Материалдар / «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру –заман талабы» коучингінің жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру –заман талабы» коучингінің жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру –заман талабы» коучингінің жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2024
50
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

     «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру –заман талабы»  

коучингінің жоспары


181 орта мектеп

02.02.2022 жыл

Ахметова Роза Сауранбековна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Коучинг тақырыбы:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру –заман талабы

 


Мақсаты:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімдерінің іс-тәжірбиелерімен бөлісу, оқушылардың ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу аясын кеңейтіп, соған ықпал ету және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау. Заман талабына сәйкес жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Міндеті:

  1. Осы мәселе боынша мұғалімдердің білім деңгейін анықтау. Мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс- тәсілдерді қарастыру.

  2. Мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін сабақ жоспарына қолданып, нәтижеге жетуге бағыт-бағдар көрсету.

 Күтілетін нәтиже

     Мұғалім – оқушы әлеуметтік өзара әрекеттестігі оқумен қалай байланысты екендігін және осындай қарым –қатынастың мүмкіндіктерін қалай кеңейтуге болатынын түсінеді. Мұғалім-оқу үдерісін басқарушы, оқушы-белсенді ізденушіге айналатындай жағдай жасай алады.

Түйінді идеялар:

Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау.   Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдарын білу

Сабақта қолданылатын материалдар:

 А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам, түрлі-түсті стикерлер, суреттер,

Оқыту әдістері:

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету/СТОҮ/

Көшбасшылық/К/

1.Коллаборативті орта

2. Диалог

3. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

5 Белсенді оқыту әдістері стратегиялары.

Тапсырмалар:

 Трениг, ой шақыру , постер қорғау, стратегиялар, бағалау парағы,  өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия



Коучинг сессиясының өту барысы

Уақыт

Коучтың іс-әрекеті

Коучингке қатысушы мұғалімдердің іс-әрекеті




«Таңғалдыра таныстыру»

тренингі

(3 мин)

Коучинг сабақтың қатысушыларымен сәлемдесу.

-Армысыздар,құрметті әріптестер! Өз-өзімізге , бір-бірімізге қошемет көрсетейік! Коучингқа қатысушылар, Сіздерге сәттілік тілеймін!


І.Мұғалімдерге психологиялық жайлы ахуал туғызу ,танысу



"Жүздің түсін білгенше ,бірдің атын біл "дейді дана халқымыз,сондықтан қазір біз «Таңғалдыра таныстыру»

тренингін өткіземіз.

Бұл-қатысушылардың бір-бірін ұмытпастай есте сақтауына көмектесетін және оның қызықты мәліметтерді ортаға салу мүмкіндігін ашатын тренинг.Тренинг шартымен таныстырады.

Шарты: Әрбір қатысушы өз есімін айта отырып,соған қоса өзін ерекше таныстыруы шарт (таңқалдыратын мәлімет айту,тосын сырымен бөлісу,тартымды қимыл жасау,т.т.)







Шапалақпен қошемет көрсетеді




«Таңғалдыра таныстыру » тренингіне қатысады.

Шеңбер болып тұрады, әрбір қатысушы өз есімін айта отырып,соған қоса өзін ерекше таныстырады.

Әр қатысушы әріптестеріне өзі туралы таңқалдыратын мәлімет айтады,не тосын сырымен бөліседі не тартымды қимыл жасайды,т.т.)

Қалған қатысушылар өзін таныстырушы мұғалімге осы бағытта көтеріңкі көңіл күй одағайларымен көтермелей қолдау көрсетеді.

"Гүл түрлері "

/ қатысушыларды топқа бөлу/2 мин


Ой қозғау.

Серпілген сауалдар

(4  мин)

 

 

Гүл түрлері ұсынылады, сыйға тартылады. Гүл артындағы

аффирмациялар оқылады.


Серпілген сауалдар: 

1.Сіз банкоматтан өз жалақыңызды ешкімнің көмегінсіз ала аласыз ба?Ал егер студент балаңызға ақша жіберу керек болса ақшаны аудара аласыз ба?

2.Сізді жақсы жалақысы көп жұмысқа шақырды.Осы қызметке резюмені ағылшын тілінде жаза аласыз ба?

3.Сіз сайысқа қатысарда өзіңізді таныстыру мақсатында видеоролик жасай аласыз ба? Видео жасайтын қандай бағдарламаларды білесіз?

ҚБ: мадақтау


Шартты белгі арқылы коучингтің тақырыбы, мақсатымен таныстырады

Гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. Сол гүлді сыйға алу және аффирмация арқылы өз көңіл күйлерін көтереді.


Берілген серпілген сауалдарға жауап береді















Коучингтің тақырыбы , мақсатымен танысады

Топтық жұмыс

«Коллаборативті мәселені шешу» әдісі


















Жұптық жұмыс

«Тарелканы беріңіз» әдісі

















Жеке жұмыс

«Жеделхат» әдісі


Коллаборативтік шешім дегеніміз - жағдайды бірге, интерактивті, дуальдық үдерісте шешу, жағдайды анықтау, сонымен қатар оқушылардың өзара қарым-қатынаста болуы арқылы ақпаратты алмасу мен әлеуметтік үдерісті реттеу. Бұл кешенді үдеріс олардың бірізділікпен, нақты топпен бірге шешім қабылдауды қарастырады.

1-топ. Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек?

2- топ. Функционалдық сауаттылықта кездесетін кедергілер мен қиындықтар. Оны шешу жолдары

3- топ Функционалдық сауаттылықтың оқушы өміріндегі маңызы қандай?

ҚБ: Пікір білдіру арқылы


Әрбір топқа қағаздан жасалған тарелканы береді.

  • Ол тарелканың арғы бетінде стратегиялар жазылып тұрады:

  • 1 «Ойлан-жұптас-бөліс»,

  • 2.»Жуан- жіңішке сұрақтар»

  • 3. «Кестені толтыр»

  • Әрбір жұп тарелканың келесі бетінде өз талқылауларын жазу қажет. Осы әдістерде қандай құзіреттілік пен дағдыларын қолдануға болады және осы дағдылардың қалыптасуына бұл әдістер қандай мүмкіндік туғызады? Талдаңыз

ҚБ: Дайын үлгі арқылы өзін-өзі бағалау


Тапсырма:

Сіздер пайдаланатын белсенді оқыту стратегияларды айтып беріңіз.


Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу

болғандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді

түсініксіз етіп қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт

қысқартуларды ғана пайдаланған жөн.

Сабақ басында, ортасында немесе соңында 10-15 сөзден тұратын

тақырып туралы ата-аналарына, құрбыларына немесе өзі таңдаған басқа

тұлғаларға жеделхат жазу ұсынылады. Оның мәтінін құруға 2-3 минут уақыт

беріледі, содан соң барлығы өз жазғандарын өздері оқиды. Қорытынды

жасайды. Жеделхатты тақырыпты өткенен кейін де жаздыртуға болады. Онда не ұққанын немесе ұқпағанын жаза алады.

ҚБ: мадақтау










Әр топ берілген мәтінді оқып, берілген сұрақ бойынша постер қорғайды




  • Қатысушылар тағайындалған әдіс туралы ойлауын және стратегияларды PISA бағдарламасы бойынша қандай құзіреттілік мен дағдыларын қолдануға болады және осы дағдыларын қалыптасуына бұл әдістер қалай мүмкіндік туғызатынын айтады.

Бірінші жұп бастап өз талқылауларын тарелкаға жазады, одан кейін жұп өз тарелкасын басқа жұпқа беруіне жағдай жасайды , сол ретпен әр жұп стратегия туралы бар білетіндерін жазады.


Әр қатысушы PISA халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау аясында жұмыс жасау стратегияларымен бөліседі,белсенді оқыту стратегиясын жеке стикерге жазып, оның әдістемесін түсіндіріп береді




     Кері байланыс «Тазалық» әдісі

5 мин

Сабақ соңындағы кері - байланыс

Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін  «Тазалық» әдісі арқылы теориялық білімді  меңгергенін бақылайды

«Тазалық» әдісінің шарты:
1.Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды сандыққа салыңыздар (жазыңыздар),

2.Бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар).

3.Бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Стикердің біреуін  3 суреттің таңдағанына  сандық,

қоқыс жәшігі немесе еттертқышқа

жапсырады. 

Қатысушылар

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру- заман талабы» атты коучингтен алған әсерлерін ашық жазады,ұсыныс береді















«Тексерілді» -----------------------------------






































PISA халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау аясында


Қазақстан 2009 жылдан бастап PISA халықаралық зерттеуіне қатысуда. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзыреттіліктерін бағалауға бағытталған. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы». Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл (тесттің үштен екі бөлігі) бөлінеді. 2009 жылы негізгі бағыт «оқу сауаттылығы» болды. 65 ел ішінде Қазақстан осы бағыт бойынша 59 орында болса, 2012 жылы 63 орында болды. Бұл өте төмен нәтиже. Тапсырмалар күрделілігінің алты деңгейі бойынша қазақстандық оқушыларда ең күрделі тапсырмаларды шешу дағдыларының жоқтығы анықталды, бұл оқушылардың логикалық ойлау, қажетті ақпаратты іздеу, табу және интерпретациялау қабілеттерінің төмендігін көрсетеді.

Қазақстандық оқушылардың төмен көрсеткіштерінің себептері:

  • Тестілеудің бейтаныс формасы;

  • Оқушылар мәтіннің жалпы мазмұнын жақсы түсінеді, бірақ кейбір ұсақ мәселелерге зейін қоймайды;

  • Құрама мәтіндер қиындық туғызады (мысалы, ақпарат түрлі жанрдағы жеке-жеке мәтін ретінде берілсе, онда ақпаратты салыстыру, талдау, оны бір ақпараттық ортаға біріктіру қиындық туғызады);

  • Еркін құрастырылған жауапты жазуға қиналады;

  • Оқушыларда түрлі оқу типтері қалыптаспаған (танысу (жүгіртіп оқу) мақсатында, іздеу мақсатында, қажетті ақпаратты сұрыптау мақсатында, т.с.с.);

  • PISAтапсырмаларында түрлі типті мәтіндер қолданылады (тұрмыстық, публицистикалық, ғылыми, т.б.), мұндай мәтіндермен оқушылар сирек кездеседі, сондықтан қажетті дағдылар қалыптаспаған;

  • Түрлі мәтіндермен жұмыс істей алмауы (диаграммалар, кестелер, нұсқаулықтар, схемалар, карталар, т.с.с.);

  • Жеке тәжірибені қолдануды талап ететін тапсырмалар, ақпараттың бір бөлігін еске түсіруді талап ететін тапсырмалар қиындық туғызады.

Елбасы Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бірқатар талаптар қойды. Аталған міндеттер мен талаптар Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алу, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттері мен өмір бойы біілім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Ұлттық жоспарда оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) оқушылардың функционалдық сауаттылығын, атап айтсақ, математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтарын бағалау арқылы жүзеге асатыны атап айтылған. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасқандығын бағалау мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA,PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.

Осыған орай, оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалауға арналған тест тапсырмалары зияткерлік, рухани тұрғыдан дамыған азаматтарды қалыптастыру, оның құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын болып табылады.







1-топ. Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек?






2- топ. Функционалдық сауаттылықта кездесетін кедергілер мен қиындықтар. Оны шешу жолдары






3- топ Функционалдық сауаттылықтың оқушы өміріндегі маңызы қандай?























. «Тәрелкені беріңіз» әдісі

«Ойлан-жұптас-бөліс»

Осы әдісте PISA бағдарламасы бойынша

қандай құзіреттілік пен дағдыларын

қолдануға болады және осы дағдылардың

қалыптасуына бұл әдістер қандай

мүмкіндік туғызады? Талдаңыз

Әрбір жұп стикерге өз талқылауларын жазу қажет

және тәрелкенің келесі бетіне жабыстырады




.


«Тәрелкені беріңіз» әдісі

«Жуан- жіңішке сұрақтар»

Осы әдісте PISA бағдарламасы бойынша

қандай құзіреттілік пен дағдыларын

қолдануға болады және осы дағдылардың

қалыптасуына бұл әдістер қандай

мүмкіндік туғызады? Талдаңыз

Әрбір жұп стикерге өз талқылауларын жазу қажет

және тәрелкенің келесі бетіне жабыстырады






«Тәрелкені беріңіз» әдісі

«Кестені толтыр»

Осы әдісте PISA бағдарламасы бойынша

қандай құзіреттілік пен дағдыларын

қолдануға болады және осы дағдылардың

қалыптасуына бұл әдістер қандай

мүмкіндік туғызады? Талдаңыз

Әрбір жұп стикерге өз талқылауларын жазу қажет

және тәрелкенің келесі бетіне жабыстырады



























Мен өмірге риза жанмын

Менің көзім тек әдеміні, сұлулықты көруде

Мені барлығы жақсы көреді



Өмірде барлығы мен ойлағандай жақсы болуда

Менің қолымнан барлығы келеді

Мен сенімді әріптеспін



Әрбір жаңа күн мен үшін жаңа мүмкіндік

Мен өз ісімнен рахат алып, мол табыс табудамын

Мен адал доспын



Мен жолы болғыш адаммын

Адамдарға менімен жұмыс істеген ұнайды

Мен кез келген ортада өзімді еркін ұстаймын



Өмірде сәттілік әрдайым менімен бірге

Менің айналамды тек жақсы адамдар қоршаған

Адамдар маған сенеді, мен адамдардың сенімін ақтаудамын










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!