Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыру
Авторы:Карабекова Жанар
Салменовна
Мекеменің
атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының балқаш қаласы білім
бөлімінің «Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың
балаларына арналған мектеп-интернаты»
КММ
Оқушылардың функциональдық
сауаттылығын арттыру үшін жаңартылған білім
беру бағдарламасына сай оқыту мен оқу
процесінде тиімді әдіс – тәсілдерді
қолдана отырып, алған білімдерін өмірде пайдалана білуіне, өз
бетінше білім алуына жағдай жасау арқылы оқушылардың білім сапасын
көтеру маңызды рөл атқарады. Балалардың ұжымда, топтарда жұмыс істеу барысында сыни
ойлауын, шеберлігін, функционалдық сауаттылығын
дамытып, танымдық белсенділігін арттырып, бәсекеге қабілетті
тұлға қалыптастырамыз .
«Функционалдық
сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен
ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және
кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық,
кеңінен алғанда, білім берудің бірінші кезекте жалпы білім беруді
көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның
әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез
құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік,
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына,
сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың
біріне айналуда.
Сонымен функционалдық
сауаттылығы дегеніміз-адамдардың
мәдени, әлеуметтік, саяси және экономикалық қызметтерге белсене
араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына
қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі
білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін
мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани
тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік
бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған
білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Оқушылардың функциональдық
сауаттылығын арттыру. Оқушыларға терең білім беру үшін
мұғалім әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді
меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін таңдау керек және осы әдісті
қолдану жолын өзі де жақсы білуі керек. Оқушылардың функциональдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық
іс-қимыл жоспары бекітілген. Басты міндет дамыған 50 елдің қатарына
кіру болатын. Функциональдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында анық
көрсетілген.
PISA (ПИЗА) шеңберінде тестлеу
барысында функциональдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады.
Оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми
сауаттылық. 2009 жылы Қазақстан ПИЗА зерттеуіне алғаш бірінші рет
қатысты. Белгілі психолог
Л.Выготский: “Дұрыс ұйымдастырылған оқыту
процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре
алады”, -
дейді. Сыныптағы оқушылардың
функциональдық сауаттылығын арттыру
үшін, әр оқушының көңіл-күйін
байқау, оқушы мен мұғалім арасында байланыс орнату. Психологиялық
т.б тренингтер арқылы оқушы көңіл-күйін көтеру. Әр оқушының
мінез-құлқымен жете танысып, жаңартылған білім мазмұнына сай
функционалдық сауаттылығын арттыру
барысында әдіс-тәсілдерді сабақта
түрлендіре қолдану керек.
Химия пәнінен сабақ беруде үш
тілділікте үндестіре оқыту оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттыру үшін ең маңызды болып табылады. Химия пәнінен функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша әр сабақта тақырып бойынша глоссарий
қолдануға болады. Глоссарий ағылшын сөзінен
алынған glossary сөздікпен деген мағынаны
білдіреді. Химия пәнін үш тілде сөйлеуге үйрету, функциоландық
сауаттылығын арттыру мақсатында глоссарийді қолдануға болады.
Негізгі химиялық ұғымдарды алдымен ағылшын және орыс тілінде
аудармасын беріп, содан соң қазақ тілінде түсіндірмесін беруге
болады. Мысалы, «Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңына
кіріспе. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық
заңның ашылуы, металдар мен бейметалдар, екідайлы қасиет көрсететін
элементтердің қатары туралы түсіндіреледі. Д.И.Менделеевтің
өмірбаяны мен еңбек жолы туралы толық түсінік беріледі. Химиялық
элементтердің периодтық кестесі жалпы түсінікті үш тілде мәтін
ретінде бере отырып, үш тілді қолдану үшін тапсырмалар
беріледі.
Сөздерді аудармаларымен
сәйкестендір.
Ұяшық Product
продукт
Өнім Interact
кислород
Оттегі Shell
движение
Негіз Oxygen
Кислоты
Қышқыл Molecule
Ячейка
Қозғалыс Bases
Молекула
Қосылыс Motion
Основание
Әрекеттесу Compound
Взаимодействие
Молекула Acids
Coединение
Осы тақырыпты өтуде мәтінмен
жұмыс барысында үнсіз оқу, дауыстап оқу, кезекпен оқу, музыка әуенімен оқу,
QR штрих код сканерден өткізіп
оқу, kitap.kz сайтынан оқу, аудиодан тыңдау. Сабақ кезінде оқушы мен
мұғалімнің арасында қатынастар нығайып, өз бетімен ізденуге,
саралап нақты шешім қабылдауға, сыни ойлауға, өз ойын дәлелдеуге,
шығармашылық белсенділікке ұмтылды. Оқушы өз бойынан өткізіп, топпен, жұппен, жеке орындаған
жұмысы шығармашылыққа жетелейді.
Қорыта айтқанда, оқушылардың
функциональдық сауаттылығын арттыру
арқылы білім сапасын көтеру
үшін, жаңартылған білім мазмұнына сай тәсілдерді сабақта тиімді
қолданысқа енгізсеңіз, баланың функциональдық сауаттылығын,
танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,
шеберлігін дамытып, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс
жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы
артатындығын түсінеді. Оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады,
бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы
қалыптасады. Жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық,
бәсекеге қабілетті, рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға
сеніміміз мол [5].
«Қытай ойшылы
Конфуций:
«Маған айтып берсең – ұмытып
қаламын,
Көрсетсең – есте
сақтаймын,
Өзіме жасатсаң – үйренемін!»
дейді
Айтып беру үйрету емес, ең
бастысы өзіне жасатсақ, олар үйренеді.
Ізденіс
болашақта биік белестерді
бағындырады.
«Ұстаздық ету – уақыт ұту
емес,
Өзгенің бақытын
аялау,
Өзінің уақытын
аямау»
Карабекова Жанар Салменовна
химия пәнінің мұғалімі.