Мазмұны
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І-Бөлім. Сабақта оқытудың жаңа инновациалық технологияларын пайдалану
1.1 Қазіргі педагогика ғылымындағы “технология” ұғымының тарихына қысқаша шолу.....................................................................................................4
1.2Оқыту технологиясы……………………………………………………..10
1.3Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі......... 13
1.4Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық
технологиялар…...………………………………………………………..15
1.5Оқытудың белсенді әдістері......................................................................18
1.6 Жаңа технология элементтерін оқыту үрдісінде пайдалану – мұғалімнің пәндік құзіреттілігінің басты шарты...................................20
1.7 Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары................................................................21
ІІ-Бөлім. АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 Шет тілінде коммуникативті оқыту технологиясы................................25
2.2 Ағылшын тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану..................27
2.3 Ағылшын тіліне оқытуда интернет мүмкіндіктерін қолдану...............29
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................32
ҚОСЫМША........................................................................................................................34
КІРІСПЕ
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді[9.3Б.]. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып , оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндет-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін үйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап караудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты- оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлеріне: оқытудың дербес және топтық формасы жатады. Бұл жерде алға қойылған басты мақсат, оқушыларға деген сенім, өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен идеяларын, қалыптастыру, қадір қасиет сезімін дамыту;
Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелеттін міндеттер жүйесі жасау.
Осы курстық жұмыста «Оқытудың жаңы инновациялық технологияларына» терең тоқталынады. Курстық жұмыс кіріспеден, және үш тараудан тұрады. Бұл курстық жұмысты жазу барысында әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық, шетелдік әдебиеттер тізімі, кезекті басылымдар қолданылған.
І-Бөлім. ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
1.1 Қазіргі педагогика ғылымындағы “технология” ұғымының тарихына қысқаша шолу.
Әлемдік тенденцияларды талдау қоғамды ақпараттандырудың барлық дамыған елдерде білім беру жүйесіне, жас ұрпаққа тәжірибе жеткізу процесін ұйымдастыруға, оқыту мен тәжірибелеуде жаңа білім беру технологияларының пайда болуына қойылатын жаңа талаптардың қалыптасуына заңды түрде алып келгенін көрсетуі.
Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі дүниеде өзіндік болмысын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алу оның білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезде біздің білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қалыптасуда. Ал қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.
“Технология” атты жаңа интегративті білім саласын мегеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді. Интелектуалдық, тұрғылық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайға бейімделуін қамтамасыз етеді. Егер жоғары технологиялармен танысуға жеткілікті көңіл аударылса, жұмыстардың сапалы орындалуы мен өзіндік білім деп жағын қалыптастыруды дайындауда халықтық, аймақтық отбасы дәстүрлеріне жалпы адамзаттық құндылықтарды сақтауға бағытталса, аталған мақсаттарға жетуге болады.
“Технология” білім саласының басты мақсаты – оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындау, оқушылардың шығармашылық және эстетикалық даму, оқушылардың өзін - өзі тану мүмкіндігін қамтамасыз етуі.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық процестің сапасы үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибе педагогикалық процестің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Солардың бірі – педагогикалық процесті технологияландыру.
Әлемдік педагогикалық тәжірибедегі “технология” ұғымының ену тарихына көз жіберсек, бұдан 15 – 20 жыл бұрын отандық педагогика технология терминін мүлдем дерлік қолданған жоқ. Дәстүрлі педагогика өкілдері “технология” терминіне үрке қарады, себебі, оған дейінгі түсінік бойынша технология деп белгілі бір объектінің өзгерісін айтатын еді, яғни технологияның барлық шарты орындалған кезде нәтижеге кепілдік берілетін. Бірақ педагогтар, бұл категорияны педагогикалық құбылыс ретінде қарастыруды қажет деп таппады. Жалпы технология идеясы өте жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.А. Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту “техникалық” болуы қажет, яғни нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы қерек. Оқытудың мұндай механизмін, яғни нәтижеге қолжеткізетін оқу үрдісін Я. А. Коменский “дидактикалық машина” деп атады. Оған:
-
мақсат қою;
-
осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру;
-
бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды;
Сөйтіп, мақсат – құрал – он қолдану ережелері – нәтижі модулі шықты. Бұл білім берудегі кез – келген технологияның өзегі. Я.А. Коменскийден кейін педагогикалық технология элементтерін Песталоцци еңбектерінен кездестіруге болады.
АҚШ – та педагогикалық технологияға қызығушылық үстіміздегі 30 – шы жылдардағы техникалық құрылымды пайдаланып оқыта бастаған кезде басталып, “білім берудегі технология” термині пайда болды. Бұл оқу үрдісінде техниканы пайдаланумен пара-пар еді. Бағдарамалап оқыту және дидактикалық машина жасау мен байланысты жаңа “білім беру технологиясы пайда болды, бұл оқыту мен тәрбиелеуді қалай құру керек деген сияқты. Ақырында, 60- жылдары америкалық және батыс еуропалық білім берудегі реформаларға байланысты “ оқу үрдісіне межелеген білім нәтижесіне қалай жетуге болады” мағынасы беретін педагогикалық технология термині пайда болды.
Оқыту технологиясы ұзақ тарихи дамудың жемісі. Мұның жолында талай іздену мен адасу, жарқын ойлардың кездейсоқ жарқылы мен терең сенім, ұзақ жылға еңбек пен еліктеу, ең соңында үйреншікті әдет қалыптасты. Қоғам тарихи технология саласында көптеген рефолюцияны біледі. Табиғат танымында, ғылымда секіріс ретінде танылған ғылыми – техникалық революциялар техника, технология саласына іргелі өзгерістер әкелді, табиғатқа, қоғамға, адам өміріне игі әсерін тигізді, нәтижесінде жаңа технологиялар, жаңа перспективалық бағыттар өмірге келді. Мұндай ғылыми – техникалық революциялар қатарына нәрселердің микро – құрылымын тану, ғарышты игеру, кибернетикалық құрылымдар, өндірісті автоматтандыру, қалдықсыз өнім өндіру және қалдықты байта өңдеу жатады.
Қазіргі заманда ғылыми техникалық даму адам өмірінің, қызметінің барлық саласын қамтиды, ал ғылым саласындағы теориялық және технологиялық өзгерістердің жапы стратегиясы ғылымның тұрақты өзегі ретінде дүниенің ғылыми бейнесін білдіреді.
Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастырады, яғни оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар, олармен педагогикалық технология мәселесіне арналған Б. Блум, Д.Ж.Кэррлл, П.Я. Гальнерин, В.В. Давыдов, М.Киарин, Н.А.Менчинская, З.И.Калмыкова, Л.И. Заков, т.б. ғалымдардың еңбегі арқылы танысуға болады. Солардың ішінде кейбіреуіне тоқталар болсақ, В.П. Безпалько педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы деп анықтама береді.
ЮНЕСКО – ның құжаттарыда оқыту технологиясы пәнді оқыту үрдісі мен техникалық және адам ресурстарын ескере отырып, білімді меңгерудің және олардың өзара әсерін анықтаудың, пайдаланудың және жасаудың білім беру түрін оңтайландыруды өзіне міндет етіп қоятын жүйені әдіс ретінде қарастырылады. (ЮНЕСКО, 1986).
Біріншіден, оқыту технологиясы – оқу ақпараттарының пайда болып көріну, өзгеру, өңделу әдістері мен құралдарының жиынтығы болса, екінші жағынан оқыту барысындағы мұғалімнің оқушыға қажетті техникалық және ақпараттық құралдарды қолдана отырып, әсер ету жолдары туралы ғылым. Оқыту технологиясы – оқу бағдарламасында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асару жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Барлық берілген анықтамадан біз “технология” techhe - өнер, шеберлік және loor – ғылым , заң, бір сөзбен айтқанда технологія дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін көреміз.
Қазіргі заманға оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде жасалған дамытушы, жеке бағдарлы, мақсатты технология болып табылады.
Педагогикалық технология – оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс - әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы. Бірақ педагогикалық жолдардың бәрі бірдей педагогикалық жүйені дамытатын заңдылықтарды, оның құрылымының тұрақтылығын және құрамдас бөлшектерінің үйлесімді әсерін қарастыратын оқу үрдісінің ғылыми негізін құрай бермейді.
Педагогикалық технологиялардың ерекшеліктерін педагогикалық жүйені жобалау тұрғысынан анықтау үшін жобалаудың білім беру аймағында оқыту жүйесі мен оның жекелеген компоненттерін жасаумен шектелмейтінін ескеру қажет.
В.Т. Лихачев педагогикалық технологияны форма, әдіс, амал, тәрбиелік құралдың (схема, сызба, диаграмма, карта) бірлігі негізінде арнайы іріктеліп алынған психологиялық – педагогикалық қондырғының жиынтығы деп.. түсіндіріледі. Ал, технологиялық процессті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бөліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді. В.Т.Лихачев педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалім үнемі түрленіп отыратын өзара қарым – қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық технологияның мәні – шығармашылық қабілетінің даму үшін қажетті жадай туғызу.
В.В. Воронов педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт деп есептейді. Бұл оқыту технологиясының мынадай арнаулы белгілері арқылы анықталады: диагностикалық тұрғыда оқыту мақсатын анықтау: барлық оқу әрәкетін оқу мақсаты белгілі бір нәтиже беретіндей етіп бағдарлау: нәтиженің ағымдары мен қорытынды бағалары; үйрету әрекетінің пайда болуы. В.М. Шепель: технология бұл - өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің (Л.В.Заков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, т.б. идеяларына жалғасты) жиынтығы, жағдайдың өзгеруі – десе М. Чошанов: “технология бұл дидактикалық жүйенінң құрамды бөлігі” деп анықтама береді.
Жоғарыда айтылған авторлардың пікірі бір – бірінен онша алшақтамағанымен, олар педагогикалық технология біршама әртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады.
Г.К. Селевконың пікірінше, педагогикалық технология үш түрлі өрісте көрінуі мүмкін: ғылыми, бейнелік және нақты. Бірінші жағдайда ол педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және оқыту әдістерін зерттеп, педагогикалық процесті жобалаушы бөлігі, аймағы болып табылады.
Екінші орайда, ол процестің жүру алгоритімі, жоспарын нәтижеге жеткізудің мақсат, мазмұнын, әдістер мен құралдарының бірлігі, ал үшіншіден, барлық жеке, заттың әдісінің құралдың жұмыс істеп, жүзеге асуы ретінде. Сөйтіп, педагогикалық техниканы оқытудың барынша ұтымды жолдарын іздейтін ғылым ретінде де және нақты жүзеге асатын оқыту процесі ретінде де түсінуге болады. М.В. Кларин: педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданған барлық қисынды ілім амалдары мн әдісінің құралдың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті деп жазды. Біздің пікірімізше, педагогикалық процесс технологиясы дегеніміз мақсат – мүдені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, түр, әдіс амалдың, дидактикалық талаптың психологиясы педагогикалық нұсқаудың жиынтығы.
Шетел мамандары оқыту техникасы дамуының 3 кезеңге бөледі. Бір інші кезең – оқытушы оқыту процесін ешқандай құралсыз бір өзі қамтамасыз етуі тиіс болды. Екінші кезең кітап басып шығаруды тапқаннан кейін оқыту техникасы түбірмен өзгереді, мұғалімдерге әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді. Қазіргі кезеңде оқыту техникасы одан әрі түбірлі өзгерістерге ұшырады, әр түрлі дидактикалық материалдан басқа оқыту техникасының құралдары қосылды.
Н.Ф. Талызинаның пікірінше : оқыту техникасы – бұл оқу процесінің нақты сипатының мұғалімге қойылған мақсатқа жетуге басшылыққа алынудың нақ өзі.
“Оқытудың мазмұны тұрғанын қарағанда оқыту техникасы бірқалыпты жоспарлы ұйымдастырылған жән оқытудың техникалық құралдарын толық және ішінара қолданған оқу процесі мен білімді игеруді игеруді зерттеумен айналысады” – деп жазды белгілі дидактик В.Окон. Былайша айтқанда оқыту техниканы оқу аппараты қалыптастыру, өзгертудің, таратудың, қабылдаудың, сезінудің, есте сақтаудың және жаңғыртудың мақсаты динамикалық процесс ретінде елестетуге болады. Бұл техникалық процестің шартты түрде адамның білмеуін білуіне, қолынан келмеуінен білігіне апаратын жарқын жол ретінде де қарауға болады. Оқыту техникасын – бұл қолданбалы дидактика. Ол педагогикалық тәжірибенің нақты жағдайда керемет оқу процесін жүзеге асырады, оқытып үйрету мен оқып үйренудің ақиқат қызметін бейнелейді. Басқаша айтқанда, оқыту технологиясы – оқу іс - әрекеті мен оқытушы ұйымдастырудың амал, әдіс, тәсілдерін қолдану теориясы.
Д.И. Левитестің пікірінше білім беру технологиясының орындалуы педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік беретін реттелген қызмет жүйесі. Бірақ бұл өте ауқымды анықтама. Оған тәрбиелеу технологиясы да, қарым қатынас техникасы да, оқыту техникасы да кіреді. Педагогикалық (білім беру) технология – бұл оқытудың межелеген нәтижесіне жетудің педагогикалық және экономикалық тұрғыдан негізделген процесі. Ж. Қараевтің пікірінше, технология дегеніміз әдістемелік жүйемен сәйкесті дидактикалық процестер кешендерінің тәжірибеде жүзеге асырылған жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданған әдісі, тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Оның үстіне қолданған әдістер нәтижеге жетуге кепілдік бере алмайды.
Берілген анықтамадан байқауымызша, технология мұғалім мен оқушының іс - әрекетімен, оның құрылымен, құрамдары, әдістері және түрлерімен тығыз байланысты. Сол себептен педагогикалық технология құрылымына төмендегідей бөліктер кіреді :
А) тұжырымдық негіз
Ә) мазмұндық бөлім: Оқушының жалпы және нақты мақсаты, оқу материалдарының мазмұны.
Б) процессуалды бөлім – технологиялық процесс; оқу процесін ұйымдастыру; оқушының оқу әрекетінің әдістері мен түрлері; мұғалімнің материалды игеру процесін басқарудағы іс - әрекеті; оқу процесінің диагностикасы.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология төмендегі негізгі әдістемелік талаптарға сай болуы тиіс:
-
технологиялық сызба (карта) техникалық процесті оны жеке функционалды бөліктерге және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу арқылы, көрсететін шартты бейнесі.
-
әр педагогикалық технология тәжірибе игерудің белгілі бір ғылыми тұжырымдамасына негізделуі тиіс: білім беру мақсаттарына жету процесінің ғылыми негізі болу керек.
-
педагогикалық технологияның барлық жүйелік сипаттары: процестің логикасы, барлық бөліктің өзара байланысы, тұтастығы;
-
оқу процесін жобалау, жоспарлау мақсатынан анықтау мүмкіндіктері ескерілуі керек: кезеңі диагностика, нәтижелері түзету мақсатында әдістер мен құралдарды түрлендіру мүмкіндігі қаралуы қажет. Педагогикалық технологияның осы сапарлы оған басқарушылық (меңгерушілік) сипат береді.
-
қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бәсекелетік жағдайда қызмет етеді. Содан белгілі бір білім стандартына сай оқыту кепілдігін беріп, нәтижесі тиімді, шығыны аз болуы керек.
-
педагогикалық технологияны басқа білім беру мекемесінде басқа субъектінің де қолдануы мүмкіндіктері ескерілуі керек, яғни ол қайта қолданылған болуы тиіс.
Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі оқу процесінің қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретінінде. Мақсатқа жетудің негізгі бағдары кері байланыс. Осыған сәйкес оқытуға техникалық қатыста мыналарды атап өтуге болады:
-
мақсат қою және нақтылау, мақсатты нәтижеде табысқа жетуге орай айқындау;
-
оқытдың барлық барысын және оқу материалдарын оқу мақсатына сәйкес дайындау;
-
ағымдағы нәтижені бағалау, қойылған мақсатқа жету жолында оқытуды өзгерту;
-
нәтиженің қорытынды бағасы;
Сөйтіп оқыту технологиясы мектепте оқыту процесіне қажетті әдіс, тәсіл, амал дидактикалық талап секілді психологикалық педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі кешені ретінде пайдалы. Ол оқушының тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс - әрекетіне игі әсер етуімен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интелектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогкалық іс-тәжірибенің нәтижелігіне, жинақылығына ұтымды әсер ететіндей оқу – тәрбие процесінің басты күре тамырының рөлін атқарады.Былайша айтқанда, педагогикалық технология оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпе терең ойласатын көптеген фактордың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компоненті). Бұдан, оқыту технологиясы дегеніміз педагогикалық тәжірибеде оқыту мен тәрбиенінң нақты көздеген мақсатына қол жеткізу тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен іс - әрекеттер тізбегі.
“Педагогикалық технологиясы” , “оқыту технологиясы” және “оқу технологиясы” терминдерінің бұдан бұрын анықталған белгілері мен құрамдас бөліктерні салыстыра отырып, оқу технологиясы дегеніміз оқушы мен мұғалімнің сабақ үстіндегі өз ара қарым – қатынасының оқушының өз бетімен жұмыстануы мен инициативасын, белсендіре дамыту мақсатында амал, іс-әрекет, тәсілдердің жүйесі –деп анықтама бердік. Оның педагогикалық технологиядан айырмашылығы оқу процесін жүзеге асыру жолында алады– деп дайындық “технологиясынсыз” тек сабақ үстінде ғана іске асады.
Оқу техникасы тек мұғалім мен оқушының тек оқу – оқыту іс - әрекетіне ғана негізделеді, ол мұғалімнің оқушыныңы танымдық қызығушылығы мен дербестілігін қамтамасыз ететін тұрақты да қайталамалы амал, әдіс, іс - әрекетінің жүйесі. Оқу техникасы жекелеген оқу пәннің әдістің құрамды бөлігі болып табылады; есептеу дағдысы қалыптастырып, дамытудың, бекітудің оқу техникасы оқушының есептері өз бетімен шығара білу білігін жетілдірудің шарты. Бұл жағдайда оқу техникалары математиканы оқыту әдістемесіне жатады, сонымен бірге оқу технологиялары жеке дидактикасынан шығып, жалпы дидактикалық категорияға айналады. Мысалға: оқу материалындағы ең негізгі мәнін ажырата білу техникасы және оқушының белсенділік пен өз бетінше жұмыстана білуін дамыту технологиясы (қолдау, мадақтау, ынталандыру техникасы, тапсырманы өз бетінше орындау, нашар оқитындарға көмек ұйымдастыру тәсілдері). Сөйтіп, оқу технологиялары көбіне көп мұғалімнің алдан - ала жоспарлаған іс - әрекеті есебінде сабақ үстінде орындалады. Ең бастысы, оқу технологиялары оқушының қарым қатынастағы оның ынтасын сол бойда қолданған қысқа мерзімдік қана тапқырлық.
Педагогикалық технология оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын көрсетеді. Сонысымен де ол әдістерден ерекшелінеді. М.Чошанов “оқыту техникасы мен әдістік жүйенің” негізгі айырмашылықтары әрбір белгінің байқалу дәрежесін анықтайды дей келіп, педагогикалық технологияның негізгі бөлігін айқындап береді. Олар: диагностика және нәтижелік мақсатқа жетудің және оқыту процесінің тиімділігіне жетуге кепілдік береді: үнемділік оқу уақытын ұқыпты пайдаланып, мұғалім еңбегін ұйымдастыру мен қысқа уақыт аралығында межелеген нәтижеге жету тиімділігін қамтамасыз етеді.
Түзету- жедел кері байланыс мүмкіндіктеріне жол ашып, мақсатқа жетудің нақты бағдарын анықтайды.
Егер педагогикалық техникада бұл белгілер айқын байқалса, әдістік жүйеде бұлар өте әлсіз болады не мүлдем болмайды.
Педагогикалық технология және оқыту техникасы дидактикалық немесе әдістік жүйенінің негізгі бөлігі болып табылады. Мысалы егер әдістік жүйе “неге оқыту керек?” “не үшін оқыту керек?” “қалай оқыту керек?” деген мінді шешуге бағытталса, оқыту техникасы осылардың тек соңғысын, яғни “қалай нәтижелі оқыту керек?” деген сұраққа ғана жауап береді.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер педагогикалық технологиялардың қолдану деңгейіне, философиялақ негізіне, психологиялық даму факторна, меңгерілу тұжырымдарына, жеке тұлғаның қалыптасу бағдарына, мазмұны мен құрылымының сипатына, ұйымдастырудың түріне, танымдық қызметті басқару типіне, балаға қарым – қатынас тәсіліне, қолданып жүрген әдісіне, дәстүрлі жүйені жетілдіру бағанына және оқушының категориясына қарай түрліше болып бөлінгенін анықтап отыр.
Сол сияқты, біз жоғарыда айтқанымыздай, бүгінгі күні оқыту технологиясының дәл нақты жіктелуі жоқ. Дегенмен екі-дәстүрлі және жаңа технология болып бөлінеді. Педагогикалық жүйеде В.П. Беспальконың педагогикалық техникасының мәні, мазмұны,мақсаты туралы тұжырымдары кең қолдау тапты. Педагогикалық жүйе деп белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әрекетті ұйымдарға қажет құрылымдар, мазмұн, әдістермен процестің өзара байланысын бірлігін айтады.
