Оқушыларды тұлға ретінде дамытудың тиімді
жолы - пікірталас әдісі
Хусаинова Роза Амирбековна,
Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тірек сөздер: пікірталас әдісі, талқылау білігі, білім алушы, қисынды ойлау, қарым-қатынас, шешендік өнер, тұлға.
Бүгінгі заманауи қоғамда шешендік, пікірталас өнері үлкен сұранысқа ие. Бәсекеге қабілетті, көшбасшылыққа дайын тұлға тәрбиелеуге ықпал ету – заман талабы. Oқушының талқылау дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыруда пікірталас әдісінің тиімділігін анықтау мақсатында зерттеу жүргізілді. Мақсат аясында оқушының талқылау білігін жетілдіру; аргументтеу дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорының толығуына ықпал ету; іздену, қоғамдық белсенділікке дағдыландыру қатар жүрді.
Кейбір ғалымдар пікірталасты аудитория алдында белгілі бір мәселені әңгіме барысында немесе жиылыста талқылау десе, екіншілері құзіретті тұлғалардың маңызды мәселені шешімін табу үшін талқылау деп түсіндіреді. Бұл дегеніңіз білім беруде белсенді оқыту әдістері пайдалануға мүмкіндік туады деген сөз.
Пікірталастың шешендікке тәрбиелеуі, білімді жетілдіруі, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға баулитынына мән беру қажет. Оқушы көзқарасын, ойын сөз арқылы жеткізеді. Ойлау тілмен тығыз байланысты. Ойдағы ойды жеткізу үшін оралымды, икемді тіл қажет (Негимов, 1997, 22-б) Пікірталас - сөз айтысы десек, тұлға болып қалыптасуда тыңдалған ойды қабылдай білу, осал тұсын таба алу, оған қатысты пікір білдіріп, тойтарыс беру, логикалық жүйелі құрылымда сөйлеу маңызды. Аталған дағдылары қалыптасқан оқушы үшін шешендіктің ауылы алыс емес. Академиялық сипатта сөйлеу көп еңбектенуден, жүйелі машықтанудан туады. Қазақ үшін пікірталастыру тарихы ертеден келе жатыр. Атақты шешендердің, билердің өткір де ұтымды сөздері - шешендіктің үлгісі. Орынды, ұтымды айтылған сөзге тоқтау - сөз таласында өзін ұстау үлгісі.
Негізгі тапсырманы орындау алдында психологиялық тренингтер өткізуге мән беру қажет. Сыныпта жағымды атмосфераның болуы - мақсатқа жету кепілі. Әңгімелесу нәтижесінде «Оқушы үні» есепке алынып, келесі қадамдар жоспарланады. Нақты диагностика, нақты жоспарлау - нәтижелі жұмыстың кепілі.
Пікірталас ұйымдастыруда "Дебат", "Дөңгелек үстел" "Рөльдік ойындар" "Сократтық сауалдар" әдісін пайдалану тиімділігіне көз жеткізілді. Алдын-ала қажетті ақпаратпен жұмыстар жасалып, тақырыпты әбден пісіріп алса, пікірталас тіптен қызықты, нәтижелі өтеді. Тақырып төңірегінде дайындығы бар қатысушы, кез келген даулы көзқарасқа салмақты ой айтуға дайын болады. Пікірталас барысында мәселені шешудің түрлі нұсқаларына сыни талдау жасалады. Уақыт өте келе тиімді дәлел, факті, ақпарат таңдау дағдылары артады. Яғни бұл дағды уақытты талап етеді
Оқушыларды қызықтырған тақырыппен жұмыс нәтижелі болатынына көз жеткізілді. Қызығушылықтары болғандықтан, ой-пікірлері айқын, нақты аргумент айтып, дәлелдерді жеңіл береді. Мәселеге қатысты өзінде бар білімін, тәжірибесін пайдаланып, мәселені шешу жолдарына қатысты түрлі көзқарастарын ортаға салады. Нақты факті, деректермен бекітіп, шешен сөйлеу - тыңдарманға ой тастап, жаңа пікір тудырады, пікірталасты қыздырады. Бұл дегеніңіз – аудиторияға ықпал ете алғанының көрсеткіші. Сөйлеушіні сөзін осы критерийге қарап бағалауға болады.
Нақты факті, деректермен бекітіп, шешен сөйлеу - тыңдарманға ой тастап, жаңа пікір тудырады, пікірталасты қыздырады. Бұл дегеніңіз – аудиторияға ықпал ете алғанының көрсеткіші. Сөйлеушінің сөзін осы критерийге қарап бағалауға болады. Нақты факті, деректермен бекітілген, ұтымды, әсерлі тілдік құралдарды пайдалана білген оқушы ғана осындай нәтиже көрсете алады. Пікірталас барысында мәселені шешудің түрлі нұсқаларына сыни талдау жасалады.Бастапқыда сөйлеушілер тиімсіз дерек, факті, мысалдар айтады. Уақыт өте келе орынды, тиімді болуына мән беретін болады, тиімді ақпарат таңдау дағдылары артады. Яғни бұл дағдыны қалыптастыру уақытты талап етеді.
Пікірталасқа қатысушы ойын жеткізуде сөздік қорының аздығы қиындық тудырды, сондықтан «Оқушы үні» есепке алынып, қажетті тілдік оралымдар, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер жинағы жасалып, сүйеніш құрал ретінде ұсынылды.
Қарсыласының ой-пікірін білу үшін қойылатын сұрақтар.
-
Мәселеге қатысты сіздің пікіріңіз қандай?
-
Бұл мәселеге қалай қарайсыз?
-
Аталған мәселе туралы не ойлайсыз? т.б.
Өз пікірін жеткізуге пайдалы сөз оралымдары.
-
Мен мәселеге ... қырынан қараймын.
-
Бұл даусыз мәселе.
-
Бұл шындыққа жанаспайды.
-
Сіздің пікіріңізге қарсы айтуға рұқсат етіңіз. т.б
"Сократтық сауалдар" үлгісінде сұрақтар арқылы пікірталасты дұрыс бағыттау, қатысушыларды толық қамту, маңызды деген тұстарға назар аудартуға болады. Мысалы, «Жануарларды хайуанаттар бағында ұстау дұрыс па?» тақырыбында талқылау жүргізілуде. Мәтінде берілген қай кейіпкердің пікірімен келісесің? Кімнің дәлелі тиімді деп санайсың? В оқушы: Биологтың пікірімен келісемін. Германияның хайуанаттар бағында сақталып, кейін өзге хайуанаттар бағына тараған керқұланды айтуы мені сендірді – деді. Оқушылар келісті. Осы мезетте мұғалім тарапынан қойылған сұрақтар: Жануарларды жабайы табиғатта зерттей алмаймыз ба? Темір торда тұрған жануар өзінің түр ерекшелігін, қасиеттерін толық көрсете ала ма? Бұл сұрақтар оқушыларды тақырыпты терең талқылауға жетеледі. Көп сөйлемейтін С оқушы жабайы табиғатта жануарларды зерттеуде арнайы құрылғылар пайдаланатынын айтты. Міне, мәселе бір жақты қарастырылып жатқанда, мұғалім сұрағы мәселенің екінші жағы бар екеніне түсінуге жетеледі. Сол арқылы көтерілген мәселені жан-жақты қарастыра отырып, белсенділіктері артты, пікірталасқа шықты. Әрине, тиімді сұрақ қою, мұғалім шеберлігін, білімділігін талап етеді.
Сапалы білім алуға төмендегідей жағдайлар ықпал етеді.
-
Ынтымақтасты орта құру маңызды.
-
Қызығушылықтарына сай тақырып таңдау.
-
Деңгейлес оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыс./саралау/.
-
Мұғалім тарапынан қолдаушы құралдардың ұсынылуы.
Пікірталасқа қатысу оқушы бойында нені дамытады?
-
Ойды жүйелі жеткізеді, сендіріп сөйлейді.
-
Академиялық білімін бекітеді.
-
Қисынды ойлау қабілеті дамытылды.
-
Көшбасшылық қасиеттері жетіледі.
-
Ортада өзін ұстай білу мәдениеті қалыптасады.
Білім алушы академиялық білімін бекіте отырып, аргументті, дәлелді, шешен сөйлейді, ой-пікірін сенімді білдіреді, көшбасшы тұлға болып қалыптасады.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде пікірталасқа қатысу білім алушыдан төмендегідей дағдылар, қасиеттерді қажет ететіні көрінді:
-
тақырыпқа, қоршаған ортаға бей-жай қарамауы;
-
тақырыпты терең игеруі;
-
сұрақтардың мәнін терең түсінуі;
-
мәселеге қатысты белсенділігі, көшбасшылық қасиет;
-
жағдаяттан шығар жол табуы;
-
пікір, көзқарасты нақты тұжырымдауы;
-
тақырыптың дәлелді ашылуына қызығушылығы;
-
аудиторияға ықпал етуге сенімділік, ерік, күш-жігердің күштілігі;
-
өзіндік қолданатын әдіс-тәсілдері: сөйлейтін сөзінің жоспарын, құрылымын жасау;
-
сөйлеу кезінде өзін ережеге сай ұстауы.
Бұл тұжырымдар пікірталасты бақылау барысында жасалған. Мысалы, пікірталасқа қатысушы талқыланып жатқан мәселеге бей-жай қараса, ол тыңдарманын сендіріп сөйлей алмайды. Аудитория сөйлеушінің көңіл күйі, эмоциясын күшті сезеді. Егер сөйлеуші өзі шын ниетпен қалаған нәрсе болса, өз жанынан өткізіп айтса, 100 пайыз аудиторияғы ықпал етеді деп айта аламын. Практикада спикердің мұндай сенімділікпен сөйлеуіне кедергілер туралы жоғарыда айтылды.
Қорыта айтқанда, оқушының өз ойын дәлелдеуде, аудиторияны сендіріп, фактілер мен идеяларды жоққа шығару дағдыларын дамытуда пікірталас әдісі тиімділігін көрсетті. Пікірталас - даулы мәселені түрлі көзқарастар тұрғысынан салыстыру, талдау, зерттеу арқылы пікір білдіріп, мәселені шешу болғандықтан, оқушының жоғары деңгейде ойлау дағдыларын дамытады. Оқушы өз ойын ұстанып дәлелдеу барысында аргументтеу мен қисынды ойлау дағдылары дамиды. Сол арқылы оқушының ақыл-ой қабілетінің дамуы байқалады. Пікірталаста оқушы жай ғана дауласып қоймай, талқылау арқылы ақиқатқа қол жеткізеді. Сонымен қатар пікірталас оқушының белсенді әрекеті арқылы іске асқандықтан, оқушының пәнге қызығушылығы артып, академиялық білімі жетіледі, шешендікке үйренеді, қоршаған ортаға сын көзбен қарап дағдыланады. Өз бетінше білім алу, іздену қабілеті жетіледі.
Пікірталасқа қатысушы сөз өнерін құрметтейтін, өзінің қарсыластарына құрметпен қарайтын, қисынды сөзге тоқтайтын, қоғамда еркін қарым-қатынасқа түсе алатын тұлға болып қалыптасады. Пікірталас - оқушының зияткерлік, шығармашылық қабілетін жетілдіріп, тұлға ретінде дамуына ықпал ететін, бүгінгідей өзгермелі, күрделі заманда бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беретін жол. Пікірталас белсенді оқыту әдісі болғандықтан оқушының пәнге қызығушылығы артып, академиялық білімін бекітуге қол жеткізіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Коростелёва, С. (2019). Дискуссия как активный метод обучения в профессиональной подготовке будущего учителя. Вестник Костромского государственного университета. Серия: Педагогика. Психология. Социокинетикаб, 28 (3), 118-122. https://cyberleninka.ru/article/n/diskussiya-kak-aktivnyy-metod-obucheniya-v-professionalnoy-podgotovke-buduschego-uchitelya/viewer
Негимов, С. (1997) Шешендік өнер, “Ана тілі” баспасы.
Sokolov, A. N., & Bori︠a︡z, V. N. (1980). Проблемы научной дискуссии: Логико-гносеологический анализ. Ресей: "Наука", Ленинградское отд-ние.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушыларды тұлға ретінде дамытудың тиімді жолы - пікірталас әдісі

шағым қалдыра аласыз