Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық салыстырмалы зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ:
«Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық салыстырмалы зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу»
Мақсаты:
PISА оқу, стратегия және оны тәжірибе жүзінде пайдалану саласында оқушылардың білім жетістіктерін бағалауға, бастауыш сынып оқушыларының оқу және мәтінді түсіну сапасы мен деңгейін салыстыруға, ұлттық білім беру жүйелерінде айырмашылықтарды анықтауға бағытталған және PISА зерттеуінің басты мақсаты түрлі әлем елдері мектеп оқушыларының мәтінді оқуы және түсіну сапасы деңгейін салыстыра бағалау болып табылатынын оларды дайындау ерекшеліктері.
Міндеттері:
• қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы арқылы шешiле алатын мәселелерді тани білуге үйрету
• бұл мәселелерді математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы тiлiнде құрастыра білу
• бұл мәселелердi математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешуге дағдыландыру
• шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау тәсілдерін үйрету
• қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру;
• шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазуға үйрету
Қолданылатын стратегиялар: Джиксо -2, дебат, пікір алысу.
Ой қозғау
Кіріспе:
Бүгінгі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне қатысты.
PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды.
Еліміздің 2011 жылы өткен халықаралық PISA- 2012 апробациялық зерттеуіне, 2012 жылы сәуір айында болатын PISA- 2012 негізгі зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
Сұрақ: PISA жобасы туралы не білесіз? (Топ мүшелері өзара пікір алмасу арқылы өз пікірлерімен бөліседі )
Ендеше бүгін біз жалпы PISA жобасы туралы мәлімет аламыз. Әр топқа берілген мәтінді оқып талдау арқылы негізгі ұғымды ашатын қысқаша мағлұмат жазып, келесі топқа бір адамнан бару арқылы олардың жазған мәліметтерін өз топтарыңызға келіп айтып беру тапсырылады, яғни джигсо әдісімен жұмыс жасаймыз.
Мағынаны ашу
І топ тапсырмасы:
PISA жобасы: осы бағалауға бастамашы болған кім?
PISA жобасы ЭЫДҰ мүше елдерінің бірлескен күш-қатымен 1997 жылы 15 жасар оқушылардың білімі мен машықтарын халықаралық деңгейде бағалау үшін әзірленген болатын. Осы бағалауға негізінен жұмыс берушілер бастамашы болды. PISA бағдарламасы міндетті білім алуды аяқтаудың алдында тұрған оқушылардың қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін қажетті белгілі бір білім мен машықтар жиынтығын қаншалықты жақсы меңгергенін бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда, оқушылардың ересек өмірге араласуға дайындық дәрежесі бағаланады.
Басқа бағалау жүйелерінен өзгеше (мысалы, TIMSS – Математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім сапасын бағалау бойынша халықаралық зерттеу), PISA жүйесіндегі бағалау нысаны оқушылардың пәндер бойынша білімді (яғни, оқу бағдарламасын) меңгеру деңгейі мен сапасы емес, олардың үш өзекті саладағы: кітап оқу сауаттылығы, математика, жаратылыстану ғылымдарындағы құзырлығының қалыптасу дәрежесі болып табылады.
«Сауаттылық» термині бағалауға жататын білімнің, дағдылар мен машықтардың ауқымын бейнелеу үшін таңдалды. Бұл орайда, PISA бағдарламасының қалыптасу барысында оқушылардың мектеп бағдарламасының шеңберінен шығатын құзырлығын бағалау барған сайын көбірек маңызға ие болады деп топшыланады. Бағдарлама 2000 жылдан бастап үш жылда бір рет өткізіледі: 2000/2003/2006/2009. Әдетте үш жылдық циклдардың әрқайсысы жоғарыда аталған салалардың біріне шоғырланады.
PISA-2009 бағдарламасы кітап оқудағы сауаттылықты бағалауға шоғырланды. PISA зерттеуінде математика бойынша жеке ойлау қабілеттеріне бағытталған тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Сонымен, PISA зерттеуінде 15-жастағы оқушылардың күнделiктi өмiрде туындайтын көптеген мәселелердi шешу үшiн алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтау және бұл қабiлеттiлiктiң даму тенденцияларын айқындау басым сипатта болып табылады.
15-жастағы оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адамның өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделi, саналы азамат жасайтын қажеттiлігін қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу» деген түсінікті береді.
Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабiлеттiлiктері жатады:
-
қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және математика арқылы шешiле алатын мәселелерді тани білу;
-
бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру;
-
бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешу;
-
шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау;
-
қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру;
-
шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу.
PISA зерттеулерiнде оқушыларға қазақстандық мониторинг зерттеулерiне тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсiби қызметi, спорт және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады.
Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөліктерінің біріне сәйкес келеді:
- сандар;
- кеңiстiк және форма;
- өзгерiстер мен қатынастар;
- белгісіздік.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөліктерімен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: елестету деңгейi, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейi.
ІІ топ тапсырмасы:
PISA тапсырмаларының оқушының ой-өрісін дамытудағы ерекшелігі
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысты. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды.
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған.
Бұл зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) жүзеге асырылады. PISA зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі. Бұл қатысушы-елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді. 2012 жылы бағдарламаның бесінші кезеңі аяқталды.
PISA халықаралық зерттеуі барлық білім бер уұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдерімен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
Көптеген елдерде жасөспірімдер 15 жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, дағдыларын анықтау болып табылады.
PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулерарқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.
Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзегеасады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы».
PISA зерттеуінің әрбір кезеңіндегі бағалаудың басым аймағындағы өзгеріс зерттеудің негізгі бағыты бойынша толық ақпарат алуға және бұл бағыттағы үдерістерге салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. Бұған төмендегі мысалдар арқылы көз жеткізуге болады.
ІІІ топ тапсырмасы:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасы және мектептің өзара әрекеттесу түрлері
Өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды тәрбиелеу процесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығына үлкен рөл бөлінеді. Отбасы мектепке оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыруында «Білім туралы» Заңды ойдағыдай жүзеге асыруына көмек көрсетеді. Алайда ата-аналардың педагогика негіздерін нашар білуі қазіргі кезеңде әлеуметтік тәрбиелеу мен мектепке бейімдеу ісіне кедергі келтіріп отыр. Сондықтан дәл қазір отбасы мен мектептің өзара әрекетін нығайту, бала тәрбиесіндегі әкелер мен аналардың жауапкершіліктерін арттыру қажет. Және бұл шараны мектеп ұйымдастыруы тиіс. Осыған орай бұл істі ұйымдастыруда мектеп мұғалімі, психологы, әлеуметтік педагог жұмысының маңызы артады, көптеген маңызды мәселелер мен сұрақтардың шешімі осыған байланысты.
Тікелей балалармен жұмыс жасайтын әлеуметтік педагог, өзінің кәсіби қызметіне орай, отбасын нығайту ісіне өзіндік үлесін қосуы керек. Мектепте отбасы мен сынып жетекшісінің бірлескен жұмысын ұйымдастыра отыра, ол соңғы нәтижеге – әр баланың барынша тұлға ретінде дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Әлеуметтік педагог бүгінгі күні отбасын тұлғаның балалық шағындағы даму жағдаятын анықтайтын әлеуметтік орта ретінде қарастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог қазіргі кезеңде қандай да бір проблеманың мәнін белгілеуде, жөнсіздіктің себебін анықтауда қиындықтар көреді.
Сынып жетекшісі деген арнайы мамандық болмағандықтан, сыныпқа жетекшілік жасау міндетін оқу жүктемесі бар пән мұғалімдері атқарады, ал, кейбіреуі жарым-жартылай орындайтыны да жасырын емес. Сол себепті, әлеуметтік педагог мұғалім, отбасы мен баланың өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша білім беру мекемелерінде ата аналардың тәрбие процесіндегі белсенділігін арттыруда қажет өзекті формалары мен әдістерін ашуда олармен жұмыс жүргізеді.
Сынып жетекшісінің міндеті − ата-аналарға көмектесу. Ата-аналар кез-келген сұрақтың жауабын білетін, өз тәрбиеленушілерін жақсы көретін, яғни мектеп оларға екінші үй болатындай барлық мүмкіндікті жасауға дайын сынып жетекшісін көргісі келеді.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі – отбасы мен мектепті біріктіруге күш салу, сыныптың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешу үшін олардың іс-әрекетін үйлестіру отбасы мен мектептің тығыз ынтымақтасу жолдарын анықтау, «отбасы-мектеп» бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру болып табылады.
ІV топ тапсырмасы:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы ата-ананың ролі.
Ал ата-аналар – отбасында бала тәрбиесіне қажет қолайлы жағдай тудыру және отбасылық тәрбиеде қателікке жол бермеу үшін белгілі бір психологиялық-педагогикалық білімдерді, педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдылары мен біліктерін толық көлемде меңгеру бойынша жұмыс жүргізеді.
Қойылған мақсатқа орай, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасының өзара әрекеттесу формасын анықтау міндетін шешу қажет.
Отбасымен, оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату – барлығының бастауы. Отбасына «ену» қажет қана емес, сонымен қатар, ата-аналардың барлық арман-тілегінің басты шарты – өз баласының тәлімгері бойынан ең алдымен, өзіндегі қымбатты сеніп тапсыруға болатын Адамды көргісі келетіні.
Педагогтардың ата-аналармен қатынасындағы қағидалар:
– ақыл үйретпей, кеңес беру керек. Бірлескен іс-әрекеттер туралы бірге ойласу, кеңесу;
– ата-аналармен қарым-қатынас жасай отыра, олар бізге қажет, біздің одақтасымыз, олардың көмегі мен кеңесіне мұқтаж екенімізді көрсету;
– ата-аналық сүйіспеншілік пен құрметке үндеу;
– балаларды сипаттай отыра, ең алдымен бала туралы жақсыны ғана айту қажет;
– ата-аналардың тұлғасына, олардың еңбектегі жетістіктеріне жоғары құрмет көрсету;
– ынтымақтастық, ортақ шығармашылық.
Мамандар баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасымен іс-әрекеттің барлық түрлерін пайдалануды ұсынады. Педагогтар ата-аналарға іс-әрекеттің бірдей түрлерін күштеп ұсынбастан, негізінен, ата-аналарды шыдамдылықпен мектеп және сынып жұмыстарына қатыстыра отыра, олардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбиенің ерекшеліктеріне бағдарлануы қажет. Отбасымен жұмыстың негізгі түрлері – дербес және топтық жұмыстар.
Отбасымен жүргізілетін жұмыстың дербес түрі.
Жұмыс жоспарына оқушылардың отбасына бару, ата-аналармен жүргізілетін жеке әңгімелер, оқушыларды дамытудың келешегі мен құралдарын бірге анықтау, педагогикалық консультациялар, дербес тапсырмалар кіргізіледі.
Ата-аналармен жүргізілетін дербес жұмыс отбасы мүшелерінің әрқайсымен тікелей қатынас орнатуға, бала тұлғасы дамуына ықпал ететін жолды іздестіруде үлкен түсіністікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Отбасымен жұмыстың топтық түрі.
Өзара іс-әрекеттің топтық түрін қолдана отыра, ата-аналардың жекелеген топтарын келесі белгілері бойынша саралауға болады:
-
ата-аналар активі (сыныптың, мектептің);
-
мүдделері бойынша ұйым жұмыстарының жетекшілері-ұйымдастырушылары (үйірме, секция жетекшілері);
-
мектепте, немесе сыныпта қандай да бір мәселені әзірлейтін және шешетін ата-аналар;
-
бала тәрбиесінде ұқсас проблемалары бар ата-аналар;
-
қыз (ұл) балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар;
-
жалғыз (көп) бала тәрбиелеуші ата-аналар;
-
дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылығы бар баланың ата-аналары.
Мектептің отбасымен өзара іс-әрекет формалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту мен сауықтыру үшін қажет іс-әрекеттің оңтайлы түрлері мен әдістерін қалыптастыруда белгілі қызмет атқарады.
Бұл үшін отбасында бала тұлғасының қалыптасуына және дамуына кері әсер ететін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық проблемаларды диагностикалау және анықтау қажет.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс- әрекеттің негізгі басым бағыттары: отбасына практикалық көмек және педагогикалық қолдау көрсету; ата-аналарды отбасы тәрбиесі мәселесі бойынша оқыту, бала тәрбиесіндегі оң тәжірибемен таныстыру; отбасындағы сәтсіздіктің себептерін, отбасындағы балаға деген қарым-қатынасты зерттеу; қамқоршы, қабылдайтын отбасыларын және т.б. құру бойынша ақпарат тарату, көмек көрсету.
Бұл үшін қажет:
Тиімді технологиялар: балалар мен ата-аналардың тұтынушылық- құндылық аясы туралы деректер банкін құру, топтық кеңестер жүйесі, мақсатты конференциялар, іскерлік ойындар, баспасөз-конференциялары, бейнежазбалар талдауы, отбасыішілік қатынасты ұйымдастыру.
Ерекше жағдайлар мен ерекшеліктер: ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиешілері, әлеуметтік педагогтары, практикалық психологтары, мектеп және басқа оқу орындары педагогтарының, қоғамдық-мемлекеттік мекемелері мен социум қызметінің күшін біріктіру. Аса маңызды мәселе – мектеп және отбасы тәрбиесін, білім алушылар тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау. Бұл мәселелер бойынша диагностика бірнеше қызмет атқарады:
-
белгілеуші (ақпараттық);
-
болжамдаушы (мектеп-отбасы өзара әрекеттесуінің дамуын болжау);
-
құндылыққа-бағдарланған (бағалаушы);
-
дамытушы (тәрбиелік).