“Педагогиаклық технология”, оқыту технологиясы” анықтаған көптеген ғалымдар үшір маңызды ережеге біріктіреді, олар:
-
оқытуды оқушының іс әрекетін қалаған үлгі (эталон) түрінде дәл анықтау негізінде жоспарлау;
-
мұғалімнің қызметі мен оқушыға қаыптасқан ықпалын қатаң жүйелеу түріндегі оқыту процесінің бағдарын жасау;
-
Көзделген үлгі(эталон) мен оқытудың нәтижесін сәйкестендіру;
Жалпы, оқыту технологиясын сабақта қолдану оқушының білім
сапасын арттырып қана қоймайды, оларды жеке тұлға ретінде қалыптасуға өз әсерін тигізеді. Тек олардың ерекшеліктеріне, мән-мағынасына қарай таңдап қолдана білу керек.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру өте күрделі де ұзақ процесс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс тәсілінен арылуды талап етеді. Сонда мұғалімнен оқыту технологиясынан үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Бір техниканың одан әр мұғалім орташа дәрежеде ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. Бұл жерде техниканы жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді сонымен бірге оқушы әрекеті оны қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі роль атқарады.
Оқыту технологиясын талап, іріктеу оқушының оқу танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны, қазіргі кезде әдебиеттерден осы заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденциясын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргені мәлім.
1.2Оқыту технологиясы
"Оқыту технологиясы ”ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Педагогикалық технология” ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген.
"Бiлiм берудегi технология” терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70–жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады. Педагогикалық әдiстер технологиясы, яғни, оқу процесiн өзiн немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды. Осы бағыттың тұңғыш перзентi және педагогикалық технологиялардың салынатын iргетасы бағдарламалық оқыту болды. Оған тән сипат – оқу мақсаттарын нақтылап алып, соларға бөлiк-бөлiгiмен бiрiздiлiкпен жету. Бұл сипаттамада оқыту технологиясының арқауы мектептегi оқыту жүйелерiн құрастыру болып табылады.
70 – жылдары жүйелiлiк тәсiлдiң дамуына байланысты педагогикада педагогикалық технологиялар нақты белгiленген мақсаттарға сай оқу процесiн басқаруға бағытталған дидактикалық мiндеттердi шешуi тиiс деген идея қолданыс тапты. Бұл бағыттың мәнi мектеп жұмысының толық басқарымдылығы идеясында жатыр.
70-80 жылдары оқыту технологиясы және оқу процесiнiң технологиясы терминi пайда бола бастады. Кейiнiрек педагогикалық технология терминi көбiнде оқыту технологиясы терминiмен теңестiрiлдi.
Кеңiнен қолданылатын "оқыту технологиясы”, "бiлiм беру технологисы”, "оқу процесiнiң технологиясы”, терминдерi ақыр аяғында оқу–тәрбие процесiн ұйымдастыру және басқару дегенге келiп саяды.
"Педагогикалық технологиясы” терминдерiнiң өзара байланысына келсек:
1.Педагогикалық технологияда педагогикалық жүйесiнiң жобасы ретiнде объектiлердi, процестердi және олардың өзара әрекет ету жағдайларын ажыратады, яғни, педагогикалық технология кең мағынасында бүкiл бiлiм беру жүйесiнiң тұжырымдамасын, стратегиясын бiлдiредi.
2.Оқу процесi технологиясының ерекшелiгi мұнда қойылған мақсаттарға жетуге кепiлдiк бере алатын оқу процесi құрылады. Оқу процесi технологиясын түсiнудiң бiрден бiр кiлтi бiрiздiлiкпен айқын белгiленген мақсаттарға бағытталу болып табылады;
- Оқушының iшкi интелектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық даму процестерi арқылы мақсаттарды анықтау;
- Оқытылатын мазмұн арқылы мақсаттарды анықтау;
- Оқушылардың оқу қызметi арқылы мақсаттарды анықтау;
- Мұғалiм қызметi арқылы мақсаттарды анықтау.
Мұндай тәсiлде "қалай оқыту керек?” сауалы бiрiншi қатарға шығып, педагог оқу материалын емес, оқушы мен оның оқу қызметiн басты назарда ұстайды.
3.Оқыту технологиясы – бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметiн құру. Мұнда оқушылардың өнiмдi қызметiн ұйымдастыруға мүкiндiк беретiн оқыту жағдайларына (нысандарына, әдiстерiне, тәсiлдерiне, құралдарына) басымдық берiледi.
Соңғы жылдары педагогикалық технологиялар ұғымы оқу–тәрбие жүйесiн басқару және жобалау құралдары мен процестерiнiң: оның мақсаттары мен мiндеттерiнiң, мазмұнының, әдiс–тәсiлдерiнiң жиынтығы ретiнде түсiнiледi.
Кең таралғандығы мен негiздiлiгiнде, бiлiм беру тарихындағы айқын белгiленген мәнi орнына қарамастан, осы ұғымның мазмұнын ашу, оның көлемi үнемi талдану үстiнде және бүгiнгi күнге дейiн оның бiрiңғай түсiнiктемесе жоқ. Педагогикалық сөздікте мынадай анықтама берiлген: "Педагогикалық техника – оқу сабақтарын айқын да тиiмдi ұйымдастыруға бағытталған тәсiлдер мен құралдар жиынтығы”.
Майкл Кларк бiлiм беруде технология жаңа нәрсе емес, ол тек оқытудың жаңа жолдары ашылған кездерде ғана қызықтырады деп атап көрсетедi де, одан әрi педагогикалық технологияларға "бiлiм сапасын тексеруге болатын бақылау жүйесi”, сондай-ақ "бiлiм, дағдыны бағалау әдiстерiн әзiрлеу” ретiнде анықтама бередi.
П.Буга мен В.Карпов оқыту технологиясы дегенiмiз ғылыми ұйымдастырылған бiлiмдi практикалық тапсырмаларды орындауда жүйелi түрде iс жүзiнде қолдану деп түсiндiредi және оқыту технологияларын оқытудың әртүрлi әдiстерiн қолданудың ғылыми негiзi ретiнде анықтайды.
Жапон педагог ғылымы Т.Сакамотоның сипаттауынша, өз мәнi бойынша педагогикалық технология барлық басқарылатын компоненттер:
1. Бiлу, түсiндiру, пайдалану, бағалау, түсiну, қолдану, жасау, атап көрсету және т.б.
2. Қайта құру, болжау, сауал, қою, қайта ұйымдастыру, топтастыру, жүйелеу, жеңiлдету және т.б.
3. Белгiлеу, қорытынды жасау, мәнерлеп оқу, айту және т.б.
4. Пiкiрiн айту, қолдау, ынтымақтаса қызмет ету және т.б.
Оқу процесiнің мақсаттарын нақтылау (Б.Блум таксономиясы негiзiнде) технологиясының қисынды қорытындысы педагог қызметiнiң күнтiзбелiк – тақырыптық және күнделiктi сабақ жоспары түрiнде көрiнiс табады.
1.3Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ[10.15б.]. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
-
репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
-
алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
-
эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
-
шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады
1.4Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар
1. Ойын технологиясы.
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз- педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
2. Проблемалық оқыту технологиясы
проблемалық оқыту- мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттері мен ол мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерлікьері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
3. Коммуникативтік байланыс технологиясы
Коммуникативтік байланыс технологиясы- шет тілдермен байланыс негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бір қалыпты, және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым- қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:
1. қызығушылығын коммуникативтік арттыру, коммуникативтік мотивация;
2. дұрыс бағытта сөйлеу;
3. өзара қатынастың қалыптасуы;
4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай стратегиялар арқылы іске асады: ассоциация, кооперативтік қызмет, көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау.
Технология енгізу қорытындысы:
- оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді;
класта «қайырымды білім» атмосферасы қалыптасады
Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар
1. Түсіндіре баяндау арқылы тірек схемаларын қолдана отырып, перспективалы оза оқыту. (С.Н. Лысенкова)
Бұл технологияда материалды меңгеру үш кезеңде жүреді:
- алдын ала;
- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;
- оқу іс - әрекеті және ойлау әдістерін дамыту;
Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.
2. Деңгейлік саралау технологиясы – саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Класты, топтарды оқытуға әр түрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық- психологиялық және ұйымдастыру – басқару шаралары біріктіріледі.
3. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлерімен модельдерін қарастырады.
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
4. Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ)
ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
ОҰӘ принциптері:
- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
- әртүрлі деңгейлік;
- тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі;
5. Топтық технология.
Бұл класта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі – бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін класты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
6. Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір модельдерді пайдалануға негізделеді.
Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық технология
1. «Мәдени диалог»
Оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында диалог түрінде құрылады: орыс тілінің сөздігі мен Европа мәдениетінің негізгі түрлерінің тарихи бір ізділігі;
Оқу негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі диалогқа негізделіп құрылады.
2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ)
Әдістемелік құрылымның элементі негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде «математикалық жаттығу» ұғымы алынған.
ДБІ технологиясының ашушы элементі – жаттығу – триада элементтері сабақтардың бірінде қаралады:
- қазіргі тапсырма;
- кімге арналғандығы;
- жинақтау;
Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.
3. Ойлау қызметін этаптар бойынша қалыптастыру, мақстаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын
қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық этаптарында бақылап отыру – технологияның ең маңызды компоненттерінің бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.
Жеке пәндік педагогикалық технологиялар
1. Ерте және интенсивті сауаттылыққа оқыту технологиясы.
Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан- жақты активтендіре отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.
2. Жалпы оқу шеберлігі – бастауыш мектепте жетілдіретін технология.
Технологияның мақсаттық бағыты:
- бірінші класс оқушыларның сөйлеу тілін дамытуға даярлау;
- екінші, үшінші кластарда ең тиімді оқытуға жету (минутына 120 сөз).
- үшінші класта тез жазуды арттыру (минутына 60 әріп).
орфографиялық сауаттылықты арттыру;
- қайталап айтуға үйрету;
- білім іскерлік және дағдыны терең меңгеру;
3. Эффектілі сабақтар системасына негізделген технология.
Мақсаттық бағыттары:
- стандартты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;
- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;
- қабілетті балаларды дамыту;
Альтернативті технологиялар.
Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен партнерлікке жекеліктің өз бетінше дауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.
Табиғи белсенділік технологиялары.
1. Сауаттылыққа табиғи белсенділікпен тәрбиелеу.
Мақсаттық бағыты:
- сауатты оқырманды тәрбиелеу;
- келесі білім алуда кеңірек пайдалану үшін психоинтеллектік базаны құру;
- шығармашылық ойлауын дамыту – оқу кезінде біруақытта оқылып отырған шығармадағы оқиғалар мен кеңістік әлемін көре білу қабілеті;
- дауыстап оқу мен іштей оқу арасындаға айырмашылықта айыра білу;
Технология текстен белгілі сөздерді бүтіндей кейіпкерлерді тану процесі ретінде қарап оқуды дамытуды қалыптастыруға көмектеседі.
2. Өзіндік дамыту технологиясы ( М. Монтессори)
Мақсаттық бағыты:
- жан- жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер элементін біріктіру.
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
1.5 Оқытудың белсенді әдістері
Оқытудың белсенді әдістері - технологиялары туралы тоқталғанда орынды да тиімді қолданылған жағдайда оқытудың барлық әдістерінің белсенді әдістер бола алатынын ескертуіміз керек.
Педагогикалық технологияларға арналған соңғы және көлемді де беделді еңбектердің бірінде оларды сараптап, жеке-жеке атап шығады. Олар: ұжымдық оқыту; программалап оқыту; проблемалық оқыту, оқытудың белсенді әдістерін пайдалану; ойынды пайдалану; оқушының жеке басының дамуы ерекшеліктерін ескеріп оқыту және педагогтық ынтымактастық; интегративтік оқыту; модулдік оқыту; этнопедагогикалык окыту; ақпараттық технологиялар.

Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекщеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап караудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі даматып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
1 кезең-оқып үйрету; 2 кезең- меңгеру;
3 кезең- өмірге ендіру; 4 кезең- дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастығын болдырмау; ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік себептеріне үнемі талдау жасау.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып окыту (С.Лысенкова); іс - әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов); саралап окыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
• балаға ізгілік тұрғысынан карау;
• оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
• баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
• баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
• баланың танымдылык және шығармашылық икемділігін дамыту
• оқу үрдісін оқушының сезінуі. т.б.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің ролі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-катынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б.
Бүгінгі таңда П.Эрдиневтің дидактикалык бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.Занков, Д.Эльконин, мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың мәселелік модулді оқыту технологиясы, П.Третьяковтың, К.Вазинаның модулді оқыту технологиясы. В.Монаховтың, В.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал [6.45б.]
-
Жаңа технология элементтерін оқыту үрдісінде пайдалану – мұғалімнің пәндік құзіреттілігінің басты шарты
В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту- үйретудегі амалдардың жиынтығы – деп, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым –қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс – тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Олай болса, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана- ұстазсың. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші – таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.(Қосымшада 1-кестеде қараңыз)
М.Горький «Мұғалім-әрбір алғаш ашатын кілт» дегендей мұғалімнің білімдарлығы, саналылығы, абыройы, беделі оқып отырған шәкіртінен көрінері сөзсіз. Біздің басты міндетіміз – Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де, батыл,білімді, интеллекетуалдық деңгейі биік, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.
Ұстаздардың алдына қойған міндет – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту;
Оқыту - үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту мен тәрбие егіз үрдіс. Сондықтанда мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды танып білуі талап етіледі. (Қосымшадағы 2-кестеге қараңыз)
Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.

Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелеттін міндеттер жүйесі төмендегідей:
-
Оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
-
Оқыту үрдісінде оқушылардың теориялық және өнімділік ой – құрастыру әрекетерін танымдық қабілеттерін белсендіру;
-
Оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мотивін дамыту.
-
Оқу материалын игеруде және оқу іс әрекетінде жете ұғынуға талпындыру.
-
Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру.
-
Көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
-
Оқушыларыдң өзіндік жұмыстарының ізденісті – зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
- Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
-
Дамытуша оқытуға арналған ойындарды қолдану;
-
Жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау, т.б) арналған дамыту жаттығулары;
Осы іс тәжірибелерді жинақтай отырып, оқытудың озық технологияларын өз сабақтарында пайдалану маңыздылығы ерекше.
-
7 Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
· Тұтынушының қолдану сапасында;
· Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
· Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
· Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
· Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
· Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
· Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;
· Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
· Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
· Ақпарат іздеу жүйесі;
· Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
· Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
· Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
· Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:
· әр түрлі форматты файлдар;
· мәліметтер қоры;
· бағдарламалық модульдер;
· жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:
· ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;
· жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;
· оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;
· білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:
· сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;
· Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;
· желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
· оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.
Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:
· қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;
· іштей және қашықтан оқыту түрлерін біріктіру;
· қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.

2.1 Шет тілінде коммуникативті оқыту технологиясы
Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет - тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ондағы мақсат - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пiкip алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру. В. Риверс айтып кеткендей, «тілді үйретудің әдістемелерін қабылдаудан бұрын, тіл дегеніміз не?» соны қарастырғанымыз артық, болмас.
«Tіл - ешқашан солмайтын, мәңгі жасарып жайыла түсетін гүл» -деп бейнелеген ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский.[3.49б.]
Шет тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді. Әрине соншама уақыт көлемінде оқыту әдістемесі де әр кезде тілдің әр аспектісе көңіл аудара отырып көп өзгерісе ұшырап отырды.
Ғылыми әдістеменің объективті түрде дaмyы шет тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Бұл салада еңбектенген ғалым-педагогтардың ішінде Е.И.Пассовтың шет тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдістемесін атап айтуға болады. Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме.
Ал адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бipiн-бipi түсініп, пікір алыса алады.
Оқушыларды белгілі бip дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, шет тілі алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиic. Өйткені жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бip-бipiмeн байланысып, сөйлем-құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады.
Коммуникативтік әдістеме ең бірінші сабақтан бастап тіл үйренуді тіл ұс-тартуды талап ететіндіктен, коммуникативтік дегеніміз не, соған тоқталайық.
Коммуникативтік - оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді - ол дегеніміз коммуникативтік әдістемеде «сөйлеу» - тіл дамыту жұмыстарының бip түpi ретінде және қарым-қатынас құралы ретінде үйретудің басты принциптерінің бipi болып табылады деген сөз.
Өкінішке орай көп жағдайда оқушыларымыз актив сөздік қоры мол бола тұра, грамматикалық ережелерді біліп тұрса да, сөздерді бip-бipiмен байланыстырып сөйлей алмай жатады.
Е.И.Пассов айтқандай, мұның себебін оқытудың стратегиясынан іздеу керек. Олай болса тіл үйрететін құралдарымызды коммуникативтік тұрғыдан таңдап-талғап ала білуіміз керек,яғни:
а) қай салада оқушылар қарым-қатынаста болуы керек, соны анықтауымыз керек.
б) сөздік қоры тіл ұстарту мақсатымен тығыз байланысты болып іріктелінуі керек.
в) сөздік жұмысы белгілі бip «Кино», «Дүкен» секілді тақырыптарға байланысты қарастырылмай, белгілі бip әлеуметтік проблемаларды талқылап шешу мақсатында қарастырылуы керек.
г) сөйлеуге үйретудің
проблемаларды айқындағанда, оқушылар тарапынан караған жөн. Ал
оқушылар өздері ықылас білдіріп, өз өрісмен
сөйлеуі үшін олардың өз көзқарастарына, қызығушылығына сай
ситуациялық жағдайлар туғыза білуіміз керек. Өйткені сабақта
ситуациялық жаттығулар мен ойындарды қолдану арқылы оқушылардың
ынтасы мен зейінін арттыруға болады.
Әpбip оқушының бip-бipiмен әңгімелесуі, сөйлесуі үшін, өздері бір-біріне немесе мұғалімге, ата-анасына, бөгде адамдарға сұрақ қоя білу әдісін меңгеруі аса қажет. Осы орайда ойын жағдаяттарын пайдаланудың маңызы зор.
Сабақты ойын түрлерін пайдалана отырып жүргізу –оқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып, қосалқы-қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады.
Ал әлеуметтік қарым-қатынастар мен жағдаяттарға рольдік ойындар негізделетін болғандықтан, рольдік ойын дегеніміз не, енді соған тоқталайық.
Рольдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қарым-қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытудағы рольдік ойындардың берер көмегі өте көп;
1. Рольдік ойынның өзіне тән қасиеті - басынан бастап оның «сөйлеу» ретінде жүргізілуі
2. Сөздің, сөйлемнің тілдік қызметінен ауытқымауы.
З. Оның әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделген көрініс-бейнелердің үлгісі екендігі.
4. Рольдік ойын барысында тілдік серіктестік жұмысының жасанды емес, шынайы түрде жургізілу мүмкіндігі.
Сабақта бip ескеретін нәрсе, жұппен жұмыс барысында рольдік ойынды қолданғанда оқушылардың алдында басты міндет — жұп арасындағы әңгімені өрбітуден басқа да қосалкы-қосымша міндеттердің туындайтындығы.Сол үшін оқушыларды функционалды тіректерді пайдалана білуге үйретуіміз керек.
Жұп арасындағы әнгімені топ ішшдегі әңгімеге өрбітуге мүмкіндік тудыратын функционалды тіректердің моделін қарастырайық.
Пікір алысуға үйрету барысында тіл ұстарту шараларын ұйымдастыруға мысал келтірсек; нашар оқитын оқушы мен жақсы оқитын оқушының арасындағы әңгімені өрбітудің функционалды моделін былай қарастыруға болады.
Жұп мүшелерінің алдына қойылған міндет:
1. Нашар оқитын оқушы түзелгісі келетіндігін білдіріп жақсы оқитын оқушыдан көмек сұрауы керек;
2. Жақсы оқитын оқушы көмектесуге ісімен де, сөзімен де дайын екендігін көрсетуі керек.
Логико - синтаксистік схемаларды сөйлем қурудың немесе сөйлесудің оперативтік негіздерінің біpi деп тануға болады. Оған дәлел: сөйлемдер бет алды кұрылмай, белгілі бip ой жүйесінде үйлесіп жататындығы, және де синтаксистік тұрғыдан қайталанып тұратындығы.
Шет тілінің міндетті курс ауқымында сыныптан тыс жұмыстарда қолданылуы білім берудің практикалық, тәрбиелік, жалпы білімділік, дамытушылық мақсатын іске асыруға септігін тигізетіндігі мәлім. Және де ол оқушылардың міндетті курс барысында білім-біліктілігінің қолдану аясын кеңейтіп, тілдік ортаның кеңейуіне де септігін тигізеді.
Сонымен, коммуникативтік оқыту технологиясының мүмкіндіктерін қарастыру негізінде мынадай қорытындылар жасауға болады:
Жұппен жұмыс түрімен қоса пікіp алысуға, қарым-қатынас жасауға үйретуде топ ішіндегі жұмыстарды ұйымдастыра білу керек. Өйткені ол:
1. Оқушылардың екеу ара сөйлеу қабілетін арттырады.
2. Оқушылардың өзара қарым-қатынасын күшейтіп, бip-бipiн түсіну-шілікке үйретіп, ұжым құруға септігін тигізеді.
3. Өзгенің ғана емес, өз iciн де объективті тұрғыдан бағалауға уйретеді.
4. Бip-бipiмен білгенін бөлісіп, сөйлесімдік мүмкіндіктерін арттырады.
5. Оқушылардың оқуға деген талпынысын арттырады.
6. Оқушылардың ұжымдағы беделін, іскерлік кабілетін арттырып, «Осының бәpi мен үшін керек», «Мен не істей аламын?» деген сияқты қағидаларды басшылыққа ала отырып бағыт беруде жеке тұлғанын сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
7. Сабақты түрлендіреді.
Сондықтан шет тілдерін оқытуда коммуникативтік оқыту әдістемесін қолдану - оқушылардың сөздерді грамматикалық тұрғыдан бip-бipiмен дұрыс байланыстырып еркін сөйлей білуіне мүмкіндік тудыратын болғандықтан, бұл әдістемені сабақ, барысында жиі қодданып отыру әрбір мұғалім үшін тиімді .
Коммуникaтивтік оқыту технологиясының мақсаты – шет тілінде пікір алысуды пікір алысу арқылы үйрету, шетел тілі мәдениетін пікір алысу нәтижесінде меңгеру болғандықтан, оны ic жүзінде қолдану мүмкіндіктерін терең, жан-жақты зерттеп, сабақта кең ауқымда қолданып отыру - кажетті әpi міндетті.
2.2 Ағылшын тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану
Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Ағылшын тілін меңгеруде тыңдап түсіну қабілетін дамытудың алар орны ерекше.
Ауызша сөзді түсіну - адамның ecтіген сөздердің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады.Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады:
а) тыңдап түсіну дағдылары (мәтіннің грамматикалық және морфоло-гиялық формаларын тани білу);
ә) сөздерді және сөз тіркестерін түсінe білу қабілеті;
б) дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу.
Тыңдау пpоцеci есту қабілеті механизмімен тығыз байланысты. Есту, тыңдау қабілетін техникалық құралдар көмегімен жаттығулар жасау арқылы дамытуға болады. Логикалық түсіну механизмі талдау процесінде күрделі болып саналады.
Ауызша сөзді түсіну үшін бip материалды бірнеше рет тыңдаудың қажеті жоқ. Сөзді толық түсіну бірден және толықтай бip рет айтқанда қабылданады. Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау және т.б. мүмкіншіліктері өте көп. Ағылшын мамандарының сөйлсуімен жазылған үнтаспалар, видео-фильмдер көптеп саналады. Бірақ үнтаспа жазбасын тыңдау мен бетпе-бет ауызша сөйлесудің айырмашылығы бар. Сейлеушімен ауызба-ауыз сөйлесудің, мүмкіндігі жоқтығы, үнтаспа арқылы тыңдау барысында біршама қиыншылықтар туғызады. Сондықтан тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы аудио-жаттығулар мен аудио-мәтіндер қажет. Осы орайда мәтінді тыңдау, окып отырған кісінің сөзін тыңдай отырып мәтінді оқып отырудың мәні зор.
Тыңдауға үйренуді сөйлеушімен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, видеофильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Бастапқы кезде сөйлеуден тыңдау пайызының жоғары болуы мүмкін. Сабақ кезінде кейде естіген материалды қайталаумен шектелеміз, ал оны түсіну қабілетіне көбінесе мән бере қоймаймыз.
Ағылшын тілін тыңдап түсінудің өзіне тән қиыншылықтары бар. Жаңа материалды тез ұғындыруға тырысып, тілдік материалдарды көп беру қабылдауды қиындатады, сонымен бipre дағдыны қалыптастыруға кepi әсер етеді. Осының әсерінен оқушы тез тыңдап, түсініп, жауап дайындау үшін ойланып отырады. Бұндай тыңдау қорытындысы - тыңдаушының сөзінде катенің көп болуына әкеледі
Ауызша сөйлеуге үйрету - шетел тілін оқытудың ең қиын acпeктici болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат – ecтігенін түсіне білуге үйрету.
Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін біріншіден - сурет арқылы, екіншіден - жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Бұл жұмыс түрлері ауызша жауапқа жатпайды, ағылшын тілін үйрену үшін мұндай жұмыс түрлері тыңдап түсінугe қарағанда үлкен роль атқармайды.
Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті cypeттi таңдау - алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға (жауапты жазбаша түрде беруге болады) байланысты болады. Ағылшын тілін аудармасыз түсінудің тағы бip жолы үнтаспа арқылы әртүрлі бұйрықтар бepіп, орындату. Оқытушы дұрыс, не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай түрінде берумен қатар әртүрлі нұскаулар түрінде де беруге болады. Мыс: "When Tom (Mary) walks to the window, John will write Kale's name on the blackboard". Мұндай бұйрықтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады және сөздерді, ағылшын тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауға көмектеседі. Әртүрлі бұйрықтарды орындау грамматикалық материалды түсіндірумен басталады. Мысалы шартты рай: "If the student in front of you is a boy take his book, if the student in front of you is a girl give her your book". Үнтаспаға жазылған мұндай жаттығулар оқушылардың ағылшын сөзін түсінуіне көп әсер етеді. Бұл ойын түрі сияқты оқушылардың ынтасын арттырады.
2.3 Ағылшын тіліне оқытуда Интернет мүмкіндіктерін қолдану
Әлеуметтік-мәдени компетенцияның тиімді жолдарын іздестіруде зерттеушілер арасында бұрын болмаған үлкен мүмкіндіктері бар компьютерлік технологиялар үлкен қызығушылық тудыруда. Атап айтқанда, виртуалды кеңістікке, аутент виртуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену көптеген зерттеуші-әдіскерлермен аталған компетепцияны дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.
Егер ағылшын
тіліне
оқытуда
Интернет беретін мүмкіндіктер мен
қызметтерге толығырақ тоқталсақ, келесілерді атауға болар еді:
мысалы, студенттер Интернет тораптарында берілетін тапсырмалар
мен жаттығуларды орындай алады, электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды
қатынас клубтарына - телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен
алмасуға, радиобағдар-ламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге,
яғни
ақпараттың қандай
да түрлерін қолдануға мүмкіндіктepi бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу,
алыстағы
ақпарат
көздерін пайдалану мүмкіндігі, интерактивтілік (жылдам кepi байланыс мүмкіндігі), іздеу жүйелері арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды түрлі тасушыларға ауыстырып салу және
т.б. сияқты
Интернеттің артықшылықтары пайдаланылады.
Интернет ағылшын тілін үйренушілерге аутентті мәтiндepдi қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік органы қалыптастырады.
Дегенмен, Е.С.Полаттын көpceтyi бойынша, «қандай да болмасын оқыту кұралы ақпараттық-тақырыптын ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан, дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бipiншi кезекті болып табылады». Демек, Интернет өзінің барлық мүмкіндіктерін және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады.
Бұған қоса, ғаламдық желінің ақпараттың ресурстарын колдана отыра, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келеci қатарын тиімді шешуге болады:
- күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды тікелей пайдаланып, оқылым дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;
- Интернеттен алынған материалдарды мәселелік талкылаудың
негізінде монологтың және диалогтың айтылым білгін жетілдіру;
- жеке түрде немесе жазбаша cepiктepiнe жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінің басқа да эпистолярлы өнімдерін дайындауға қатынасу арқылы жазбаша тіл білігін жетілдіру;
- активті және пассивті сөз қорын қоғамның әлеуметтік және саяси құбылысын, мәдениет дамуының белгілі сатысын білдіретін қазіргі ағылшын тілі лексикасымен толтыру;
- өз бойында тілдік этикеттi, түрлі халықтардың қатынас жасау жағдайында тідік тәлімнің, ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерініңн ерекшеліктерін қамтитын мәдениет танымдық білімдермен танысу;
- «Tipi» материалдарды жүйелі түрде қолдану мен кызығушылық тудыратын» мәселелерді, талқылау негізінде өзге тілді қызметтің, мақсаты мотивациясын қалыптастыру.
Тәжірибелік сабақ үстінде тікелей Интернетке кіру мүмкін емес, ceбeбi бүгінде жеткілікті компьютерлер саны мен Интернетке тегін кipy мумкіндіктері бар жабдықталған кабинеттер оңай табыла қоймайды, әрі кабинеттердің техникалық жабдықталуы желінің барлық мүмкіндіктерін толық пайдаландырмай отыр. Бүгінгі біздің жағдайымызда ұдайы қызмет түріне пайдаланушылардың көпшілігінің қолы жетпей отыр. Интернетте оқу үрдісіне толыққанды құрал ретінде өндіру жөнінде айту әлі ертерек, бірақ бiз Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық (статикалық немесе динамикалық) және дыбыстық ақпаратпен қамтамасыз ете алатындығына сенеміз. Мұнда оның басты және маңызды ерекшелігі ретінде оның аутенттілігі саналады. Бұған біз Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабактың мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы өндірілyi жөнінде айта алатындығымыз айқындалады.
