Оқушыларды критерий арқылы қалай бағалауға болады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушыларды критерий арқылы қалай бағалауға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг мақсаты:оқу мен оқытудағы бағалау; критериалды бағалау туралы түсінік беру арқылы «дескрипторлар» жасауды үйрену. Күтілетін нәтиже: мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады, оқыту мен оқудағы оқу мен оқытудағы бағалауды үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оқушыларды критерий арқылы қалай бағалауға болады?» тақырыбында коучинг сессия бойынша рефлексивтік есеп

Коучинг тақырыбы: «Оқушыларды критерий арқылы қалай бағалауға болады?»

Коучинг мақсаты:оқу мен оқытудағы бағалау; критериалды бағалау туралы түсінік беру арқылы «дескрипторлар» жасауды үйрену.

Күтілетін нәтиже: мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады, оқыту мен оқудағы оқу мен оқытудағы бағалауды үйренеді.

Жоспар бойынша бірінші коучинг сабағымды өткіздім. Сабаққа 12 мұғалім қатысты. Қызығушылық танытып, коучинг сабаққа қатысқысы келетінін айтып ұсыныс білдірді.Менің бойымда өзіме деген сенімділік артып, өзімді көшбасшы болуға лайықты  екенімді байқадым. Бірінші коучинг сабағымнан мұғалімдер жақсы әсер алғандығына көзім жетті. Мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ете алғанымды байқадым.

 Сабақты мұғалімдер ұжымында жағымды психологиялық  ахуал орнатудан бастадым. Онда шеңбер жасап тұрып «Сағат»ойының ойнату арқылы көңіл –күйлерін көтеру,топтастыру. Ұстаздарға «Сіздің өз біліктілігіңізді арттыруға ең қолайлы уақытыңыз?»деген сұрақ арқылы әр мұғалім стикерге атын жазып, өзінің ұнатқан уақытына стикерді жапсырады.Топтар осы уақыт арқылы топтасады

Топтарға «Джигсо» әдісімен мәтіндер беріледі,бұл мәліметті талқылап, постерге түсіреді.Жұмыс барысында 1-2 өкіл басқа топтарға қонаққа барып,өз топ жұмыстарына толықтылрулар енгізеді. Берілген тақырып бойынша критерийлер құрады. Келесі кезенде топтарға тапсырмалар берілді»Наурыз»тақырыбында рөлдік ойын көрсету, жарнама жасау, радио-бағдарлама құру. «Ойлаудың бес гүлі» әдісімен бағалайды.Кері байланыс жасайды.

А мұғалім: Осылай әр бір іс- әрекетімізде оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлайтын болсақ, оқушылар белсенді жұмыс істейтініне сенімдімін дегенді айтты. АКТ көмегінде әңгіменің бір бөлігін  тыңдаттым. Енді сол әңгімені топпен ойланып жалғастыруларын сұрағанымда, И және Ю мұғалімдердің шығармашылық қабілетінің жоғары екенін байқадым. Бұл тапсырма барысында  Б және С мұғалімдер көшбасшы рөлін атқарды. С мұғалім басқарған топтың жұмысы  берілген әңгіменің мазмұнымен сәйкес келді. Келесі тапсырма күрделілеу болып, онда түрлі көліктерді кезеңдерге, көлік түрлеріне және жек меншік көлік, қоғамдық көліктер  деп бірнеше түрлерге бөліп орындап, келесі топқа таныстырып, түсіндіріп, қорғау ұсынылды.

       Мені мазалаған, топпен бұл жағдайдан қалай шығар екен? Қай мұғалімде сын тұрғысынан ойлаудың дағдыларын байқайды екенмін? деген сұрақтарыма жауап іздеп екі топ мүшелері, әріптестерімнің  топтарына кезекпе-кезек барып бақылау жүргізіп отырдым. Бақылауларымның нәтижесінде  И мұғалім мен Ю мұғалім бұл жолы да алдыңғы қатарлы мұғалімдердің қатарынан табылды. А,В,С мұғалімдерінің жүйелі, сыни ойлау дағдыларын байқадым. Әріптестер бірлесе отырып ынтымақтастықта  жұмыс істеп, жұмыстарын қорғады. Бір-бірлерінің жұмыстарын бағалап отырды. Ересек адамдармен жұмыс істеудің  қызықты тұстары көп болады екен. Әр бір жұмыстарын қорғаған кезде қойылған сұрақтарға жай ғана жауап айтып қана қоймай әр бір сөзін, әр бір идеясын дәлелдеп  Мерсер әңгімелерінің үш түрі де орын алады екен. Келесі тапсырмада әр бір топқа бір-бірден алма және түтікше беріп, алдарындағы екі заттың бір-біріне  қандай байланысы бар екенін анықтап, постер арқылы  бейнелеп, ол жұмыстарын қорғау керек екендігін түсіндірдім. Бұл жолы екі топ та бірден жұмысқа кірісіп кетті. Бір бірімен пікір алмасып, ынтымақтаса, бірлесе, әр кім өз идеяларын ортаға тастап, ой бөлісіп жұмыс істеді. Өз жұмыстарын қорғады, бір бірінің жұмыстарын бағалады.Рөлдік ойындар бойынша келесі тапсырмада жағылған шыраққа қарап отырып адамға қандай ойлар  келетіні туралы сценарий түзіп, рөлдерге бөліп ойнап шығу.

Мұғалімдеріміздің барлығында актерлік қабілеттері жоғары деңгейлі дәрежеде екенін  тағы бір рет көрдім. Коучинг сабақтың қорытындылау бөлімінде Эдвард де Бононың «Ойлаудың  6 қалпағы»н пайдалана отырып әр қалпақтың өз қызметтері бойынша  өз сөздерімен бүгінгі коучингтен алған әсері, үйренген тиімді әдістер туралы айтып,  қорытып шықты. АКТ пайдаланып сын тұрғысынан ойлаудың жолдары туралы мәлімет бердім. Сабақ соңында стикер қағаздарына алған әсері мен ұсыныстарын жазып берулерін сұрадым.Коучинг сабақ сәтті өтті деп айта аламын. Мұғалімдердің барлығы да топ болып бірлесе,ынтымақтаса қиыншылықтарды жеңіп, белсенділік танытты. Ой толғап, нақтылықты, анық  дәлелдер келтіріп жұмыс жасады.

Менің коучинг сабағымның нәтижесінің дәлелдемесі ретінде сыни тұрғыдан ойлау жолдарын тиімді қодана алғанын көрдім. Әрине бұл менің коуч ретіндегі жетістігім.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
606
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі