400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың ақпаратты қабылдау типіне қарай тапсырмаларды саралау арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада оқушылардың қабылдау типіне қарай сабақтарда сараланған тапсырмаларды тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Аудиал, визуал, кинестетик, дискрет типтерінің ақпаратты қабылдау ерекшеліктері мен ұстаздар тәжірибесінен тиімділігін дәлелдеген тапсырмалар үлгісі ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Барлубаева Аягөз Қайыргельдиновна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Кушербаева Гульнафис Пошановна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Курмангалиева Гульмира Галымжановна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі




Оқушылардың ақпаратты қабылдау типіне қарай тапсырмаларды саралау арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру


Әлем күнделікті өзгеруде, сол себепті білім берудің де мақсаты мен міндеттері де трансформацияға ұшырауда. Қазіргі білім беру жүйесінде үш негізгі компонент ерекшеленеді: 

нені үйрету?(мазмұн)

қалай үйрету? (әдіс)

не үшін үйрету? (мақсат) 

Бұл мақалада оқушылардың қабылдау типіне қарай сабақтарда сараланған тапсырмаларды тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылады.

Барлық адам ақпаратты қабылдау типіне қарай визуал, аудиал, кинестетик дискрет болып бөлінеді. Осыған орай сыныптағы оқушылардың қабылдау типін анықтауда С. Ефремцованың

48 сұрақтан тұратын доминантты қабылдау типін айқындауға болады. https://psytests.org/trait/modefr.html

Оқу жылының басында осындай диагностикалық жұмыс жүргізу арқылы балалардың қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отыра, сабақ мазмұнында сараланған тапсырмаларды құрастырып, тиімді ұйымдастыруға болады.

Визуалдар үшін (ақпаратты көру арқылы қабылдайды)

Сипаттама:

ақпараттық схема, диаграмма, инфографика, карикатура, схема, комикс арқылы қабылдайды.

  • Мәтін мазмұнын mind map құрастыр, комикс түрінде бейнеле.

  • Тарихи оқиғаның хронологиясын визуалды кесте арқылы көрсет.

  • Поэтикалық шығармаға иллюстрация салып, түсіндір. (коллаж, карикатура)

  • Венн диаграммасы арқылы екі кейіпкерді салыстыр.

  • Т кестесі арқылы жағдаяттың артықшылығы мен кемшіліктерін талда.


Аудиалдар үшін (ақпаратты есту арқылы қабылдайды)


Сипаттама: ақпаратты тыңдау арқылы оңай қабылдайды.

Тапсырма үлгілері:

  • Оқиғаны рөлдерге бөліп, кейіпкер мінезіне сәйкес дауыс ырғағын қолданып көр.

  • Өз ойыңды диктофонға жазып, аудио пікір жаз.

  • Дауысыңды құбылтып, өлеңді мәнерлеп оқы.

  • Мәселені талқылап, таңдаған тақырыпқа подкаст жаз.

Кинестетиктер (қимыл арқылы қабылдайтындар)

Сипаттама: қозғалыс арқылы, затты ұстап, сезіну арқылы қабылдайды.

Тапсырма үлгілері:

  • Мәтіндегі кейіпкерлер әрекетін сахнала. Көңіл күйін, мінезін, ым-ишара, қимыл арқылы көрсет.

  • Жылжымалы суреттермен жұмыс. Оқиғаларды ретімен орналастыр.

  • Шығарма мазмұнына сәйкес пазлды дұрыс қүра.

Дискреттер – ақпаратты логикалық ойлау, цифрлар, белгілер арқылы есте сақтайды. Олар ақпаратты ішкі диалог арқылы логикалық дәлелдер келтіре отыра қабылдайды. Олар ойша тізбектер, схемалар құру арқылы аргументтеуді ұнатады. Сондықтан оларға түрлі концептуалды карталар, кластер, символдық белгілер, визуалды тізбектер құру тапсырмалары тиімді.

Сонымен қатар, оқушылардың креативті ойлау дағдыларын дамыту үшін оқыған шығарманың өздеріне ұнаған үзіндісінің үстіне Елес суретін (Doodling) салып, қортынды тұжырым жасату жұмысы өз тиімділігін дәлелдеді.

«Doodling» әдісімен мәтінді талдау:

Бұл әдістің ерекшелігі – оқушының шағын жобасы мәтін үстінде орындалады. Оқушы шығармадан өзіне ұнаған үзіндіні таңдайды. Үзіндінің негізгі ойын білдіретін тірек сөздерді сызып, дөңгелетеді. Осы үзіндінің идеясын ашатын метафоралық сурет салады. Осы үзіндіні шығарма мазмұнымен байланыстырып түйін жасайды. Түйіндеуді өлең, нақыл сөз, синквейн, тұжырым арқылы ұсынуға болады.

Оқушылардың аргументтеу дағдыларын дамытатын тапсырмалар үлгісі:

Шығармадағы басты мәселені FILA кестесі арқылы талда.

F

I

L

A

Деректер/Мәселе

Факты

Facts

 

Идеялар

Идеи

Ideas

 

Проблемалық оқу

Изучение проблем

Learning Issues


Іс – әрекет жоспары

План действий

Action Plan

 

Баймырза

комбинатта

жетекші

инженер болып

істеп жүрген

жерінен

комбинат

жабылып қалып,

жұмыссыз қалды

Баймырза еңбекқор әрі

бесаспап болғандықтан басқа жерде жұмыс жасап, нәпақа таба алады.

Ойламаған жерден Айсұлудың үйін жөндеп, тұрақты жұмысқа орналасты.

Айсұлумен танысқалы оның отбасылық құндылықтары төмендеп, үйіне сирек келе бастады.

Әйелі Бисараның қызғанышын тудырды.

Сұрақтар:

Кейіпкер

әрекетін сіз қалай бағалайсыз?

Ол Айсұлуды тастап жұмысысынан айырылуы керек пе әлде отбасына ақша әкеліп, сырттан қарайласқаны жөн бе?

Сіз кейіпкер орнында болсаңыз, не істер едіңіз?



Оқушының аргументтеу дағдыларын дамытатын тағы бір әдіс – аргументтеу моделі арқылы талдау. Осы модель арқылы талдау оқушының түрлі көзқарастарды түсініп, олардың сезімдері мен көздеген мақсаттарын терең талдайды, болашаққа болжам жасайды.







Әдебиеттер тізімі:

  1. Утегенова. Б.М. Основы дифференциации преподавания и

обучения в современной школе (учебное пособие в помощь педагогам и студентам)

  1. The Differentiated Classroom: Responding to the Needs of All Learners

  2. ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ:ОПЫТ, ПРОБЛЕМЫ, ПЕРСПЕКТИВЫ

  3. Ұстаздар тәжірибесінен




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.05.2025
136
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі