікірі ескерілмейді,
білім дайын күйінде беріледі, ал
проблемалардың пайда болуын жеңіліс
деп түсінеді. Осындай деңгейде өтілген
сабақтан кейін оқушылар енжар, ықтиярсыз,
қызығушылығы мен жауапкершілігі жоқ
күйінде ұйқылы-ояу отыра береді. Блум
таксономиясы мүлдем ескерілмейді, 7
модуль қамтылмайды. Осы себептерден
8-ші сынып оқушысы өз ойын еркін жеткізіп
дағдыланбаған сөздік қоры өте аз дамыған,
себебі осы күнге дейін орнынан тұрып
жиі сабақ айту қажеттілігі де болмаған.
Оқушылар сабақ үстінде аз сөйлегендіктен
сөйлеу дағдысы жетілдірілмеген. Тіл
байлығын арттырып, оқушылардың тілін
жетілдіруде мәтіндермен жұмыс жүргізу
аса маңызды, пайдасы көп. Сабақ үстінде
мәтінге тақырыптық талдау жасап, негізгі
ойын анықтау, іс – әрекет жасау, баға
беру, сол арқылы оқушы танымын кеңейту
жұмыстары өте төменгі деңгейде
жүргізіледі. Оқушы үнемі мәтінді талдап,
өз ойын еркін жеткізіп дағдыланбағандықтан
мектеп бойынша білім сапасы ең төменгі
деңгейдегі 8-ші сынып оқушыларының
сөздік қоры өте аз екендігін байқадым.
Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер
ғалымдардың зерттеу жұмыстарының
нәтижесіне сүйенсек, мектеп оқушыларының
көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз
тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда
дәрменсіздік танытатындығын, ойын
жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын,
ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін
байқауға болады. Мектепте әрбір сабақ
осылай жүргізілсе әрине бұл құбылыс
осылай жалғаса береді. Сондықтан қазіргі
кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін
қалыптастыру–бүгінгі күннің мәселесі.
Сөздік қорды дамыту бастауыш сыныптарында
қолға алынады, ал мен алған сынып өте
ұяң оқушылардан құралған, сөйлеу дағдысы
сол бастауыштың деңгейінде қалып қойған.
А.Маслоудың пирамидасындағы 5-ші
деңгейдегі тұлғалар барлық адамның
1%-н ғана құрайды екен. (Мұғалімге арналған
нұсқаулық, 2013, 24 бет). Олар өзін-өзі жүзеге
асыра алатын, өркендету қажеттілі бар,
сондықтан дені сау деп есептеген. Егер
баланы жас кезден өзінің бүгінгі
ахуалынан асып кеткісі келіп, үнемі
кемелденудің жолдарын іздеуді үйретпесе
ол сол деңгейде қалады. Әдетте олар орта
және одан жоғары жастағы адамдар, ал
менің 8 сыныбым өсіп, 5-ші деңгейге сәйкес
болуы үшін қазірден олардың сабағына
өзгерістер енгізу қажеттілігі тұр. Мен
сондықтан «Сөздік қорын дамыту үшін
оқушыларға қандай мүмкіндіктер жасау
қажет?» деп өзіме зерттеу сұрағын
қойдым.
2-бөлім Тәжірибеге
енгізілген өзгерістер және деректерді
жинау үшін пайдаланылған әдістер туралы
есеп
Зерттеу жұмысын оқушылардан
влов бойынша сауалнама алдым. Онда
балалардың өздерін қай деңгейге қоятынын
және не себепті олай екендігін анықтадым.
Оқушыларға бір айдан кейін қайта
толтыртқанда олардың жаңа өзгерістің
нәтижесінде жаңа достар тапқанын вловтан
байқадым. Өтпелі кезеңде тұрған 8 сынып
оқушылары көбінесе өздерін төменгі
деңгейге қойған себебі кітаптар бойынша
үйренеміз, еркіндікке жол бермейтін
қатал тәртіптен шаршадық, бізбен ешкім
санаспайды, қызықпаймыз деп жатты.
Оқушылар ішкі ойларын бүкпей айтуынан
менің түйгенім, мұғалім үнемі оқушыларды
зерттеп отыруы керек екен.
Толтырылған
вловтар. Сабақ басталды
Оқушылар
оқуға неге қызықпайды? Ол үшін мұғалім
не істей алады? Неге баға үшін оқиды?
Мұғалім қандай әдістерді пайдаланса
бұл тығырықтан шыға алады? Қандай
өзгерістер енгізу керек? Осы себеппен
зерттеу жүргізу барысында физика пәнін
оқытуда топтық жұмыс арқылы оқушылардың
оқуға қызығушылығын мұғалім қалай
арттыра алады? Осы сұрақтарға жауап
іздей отырып, мен мұқият ойластырылған
жоспар жасадым, деректер жинадым.
Құрастырылған білімді қолға ала отырып,
оқушыларға өзін-өзі түрлендіруді бойына
сіңіруі үшін жұмыс істедім. Өздері
қарым- қатынаста білім ала отырып, сөздік
қоры дамитындығын түсіндім. Оқушыларды
ырықсыз, бәсеңді, айтқанды орындаушы,
қайталаушы, тыңдаушы рөлден белсенді,
өз біліміне деген жауапкершілікті
түсінуші, білімді өз бетімен игеруші,
өз қажеттіліктерін айқындаушы рөліне
қарай ауыстыру қажеттілігі туындап
тұрды. Егер рөлі өзгерсе, онда ол ақпаратты
өз бетімен игере отырып, өзара талдап,
сөздік қоры дамып, шешім қабылдай алатын
керемет оқушыға айналайын деп тұр.
Осындай өзгерген тамаша оқушылар
тәрбиелеу үшін өз тәжірибеме өзгерістер
енгіздім.
Диалог білімі үшін
сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің
бірі екендігін Л.Щерба: «Сөйлеу әрекеті
дегеніміз-үзіксіз үрдіс және ол сөйлеу
үрдісі мен тыңдаудан тұрады», деген, ал
Т.Аяпова «Адам баласының сөйлеуі-баланың
сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі,
белгілі бір жағдаятқа байланысты,
мақсатты, қажетті болып табылатындығын
айқындайды», - деді. [онлайн: www. cabak.kz]
(2013ж. 4 мамырда алынды.) Сабақ басталарда
«Қара жорға» деп аталатын сергіту сәті
жүргізілді. Бұл сыныптағы А және В
деңгейіндегі оқушылардың қалауы еді,
ол «Қара жорға» биі көңіл-күйлерін
көтерді. Ұстанымды топпен айтуды дағдыға
айналдырдым, бұл оқушыларды бір-біріне
жақындастырып, өздеріне сенімді болуға
көмектесті. Ол ұстаным ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030»
стратегиясынан «Біз алмайтын асу, біз
жеңбейтін кедергі жоқ» деп топпен
айтылды. Бір оқушының айтқанын екінші
оқушы қайталамайды, ары қарай оқушылар
өздері «алтын ереже» құрастырды.
Оқушыларға топпен жұмыс істеудегі
еркіндік қатты ұнады. Зерттеудегі енжар
С оқушының өзі де белсене «алтын ереже»
құрастыруға кірісіп кетті. Постер
толтыртып, тапсырманы орындап біткенше
«алтын ережеде» айтылғандай уақыт
белгіледім. А оқушы әртүрлі әдіс-тәсілдерді
қолданып сабақ өтейікші деп ақылды сөз
айтты. Сыныпты өз еріктерімен әр сабақта
әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып
бөлдім. Мысалы 1-ші сабақта «Кемеде»
ойыны арқылы топқа бөлінді. Ол 8 сынып
оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес
келеді. Әдеттегі оқыту тәжірибесіне
енгізілген келесі өзгеріс-жұмысты
жұппен немесе топ құрамында орындау.
Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы
бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл ұстаным
сындарлы (конструктивті). (Мұғалімге
арналған нұсқаулық, 2013 жыл, 30бет) білімнің
басты идеяларының бірі. Сындарлы оқыту
сөйлеу дағдыларының ықпалдасуына және
тереңірек түсінуге әкеледі. Ж.Пиаже бұл
туралы былай жазады: «Адамның ақылы
өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен
айтқанда, басқа заттармен немесе
ақылдармен қатынаста ғана болады»
(Пиаже Ж., 1999, 347 бет). Адамның санасы тек
басқа адамдармен қарым-қатынаста ғана
дамиды, тек қарым-қатынас әрекеттері
ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі.
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы
оқушылардың әрқайсысы бір-бірімен жеке
қарым-қатынас орнатты, туындаған
сенімсіздіктен арылды, оқушылар өздерінің
ерекшеліктерін ашты, еркіндік пен сенім
атмосферасы қалыптасты. Топпен отырған
оқушыларға проблеманы айқындау,
проблеманың шешімін табу және проблеманың
шешімін қолдану кезеңдерінде берілетін
әдіс-тәсілдерді қолдандым.
Диалогпен
проблеманы айқындау кезеңі Диалогтық
проблеманы шешті Проблеманың шешімін
қолдану сәті
Мысалы: Ой қозғау, Жигсо
тәсілі. Неліктен осы тәсілді қолдандым?
Себебі өтпелі кезеңде тұрған 8 сыныпқа
қозғалатын, қызықты тәсілдер ұнайды
және жас ерекшеліктеріне, яғни
мінез-құлқына, жадына, қабілетіне сай
келеді. Сабақ соңында кері байланыс
парағын (стикермен) толтырды. Интербелсенді,
белсенді оқыту әдістерінің маңызды рөл
атқаратыны анықталды. Интербелсенді
әдістер жүйесімен оқытудың ерекшелігі:
оқу материалдарының ақпараттар арқылы
оқушылардың оқу іс-әрекетін мұғалімнің
көмегімен немесе компьютер арқылы
меңгерілуі (О.В.Агапова, 2008, 76 бет). Ал
тағы сендерге не ұнайды дегенімде С
оқушы еркіндік деп айқайлады. Бұл да
дұрыс идея деп мен оны формативті
бағаладым. Мұғалімдер тек кемшілікке
назар аударып көп жағдайда жараға
жабысқан шыбындарға ұқсап кеткен, ол
мектептегі көп етек алған ұстаным
позитивті көзқарасты дамытпайды және
өмірде де, жұмыста да жағымды нәтижелерге
әкелмейді. В оқушы үйрену процесінде
өз жұмысы мен әрекеттерінің сәтті
шығуына, өз ісінің ойдағыдай аяқталуына
күманмен қарайды. Ал С оқушы өз істері
мен әрекеттерінің жағымсыз ғана нәтиже
беретіндігіне сеніп, өзін «жолы
болмайтындардың» қатарына қосып жүрген.
Сондықтан өзгеріс енгізген сабақта
тәжірибеге өмірге оптимистік көзқарас
қалыптастыру үшін «сәттілікке жетудің»
жолдарын физика пәнінің мұғалімі
оқушылармен бірге талдап, оны постерге
жазып іліп қойды. Бұл оқушылар үшін
үлкен жаңалық болды, өйкені мұғалім
олармен ақылдасып, оларды тыңдап жатты
ғой.
Сыныптағы барлық балалардың
білімін басты назарда ұстадық, өйткені
өздері аз және де өте пассивті. Оқушылар
бір нәрсені ол қарым-қатынасты құра
білу, басқалармен тез арада тіл табысып
кету қажетті екендігін жақсы түсінді.
Топта өзара араласу, қатынасу, дидарласу,
түсінісу бұл оқушылардың арасында
сөздік қорын дамыту үшін оларға жасалған
үлкен мүмкіндіктер екендігі белгілі
жағдай, яғни, өзара диалог құрылды.
Топтарға §45,46 жаңа параграфтарды 10
бөліктерге бөліп, 7 минут ішінде әр оқушы
өз бетінше оқып үйренуі керек. Әр топтағы
оқушылар постерлерді кезек-кезек
қорғайды. Қарсы топ қатесін жөндейді.
