Материалдар / Оқушылар шығармашылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылар шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар мен оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
257
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіз елдің ұрпағымын

Қазақстан -тәуелсіз ел! Тәуелсіздік жолында ата-баларымыз не көрмеді десеңізші?! Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін қиындыққа толы ауыр кезең болды.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе , 1940-45жылдардағы Ұлы Отан соғысы , 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі қазақ халқына ауыр тиді. Батырларымыз ақ найзаның ұшымен , ақ білектің күшімен , қасық қаны қалғанша,Отан,туған жер үшін күресті. Не болса да , біз оларды ұмытпаймыз. Себебі, бұл –біздің тарихымыз. Ал, тарихын білмеген елдің болашағы-бұлыңғыр. Елбасына күн туған сәттегі жан-жаққа шашырап кеткен қандастарымыздың елге оралып , туған жерге деген ыстық сағынышын көргенде жүрегіміз жібімей тұрмайды.

1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз егемендігін алды. Еліміз тәуелсіздік бесігінде тербелгелі биыл 27 жыл толады. Осы қамшының сабындай қысқа ғана уақыт ішінде еліміз етек-жеңің жиып, өз алдына дербес ел болды .Сол уақыттан бері өз мәдениетімізді, ұлттық салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырттық. Шаңырағымыз биіктеп, керегеміз кеңейді. Алпауыт мемлекеттердің қатарына қосылдық. Тәуелсіздігімізді ең алғаш Түркия мемлекеті мойындады. Бұл дегеніміз тәуелсіздікті бір ғана ел емес , бүкіл әлем қолдайды деген сөз. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп , Отанды қастерлеу әрбір ұрпақтың парыз міңдеті . Егер де, қастерлі тәуелсіздігіміз болмағанда, бүгінде басқа елдің қолыңда кетер едік.


Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

-деп Жұбан Молдағалиев ағамыз жырлағандай, біз қашанда қазақ екендігімізді мақтан етеміз. Қазақ елі қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Осындай еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді мақтаныш етемін. Біз бойында күш-жігері, кеудесінде қуаты тасыған, егемен еліміздің қырандай қарыштаған - Тәуелсіз елдің ұрпағымыз! Тек Тәңірден Тәуелсіздігіміз баянды болса екен деп тілеймін. Болашақта өз елім үшін, туған жерім үшін қалтқысыз адал қызмет етсем деп армандаймын. Рухы биік, намысы жоғары, салты мен дәстүрі жүйелі елдің ұрпағы болғанына қуаныштымын. Кемеңгер елбасымыз аман болып, Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болғай деп тілеймін.


Егінбай Карима

«Баянтау» газетінің жас тілшісі

Егіндібұлақ жалпы орта білім беру орта мектебінің 9-сынып оқушысы




Тәуелсіздік- тәу етер, жалғыз кием.

Тәуелсіздік- бабалар арманы болған, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, арпалысқа толы ащы күндерді артқа тастап қолымыз жеткен киелі ұғым. Бабаларымыздың бізге сыйлаған үлкен аманат сыйы.

Бүгінгі күні еліміздің тәуелсіздік бесігінде тербелгеніне 27 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Қазақстан гүлденіп, өз алдына дербес зайырлы мемлекет болды. Бұл ата-бабаларымыз сыйлаған үлкен жеңістің жемісі. Тәуелсіздік кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Тәуелсіздік-біздің тыныстап отырған еркін, әрі бақытты күн кешіп жатқан Отанымыз.

1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра көптеген елдерден әлдеқайда алда. Бүгінгі Қазақстан тек өз орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратын ел. Яғни, Егемен Қазақстанды барша әлем танып отыр. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған болсам да бұл егемендіктің қандай қиыншылықпен келгенін білемін. Біз үшін бұл аспаннан түскен сый емес еді, халқымыз бостандықты аңсап, күресіп, тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа деген ұмтылысының және өшпес рухының арқасында Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бүгінгі күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар, тарихымызда өшпес өнеге, ұрпаққа мұра болып қалатыны рас.


Қазіргі таңда Тәуелсіздік барлығымыз үшін ерекше қасиетті де қастерлі күн. Бірліктің, ынтымақтастықтың, татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі ең алдымен халқымыздың бақыты. Бүгінгі бейбіт те, шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу-жастардың бағыты болуы тиіс.


Зеркен Мархаббат

Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебі

8-сынып оқушысы





















































































Елбасым-мақтанышым.

Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері, қазақ ұлтымыздың өркендеуі , рухани еркіндігіміз, мемлекетіміздің бастауы – біздің мемлекеттік тәуелсіздігімізде. Тәуелсіздігімізді жария еткен күннен бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық жетістіктеріміз бен жақсылығымыз, мемлекетіміздің көтерілуі, ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы. Елбасымыздың қазақ халқына еткен қызметі зор, еңбегі ерен. Мен үшін тәуелсіздік пен елбасы ұғымы егіз ұғым іспеттес.

Нұрсұлтан Назарбаев мектеп өмірінде үзік оқуымен, үлгілі тәртібімен көзге түскен. Жас кезінен қоғамдық өмірге белсене қатысып, ерекшелене түскен. Оның бойынан білімге, деген құштарлық, үздіксіз ізденіс, ісіне деген тиянақтылық айқын байқалады екен.

Мемлекет тіршілігінде тыныш, демалу, тоқтау жоқ.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!