Интернеттің қандай деңгейде қолданылуының келесі мүмкіндіктерін атауға болады:
- оқытушы
сабақ откізер алдында тәжірибелік сабақты өткізу
үшін қандай да бip аутентті материалдарды таңдай
алады;
-
дыбыстық ақпаратты жазып алуға болады (дыбыстық плата
болған жағдайда);
- тіл
тасушыларының түрлі тақырыптарға қызықты сөздерін
кажетті қалыпқа дейін қысқартып алуларына болады;
- жөндеп алынған түрлі мәселелеге ақпаратты ауызша талқылау, пікірталас өткізу;
- тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының, мәдениетінде оның қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін реалиялар, идиомалар, мәтелдер, неологизмдер және т.б. алынатын нақты хабарламаларын, ауызша немесе жазбаша айтылымдарына лингвистикалық талдау жүргізу;
- тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық анықтамалықтардан, сөздіктерден, елтанымдық сипаттағы анықтамалық-тардан алынған материалдарды пайдалану.
Қaзipгi
заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет
желісінің оқыту тиімділігінің әлеуетінің жоғары болуына карамастан,
оқытудың нәтижелері күткендей болмайды. Көптеген әдіскерлер
компьютерлік оқытудың өзін ақтамай жататындығын, көптеген
бағдарламалардың, Интернет сайттарының әдістемелік көзқарас
тұрғысынан әлсіз болуымен, оқытудың міндеттеріне жауап бере
алмайтындығына, елеулі шектеулері болуы мен дәстүрлі оқыту
технологиясымен бәсекелесе алмайтындығымен байланыстырады. Басты
мәселе, жаңа құралдардың кемшіліктерінде емес, компьютер мен соған
сәйкес бағдарламалық, қамтамасыз етулердің болуымен қатар,
оқытушының олардың пайдалану әдістемесін меңгергендігінде және осы
әдістемені практикада іске асыра алуында.
Қорытынды
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді.
Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана- ұстазсың. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші – таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.
Ұстаздардың алдына қойған міндет – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет - тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ондағы мақсат - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пiкip алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру. Осы бағытта оқытудың коммуникативті әдісін, жаңа
Ғылыми әдістеменің объективті түрде дaмyы шет тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Бұл салада еңбектенген ғалым-педагогтардың ішінде Е.И.Пассовтың шет тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдістемесін, интернет мүмкіндіктерін қолдану әдістерін жоғарыда ұсындық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Азимов Э.Г., Вильшинецкая Е.Н. "Материалы Интернета на уроке английского языка". Иностранные языки в школе -2001., №1, стр.96.
-
Алхазишвили А.А., «Основы овладения устной иностранной речью».
-
Аудиовизуальные материалы по иностранным языкам –важное средство интеллектуального развития учащихся. «Методика преподавания иностранных языков в вузе»,1993.
-
Әбиев Ж, Құдиярова, Бабаев Педагогика «Нұрлы әлем»
-
Бородулина М. К. "Шетел тілін үйрену" - М, "Просвещение", 1975.
-
Бегалиев Т. Педагогика – Тараз: ТарМУ, 1999
-
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз: ТарМУ, 2003
-
Зимняя И.А., «Психология обучения иностранным языкам в школе».
-
Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. Оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар, - Астана 2000.
-
Көшкімбетова С.А., Т.К.Кенжебаев Мектептің оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру жолдары. Тараз университеті, 2004.
-
Карпова А.С. "Интернет в подготовке будущих учителей иностранного языка". Иностранные языки в школе.-2002. №4, стр.73.
-
Кузьмичева Т. Н. "Технические средства в обучений английскому языку". - М. «Просвещение»,2001.
-
Пассов Е.И., «Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению»-М.: Просвещение, 1985.
-
Полат, Е.С. "Интернет на уроках иностранного языка". "Иностранные языки в школе", 2001г.,№3, стр.5.
-
Ноwatt A. P. R. Programmed learning and the language teacher. -London, 1999.
-
Using the language laboratory. Ed. by John D. Turner.
University of London Press, LTD, 1988. -
Качалова К. Н., Израилевич Е. Е. «Практическая грамматика английского языка» Москва, «Лист Нью» 2003 г. стр. 444, 485
-
Колыхалова, Ольга Алексеевна, Махмурян, Каринэ Степановна. Учитесь говорить по-английски, фонетический практикум.- М.: ВЛАДОС, 2004.- стр. 158 – 175.
-
Қазақ грамматикасы, Алматы «Жазушы», 1990 ж. 681-717 беттер.
-
Movie Talk. Английский, интерактивный видеокурс: для Windows и Macintosh / Euro Talk Interacnive.- М. 2004.- электрон. диск (CD-ROM).
-
Методическая разработка по английскому языку для развития навыков чтения литературы по специальности, КазНУ им. аль-Фараби; сост. Н. Л. Ломаченко, А. Я. Толмачев, В. Х. Шуканова.- Алматы: Қазақ университеті, 2004.- стр. 37.
-
Нұрланбекова Е. «Шетел тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану», Шетел тілін оқыту методикасы, №2, 2005 ж. 17-18 беттер.
-
Петрова, Светлана Владимировна, Рудавин, Олег Николаевич. Английский язык, сборник тем.- 2005, стр. 18.
-
Полякова, Татьяна Юрьевна. Английский язык для диалога с компьютером.- Изд. 3-е, стереотип.- М.: Высш. шк., 2005.- стр. 165.
-
Сақтағанова М. С., Алиева Н. Қ., Айтбаева Н. Қ. «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, №3, 2006 ж. 43-бет.
-
Тубышева Қ., «Модульдік оқыту технолгиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану», Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, №4, 2007 ж.. 35-36 беттер.
-
Эналеев, С. Триединство общей цели, Языковая политика, Казахстанская правда. - 2007.- 16 августа.- стр. 6.
Қосымша
Кесте -1
|
Н |
кәсібилігі жеке қасиеттері компоненттілігі нәтижесі
|
инновациялық жаңа бағыттағы іс - әрекетке дайын; баламен мәдениетті қарым – қатынас жасай білетін; өз жұмысына обьективті талдау жасай алатын болжам нақты жоспар, диагностика, мониторинг жасай білетін; өзіндік мұғалімдік қызметін атқару стилі бар; зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын; |
әр іске белсенді; дүниетанымы кең; адамгершілігі мол; баланы жеке тұлға ретінде тани білетін; өз тілін қадірлейтін; еңбек сүйгіш; |
педагогикалық , психологиялық білімі терең; жаңалыққа құштар; әр түрлі дәрежеде сабақ бере алатын; технологиялық білім мен дағдыны меңгерген; әр түрлі педагогикалық жағдаятты шеше алатын; |
өзі жоспарлаған іске жете алатын; оқушылардың интеллекетілік дағдысын дамыта алатын; дарабоз жеке тұлға қалыптастыратын; |
Кесте -2

Кесте-3.

37
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар" ғылыми жұмыс

шағым қалдыра аласыз