Оқушылардың тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау әдістері: бақылау; сауалнама жүргізу; тест өткізу; тәрбиеленушімен әңгіме; педагогтармен әңгіме; ата-аналармен әңгіме; қызмет нәтижелері мен өнімдерін талдау; социометриялық әдістер; аяқталмаған тезис; педагогикалық консилиум.
Рефлексия.
Барлық топтағы адамдарды енді екі топқа бөліп бірінші топ – ата-ана тобы, екінші топ –мұғалімдер тобы болып берілген сауалнамаға жауаптар жазуы керек.
Ата-аналарға арналған сауалнама:
1. Сіз заманауи білім берудегі маңызды міндеттердің бірі – функционалдық сауаттылықты қалыптастыру екенін білесіз бе?
2. Сіздің балаңыз қосымша білім беру мекемелеріне, музыка мектебіне, спорттық-сауықтыру мекемелеріне барады ма?
3. Сіздің балаңызды не қызықтырады? Оның қызығушылығы тұрақты ма?
4. Сіз балаңыздың ерекше қабілеттері бар деп ойлайсыз ба?
5. Сіз мектепте қосымша (ақылы) қандай қызмет алғыңыз келеді (екінші шетел тілін оқыту, пәндерді тереңдете оқыту, жаңа пәндерді (курсты) оқыту)?
6. Сіз білім беру процесін ұйымдастыру туралы қандай қосымша ақпарат алғыңыз келеді (мектеп әкімшілігінен, мұғалімнен, педагог-психологтан, әлеуметтік педагогтан, медицина қызметкерінен)?
Мұғалімдерге арналған сауалнама:
1. Сіз жаңа буын стандарттары туралы жеткілікті дәрежеде хабардарсыз ба?
2. Сіз оқытуда жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан жүзеге асыру біліктерін пайдалана білесіз бе?
3. Сіз білім алушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру әдіснамасын меңгеруде қиналасыз ба?
4. Сіз басқа мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін жинақтауға және пайдалануға қабілеттісіз бе?
5. Функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру үшін Сізде өз кәсіби деңгейіңізді көтеру қажеттілігі бар ма?
6. Сіз педагогикалық қызметте стереотиптерден бас тартуға және вариативтілікті қолдануға қабілеттісіз бе?
7. Сіз оқыту әдістерін таңдауда және оқыту әдістерін, тәсілдері мен түрлерін үйлестіруде қиналасыз ба?
Қорытынды
Қазіргі таңда білім тұлға, қоғам және мемлекет дамуының басты стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады. Заманауи жағдайлардағы оның мақсаты – шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өз тағдырын өзі шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әйелдер қоғамының өкілдерімен кездесуінде: «бізге ойшыл, жауапты, елін сүйетін азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі... Тәрбие беру ісінде мектеп ата-ана жауапкершілігі жөнінде айтады, ата-ана мектепке сілтейді. Дұрысында, тәрбие үшін барлық жауапкершілік жүгі отбасына да, мектепке те жүктелуге тиіс. Мұғалімнің рөлін білімді тек қана «таратушы» деңгейіне түсіруге болмайды. Бізге мүлде басқа педагогика керек», − деп атап көрсетті.
Мектептің тәрбиелік әлеуетін күшейту, әрбір білім алушының дара психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін қамтамасыз ету – заманауи мектептің жетекші басымдықтары ретінде көрсетілген. Патриоттық, мораль және адамгершілік нормалары, ұлтаралық келісім және толеранттылық, дене бітімі және рухани даму, заң сыйлаушылық сияқты құндылықтар, меншік түріне байланыссыз, барлық білім беру мекемелері қалыптастыруы тиіс.
Авторлар осы әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерінің әдіснамасын анықтады. Анықталған әдіснама негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің мазмұны ашылды. Осы бағыттағы назар аударуға тұрарлық және қызығушылық тудырып отырған шетелдік тәжірибелер құралдың екінші бөлімінде талданған.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатындағы мектеп және отбасы әрекеттестігі бойынша Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында да нақты жұмыстар атқарылды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің талдауы мен республикадағы бар тәжірибелерді зерттеу қазіргі таңда педагогтар ата-анамен байланыстың мазмұны, түрлері мен әдістерін жеткілікті дәрежеде толық меңгермегенін көрсетті.
Сондықтан бұл жұмыс білім алушылардың функционалдық сауаттылығының ғылыми-теориялық базасын пайымдауға, осы бағыттағы отбасы және мектептің әрекеттестігінің жаңа формалары мен әдістерін айқындауға және әдістемелік негіздеуге бағытталғандықтан, педагогтар мен ата-аналарға практикалық көмек болады.
«Курчатов қаласы №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ:
«Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық салыстырмалы зерттеулерді
ұйымдастыру және өткізу»
Өткізген: Кошерханова Л.Н.