Диалог –оқушының адамгершілік қасиеттерді
иемденуінің ең басты тәсілі. (Мұғалімге
арналған нұсқаулық, 2013 жыл, 39 бет). Бұл
тапсырмалар сыныпта орындайтын әдеттегі
тапсырмалардан мүлдем өзгеше еді.
Тәжірибеге сыныптағы 22 оқушының барлығы
қатысты. Ондағы мақсат барлық оқушыларды
қарапайым болса да өз ойларын диалог
барысында еркін жеткізіп қана қоймай,
өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету,
себебі жалпыға білім беретін орта мектеп
білімнің негізгі мақсаты оқушының
сөйлеу қабілетін жетілдіру, сөздік
қорын арттыру. Диалог адамдардың
қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол
сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады.
«Өмір өз табиғаты бойынша диалогтық
құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа
қатысу: сұрау, тыңдау, жауап беру, келісу
т.б. Бар болу дегеніміз диалог арқылы
қарым-қатынас құру. Барлығы да құрал,
ал диалог –әрекет» М.М.Бахтин (Бахтин
М.М. 1963, 110 бет). Қарым қатынастың болуы
әр адамда басқаға деген ынта мен ықыластың
пайда болуына алып келеді. С оқушы мен
неге басқаларға қарағанда төмен оқимын
деп өзін-өзі талдап, сынап, бағалап,
өзіне-өзі есеп берді. Оны өзінің жазған
кері байланыс парағынан оқыдым. Ол оқушы
алдына мақсат қойып, өзінің болашақтағы
өмірін жоспарлаған. С оқушы кері байланыс
парағында былай деп жазады: «өзімнің
жақсы жақтарыма қарай мен өзгеріп
жатырмын. Бүгінгі сабақтағы жұмыстарым
ертеңгі күнге, болашаққа өте керек».
Оқушыларда сенім, даму бар екендігін
мына суреттен көруге болады.
С
оқушының кері байланыс парағы В оқушының
кері байланыс парағы
Оқушылармен
сабақтың барлығын түсіндім графасына
өз аттарын жазды оны тез арада бейнефильмге
түсіріп алдым. Бұл жұмыстардың ең
кереметтігі сонда оқушылар баға
критерийлерін өздері мұғалімнің
көмегімен дайындап, өз-өздерін және
өзгелерді бағалап үйренеді. Өйткені
сабақта мен жалғастырайын, сұрақ қояйын
деген оқушылар көп болды. Мұнда балалардың
орындайтын басқа жаттығулардан
айырмашылығы топта материалды диалогпен
яғни жұп құрап немесе полилог арқылы
топпен талқылап, өзара пікір алмасып,
ойларын бөлісіп олар сөйлесе бастады,
яғни ашылды. Сабақ аяғында оқушылармен
сабақты қорыта отырып, сабақты эссемен
формативті түрде бағалауын өтіндім.
Бұл оқушылар эсседе Мен бүгін сабақты
жақсы түсіндім. Маған қатты ұнағаны
ойын ойнатқаны. Физиканың қызық пән
екенінін бүгін түсіндім. Әр пәннің
маңызды екенін сезіндім деп жазыпты В
деңгейдегі оқушы.
Оқушылардың
сабақ аяғында жазған эсселері
Оқушыларды
сабақта сөздік қорын дамыту үшін проблема
қойып, сол проблеманы айқындайтын, оны
шешетін, сабақта қолдануға болатын
сабақтың әртүрлі кезеңдеріне арналған
интербелсенді әдістің тәсілдерін
қолдандым.
3-бөлім. Қорытынды
және талдау
Оқушылар диалогтық
қарым-қатынас кезінде екі жақты болуды
талап етеді себебі, олар тыңдай білуге
де, сұрай білуге де үйретілуі керек.
Әрбір сөйлейтін оқушының тікелей
көрсеткіші өз ойын дұрыс жеткізе алуды
үйренеді. Оқытудың басты мақсаты–оқушылардың
сөздік қорын дамыту, қарым-қатынас жасай
алу негіздерін меңгеруі болып
табылады.Оқушының сөзік қорының деңгейін
жоғарылату және ойлауды дамыту ол
білімін дамытудың басты міндеті. Оқушылар
сабақта өзара сөйлесе отырып, ашылды.
Оны төмендегі социограммадан көруге
болады. 8 сынып оқушысы Маржан
бастапқы кезде 12 оқушымен дос еді, оның
алтауымен асханаға барады, ал 10 мен
ойнайды. Төрт апта өткеннен кейін оның
досы 15-ке артты. Неге? Ол топпен күн сайын
әртүрлі оқушылармен сұхбаттасып, сөйлеп
үйренді. Олармен «алтын ережені» сақтай
отырып, өз мінезін оларға деген бұрынғы
қарым-қатынасын өзгертті. Өзара бір-бірін
жақсы түсіне бастады, пікір алмасты.
Осныдай жағдайлардан кейін Зульфияның
достары көбейді. Осындай оқыту
әдістемесіндегі заман талабына сай
бағдар деп инновациялық, интербелсенді
әдістерді пайдаланатын білім беру
жүйесін айтуымызға болады. Қазіргі
әдістемелік әдебиеттерде «Интербелсенді»
деген ұғым «оқушы мен мұғалімнің өзара
байланысы» деген ұғыммен қатар
қолдананылады (Әлімов А, 2013 жыл, 239бет).
Бүгінгі білімге деген көзқарас түбегейлі
өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері,
жаңа бағыттағы тәсілдерді сабаққа
қолданғанда оқушылардың көздері жанып,
сенім пайда бола бастады. Оқушылардың
сабақта айтылған хабарларының мағынасын
түсінуі, олардың
түпкі мақсатын танып
білуі және өзінің жеке мақсатын іске
асыруы маңызды
Интербелсенді әдістің
жаңалығы неде, ол оқыту ісін қалай
ұйымдастырады? Оның ерекшеліктері
мынада: интербелсенді оқыту әдісі оқу
процесіндегі білік, дағдыны жетілдіруге
бағытталады. Сабақ үстінде үнемі сөйлеген
оқушылардың сөйлеу дағдысын, сөздік
қорын, қызығушылығының артқаны байқалды.
Ол үшін барлық жаттығулар сөйлеуге
жетелейтін мақсатта болды. Интербелсенді
оқытуда мұғалім бүкіл оқушыны артынан
ертіп кете алатындай сыныпты басқару
мен көшбасшылықты қоса алып жүрді.
Оқушыға тапсырма берілгенде, қосымша
материалдармен жұмыс істегенде,
психологиялық ерекшелігін, қабілетін
ескерді. Бұл оның белсенділігін арттырып,
оқуға ұмтылуының басты құралы
болды.
Интербелсенді әдіспен оқыту
проблемалық жағдаяттар болуын талап
етеді. Өйткені, проблемалық жағдаяттарда
сөздік қоры дами отырып сол проблеманы
шешеді. Проблемалық жағдаяттар дегеніміз
пікір таластыруға негізделген әдістеме.
Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде
қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп,
пікірлесе алады. Оқушыларды белгілі
бір дәрежеде сөйлеуге, өз ойын басқаға
жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін,
жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу
үшін, сабақта топпен жұмыс түрінде
үйретілді Интербелсенді әдістің қандай
жағдайда нәтижелі болатынына мұғалімнің
тигізер ықпалы зор және оқыту барысындағы
білім сапасына да мұғалімнің үнемі
көңіл бөліп отыруы аса маңызды. Сондықтан,
оқытуда оны қолдану –оқушылардың
сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып,
өз ойын еркін жеткізе алуына, сөйлей
білуіне мүмкіндік, бұл әдісті жиі қолдану
өз нәтижесін береді. Сөйлеу тілдік
қарым-қатынас барысында адамның өз oйын
жарыққа шығару процесі, өз сөзін екінші
біреуге түсінікті етіп жеткізуі. Өз
ойын еркін жеткізуге үйренуі дегенде
мынадай ұғымға мән беріледі: бұл-адам
мен адамның өзара қарым-қатынасында
бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі яғни бір
адамның өз ойын екінші адамға ауызша
жеткізуі, сөйлеуі, айтуы. Сонымен бірге
айтылған ойдың адамға түсінікті болып,
оны қабылдау арқылы екінші адамның оған
өзіндік жауап қайтаруы. Бұл өз ойын бай
сөздік қоры арқылы жеткізуді үйренудің
бір адамға ғана мәселе емес екендігін
көрсетеді. Ол қарым-қатынас арқылы
жүзеге асады. Сөйлеу әрекеті-сөздік
қорды байыту жолындағы маңызды баспалдақ,
қажетті шарт қана емес, ол-адамзаттың
қоғамдағы орнын, қызметін көрсететін
күрделі әрекет. Өйткені, диалог әрекеті
адамдық қасиетті білдіретін басты
өлшемдердің бірі. Диалог- адамның жалпы
ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру
деген сөз. Қарым-қатынас процесі оқытудың
мақсатына, жағдайына, мүмкіндігіне
қарай үнемі өзгерісте болады. Сондықтан,
сөйлеуші сол өзгерістерге байланысты
қарым-қатынастағы өзгерістерді де
ескеріп отыруы керек. Оқушыларды
қарым-қатынастың әр түріне дайындау
үшін материалдарды да жиі түрлендіріп
отыруды қажет етеді. Бұл оқушылардың
айтқысы келген ойын басқаша жеткізуге,
сөйлеу біліктілігін жетілдіруге, тез
сөйлеуге көмектеседі. Сонда ғана,
оқушылар жаңа материалды іс жүзінде
қолдануға тезірек машықтанады. Материал
жаңа болуы керек, сонымен бірге қайталау
кезінде сол қалпында емес, басқаша
өзгертіліп берілуі керек, сонда
оқушылардың білік дағдылары бірте-бірте
дамиды. Ауызекі сөйлеуді қалыптастыру
үшін оқушы әр сабақта жаңа білім алып
қоюмен ғана шектелмей, өз бетінше
ізденіп, талдап, пікір таластыру деңгейіне
жетіп, даму біліктілігін жетілдіріп
отырады. Сонда ғана, оқушы ауызекі сөйлеу
мақсатына жете алады. Осы тапсырмалар
орындау барысында оқушылардың тапсырманы
барынша жақсы деңгейде орындауға
тырысқанын байқадық. Аталған әдісті
қолдану барысында оқушылар өз
белсенділіктерін танытып пәнге деген
қызығушылығын оятты деп ойлаймыз. Ал
оқушыларды бағалауға келетін болсақ,
оларды жеке-жеке емес топтық жұмыста
өздері бір-бірін бағалап отырды. Осындай
тәсілді қолдану барысында оқушылар өз
топ мүшелеріне көмектесуге оны да
сабаққа белсенді қатыстыруға, сөйлетуге
тырыстырып жатты. Топпен жұмыс жасау
барысында үлгерімі төмен оқушылардың
пәнге деген қызығушылығы оянып өздеріне
сенімділік пайда болды. Осы әдістерді
пайдаланғаннан кейін, оқушылардың білім
деңгейі, сөйлеу қабілеті, өзара пікір
алмасуы біршама есе өсті деп айтуымызға
болады..
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған
нұсқаулық, 3 деңгей
2. Пиаже
Ж. Речь и мышление ребенка /Пер. С фр. И
англ. –М; Педагогика –Пресс, 1999,-528
стр.
3.
Агапова О.В. Технология образования
взрослых. СПб..изд.Каро, 2008.
4.
Әлімов А. Интербелсенді әдістемені
ЖОО-да қолдану мәселелері-А; 2013,
-447бет..
5.
«Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық
журнал, 2009 жыл №1(43) 16 бет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген